Анықтама нұсқаулығы
Сымсыз динамик
SRS-XB21
Бір уақытта қосылған BLUETOOTH құрылғыларын ауыстырып қосу (бірнеше
құрылғыдан тұратын байланыс)
Бір уақытта 3 BLUETOOTH құрылғыға дейін динамикке қосуға болады. Екінші құрылғыда музыка ойнатылып
жатқанда құрылғылардың біреуі ойнатуды бастаса, динамик шығысты ауыстырады жəне дыбысты жаңадан
қосылған құрылғыдан шығара бастайды.
Операциялар BLUETOOTH құрылғыға байланысты өзгешеленуі мүмкін. Сонымен қатар құрылғылар
тіркесіміне байланысты ол орнатылмауы мүмкін. Мəліметтер алу үшін құрылғымен бірге берілген пайдалану
нұсқауларын қараңыз.
Бірнеше құрылғыдан тұратын байланысты ажырату
Динамикті өшіру үшін
(қуат) түймесін/
PAIRING түймесін басыңыз.
Ескерту
Динамикті қосу функциясы немесе Сымсыз Party Chain функциясы пайдаланылғанда, бірнеше құрылғыдан тұратын
байланысты пайдалану мүмкін емес.
Бір уақытта 3 BLUETOOTH байланысына дейін BLUETOOTH құрылғысына байланысты орната алмайсыз.
Бірнеше құрылғыдан тұратын байланыс HFP (спикерфон профилі) жəне HSP (гарнитура профилі) режимдерімен
үйлеспейді. Сондықтан бірнеше құрылғыдан тұратын байланысты пайдаланған кезде, спикерфон функциясын қолдана
алмайсыз.
Бірнеше құрылғы байланысы функциясын өшіру мүмкін емес.
4-735-514-51(2) Copyright 2018 Sony Corporation
Динамикті қосу үшін
(қуат) түймесін/
PAIRING түймесін басыңыз.
1
Динамикті смартфондар немесе iPhone құрылғылары сияқты BLUETOOTH құрылғылармен
жұптастырыңыз.
A2DP/AVRCP параметрі арқылы бір уақытта 3 BLUETOOTH құрылғыға дейін қосуға болады.
2
39
Анықтама нұсқаулығы
Сымсыз динамик
SRS-XB21
Музыканы екі динамикпен сымсыз байланыс арқылы тыңдау (динамикті қосу
функциясы)
Динамикті қосу функциясын пайдалану үшін екі SRS-XB21 динамигі қажет. BLUETOOTH байланысы арқылы екі
динамикті қосу арқылы қуаттырақ дыбысты пайдалануға болады.
Төмендегі екі ойнату əдісінен таңдаңыз:
Қос режим
Екі динамик те бір дыбысты ойнатады. Қос режим — бастапқы параметр.
Стерео режим
Динамиктер арасында стерео ойнату үшін бір динамик дыбысты оң жақтағы арнадан (оң жақ) ойнатса, екінші
динамик дыбысты сол жақтағы арнадан (сол жақ) ойнатады.
2 динамикті бір бірінен 1 м алшақ орналастырыңыз, содан кейін динамиктердің екеуін де қосыңыз.
(қуат) индикаторы жанады.
Бұрын қосылған BLUETOOTH құрылғысы маңайда болса, динамик құрылғыға автоматты түрде қосылуы
мүмкін, содан кейін
(BLUETOOTH) индикаторы жануы мүмкін. Мұндай жағдайда BLUETOOTH
құрылғысындағы BLUETOOTH функциясын өшіріңіз немесе BLUETOOTH құрылғысын өшіріңіз.
1
Екі динамиктің біреуінің артқы жағындағы қақпақ ішіндегі ADD (Динамикті қосу) түймесін басыңыз.
Дыбыстық сигнал естіліп,
(BLUETOOTH) индикаторы жəне ADD (Динамикті қосу) индикаторы
жыпылықтайды. Шамамен 3 – 5 секундтан кейін дыбыстық сигнал естіледі жəне ADD (Динамикті қосу)
индикаторы жанған күйде қалады.
2
Екінші динамиктің артқы жағындағы қақпақ ішіндегі ADD (Динамикті қосу) түймесін басыңыз.
ADD (Динамикті қосу) индикаторы жанады.
Əрбір динамиктен «Double mode» (Қос режим) дауыстық нұсқауы шығады, содан кейін екі динамик Динамикті
қосу функциясы арқылы қосылады.
3
40
Тұспал
Қоңырау шалған немесе қабылдаған кезде,
(BLUETOOTH) индикаторы жанып тұрған динамикті ғана қолданыңыз.
Егер BLUETOOTH тінтуірі немесе BLUETOOTH пернетақтасы сияқты BLUETOOTH құрылғысы (құрылғылары) динамикке
қосылған BLUETOOTH құрылғысына қосылса, динамиктің шығысында бұрмаланған дыбыс не шуыл болуы мүмкін.
Тұспал
2 динамик BLUETOOTH байланысын тез орнатса,
(BLUETOOTH) индикаторы жəне ADD (Динамикті қосу)
индикаторы жыпылықтамастан жанған күйде қалуы мүмкін.
Екінші динамикті 1 минуттың ішінде реттеңіз. Егер 1 минуттың ішінде реттемесеңіз, бірінші динамиктің параметрінен
бас тартылады.
BLUETOOTH құрылғысымен BLUETOOTH байланысын орнату үшін
(BLUETOOTH) индикаторы
жыпылықтаған динамикті пайдаланыңыз.
Динамиктің
(BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтауын тоқтатып жанып тұрған кезде, BLUETOOTH
байланысы орнатылады.
4
BLUETOOTH құрылғысында ойнатуды бастап, дыбысты орташа деңгейге қою үшін дыбыс деңгейін
реттеңіз.
5
Дыбыс деңгейін реттеу үшін динамиктердің біріндегі –/+ (дыбыс деңгейі) түймелерін басыңыз.
Бір динамиктің дыбыс деңгейін реттеу екіншісіне əсер етеді.
6
41
Мұндай жағдайда BLUETOOTH құрылғысы мен басқа BLUETOOTH құрылғысы (құрылғылары) арасындағы BLUETOOTH
байланысын тоқтатыңыз.
Динамикті қосу функциясын пайдаланғанда, кодек SBC кодегіне автоматты түрде ауысады.
Сондай-ақ Динамикті қосу функциясын «Sony | Music Center» тармағында пайдалануға болады.
Ескерту
Динамикті қосу функциясын пайдаланған кезде екі динамиктің бірін қалпына келтірсеңіз немесе бастапқы күйіне
орнатсаңыз, басқа динамикті өшіргеніңізді тексеріңіз. Динамикті қосу функциясы қайта іске қосылмас бұрын басқа
динамикті өшірмесеңіз, BLUETOOTH байланысын жасауда жəне дыбыс шығаруда қиындық болуы мүмкін.
Бір рет түрту (NFC) арқылы BLUETOOTH байланысын орнатқанда,
(BLUETOOTH) индикаторы жыпылықтаған
динамикті түртіңіз. Құрылғы
(BLUETOOTH) индикаторы өшіп тұрған динамикпен BLUETOOTH байланысын орната
алмайды.
Портативті дыбыс құрылғысы жəне т.б. құрылғы динамиктің AUDIO IN ұясына жалғанса, динамик автоматты түрде AUDIO
IN режиміне ауысып, динамикті қосу функциясы тоқтайды.
Динамикті қосу функциясын пайдаланып фильмдерді көргенде бейне мен аудио арасында кідіріс болуы мүмкін.
Қатысты тақырып
Қос режим мен стерео режимді ауыстырып қосу (динамикті қосу функциясы)
«Sony | Music Center» арқылы не істеуге болады
4-735-514-51(2) Copyright 2018 Sony Corporation
42
Достарыңызбен бөлісу: |