40
14-сурет – 2014-2015
оқу жылындағы санаты жоқ,
зейнеткерлік жастағы және
мамандығына сәйкес емес жұмыс істейтін мұғалімдердің (география
пәні мұғалімдерінің
жалпы
санына алғанда, %) аймақтар бойынша үлесі
Білім беруді жетілдіру және инновациялық даму жағдайында мамандардың
біліктілігін көтеру және қайта дайындау күрделі мәселе болып табылуда. Бұл
міндет кәсіби құзырлылықты тереңдетуге және дамытуға бағытталған
оқытудың жаңа технологиясына көшуді қамтамасыз етудің жолы арқылы
жүзеге асуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдарға әдістемелік көмек беру және
олардың кәсіби өсуін қамтамасыз ету«Өрлеу» Біліктілікті арттырудың ұлттық
орталығы («Өрлеу» БАҰО АҚ) және «НЗМ» АҚ «Педагогикалық шеберлік
орталығы» арқылы жүзеге асырылады.
Оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық формаларын (шеберлік
сыныптар, тренингтер, іскерлік ойындар, шағын топтардағы жұмыстар және
т.б.), оқытудың технологиялары мен әдістерін (кейс-технология, сыни
тұрғысынан ойлау технологиясы, жобалау әдісі, іс-әрекеттік зерттеулер және
т.б.) қолдана отырып, құзырлылық амалы негізінде әлемдік озық практиканы
есепке ала отырып, «Өрлеу» БАҰО АҚ тақырыптық курстары құрылды.
Қазақстан Республикасының «Өрлеу» БАҰО АҚ-да аймақтық филиалдар
жұмыс істейді. Деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру
курстарын сапалы жүзеге асыру мақсатында 2013 жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ
филиалдарында Деңгейлік бағдарламалардың орталығы құрылды. Мұндай
орталықтарда ДББҰ «НЗМ» ААҚ педагогтық шеберлік орталығында оқыған
тренерлер курстары (201 адам) өткізіледі.
15-кестеде 2013-2014 жылдары «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарында оқыған
география пәні мұғалімдерінің саны көрсетілген, мұнда 2013-2014 жылдары
оқығандардың жалпы санының кемігені байқалады. Осы уақыт аралығында ең
көп маман дайындағаны: Алматы (97 адам), Оңтүстік Қазақстан (88 адам) және
Қызылорда (72 адам) облыстарының филиалдары, ең азы – Маңғыстау облысы
(15 адам) және Алматы қаласы (16 адам) филиалдары болып отыр.
0
10
20
30
40
50
Санаты жоқ
Зейнеткерлер
Мамандығына сәйкес емес жұмыс істейтіндер
41
15-кесте – 2013-2014 оқу жылында біліктілікті арттыру курстарында оқыған
география пәні мұғалімдерінің саны
Аймақтар
География пәні
мұғалімдерінің
сандық құрамы
2013ж.
2014ж. Барлығы
География пәні
мұғалімдерінің барлық
санына шаққанда, %
Ақмола
420
0
19
19
4,5
Ақтөбе
538
32
17
49
9,1
Алматы
1 222
46
51
97
7,9
Атырау
369
13
6
19
5,1
ШҚО
747
26
28
54
7,2
Жамбыл
726
36
25
61
8,4
БҚО
398
22
23
45
11,3
Қарағанды
617
28
23
51
8,3
Қостанай
464
18
16
34
7,3
Қызылорда
769
42
30
72
9,4
Маңғыстау
267
9
6
15
5,6
Павлодар
368
36
9
45
12,2
СҚО
431
26
14
40
9,3
ОҚО
1 913
45
43
88
4,6
Алматы қ.
400
12
4
16
4
Астана қ.
160
20
8
28
17,5
ҚР
9 809
425
262
687
7
Дереккөз: ҚР БҒМ деректері
2013-2014 оқу жылдарында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының біліктілікті
арттыру курстарында оқыған география пәні мұғалімдерінің аймақтар бойынша
пайыздық үлесі 15-суретте көрсетілген.
Республика бойынша соңғы екі жылда география пәні мұғалімдері, олардың
жалпы санына шаққанда, орташа есеппен 7%-біліктілігін арттырған. Бұл
көрсеткіште көшбасшы Астана қаласы (17,5%), одан кейін Павлодар (12,2%),
Шығыс Қазақстан (11,3%), Солтүстік Қазақстан (9,3%) және Ақтөбе (9,1%)
облыстары болып табылды. «Өрлеу» БАҰО АҚ курстарын өткен мұғалімдердің
үлесі Алматы қаласында (4%), Ақмола (4,5%), Оңтүстік Қазақстан (4,6%)
облыстарында азырақ.