11
алған баллдары пəн бойынша ағымдық жəне аралық бақылаудан алған ортақ
баллдарына қосылады.
5.11 Курстық жəне есептік-графикалық жұмыстар емтихан сессиясына
дейін қорғалып, аталған пəн бойынша емтиханға кіруге рұқсатнама болады.
5.12 Диплом жұмысы (жоба) өзіндік оқу жұмысының қорытындыларын
жəне мамандыққа сəйкес ғылым саласының өзекті мəселелерін жинақтаудан
тұрады. Студент диплом жұмысының (жобасының) тақырыбы бекітілген
тақырыптар тізімінен таңдап алады. Диплом жұмысының (жобасының)
тақырыбы бітіретін оқу жылының басында белгіленіп, жоғары оқу орнының
ректорының бұйрығымен бекітіледі.
5.13 Студентке бекітілген тақырыптар тізімінен тыс диплом жұмысының
(жобасының) тақырыбын таңдап алуға рұқсат етіледі. Ондай жағдайда, студент
кафедраға өзі ұсынып отырған диплом жұмысының (жобасының) тақырыбының
лайықтылығына негіздеме немесе сол тақырыпты зерттеуге тапсырыс берген
мекеменің хатын ұсынады.
6
Студент білімін бақылау жəне бағалау жүйесі
6.1 Университеттің с
тудент білімін бақылау жəне бағалау баллдық-
рейтингтік жүйеге негізделген (БРЖ), ол ағымдық, аралық жəне қорытынды
бақылаудың түрлі формаларын қамтиды.
6.2 Ағымдық бақылауды оқытушы ағымдағы сабақтарда өткізеді.
Студенттердің білімін бақылайтын аралық бақылауды оқытушы академиялық
кезеңнің (семестрдің) 8-ші аптасында (АрБ 1) жəне 15-ші аптасында (АрБ 2)
жүргізеді. Ағымдық бақылау мен аралық бақылаудың қорытындылары
емтихандық ведомостқа жəне Тіркеуші кеңсесінің мəліметтер базасына
енгізіледі.
6.3 Студенттер қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда аралық
бақылауды қайта тапсыруға кіргізілмейді, ерекше негізделген жағдайда ғана.
6.4 Қорытынды бақылау емтихан түрінде өткізіледі. Қорытынды
бақылауға рұқсатнама рейтингі ағымдық жəне аралық бақылауларға
байланысты, ол 50 пайыздан кем болмауы тиіс. Студенттердің емтиханға дейінгі
рейтингтеріне өзгерістер енгізуге болмайды.
6.5 Студенттің пəн бойынша қорытынды бағасы студенттің барлық
бақылау түрлерінен (ағымдық, межелік, аралық) жинаған баллдарының
жиынтығынан жəне емтихан бағасынан тұрады.
6.6 Емтихан қорытындылары ведомостьқа қойылады жəне студенттерге
қорытынды бақылауды өткізген күні жарияланады. Егер студент емтиханда
«қанағаттанарлықсыз» «F»-деген баға алатын болса, онда оның қорытынды
бағасын есептеу жүргізілмейді, ведомостьқа «F»-деген баға бірден қойылады.
Емтиханда «қанағаттанарлықсыз» баға алған студенттерге емтихан сессиясы
кезінде емтиханды қайтадан тапсыруға жол берілмейді.
6.7 Қорытынды бақылау нəтижесі бойынша студенттердің аппеляциялық
өтініштері емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі үш күн ішінде, Тіркеуші
кеңсесі директорының атына, қабылданады.
12
6.8 Студенттің пəнді игергені туралы қорытынды баға емтихан
ведомостьына баллдық-рейтингілік жүйедегі бағалар параметріне сəйкес, төрт
баллдық білімді бақылау жүйесімен, бағаның əріптік эквивалентінде қойылады.
6.9 Əрбір семестрлік сессия нəтижелері студенттің академиялық
транскриптіне кіргізіледі.
6.10 Академиялық мобильділікті қамтамасыз ету үшін студенттер
жекелеме пəндерді басқа білім беру мекемелерінен (басқа елде) оқиды. Ректор
басқа білім беру мекемелерінде белгілі бір мөлшерде жинайтын кредиттер
санын белгілеп береді.
6.11 Қазақстандық жоғары оқу орындарында академиялық мобильділікті
жоспарлау мен ұйымдастыру барысында келесі нормативтік құжаттар
қолданылады:
– мобильділік бағдарламасымен оқуға шығатын студенттің өтініші;
– мобильділік бағдарламасымен оқыту туралы келісім;
– оқу туралы транскрипт;
– ақпараттық пакет (курстар).
6.12 Мобильділік бағдарламасын кеңейту үшін жоғарғы оқу орны
ақпараттық пакет құрастырады, ол кредиттік оқыту технологиясы ережелері
бойынша ұйымдастырылған курстар каталогы.
Ақпараттық пакет мемлекеттік, ағылшын немесе орыс тілдерінде
жасалады. Ақпараттық пакет оқу орнының маңызды сфераларын қамтиды –
академиялық, ұйымдастырушылық-əдістемелік, ғылыми жəне қосымша
мағлұматтар береді (спорттық-бұқаралық шаралар, мəдени-демалыс қызметтері,
материалдық-техникалық база).
6.13 Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуға келісім
студенттің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқу үрдісін
қадағалайтын негізгі құжат болып табылады жəне ағылшын тілінде
толтырылады.
Қабылдайтын жоғары оқу орны академиялық мобильділік бағдарламасы
бойынша оқытуға оң шешім шығарған жағдайда, үш жақты келісім
толтырылады: қабылдайтын жоғарғы оқу орны, студент жəне жіберуші жоғарғы
оқу орны.
6.14 Студенттің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша
оқитынын дəлелдейтінін қорытынды құжат – оқу жөнінде транскрипт, ол
ағылшын тілінде толтырылады. Оқу жөнінде транскриптте оқу бағдарламасы
туралы (пəн коды), пəннің атауы, пəнді оқу ұзақтығы (жыл, семестр, триместр),
оқу кезінде алған бағасы (ұлттық бағада жəне ECTS шкаласымен), ECTS
бойынша жинаған кредиттер саны көрсетіледі.
Оқу транскриптінде оқу бағдарламаларының ерекшеліктері жайлы
анықтамалық (қосымша) ақпараттар көрсетіледі: жоғарғы оқу орнының бағалау
жүйесінің сипаттамасы; ECTS бағалау жүйесі; оқу жылында, семестрде,
триместрде жиналған ECTS кредиттер мөлшері.
6.15 Қорытынды мемлекеттік аттестацияға, бітіруші курста өтетін,
мамандығы бойынша оқу бағдарламасын толық өткен жəне қажетті мөлшерде
кредиттер жинаған, көрсетілген мөлшердегі GPA (орташа балл) жинаған
студенттер жіберіледі.