13
6.16 Қорытынды аттестация нəтижесінде бітірушіге мемлекеттік
аттестациялық комиссияның шешімімен бакалавр академиялық дəрежесі
беріледі.
7 Студенттерді курстан курсқа көшіру, академиялық қарызды жою жəне
қайта оқуға қалдыру
7.1 Академиялық оқу кезеңіндегі студенттердің академиялық үлгерімінің
қорытынды деңгейі, орташа балл (GPA) келесі формуламен есептеледі:
И
1
* K
1
+ И
2
* K
2
+ … + И
n
* K
n
GPA =
K
1
+ K
2
+ … + K
n
И
1
,
И
2
, … И
n
– пəндер бойынша қорытынды сандық көрсеткіштердің
əріптік эквиваленті;
K
1
, K
2
, … K
n
– оқитын пəндердің кредиттік мөлшері;
n – жыл бойы оқылған пəндердің саны;
7.2 Студенттердің курстан курсқа көшуі көрсетілген орташа GPA баллына
қарай жүзеге асырылады.
7.3 Техникалық, агрономиялық жəне ветеринария жəне мал
шаруашылығы технологиясы факультетінің 1 курсын бітірген студенттері үшін,
келесі курсқа өту үшін GPA мөлшері 1,67 балл; 2 курсын бітіргендерде – 1,9
балл; 3 курсын бітіргендер үшін – 2,0 балл жинауы керек. Басқа факультеттің
студенттері үшін курстан курсқа көшіретін 1 курсты бітіргендер үшін GPA – 2
балл; 2 курсын бітіргендерде – 2,2 балл; 3 курсын бітіргендер үшін – 2,3 балл
болуы тиіс.
7.4 Студенттердің дене тəрбиесі, курстық жəне есептеу-графика
жұмыстары бойынша тапсыратын дифференциялды сынағы GPA мөлшері
бойынша есептеледі.
7.5 Аталған курстың оқу бағдарламасын толық орындаған, сəйкесінше
мөлшерде кредиттері бар жинаған жəне келесі курсқа өтуге жеткілікті балл
(GPA) жинаған студенттер, ректордың бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
7.6 Егер студенттің орташа баллы (GPA) көрсетілген мөлшерден төмен
болса, ол осы курста қайта оқуға қалдырылады. Студенттің төмен балл жинаған
пəндері бойынша қайта оқуы ақылы негізде жүргізіледі. Оқу ақысы
университетпен тағайындалады.
7.7 Тағайындалған мөлшерден төмен GPA алған студенттер жазғы
семестрге жазылып, келесі курсқа көшуге жетерлік балл алып, GPA көтеруге
құқы бар.
7.8 Академиялық қарыз аталған семестрге тағайындалған кредиттер
мөлшерінен бір немесе одан жоғары кредиттер жинамаған студенттерде болады
(емтиханда
қанағаттанарлықсыз
баға
алғанда,
студент
емтиханға
жіберілмегенде немесе келмеген жағдайда).
7.9 Академиялық қарызы бар жəне оны жазғы семестрде жоймаған
студенттер сол курста қайта оқуға қалдырылады.
14
7.10 Академиялық қарызы 9 кредитке жеткен студенттерге қарызын
жазғы семестр кезінде жоюға рұқсат етіледі.
7.11 Академиялық қарызын уақтылы жойған студент, 7.1 пунктына
сəйкес, ректордың бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
7.12 Жалпыға ортақ бекітілген мерзім аралығында, денсаулық жағдайына,
басқа да негізделген себептерге (отбасы жағдайы, ұзақ қызметтік іс-сапарда
болу, апатты жағдайлар) байланысты құжаттары бар, сол себепті емтихан
тапсыра алмаған студенттерге Тіркеуші кеңсесі емтихан тапсыруға жеке уақыт
кестесін тағайындайды.
7.13 Студенттің қайта оқуы туралы шешімді университет ректоры
қабылдайды жəне сəйкесінше бұйрық шығарылады.
7.14 Сонымен қатар, қайта оқу құқығы белгілі себептерге байланысты
академиялық демалысқа шыққан, құжаттық негізі бар студенттерге беріледі.
7.15 Егер мемлекеттік тапсырыс бойынша білім грантында оқып жатқан
студент, жұмыс оқу жоспарына сəйкес мөлшерде кредит жинай алмаса, аталған
пəндерді қайта ақылы негізде оқуға құқы бар.
7.16 Мемлекеттік білім грантында оқып жүрген жəне қайта оқуға
қалдырылған студент, оқуын жалғастыру кезінде мемлекеттік білім грантынан
айрылады.
7.17 Академиялық демалысқа шығуға рұқсат алған студенттер
мемлекеттік білім гранттарын жоғалтпай қайта оқуға құқылары бар.
7.18 Қайта оқуға қалдыру жалпы оқу кезеңінде екі реттен аспауы керек.
7.19 Қайта оқуға шығарылатын пəндер мен олардың орындалу уақытын
Тіркеуші кеңсесі анықтайды.
7.20 Толық оқу кезеңінде барлық емтихандардан «А», «А–», «В+», «В»,
«В–» бағаларын алған, нəтижесінде орташа баллы (GPA) 3,5 болған жəне
диплом жұмысын (жобасын), мемлекеттік емтихандарды «А» немесе «А-»
бағасына тапсырған университет бітірушісіне «үздік диплом» беріледі.
7.21 Егер студент оқу аралығында емтихандарды қайта тапсырса, 7.20-
тармағының талаптарына сəйкес келсе де, оған «үздік диплом» берілмейді.
7.22 Дипломға қосымша студенттің (білім алушының) мемлекеттік
жалпыға міндетті білім стандарты мен жұмыс оқу жоспары, тапсырылған
курстық жұмыс (жоба), тəжірибе түрі, қорытынды аттестациялау нəтижесі
қарастыратын жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде
толтырылады.
8 Жазғы семестр
8.1 Жазғы семестді Тіркеуші кеңсесі студенттердің бастамашылығымен,
түрлі себептермен: жеделдетілген немесе қосымша білім алу үшін; пəндер
бойынша академиялық қарыздарын жабу үшін; студенттердің бір жоғары оқу
орнынан басқа жоғары оқу орнына ауысу барысында, бір мамандықтан келесі
мамандыққа ауысқанда оқу айырмасын тапсыру үшін ұйымдастырады.
8.2 Жазғы семестрге келесі студенттер жазыла алады:
- емтихандарын «жақсы» жəне «өте жақсы» тапсырған студенттер
қосымша немесе жеделдетілген білім алу үшін;