17
10.3 Студенттің бір оқу нысанынан басқа оқу нысанына ауысуы қысқы
жəне жазғы демалыс уақытында студенттің өтініш білдіруімен жүргізіледі,
ол үшін жұмыс оқу жоспарларындағы айырмашылық міндетті пəн бес пəннен
аспауы тиіс.
10.4 Студенттің университет ішінде бір оқу формасынан басқа оқу
формасына жəне мамандықтан мамандыққа ауысуы ақылы негізде келесі
тəртіппен жүргізіледі:
- студент университет ректорының атына ауысуы жөнінде өтініш
білдіреді; өтінішке сəйкес факультеттің деканымен расталған есеп
кітапшасының көшірмесі тіркеледі;
- студент ауысып баратын факультеттің деканы оқитын курсы мен оқу
жоспарларындағы айырмашылықтарды анықтайды;
- факультет деканының қолына қарап, Тіркеуші кеңсесі көрсетілген оқу
айырмашылықтарын тапсыратын уақытты белгілейді; студент күндізгі оқу
формасынан сырттай оқу формасына ауысқанда көрсетілген айырмашылықты
жою уақыты бір академиялық кезеңнен аспауы тиіс, немесе студент көрсетілген
оқу айырмашылығын жазғы семестрде тапсыруға құқы бар;
- факультет деканы мен бірінші проректордың визаларына сəйкес
университет ректоры студентті бір оқу формасынан басқа оқу формасына
ауысуға немесе мамандықтан ауысуға бұйрық шығарады.
10.5 Егер 1 курс студенті оқу пəндерін бірінші академиялық кезеңінде
кем дегенде 15 кредит көлемінде жинаса, ол студент бір жоғары оқу орнынан
басқа жоғары оқу орнына ауыса алады.
10.6 Егер ақылы негізінде оқитын білім алушы бір оқу орны ішінде бір
мамандық пен оқу түрінен басқасына ауысса, онда келісім-шартқа тиісті
өзгертулер енгізіледі жəне университет басшысының бұйрығымен ресімделеді
.
10.7 Барлық жағдайларда ауысу бакалавриаттың негізгі білім
бағдарламасын игере алмай қалу салдары болмаған жағдайда ғана жүргізілу
керек.
10.8 Күндізгі бөлімде оқитын білім алушының ауысуы жəне қайта
қабылдануы туралы өтінішін білім ұйымының басшысы қарастырады, өтініш
қысқы жəне көктемгі демалыс кезінде, бес жұмыс күні ішінде кезекті
академиялық кезең басталғанға дейін қарастырылады.
10.9 Сырттай бөлімде оқитын білім алушының ауысуы жəне қайта
қабылдануы туралы өтінішін білім ұйымы басшысы қарастырады, өтініш
қабылдайтын білім ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір
ай бұрын қарастырылады.
10.10 Шетел білімі ұйымында оқитын ҚР азаматының ауысуы немесе
қайта қабылдануы кезінде ҰБТ немесе КТ сертификатының болуы
ескеріледі, ол сертификат оқуға түскен жылына сəйкес келуі керек, ұпайы
белгіленген ең төменгі ұпайдан кем болмау керек.
10.11 Факультет деканы көрсетілген құжаттарға сəйкес салыстырмалы
ведомость құрастыру арқылы ұсынылған құжаттар негізінде оқу жоспарындағы
пəндердің айырмашылығын анықтайды жəне меңгерген пререквезиттерге
сəйкес оқу курсын белгілейді, білім бағдарламасына сəйкес меңгерген
18
кредиттерді қайта тапсыртады жəне тіркеуші кеңсесімен келісе отырып, білім
алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.
10.12 Үш күн мерзім ішінде бұрын оқыған оқу орнына студенттің жеке
ісін сұрау туралы хат жіберіледі. Студент бұрын оқыған жоғарғы оқу орны жеке
істі сұрату туралы хатты алғаннан кейін жеке ісін үш күн ішінде жіберу керек.
10.13 Ақылы негізде оқып жатқан студент сəйкес мамандық бойынша мемлекеттік
білім гранты босаған жағдайда, конкурс негізінде, ауысуына құқы бар.
10.14 «Өте жақсы» жəне «жақсы»-ға оқитын студент босаған мемлекеттік
білім грантын алуға конкурсқа қатыса алады. Ақылы негізде оқитын
студенттердің мемлекеттік білім грантына, конкурс негізінде университет
мамандықтары бойынша бос орындарға ауысуы қысқы жəне жазғы демалыс
уақытында, ҚР БжҒМ белгіленген тəртіппен жүзеге асады.
10.15 Дəстүрлі жүйеде оқитын студенттерді кредиттік жүйеге ауыстыру
жəне қайта қалпына келтіру, бағаларын қайта есептеу кезінде оқылған пəндер
келесі түрде бағаланады: дəстүрлі жүйедегі «өте жақсы» кредиттік жүйеде «А»
– 4,0 – 95%, «жақсы» – «В» – 3,0 – 80%, «қанағат» – «С» – 2,0 – 65% сəйкес.
Дəстүрлі жүйедегі «есептелді» кредиттік жүйеде «С» – 2,0 – 65% көрсеткішінде
болады.
10.16 Студенттердің басқа жоғары оқу орнынан университетке қабылдау
(сонымен қатар, қайта қалпына келтіру) кезінде, егер студент оқуын мамандығы
бойынша жалғастырған жағдайда, студенттің басқа жоғары оқу орнында
жинаған кредиттері (сонымен қатар, элективті пəндер бойынша жинаған), оған
қайта есептеледі.
10.17 Студентті бір мамандықтан басқа мамандыққа ауыстырған
жағдайда, студент бекітілген уақыт аралығында мамандықтың оқу жоспарына
сəйкес айысатын мамандығының пəндері бойынша оқу айырмашылығын
тапсыруы керек.
Студенттерді оқудан шығару
10.18 Студент келесі себептермен оқудан шығарылуы мүмкін:
- оқу тəртібін, ішкі тəртіп ережесі мен жарғыны бұзса;
- өз еркімен;
- ДКК анықтама-шешімінің негізінде денсаулық жағдайына байланысты;
- студенттің өз еркімен, университет ректорына өтініш білдіру арқылы;
- басқа жоғары оқу орнына ауысуы;
- оқу ақысын төлеу шартын орындамаған жағдайда;
- жоғары оқу орны Жарғысын бұзған болса (соның ішінде, тəртіпсіздік
жəне студенттің моральдық кодексін бұзу);
- университетпен байланыс үзу кемінде дəлелсіз себептермен 30 сағат
сабаққа қатыспаған.
10.19 Жоғары оқу орнынан шығарылған студенттерге бекітілген үлгідегі
академиялық анықтама беріледі.
Студенттер қатарына қайта қабылдау
10.20 Студент, оқудан шығу себептеріне қарамастан, университеттің кез
келген оқу формасына қайта қабылдануға құқылы.
10.21 Студенттер қатарына қайта қабылдау сəйкес курсқа тек қана ақылы
негізде жүргізіледі. Жұмыс оқу жоспарларындағы оқу айырмашылықтары бес