Асқорыту сөлдері
|
Тәуліктік бөлінетін мәлшері
|
рН
|
Құрамы
|
1. Сілекей
|
50-2 000 мл
|
5,6-7,6
|
Су және амилаза
|
2. Қарын сөлі
|
2,0-3,0 л
|
1,49-1,8
|
Тұз қышқылы, су, липаза, лизоңим, пепсин
|
3. Панкреатин сөлі
|
600-700 мл
|
8,6-9,0
|
Су, амилаза, липаза, фосфотаза, трипсин, химотрипсин және т. б. ферменттер
|
4. Өт
|
500-1200 мл
|
5,6-8,5
|
Су, билирубин, холестерин, май, май кышкылы, лецитин, холин және т. б.
|
5. Аш ішек сөлі
|
1 000 мл
|
5,05-7,07
|
Су, сахараза, лактаза, жуық энтерокиназа, липаза, рибонуклеаза және т.б.
|
6. Тоқ ішек сөлі
|
270-1 550 мл
|
6,1-7,31
|
Су
| Асқорыту ферменттері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес ағзалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі-катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.
Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір ағзалык затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамьшдағы ферменті қышқылды, ұйқыбездің сөліндегі фермент - сілтілі ортада әсер етеді.
Көптеген ұсак және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі - жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г. Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5-2 литрге дейін сілекей бөлінеді.
Сілекей[өңдеу |
Сілекей - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99-99,5% су, 0,5-1% ағзалық және бейағзалық заттар болады. Бейағзалық заттардың мөлшері ағзалык заттарға Қарағанда 2-3 есе аз. Сілекейдің реакңиясы өлсіз сілтілі. Сілекей құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент - амилаза, бактерияларды жоятын лизоцим ферменті болады.
Сілекейдің бөлінуі орталығы сопақша мида орналасқан, рефлек-торлық жолмен реттеледі. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді.
Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі - шартты рефлекс.
Шыкшыт сілекей бездері кабынған кезде ісініп, жаксүйекке тұтасып, айқын байқалады. Ондай ауру паротит (мысқыл) деп аталады.[
Достарыңызбен бөлісу: |