21
12 Материалдық ресурстарды пайдалану тəртібі
12.1 Жоғары оқу орны студенттерге университеттің кітапханасының
ақпараттық ресурстарына, оқулықтарына, оқу-əдістемелік құралдарына еркін
кіруге жəне пайдалануға мүмкіндік берген. Оқу залдарында студенттер
əдебиеттерді пайдалану үшін кітапханашыға оқырман билетін немесе жеке
куəлігін көрсетеді. Оқырмандар кітапханашының рұқсатымен кітапхананың оқу
залынан кітапхана кітаптарын шығаруға, кіргізуге жəне өздерінің жеке
кітаптарын пайдалануға болады. Оқу жəне əдістемелік əдебиет пəнді оқу кезінде
беріледі, ол белгіленген уақыт өткенде қайта тіркеуден өтуі тиіс.
12.2 Ғылыми жəне арнайы əдебиеттер 10-20 күннен артық берілмейді,
олар 2-3 кітаптан көп болмауы тиіс.
12.3 Сырттай бөлім студенттері сессия аралық кезеңде қажетті
əдебиеттермен қамтамасыз етіледі.
12.4 Жоғары оқу орны студенттерге оқу бағдарламасы аясында
компьтерлік техниканы пайдалануға мүмкіндік береді.
13 Ақылы білім қызметтерін көрсету жəне студенттердің оқу ақысын
төлеу тəртібі
13.1 Университет:
- ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сəйкес студенттің білім
алуын ұйымдастырады, толық курсын тəмамдаған студенттерге мемлекеттік
үлгідегі диплом береді;
- студентке білім беру ұйымының оқу жоспарларына сəйкес білім
қызметтерін алуға мүмкіндік береді;
- студентті білім беру ұйымының Жарғысымен, ішкі тəртіп ережелерімен,
білім беру ұйымдарына қабылдау тəртібін шектейтін құқықтық нормативтік
актілермен, сонымен қатар, оқу-тəрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың басты
құжаттарымен таныстырады;
- қолданыстағы нормативтердің негізінде оқу жүктемесінің көлемін жəне
студенттің үзілістерімен қоса сабақ тəртібін анықтайды, студенттің оқуына
қолайлы, қауіпсіз жағдай жасайды;
- білім беру ұйымының оқу жоспарына сəйкес студенттің кəсіптік
тəжірибеден өтуін ұйымдастырады;
- студентті өтініші бойынша білім беру саласындағы құзырлы мекеменің
бекіткен тəртібі негізінде оқуға қайта қабылдайды;
- студентті өтініші бойынша бір мамандықтан басқа мамандыққа немесе
бір оқу түрінен басқа оқу түріне, басқа жоғары оқу орнына ауыстырады, білім
беру саласындағы құзырлы мекеменің бекіткен тəртібі негізінде.
13.2 Жоғары оқу орны мен студент арасындағы келісімді бұзған жағдайда,
егер студент алдын-ала бір оқу жылының ақшасын төлеп қойған болса, жоғарғы
оқу орны оны қайтарып беруге міндетті, бұйрық шыққан күннен бастап.
13.3 Университет студенттерге ғылыми, мəдени жəне спорттық шараларға
ерікті түрде қатысуға мүмкіндік береді, сонымен қатар халықаралық ғылыми,
мəдени жəне спорттық шараларға қатыса алады.
22
13.4 Толық оқу курсын табысты аяқтаған соң жəне қорытынды аттестация
қорытындысы негізінде студенттерге біліктілік немесе академиялық дəрежесі
көрсетілген мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
13.5 Оқу орны жабылып қалған немесе оқу үрдісін тоқтатқан жағдайда
жоғары оқу орны əкімшілігі студенттің басқа білім беру мекемелерінде оқуын
бітіруге əрекет жасайды.
13.6 Білім беру қызметтерін төлеу валютасы стандартқа сəйкес теңге
түрінде бекітілген. Төлеу формасы – сəйкес төлемдерді университет шотына
жібереді.
13.7 Оқу ақысы өзгерген жағдайда студентпен қосымша келісім-шарт
жасалады.
13.8 Басқа оқу орнынан ауысып келген студенттер, білім беру мекемесінің
жетекшісі сабаққа кіруге бұйрық шығарғаннан кейін оқу ақысын төлейді.
13.9 Оқу ақысын төлеу жөніндегі студент пен университет арасындағы
келісім оқу бітіргені туралы бұйрық шыққанға дейін сақталады.
ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР КҮНТІЗБЕСІ
(студенттік күнтізбе)
№
Іс-шаралар
Мерзім
1. «Сəкен Сейфуллин – ұлт қайраткері» тақырыбында əр
факультетте дəріс сағаттарын ұйымдастыру
Қыркүйек,
2012
2. Бірінші курс студенттерін университеттің ішкі тəртіп
ережелерімен таныстыру негізінде Басқарма төрағасының
тəрбие ісі жөніндегі орынбасарымен кездесу өткізу
Қыркүйек,
2012
3. Басқарма төрағасының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары,
халықаралық байланыстар жөніндегі бөлім бастығы мен
шет елден келген студенттер арасында кездесу
ұйымдастыру
Қыркүйек,
2012
4. Əр кураторлық топты университеттің Ішкі тəртіп
ережелерімен таныстыру жиналыстары
Қыркүйек,
2012
5. «Ең салауатты факультет» тақырыбында темекі тартпауды
насихаттау мақсатында 1 айлық рейд өткізу
Қыркүйек,
2012
6. Учаскелік полиция өкілдерімен əр факультетте кездесу
ұйымдастыру
Қыркүйек,
2012
7. Білім күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастыру
Қыркүйек,
2012
8. ҚР Конституциясына арналған кураторлық сағаттар
ұйымдастыру.
Қыркүйек,
2012
9. «Университеттің сирек кадрлары» тақырыбында
университеттің 55 жылдығы қарсаңында фотокөрме
конкурсын ұйымдастыру
Қыркүйек,
2012
10 «Менің университетім» тақырыбында университеттің 55
Қыркүйек,
23
жылдығына арналған бейнероликтер конкурсын
ұйымдастыру
2012
11 «Тіл – достықтың кепілі» тақырыбында мемлекеттік тілді
меңгерген өзге ұлт өкілдерінен шыққан танымал
қайраткерлермен кездесу
Қыркүйек,
2012
12 «Үш тұғырлы тіл» қалалық деңгейдегі тілдер конкурсын
ұйымдастыру
Қыркүйек,
2012
13 С. Сейфулиннің туған күніне орай митинг ұйымдастыру
Қазан, 2012
14 Бірінші курс студенттеріне арналған «Алғашқы студенттік
күз» фестивалі
Қазан, 2102
15 Студенттерді 1-курсқа қабылдау салтанатты кеші
Қазан, 2012
16 Университеттің 55 жылдығына орай салтанатты кеш
ұйымдастыру
Қазан, 2012
17 Құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулер өткізу
Қазан, 2012
18 «Нашақорлыққа жол жоқ!» студенттер арасында құқық
қорғау мекемелерімен кездесу өткізу
Қазан, 2012
19 Университет ректорының əр түрлі категориялы
студенттермен тақырыптық – проблемалық кездесулерін
өткізу
Қараша, 2012
20 Факультетаралық деңгейде «Не? Қайда? Қашан?»
интеллектуалдық ойын ұйымдастыру
Қараша, 2012
21 «Менің университетім – менің мақтанышым» тақырыбында
Патриоттар күнін ұйымдастыру
Қазан, 2012
22 «Бес нəрсеге асық бол!» танымдық бағыттағы кездесу
ұйымдастыру
Қараша, 2012
23 «Отан деп соғар жүрегім» тақырыбында жас ақындар
мүшəйрасын өткізу
Қараша, 2012
24 «Жеңісім – Отаным үшін!» белгілі спортшылармен кездесу
Қараша, 2012
25 «Жас Отан» жастар қанатының университеттегі бөлімшесін
ашу салтанаты.
Тұңғыш Президент күніне салтанатты кеш ұйымдастыру
Қараша, 2012
26 «Атаның баласы болма, адамның баласы бол!»
тақырыбында пікір-сайыс диалогын ұйымдастыру
Қараша, 2012
27 «Қазақстан – бейбітшілік мекені» тақырыбында шет тілін
білетін студенттер конференциясы
Желтоқсан,
2012
28 С. Сейфуллиннің тұлғалық бейнесін айқындайтын
драмалық қойылым
Ақпан, 2013
29 «Жастар – мемлекет болашағы» факультетаралық дебаттық
турнир
Ақпан, 2013
30 Қалалық деңгейде Қазақстан тарихы пəнінен олимпиада
ұйымдастыру
Наурыз, 2013
31 «Өнерім – мақтанышым» тақырыбында күйші Асылбек
Еңсеповпен кездесу
Сəуір, 2013
32 Ұлттық өнерді насихаттау мақсатында «Атадан қалған асыл
мұра» тақырыбында күй өнерінен факультетаралық конкурс
ұйымдастыру
Сəуір,
2012
24
33 «Менің елім!» патриоттық əндер конкурсы
Сəуір, 2013
34 «Екі жұлдыз» байқауын өткізу
Сəуір, 2013
35 «Қыз сыны-2013» байқауын өткізу
Сəуір, 2013
36 «Жігіт сұлтаны-2013» байқауын өткізу
Сəуір, 2013
37 «Үздіктер» конкурсы
Мамыр, 2013
38 «Үздік академиялық топ» конкурсы
Мамыр, 2013
39 «Жыл студенті» конкурсы
Мамыр, 2013
40 Соғыс ардагерлерімен кездесу ұйымдастыру
Мамыр-
маусым, 2013
41 Қалалық «Найза» əскери-патриоттық ойынға студенттерді
қатыстыру
Мамыр-
маусым, 2013
25
Бекітемін
С.Сейфуллин
атындағы
ҚАТУ Басқарма төрағасы
_____________А.Қ. Күрішбаев
« ____ » _________ 20 ____ ж.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің
Студентінің ар-намыс Кодексі
С.Сейфуллин
атындағы
Қазақ
агротехникалық
университеті -
республикадағы аграрлық білім берудің жетекші оқу орны саналады.
Университет Қазақстанның ауыл шаруашылығының кəсіби мамандарын
даярлап, білімді, көшбасшы, əрі адамгершілігі мол жастарды тəрбиелеуді басты
мақсат етеді. Осыған орай университеттің Тəрбие жұмысы жөніндегі
департаменті «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
студентінің Ар-Намыс Кодексін» даярлап, оны оқу орынның жастар
ұйымдарына талқыға салып, қолданысқа пайдалануға ұсынады.
Аталған Кодекс университет жəне одан тыс жерлерде заңдық күші бар,
оның бабтарын оқу орынның əр студенті орындауға міндетті екенін еске
саламыз.
ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТІНІҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Студенттің құқығы:
1-бап
ҚазАТУ студенті Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі
бекіткен жалпы білім беру стандарттарына сəйкес білім алуға құқылы.
2-бап
Университеттің Ғылыми кеңесіне Студенттік өзін-өзі басқару органдарынан
мүше болып сайлануға құқылы.
3-бап
Кітапхана, ақпараттық қорлар, оқу, ғылыми, емдік жəне басқа да университет
бөлімшелері қызметтерін тегін пайдалануға құқылы.
4-бап
Жатақханадан белгіленген тəртіп бойынша жатақанада орынмен қамтамасыз
етілуге құқылы.
5-бап
Моральдық немесе материалдық сыйақы жəне марапат алуға, оның ішінде
атаулы стипендия иегері атануға (ҚР Президентінің жəне т.б.) құқылы.
6-бап
Білім беру үрдісінде кез келген қатысушының құқыққа қарсы əрекеттері
туындаған жағдайда құқықтық жағынан қорғануға құқылы.
7-бап
26
Оқудан тыс уақытта жəне сапалы білім алуды меңгергенде, ректор мен декан
өкімдерін бұлжытпай орындаған жағдайда оқуды жұмыспен бірге атқаруға,
сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сəйкес академиялық демалыс алуға
құқылы.
8-бап
Білім беру үрдісі жəне бос уақыт пен тұрмыстық жағдайды жетілдіру мəселесін
шешуге қатысуға құқылы.
9-бап
Студенттерді басқа оқу орнына ауыстыру жəне қайта қабылдау ережесіне
сəйкес басқа оқу орнына ауысуға жəне қайта қабылдануға құқылы.
10-бап
Оқу-тəрбие үрдісінің бұзылу фактілері туралы ақпарат беру кезінде (студенттің
сұрауы бойынша) құпиялы болуға құқылы.
11-бап
ҚазАТУ студенті аталған Кодекс ережелерінен тəртіп бұзушылықты анықтаған
сəтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай əрекет мүмкін болмаған
жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына
немесе ҚазАТУ əкімшілігіне хабарлауға құқылы құқылы.
Университетте оқитын əр студент міндетті:
12-бап
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, ҚазАТУ Жарғысын,
жатақхананың Ішкі тəртіп Ережесін жəне университеттің басқа да оқу-тəрбие
үрдісі туралы бұйрықтарды жəне нормативті-құқықтық құжаттарды білуге, оны
сақтауға міндетті.
13-бап
ҚазАТУ студенті Отанымыздың тарихы мен мəдениетін құрметтеуге,
университеттің қалыптасқан дəстүрлерін кіршіксіз сақтауға міндетті.
14-бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздерін білуге жəне оларға
құрметпен қарауға міндетті.
15-бап
Студенттің басты міндеті болып саналатын оқуға жауапкершілікпен қарап, оқу
ақысы туралы Шарт ережелерін сақтауға, cапалы білім алу идеясын
насихаттауға міндетті.
16-бап
ҚазАТУ студенті басқа студенттермен, оқытушылармен жəне ҚазАТУ
əкімшілігінің өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік
жəне сыпайылылық танытуға міндетті.
17-бап
ҚазАТУ студенті кез-келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, əлеуметтік
дəрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен
қарауға міндетті.
18-бап
27
ҚазАТУ студенті біреуге күш көрсету, қорқыту немесе ұрып-соғу, балағаттау
жəне дөрекелік танытуға, өзгенің мүлкін ұрлауға, жеке мүлікке қасақана залал
келтіруге, бұзақылық жасауға жол бермеуге міндетті.
19-бап
Шұғыл жағдайларға байланысты сабаққа қатыспаған жағдайда, сол мəн-жайды
растайтын құжаттар арқылы (студенттің ауырып қалуы, отбасы жəне басқа
жағдайларға байланысты кенеттен жол жүруі қажеттігі жөнінде) деканатты
уақытылы хабардар етуге міндетті.
20-бап
ҚазАТУ студенті сабаққа тек іскерлік жəне классикалық стильде киінуге,
сыртқы түр келбетінің этикалық жəне эстетикалық нормаларға сəйкес болуына
міндетті.
21-бап
Ұлтаралық алауыздық пен теріс діни ағымдардан сақтануға жəне адам құқығын
бұзатын əрекеттер жасамауға міндетті.
22-бап
ҚазАТУ студенті өз ойын нормаға сəйкес тілмен жеткізуге жəне былапыт сөз
айтпауға міндетті..
23-бап
ҚазАТУ студенті университет мүлкінің сақталуына қамқорлық жасауға жəне
университет аумағында жүгенсіздікке жол бермеуге міндетті.
24-бап
ҚазАТУ студенті университет аумағындағы тазалықты жəне жасыл желектер
мен безендірулерді ұқыптылықпен сақтап, бақылауға міндетті.
25-бап
ҚазАТУ студенті университеттің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына
қамқорлықпен қарап, бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан
келтірушілікке жол бермеуге міндетті.
26-бап
ҚазАТУ студенті оқу орынның Басқарма бастығы бекіткен Ережеге сəйкес,
университет аумағында шылым шекпеуге, насыбай атпауға, аумақты
ластамауға, былапыт сөз айтпауға міндетті.
27-бап
ҚазАТУ студенті салауатты өмір салтын ұстануға, өзінің мəдени, адамгершілік
жəне тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылуға, университеттің қоғамдық-
мəдени, ғылыми жəне спорттық өміріне белсене атсалысуға міндетті.
28-бап
ҚазАТУ студенті университетте өзін əдепті, мəдениетті ұстап, ғимарат ішінде
(оқу корпусында, кітапханада, асханада т.б.) сыртқы жəне бас киімдерін шешіп
жүруге міндетті.
29-бап
ҚазАТУ студенті университетте жəне оның аумағынан тыс жерлерде де құқық
бұзушылық (есірткі пайдалану, арақ ішу, төбелесу т.б) əрекеттерге жол
бермеуге міндетті.
30-бап
28
ҚазАТУ студенті тəртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол
бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға,
митингілерге, ереуілдерге, акцияларға жəне шерулерге қатыспауға міндетті.
31-бап
Университет ғимаратының ішкі жəне сыртқы аумағында ҚазАТУ студенті
тəртіп бұзса, университеттің тəрбие ісі жөніндегі проректоры, департамент
директоры немесе факультет деканының шешімімен, тəртіп бұзушы келісім
хатын жазып, еңбек тəрбиесіне пайдаланылады (сабақтан соң ғимарттың,
ауланың ішін, сыртын тазарту).
ҚазАТУ студенті төмендегідей академиялық нормаларды бұзуға жол
бермейді:
- пара беру;
-оқытушыны алдау жəне оны сыйламау;
-сабақтарды жіберу жəне кешігу, оқу сабақтарына белгісіз себептермен
қатыспау;
- плагиат;
- өтірік айту;
- шпаргалка пайдалану;
- білімді бақылау процедурасынан бөтен тұлғаның атынан өту;
-туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану;
"С.Сейфуллин
атындағы
Қазақ
агротехникалық
университеті
студентінің Ар-намысы Кодексі" Ережелері бұзылған жағдайда студентке
қатаң шара қолданады (жатақханадан шығару, еңбек тəрбиесі), ал өрескел
əкімшілік немесе қылмыстық тəртіп бұзушылық жасаса студент оқудан
шығарылады.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
_____________________________
(факультет)
_____________________________________________________ студенті
___________________
___________________________________________________________________
___________
(қолы) (аты-жөні толығымен)
Достарыңызбен бөлісу: |