9
• студенттің таңдау бойынша пəндерге тіркелу жəне студенттің жеке оқу
жоспарына түзетулер енгізу мерзімдерін сақтауға, оны уақытында Тіркеуші
кеңсесі мен деканатқа өткізіп отыруға;
• оқу пəндерін бекітілген оқу жоспарына сəйкес меңгеруге, таңдап
алынған мамандық бойынша теориялық білім мен тəжірибелік машықтар
жинақтауға;
• күнделікті сабаққа қатысуға, сондай-ақ барлық оқу пəндері бойынша
СӨЖ орындауға;
• оқу-əдістемелік əдебиеттер мен оқу мүлкіне ұқыптылықпен қарауға;
• университет ғимараттарында ішкі тəртіп ережелерін (университет
ішінде сырт киіммен жүруге, шылым шегуге, қатты сөйлеуге тыйым салынады),
университет Жарғысы мен студенттің ар-намыс кодексін сақтауға;
• курстастарына, оқытушыларына қайырымды жəне тілектес болуға;
• сабақ үстінде ұялы телефонын сөндіріп тастауға;
• өз денсаулығын нығайтуға, рухани жəне физикалық жетістіктерге
жетуге ұмтылуға міндетті.
Осы міндеттерді бұзған жағдайда студенттерге қатысты тəртіптік шаралар
қолданылуы мүмкін.
4 Студенттерді пəндерге тіркеу тəртібі
4.1 Жеке оқу жоспары мамандықтың типтік оқу жоспарының жəне
элективті пəндер каталогының негізінде қалыптасады да, əрбір студенттің оқу
траекториясын анықтайды.
4.2 Студенттің жеке оқу жоспары эдвайзердің жетекшілігімен
құрастырылады. Бір семестр ішінде студент 12-18 кредит мөлшерінде
меңгеретін болса, бір жылдың ішінде, 100 пайыз міндетті компонент пəндерін
қосқанда, 30 кредиттен кем болмауы керек. Барлық оқу кезеңінің ішінде студент
129 кредиттен кем жинамауы керек. Егер бір пəнді кафедрадағы бірнеше
оқытушы оқитын болса, студенттің альтернативті таңдау жасайтын құқы бар.
4.3 Жеке оқу жоспарын жоспарлау бірінші курс студенттері үшін 10
қыркүйекке дейін жүргізіледі. 2-3 курс студенттері ағымдағы жылдың мамыр
айында өздерінің жеке оқу жоспарларын келесі оқу жылына дайындап,
сəйкесінше түзетулер енгізіп қояды. Олар өздерінің жеке оқу жоспарларына оқу
жылы бойынша жиналатын кредиттердің жалпы мөлшерінің 10 пайызына дейін
өзгерістер енгізе алады. Семестр барысында жеке жұмыс жоспарларын
өзгертуге жол берілмейді.
4.4 Жеке оқу жоспарына студенттің, эдвайзердің, тіркеушінің қолдары
қойылады жəне деканмен бекітіледі. Жеке оқу жоспарларының бір данасы
деканатқа, екінші данасы Тіркеуші кеңсесіне өткізіледі, үшінші данасы
студенттің өзінде қалады.
4.5 Егер студент көрсетілген мерзімде жеке оқу жоспарын өткізбеген
болса, оны сəйкес оқу жұмыс жоспары бойынша оқиды, таңдау пəндері
Тіркеуші кеңсесінің қалауымен алынады.
10
4.6 Пəнді оқуға кем дегенде (рентабельді топ) минималды топтың саны 20
адамнан кем болмауы керек. Егер пəнге минималды топқа белгіленген
мөлшердегі студенттер саны жетпейтін болса, онда пəн ашылмайды, əрі оқу
жұмыс жоспарына кіргізілмейді.
5 Оқу үрдісін ұйымдастыру
5.1 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі оқу
үрдісін ұйымдастыру жұмыс оқу жоспарының, бекітілген академиялық
күнтізбенің, сабақ кестесі мен студенттердің СОӨЖ тапсыру кестесінің
негізінде жүргізіледі.
5.2 Оқу жылы 1-ші қыркүйектен басталады. Оқудың академиялық кезеңі –
семестр. Бір оқу семестрінің академиялық көлемі теориялық курстың 15
аптасынан тұрады.
5.3 Бір оқу жылының академиялық көлемі: 30 апта теориялық курсқа, 6
апта студенттердің білімін қорытынды бақылауға (2 емтихан сессиясы), 2 апта
тəжірибеге, қысқы емтихандық сессиядан кейінгі демалысқа, 4 апта жазғы
демалысқа беріледі.
5.4 Студенттердің оқу жұмысының көлемін есептеу кредиттермен
өлшенеді. Бір кредиттің көлемі 45 академиялық сағатты құрайды (15 сағат
аудиторияда, 30 сағат – СӨЖ), ал бір кредиттің академиялық көлемі аптасына
аудиториялық уақыттың 50 минутын құрайды.
5.5 Бакалавриатта білімді аяқтаудың басты шарттарына мыналар жатады:
студент оқу кезеңінде теориялық курс бойынша 129 кредит, тəжірибе
дайындығына кем дегенде 6 кредит, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау,
жазу жəне қорғауға кем дегенде 1 кредит, мамандық бойынша мемлекеттік
емтиханға дайындалу жəне тапсыруға кем дегенде 1 кредит болу керек.
5.6 Оқу пəндерін ойдағыдай меңгеру үшін сабаққа қатысу барлық
студенттер үшін міндетті болып табылады.
5.7 Кредиттік жүйе бойынша оқитын студенттердің өзіндік жұмысы
(СӨЖ) пəннің жалпы мөлшерлемесінің 2/3 құрайды (66%), соның ішінде 25-
50% уақыт студенттің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысына бөлінеді
(СОӨЖ). Студенттердің өзіндік жұмыстарының орындалуын оқытушы
журналға белгілеп отырады.
5.8 Студенттің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы оқу
жоспарының барлық пəндері бойынша қарастырылған жəне сабақ кестесіне
енгізіледі. СОӨЖ оқу графигіне енгізілген жəне студенттің апталық
жүктемесіне кіргізілген. СОӨЖ-ге қатысуға міндетті студенттер тізімін осы
пəнді
жүргізетін
оқытушының
өзі
анықтайды.
Студенттің
СОӨЖ
сабақтарындағы қызметін бағалау қабылданған баллдық-рейтингілік жүйеге
сəйкес жүргізіледі.
5.9 Курстық жоба (жұмыс) – оқу жоспарының жекедеме пəндері бойынша
кешенді өзіндік жұмысы. Студенттің курстық жұмысты (жобаны) дайындау
жəне өткізуі бір академиялық кезеңде жүзеге асырылады.
5.10 Курстық жұмысты (жобаны) кафедра меңгерушісінің өкімімен
құралған комиссия мүшелері қабылдайды. Студенттің курстық жұмысы үшін