Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
-
Тест балы
|
Әріптік жүйе бойынша бағасы
|
Пайыздық
құрамы, %
|
50
|
А
|
100
|
49
|
А
|
98
|
48
|
А
|
96
|
47
|
А-
|
94
|
46
|
А-
|
92
|
45
|
А-
|
90
|
44
|
В+
|
88
|
43
|
В+
|
86
|
42
|
В
|
84
|
41
|
В
|
82
|
40
|
В
|
80
|
39
|
В-
|
78
|
38
|
В-
|
76
|
37
|
С+
|
74
|
36
|
С+
|
72
|
35
|
С+
|
70
|
34
|
С
|
68
|
33
|
С
|
66
|
32
|
С-
|
64
|
31
|
С-
|
62
|
30
|
С-
|
60
|
29
|
D+
|
58
|
28
|
D+
|
56
|
27
|
D
|
54
|
26
|
D
|
52
|
25
|
D
|
50
|
24-0
|
Ғ
|
49-0
|
41. Білім алушы 1-аралық бақылауды тапсырмаған жағдайда 2-аралық бақылауға жіберілмейді. Сондай-ақ, білім алушы екі аралық бақылаудың біреуін немесе екеуін де тапсырмаған жағдайда емтиханға жіберілмейді.
42. Егер білім алушы дәлелді себептермен ағымдық бақылауды мерзімінде толық тапсыра алмаған жағдайда, факультет деканының рұқсатымен ағымдық бақылауды тапсыра алады.
43. Егер білім алушы аралық бақылауды белгілі себеппен мерзімінде тапсыра алмаған жағдайда, факультет деканының рұқсатымен аралық бақылауды тапсырады. Факультет деканының өкімімен 2-аралық бақылауға дейін 1-аралық бақылауды және 2-аралық бақылауды сол пәннен емтиханға дейін тапсыра алады.
44. Пән бойынша ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан орташа мәні түрінде анықталады.
45. Қорытынды бақылауды (емтиханды) өткізу үшін оқу процесінің тіркеуші офисі емтихан қабылдайтын оқытушыға білім алушының академиялық кезең бойында жинақтаған балы мен рейтингтік бағасын көрсететін емтихан ведомостін ұсынады.
46. Білім алушының дәрісханалық сабақтарда алған ағымдық бақылау бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40%-ын құрайды, аралық бақылау бағасы 20%-ын, емтихан бағасы қорытынды бағаның 40%-ын құрайды, яғни дәрісханалық сабақтардағы ағымдық бақылаудың пайыздық бағасының орташа мәні 0,4 коэффициентке, аралық бақылаулардың пайыздық бағаларының орташа мәні 0,2 коэффициентке және емтиханның пайыздық бағасы 0,4 коэффициентке көбейтіледі.
Пән бойынша қорытынды баға келесі формуламен анықталады:
I = Cp ·0,4 + Рcp·0,2 + E·0,4
мұндағы: Ср – дәрісханалық сабақтардағы ағымдық бақылаудың пайыздық бағасының орташа мәні, ол білім алушының дәрістік, практикалық (семинар), зертханалық, сабақтарда және басқа тапсырмаларды орындағанда алған бағаларының арифметикалық қосындысының орташа мәніне тең болады;
Рср –аралық бақылаулардың пайыздық бағаларының орташа мәні, ол білім алушының екі аралық бақылауды тапсырып алған бағаларының арифметикалық қосындысының орташа мәні;
Э – емтиханның бағасының пайыздық мөлшері.
47. Емтихан аяқталған соң пән оқытушысы ведомостке білім алушының алған бағасын толтырып, қол қояды және емтихан ведомостін оқу процесінің тіркеуші офисіне қайта өткізеді. Көшірмесі деканатқа тапсырылады. Емтихан ведомостері негізінде деканатқа жиынтық ведомос даярланады.
48. Егер білім алушы емтихан кезінде «қанағаттанарлықсыз» баға алса, онда сол пәннің толық курсын игеру үшін жазғы қосымша семестрге ақылы негізде қайта оқуға қалдырылады.
49. «Қанағаттанарлықсыз» бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы қосымша семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
50. Егер білім алушы оқу бағдарламасын толық көлемде орындай отырып, емтиханға келмесе, емтихан ведомосындағы оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады. Білім алушының дәлелді себептері болған жағдайда факультет деканының өкімімен оған емтихан тапсырудың жеке кестесі бекітіледі. Емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда «келген жоқ» белгісі «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп, қайта тапсырылуы жазғы семестрде жүзеге асырылады.
51. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін білім алушы емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляцияға өтініш беруге құқы бар. Апелляция нәтижелері хаттамамен ресімделеді және оның шешімі негізінде сол пән бойынша апелляциялық емтихан ведомосы шығады.
52. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан нәтижелері 1-кестеге сәйкес әріптік балдық-рейтингтік жүйе негізінде жоғарыда көрсетілген тәртіпке сәйкес бағаланады.
53. Әрбiр оқу жылының аяғында білім алушының оқу жетістіктері бойынша үлгерімнің орташа балы – GРА есептелiп шығарылады. GРА былайша анықталады: оқу пәніне берілген кредит көлемі мен білім алушының сол пәннен алған қорытынды балының (1-ші кестеде берілген) көбейтіндісі оқу жылына жоспарланған барлық пәндер бойынша қосылып, сол пәндердің жалпы кредитінің санына бөлінеді. Формуласы:
;
Мұндағы - әрбір пән бойынша кредиттердің саны, - білім алушының әрбір пәннен алынған қорытынды балы.
Білім алушының курстан курсқа өту балы GРА болып табылады. Ғылыми кеңестің шешімімен білім алушыны курстан курсқа өту балы (GPA) белгіленген (кесте 5,6,7).
Достарыңызбен бөлісу: |