Анықтамалық- жолсілтеме қызылорда, 2017 ж



жүктеу 2,71 Mb.
бет2/7
Дата06.02.2020
өлшемі2,71 Mb.
#28442
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7
Университеттің 80 мамандығы (бакалавриат -47, магистратура -26, докторантура - 7) мамандығы Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің мамандандырылған сыртқы аудит комиссиясының аккредиттеуінен өтті.

2017-2018 оқу жылында білім беру қызметі университет құрамындағы 7 факультетте және оларға қарасты 30 кафедрада ұйымдастырылады.



Бакалавриаттың күндізгі және сырттай оқу нысанында 57 мамандық бойынша мамандар даярланады.

Студенттер қатарынан Қазақстанның Қорғаныс күштері үшін запастағы офицерлер дайындау мақсатында университетте әскери кафедра жұмыс жасайды.

Университетте 508 профессор-оқытушы қызмет атқарады. Оның ішінде 19 ғылым докторлары, 208 ғылым кандидаттары, 13 РhD докторлары, 188 магистрлер бар.

Университеттің ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттыру мақсатында университет түлектері жыл сайын арнаулы қаржы есебінен Ресей Федерациясы мен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына қажетті мамандықтар бойынша аспирантураға, PhD докторантураға, магистратураға оқуға жіберілуде.

Қазіргі таңда Ресей Федерациясының Мәскеу, Қазан, Орынбор қалаларындағы жоғары оқу орындарында 15 аспирант, 2 магистрант білім алуда. Еліміздің ұлттық университеттерінде 4 магистрант, 15 докторант мақсатты даярлануда. Сонымен қатар, университетте магистратураның 29, РhD докторантураның 9 мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау жүзеге асырылуда.

2015 жылы университеттің PhD докторантурасының 2 түлегі, 2016 жылы - 5 түлегі, 2017 жылы - 2 түлегі докторлық диссертацияларын сәтті қорғады.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті төрағасының 2016 жылғы 31 наурыздағы бұйрығымен университетте 3 жыл мерзімге 6D072900- «Құрылыс» және 6D073000-«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру жөніндегі докторлық диссертациялық кеңес ашылды.

Университеттің бакалавриат, магистратура, PhD докторантура мамандықтары бойынша мамандар даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілердің бәсекеге қабілетті мамандарға деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында мамандықтар жіктеуішіне сәйкес 18 Академиялық кеңес құрылған.

2013-2014 оқу жылынан бастап университет «Платонус» бағдарламасын оқу үдерісіне ендірілген.

Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары, білім алушылардың жеке оқу жоспарлары мен силлабустар «Платонус» бағдарламасына енгізілген. Университеттің корпоративті желісі арқылы әрбір оқу ғимаратында орналасқан электрондық оқу залдарынан, кітапханалардан, компьютерлік сыныптардан қажетті жоғарыда аталған құжаттарды студенттердің, оқытушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік жасалынған.

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың нәтижелерін, сондай-ақ, оқу семестрі мен оқу жылының қорытындысы бойынша шығарылған бұйрықтарды әрбір білім алушы және оның ата-аналары университеттің platonus.korkyt.kz порталынан кез келген уақытта таныса алады.

Білім порталында қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде оқитын білім алушыларға он-лайн және офф-лайн режимінде университет профессор-оқытушылармен кеңес жүргізуге мүмкіндік қарастырылған.

Университеттің білім беру қызметінде:


  • 10 оқу ғимараты;

  • 1344 орынға арналған 5 жатақхана;

  • 2 миллионнан астам кітап қоры;

  • 700 орынға арналған 5 оқу және 3 электронды залдары;

  • жаңа үлгідегі 1300-ге жуық компьютермен жабдықталған компьютерлік парк;

  • 64 мамандандырылған оқу зертханалары;

  • 4 шеберхана;

  • 7 студенттік асхана;

  • 1 дәрігерлік пункт;

  • 1 оқу-әскери полигоны;

  • 1 спорттық сауықтыру кешені;

  • 7 спорт залы және 3 спорт алаңы;

  • 1 жылыжай;

  • студенттер сарайы, мұражайлар мен көрме залдары пайдаланылады.

Университет баспаханасынан «Сыр түлегі» жастар газеті мен «Хабаршы» ғылыми-әдістемелік журналы шығады.

Университет жанында:

1. Агробиологиялық және қолданбалы зерттеулер ғылыми орталығы;

2. «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институты;

3. Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығы;

4. Педагогикалық зерттеулердің ғылыми орталығы;

5. «Анализдеудің физика-химиялық әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы жұмыс жасайды. Бұл зертхананың құны 200 млн. теңгені құрайды. Зертхана белгілі шеңбердегі талдау міндеттерін шешуге арналған және сертификатталған соңғы үлгідегі талдағыш қондырғылармен толық жабдықталған.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде академиялық ұтқырлық сыртқы және ішкі деңгейде өткізіледі.

Білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығын халықаралық байланыстар бөлімі мен оқу процесін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөлімі жүзеге асырады. Жаңа оқу жылында ректордың бұйрығы негізінде әр құрылымдық бөлімшеде ереже сәйкес академиялық ұтқырлық координаторлары тағайындалды.

2016-2017 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Польша Республикасы, Түркия Республикасы және Қытай Халық Республикасының алдыңғы қатарлы университеттерінде 29 студент білімдерін шыңдады.

Қазіргі таңда Қос дипломды бағдарлама аясында Каннам университетінде (Корея Республикасы) – 3 студент, алмасу бағдарламасы бойынша Санжы кәсіптік-техникалық колледжінде (Қытай Халық Республикасы) – 7 студент және «Мевлана» алмасу бағдарламасы бойынша Акдениз университетінде (Түркия Республикасы) – 1 студент білім алуда.

2017 жылдың қыркүйек айында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 11 білім алушылар Лодзь университетіне (Польша) оқуға жіберілді. Солардың ішінде - 5 бакалавриат студенті, 5 магистрант және 1 докторант. Сонымен қатар, 2017 жылдың қазан айында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 13 білім алушы Польшаның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына және алмасу бағдарламасы бойынша 16 студент Қытайдың Санжы кәсіптік-техникалық колледжіне оқуға баруға дайындық үстінде.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының ЖОО-ның топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тарту мақсатында университеттің стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор қызметіне Түркия Республикасының азаматы, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Мұстафа Чағлар Өздемір (Mustafa Caglar Ozdemir) шақырылды.

Университетте шетелдік оқытушылар ағылшын және кәріс тілдерінде дәріс береді. Студенттердің білімін жоғары дәрежеде жетілдіру мақсатында олар өз сабақтарында заманауи білім беру технологияларын қолданады.

Университет бакалавриаттың 16 мамандығы бойынша көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.

Университет оқытушылары мен білім алушылары «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Университетте студенттердің бос уақыттарындағы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін Студенттер сарайы, 7 спорт залы, 2 тренажерлық зал, студенттер жатақханалары жанындағы студенттер қалашығы, спорт алаңдары қызмет етеді.

Университет профессор-оқытушылары мен білім алушыларының спортқа ден қоюына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасалған. Жалпы ауданы 3294,86 ш.м. болатын заманауи «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені бар. «Сыр сымбаты» спорт клубында 21 спорт секциялары үздіксіз жұмыс істейді.




жүктеу 2,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау