«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» үкіметтік бағдарламасының
2016 жылы жүзеге асыру мониторингі бойынша қорытындысы
Үкіметтік бағдарламаның деректемелері:
бағдарламаның атауы:
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (бұдан әрі - Бағдарлама)
құжаттың нөмірі мен күні:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысы;
әзірлеуші мемлекеттік орган:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ДСӘДМ);
бірлесіп орындаушылар:
БҒМ, ҰЭМ, АШМ, АКМ, ИДМ, Қаржымині, ЖАО;
іске асыру мерзімі мен кезеңдері:
1-кезең – 2015 жыл;
2-кезең – 2016 – 2019 жылдар.
2. Есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелер, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі мақсаты жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздықты қысқарту арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу. Сонымен бірге, халықты жұмыс берушілермен талап етілген мамандықтарға қайта оқыту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысында жұмыспен қамту (ауылдарда дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы және жергілікті инфрақұрылым нысандараны жөндеу жүргізу), әлеуметтік жағдайы төмен және депрессиялық аудандардан жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру шарттары айрықша дамыған аудандарға көшіру, жұмыспен қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру үшін микрокредиттер беру шаралары халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басты шаралары болып табылды.
Мақсатқа қол жеткізуін өлшеу үшін келесі нысаналы индикаторлар көзделген:
2020 жылға қарай:
«Жұмыссыздық деңгейі 5,0%-дан аспайтын болады»
Жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы IV тоқсанда 4,9%-ды құрады, аралық индикаторға қол жеткізілді (2016 жылға жоспар – 5,0%).
2. «Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,0% болады»
Әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,0% жоспарында 2016 жылғы IV тоқсанда 5,4%-ды құрады, аралық индикаторға қол жеткізілмеген.
Қол жеткізілмегеннің себебі жұмыс күші құрамында әйелдердің қатысуындағы гендерлік ажырау болып табылады, жұмыс күші құрамында әйелдердің қатысу деңгейі еркектер арасында 76,1%-да 49,6%-ды құрады.
ҰЭМ Статистика комитетінің ақпараты бойынша 2016 жылғы 4 тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 9,0 млн. адамды құрады, оның жартысынан жуығы немесе 4,3 млн. әйелдерді құрайды (48,3%). 2016 жылғы 4 тоқсанда жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі 48%-ды құрады және 2015 жылғы 4 тоқсанмен (48%) салыстырғанда 1%-ға төмендеді. Тиісінше жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі 2015 жылғы 4 тоқсанмен салыстырғанда 54,9 мың адамға төмендеген.
3. «Жастар арасындағы (15-28 жас) жұмыссыздық деңгейі 4,6%-дан аспайтын болады»
Жастар арасындағы (15-28 жас) жұмыссыздық үлесі жоспарланған көрсеткіштен – 4,7% 2016 жылғы IV тоқсанда 4,5%-ды құрады, аралық индикаторға қол жеткізілді.
4. «Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына қосылған азаматтардың үлесі 92,0%-ға дейін ұлғайады»
Бағдарламаның іс-шараларымен қамтылғандар, қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы азаматтардың үлесі жоспарланған көрсеткіштен – 92,0%, 2016 жылы 99,8%-ды құрады, аралық индикаторға қол жеткізілді.
5. «Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына қосылған әйелдердің үлесі 47%-ды құрайтын болады»
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына қосылған әйелдердің үлесі жоспарланған көрсеткіштен – 47%, 2016 жылы 44,6%-ды құрады, аралық индикаторға қол жеткізілмеген.
Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға Ұлттық қордан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен қосымша 87,7 млрд. теңге бөлінді, Бағдарламаға қатысушылардың ішіндегі әйелдер үлесінің төмендеуіне себеп болды. Өйткені, аталған бағыттың жұмыс түрлеріне еркектер тартылды. Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушы әйелдердің үлесі 9,5%-ды (3,9 мың әйел) құрады, ол Бағдарламаға әйелдердің қатысуының жалпы үлесінің төмендеуіне әсер етті.
6. «Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына қосылған жасы 29-ға дейінгі жастардың үлесі 43,5%-ды құрайтын болады»
Бағдарламаға қатысуға өтініш білдіргендер қатарындағы оған қатысушылардың қатарына қосылған жасы 29-ға дейінгі жастардың үлесі жоспарланған көрсеткіштен – 43,5%, 2016 жылы 44,9%-ды құрады, аралық индикаторға қол жеткізілді.
7. «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 82,3%-ға дейін ұлғайады»
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санындағы нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың үлесі жоспарланған көрсеткіштен – 82,3%, 2016 жылғы 4 тоқсанда 84,1%-ды құрады, бұл көрсеткіш бойынша жалпы аралық индикаторға қол жеткізілді.
8. «Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды аяқтағандардың қатарындағы жұмысқа орналасқандардың үлесі»
2016 жыл: жоспар – 70,0%, факт – 86%, көрсеткішке қол жеткізілді.
9. «Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы»
2016 жыл: жоспар – 30%, факт – 27,2%, көрсеткішке қол жеткізілді.
Жалпы, ДСӘДМ ақпаратына сәйкес, 2016 жылы Бағдарламаға қатысуға 198 743 адам өтініш білдірді, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының шешімдері бойынша Бағдарламаға қатысушылардың құрамына 198 336 адам косылды.
Бағдарламаға қатысушылардың ішінде 126 099 адам (63,6%) жұмыссыз, 66 934 адам (33,7 %) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 5 303 адам (2,7%) ішінара жалдамалы жұмысшы болып табылады.
Бұл ретте, 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі – 44,9%-ды (89 044 адам), әйелдердің үлесі – 44,7%-ды (88 659 адам) құрайды.
Сонымен қатар, Бағдарламада 9 399 – аз қамтылғандар, 8 702 – зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқандар, 17 518 – жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып, техникалық және кәсіптік білім, жоғары және жоғары білім кейінгі білім беретін ұйымдар түлектері, 6 193 – мүмкіндігі шектеулі жандар, 1 431 – жұмыс беруш-заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс беруші-жеке тұлға қызметін тоқтатқанға байланысты немесе қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша жұмыстан босатылған адамдар, 151 – жетімдер үйінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1 091 – оралман, 636 – бостандық еркінен айыру орындардан босатылған адамдар, 141 – көпшілік мақұлдаған жасқа дейін зейнетке шыққан зейнеткерлер, 104 – ҚР Қарулы күштері қатарынан босатылған адамдар қатысты.
Бұл ретте Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай базада бар бос жұмыс орындарына 102,0 мың адам жұмысқа орналасты.
«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты
Аталған бағытты іске асыруға 2016 жылы республикалық бюджеттен 78,6 млрд. теңге бөлінді, 77,1 млрд. теңге немесе жылдық жоспардың 98% игерілді.
Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мақсатында 2016 жылы іске асыруға 5 752 жоба жоспарланған, 2017 жылғы 1 қаңтарына 40 888 жұмыс орны құрылған 5 695 жобаның іске асырылуы аяқталды.
Бағдарламаның шарты бойынша күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде құрылған жұмыс орындарының кемінде 50%-ы халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша халықты жұмысқа орналастыру үшін қарастырылған.
Ауылдық елді мекендерде 33 нысан дәрігерлік амбулаторийлер мен фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы және пайдалануға енгізілуі қамтамасыз етілді.
«Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты
Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 2016 жылы 139,0 млн. теңге бөлінді, оның 127,0 млн. теңгесі немесе 91,3%-ы игерілген, оқытудан 3 819 адам өтті (жоспардан 111,9%). Микрокредит беруге арналған жалпы сома 30 823,8 млн. теңгені құрайды, толық көлемде (100%) игерілді.
ЖАО ақпараты бойынша берілген микрокредиттердің фактілі саны 9 560 бірлікті құрады (9 107 бірлікке дейінгі жоспарда), оның:
Республикалық бюджет есебінен – 3 923 бірлікке дейінгі жоспарда 4 472 бірлік. Болжамды санмен салыстырғанда Бағдарламаға қатысушы адамдар санының көбеюі микрокредиттің орташа көлемінің азаюымен байланысты;
ҚР Ұлттық қоры есебінен – 5 184 бірлікке дейінгі жоспарда 5 088 бірлікті құрады. Болжамды санмен салыстырғанда Бағдарламаға қатысушы адамдар санының азаюы, кредитті игеру мерзімінің уақыты келмеуінен болды («Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 212 қаулысының 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан қаражат аударылған кезден бастап есептеледі және 2017 жылғы 1 сәуірде аяқталады).
Аталған қаражат есебінен 3,5 мыңнан астам Бағдарлама қатысушыларына микрокредит беру көзделген. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша микрокредиттеуге бөлінген қаражат есебінен 4 385 адам микрокредит алды, олардың 1 926 микрокредит алушы – әйелдер, 348 – мүгедектер болып табылады.
Бұдан басқа, 421 қатысушы 1,02 млрд. теңге сомасында қайтарылған қаражаттар есебінен кердит алды. Аталған микрокредит алған азаматтардың арасынан 5 677 адам (оның ішінде қайтарылған қаражаттар есебінен 231) жеке өз ісін ашты.
Негізінен микрокредиттер (84%) ауыл шаруашылық саласын дамытуға берілді, олардың 95%-ы мал шаруашылығын дамыту үшін іске асырылатын жобаларға тиесілі.
Осылайша, микрокредиттер алушылармен қосымша 8,8 мың жұмыс орындары құрылды, олардың халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 6,9 мың адам жұмысқа орналастырылды.
2016 жылдан бастап пилотты режимде елдің 5 аймағында (Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан обылыстарында) жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін дамыту бойынша, микрокредит сомасы 6 млн. теңгеге дейін көбейетін жобалар іске асырылуда. Пилотты жобалар шеңберінде 2 052 адам микрокредиттер алды. Сонымен бірге, Бағдарламаның 44 қатысушысы сүт қабылдау пунктеррін ұйымдастыру үшін, 1 803 қатысушы отбасылық мал жемдейтін аулалары үшін, 28 қатысушы жылы жайлар ашу үшін және 177 қатысушы т.б. түрлер үшін микрокредиттер алды.
Микрокредиттің орташа шамасы 2,7 млн. теңге деңгейіне жетсе, соңғы қарыз алушылар үшін берілген несиелер бойынша сыйақының максималды ставкасы 6,0% деңгейге жетті.
«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты
«Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бірінші компонент
Кәсіптік оқытуға 2016 жылы республикалық бюджеттен 10,8 млрд. теңге бөлінді, 10,4 млрд. теңге игерілді, ол жылдық соманың 96%-ын құрайды.
2016 жылы кәсіптік оқытумен барлығы 7 240 адам қамтылған, оның ішінде 6 335 адам оқуды аяқтады (87,5%), оның 5 431 адамы жұмысқа орналастырылды (85,7%).
Әлеуметтік жұмыс орындарына 14 329 адам (немесе 11 197 адам жоспарынан 128,5%) 53,8 мың теңге орташа айлық жалақысы көлеміндегі жұмыстарға орналастырылды. Жастар практикасына 15 1,30 адам (немесе 11 897 адам жоспарынан 127,2%) жолдандырылды.
2017 жылғы 1 қаңтарына, әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстарын аяқтағандар санынан 12 562 адам (87,7%) және жастар практикасын аяқтағандар санынан 9 778 адам (87,8%) нақты жұмыс берушілерде орныға алды және тұрақты жұмыс орындарына тұрды.
Қайта даярлау және біліктілікті арттырумен 18-ден 24 жасқа дейінгі ішіара жұмыспен қамтылған жастардан 2 455 адам (немесе 2 308 адам жоспарынан 106,4%) қамтылды.
Ішінара жалдамалы жұмыспен қамтылғанд жұмысшыларға қайта даярлау және біліктілікті арттыру үшін 1 155 адамға гранттар бөлінді (немесе 1 281 адам жоспарынан 90,1%).
55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы адамдарды қайта даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен 1241 адам немесе жоспардың 111,1%-ы (1 117 адам) қамтылды.
Қысқарған жұмыс уақыты үшін білікті жұмыскерлердің жоғалтқан табысының 2/3 бөлігін уақытша субсидиялаумен жоспар 1515 адам болған кезде 3 466 адам қамтылды.
Көрсеткіш оқу құнының өзгеруі және мерзімінен бұрын жұмысқа орналасудың толық емес мерзімі есебінен артық орындалды, сондай-ақ ақы төлеу мерзімінің азаюы есебінен мемлекеттің 8 кәсіпорынның 3 466 білікті жұмыскерлері уақытша субсидиялаумен қамтылғандардың қатарындағы адамдардың саны артты.
«Жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» екінші компонент
Осы компонентті арттыруға 2016 жылы 3 975,0 млн. теңге бөлінді, оның 3 801,8 млн. теңгесі (95,6%) игерілді.
2016 жылы қызметтік тұрғын үйді (жатақхананы) салу шеңберінде 798 пәтерлі/бөлмелі 32 үй салу жоспарланған болатын.
2015 жылдан бергі өтпелі құрылысты ескергенде 645 пәтерлі/бөлмелі 36 үйдің құрылысы аяқталды. 348 пәтерлі/бөлмелі 6 үйдің құрылысы аяқталады.
2016 жыл ішінде 1979 адам қоныстанды.
Қызметтік тұрғын үйлерге 1067 адам қоныстанды, оның ішінде 584 адам еңбек етуге қабілетті жаста, олардың 436-сы немесе 75%-ы жұмысқа орналасты.
Қызметтік тұрғын үйлерге 1067 адам қоныстанды, оның ішінде 584 адам еңбек етуге қабілетті жаста, олардың 436-сы немесе 75%-ы жұмысқа орналасты.
Қоныс аударған отбасыларға жоспар 4 508 адам болған кезде 3 238 адамға 274,0 млн. теңге сомаға көшуге субсидия берілді. Көрсеткіштің орындалмауы көшетін отбасы мүшелері санының азаюына байланысты, сондай-ақ, Бағдарлама шеңберінде қоныс аударушылар мен оралмандар үшін тұрғын үй салу көзделмеген болатын. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар сатып алуға ұсынған тұрғын үйлер көңілден шығатындай болмаған, осыған байланысты қоныс аударушылар мен оралмандар тұрғын үйлерді сатып алудан бас тартқан.
Бұдан басқа, бағыттардан тыс іске асырлатын іс-шараларға бағытталған бағдарламаны іске асыруға 2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар:
- халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге жоспар бойынша 4 899 млн. теңге көзделген, оның 4 894,4 млн.теңгесі немесе 99,9 %-ы пайдаланылды;
- Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі ақпараттық жұмыстарға (жергілікті атқарушы органдарға) жоспарда 80,9 млн. теңге болғанда, 79,9 млн.теңге немесе 99,9 % жұмсалды;
- Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі ақпараттық жұмыстарға (Министрлікке) жоспарда 53,8 млн. теңге болғанда, 42,8 млн.теңге немесе 80 % жұмсалды (11,0 млн. теңге мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы).
3. Есеп беру мерзіміне жоспарланған іс-шаралар саны, іс-шаралар тізбесі, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып)
Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарымен, орындалу мерзімі 2015-2019 жылдарға көзделген, жалпы 8 іс-шараны қарастырылған.
Инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру
Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныстандыру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы халыққа насихаттау және хабардар ету
Ағымдағы бос жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқорын қалыптастыру
Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқудан өтетін адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге бағытталған заңнаманы және бағдарламалық құжаттарды жетілдіру
Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру
2016 жылы барлық іс-шараларды іске асыру бөлінген қаржылар шегінде толықтай көлемде жүзеге асырылды.
4. Үкіметтік бағдарламаның іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдау
Бағдарламаға білікті қызметкерлердің қысқартылған жұмыс уақыты үшін жоғалтқан табысын субсидиялау, жұмыс берушілерге қызметкерлерін кәсіптік оқыудан өткізу үшін гранттар бөлу, қызмет көрсету саласында қызметкерлерді даярлау бойынша арнайы нысаналы бағдарламалар (қысқа мерзімді курстар) ұйымдастыру секілді жаңа механизмдер енгізілді, ол еңбек нарығында және жұмыссыздық деңгейін тұрақтаныдруда теңгерімді сақтауға мүмкіндік берді.
5. Информация о выделенных и неосвоенных на отчетный период бюджетных и иных финансовых средств на выполнение мероприятий в разбивке по источникам финансирования
2016 жылы Бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 125,5 млрд. теңге қаржы бөлінді, оның 123,5 млрд. теңгесі немесе 98,4%-ы игерілді, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен 37,8 млрд. теңге, 37,4 млрд. теңге игерілді немесе 99,0%;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 62,9 млрд. теңге, 62,6 млрд. теңге игерілді немесе 97,8%;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен 24,7 млрд. теңге, 24,5 млрд. теңге игерілді немесе 99,1%.
Игерілмеді – 1,98 млрд. теңге, оның:
Республикалық бюджеттен – 0,39 млрд. теңге, өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесіндегі үнемдеу, кейбір өнім берушілермен шарт бойынша міндеттерді орындамауына байланысты үнемдеу, сондай-ақ мерзімінен бұрын әлеуметтік келісімшарттардың күшін жоюына байланысты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан – 1,4 млрд. теңге, өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесіндегі үнемдеу, кейбір өнім берушілермен шарт бойынша міндеттерді орындамауына байланысты үнемдеу, сондай-ақ мерзімінен бұрын әлеуметтік келісімшарттардың күшін жоюына байланысты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен – 0,2 млрд. теңге, өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесіндегі үнемдеу, кейбір өнім берушілермен шарт бойынша міндеттерді орындамауына байланысты үнемдеу, сондай-ақ мерзімінен бұрын әлеуметтік келісімшарттардың күшін жоюына байланысты.
6. Өткізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер:
ДСӘДМ-мен өткізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпараттар ұсынылмады.
7. Орындаушы жауапты мемлекеттік орган үкіметтік бағдарламаға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат
2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысында мақұлданған 2016 және 2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қосымша іс-шаралар жоспарының (2-топтама) 25-тармағын орындау мақсатында Бағдарламаға өзгеріс енгізілді.
2009-2010 жылдардағы Жол картасына ұқсас жаңа жұмыс орындарын құру және жаппай жұмыспен қамту мақсатында ҚР Ұлттық қорынан және Үкіметтің Арнайы резервінен қосымша қаражат бөлінді.
2016 жылғы шілде айында Арнайы резервтен бөлінген қаржыны игеру үшін шараларды қамтамасыз ету мақсатында ЖЖК 2020 инфрақұрылымдық жобаларды іріктеу тәртібі мен іске асыру механизмі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
8. Өткізілген бағалау нәтижелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпарат:
Бағалау өткізілген жоқ.
9. Қорытындылар мен ұсыныстар
Жалпы, Бағдарламаны іске асыру еңбек нарығындағы және елде экономикалық төмендеу мүмкіндігі шеңберінде балансты сақтауға мүмкіндік берді, сонадй-ақ «құтқарушы шеңбер» болған, кәсіпорындар жұмыскерлерінің қарқынды босатылуы және жұмыссыздар саны көбеюінің күтілуі аясында, экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайында жұмыссыздықпен күресуде шешуші рөл ойнады.
Сонымен қатар, Бағдарламаның шаралары еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайға жедел ден қою және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу аясында жасалған Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының ең басты шараларының бірі болып табылады.
2016 жылы Ел Басының тапсырмасы бойынша Ұлттық қордан микрокредиттеуді ұлғайтуға және жұмысшы жастар мен ішкі мигранттарға арнап жатақхана құрылысына, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау үшін жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауға және Бағдарлама шеңберінде оқытуға 63,0 млрд. теңге сомасында қаржы бөлінді.
Сонымен қатар, «2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар жоспары» шеңберінде тұрғын-ұй коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылымды ағымды және орташа жөндеуге, поселоктар мен ауылдық округтарда абаттандыру
Қосымша бөлінген қаржыларды ескере Бағдарламаның 2016 жылғы нақтыланған бюджеті 125,5 млрд. теңгені құрады, олардың 123,5 млрд. теңгесі немесе 98,4% игерілді.
Бағдарламаның қатысушары 198,3 мың адамды құрады.
Бағдарлама шеңберінде іске асырылып жатырған шараларды қолдау қорытындысы бойынша 197,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың 169,3 мың адамы немесе 85,7% тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бағыты шеңберінде 2016 жылы 5 709 жоба аяқталды, 40 573 жұмыс орны құрылыды, оларға 22 117 Бағдарламаға қатысушы немесе жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санынан 54,5%.
«Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» бағыты шеңберінде барлығы 10 099 микрокредиттер (оның ішінде қайта қаржыландыруды ескере отырып - 421) берілді. Бұл ретте, берілген микрокредиттердің 89%-ы ауыл шаруашылығындағы жобаларды іске асыруға көзделген.
Кәсіпкерлік негіздеріне 3,7 мың адам оқытылды.
Микрокредиттер алушылармен қосымша 8,8 мың жұмыс орындары құрылды, олардың халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 6,9 мың адам жұмысқа орналастырылды.
Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бағыты аясында кәсіптік оқытумен 7 240 адам қамтылған, оның 5 431 адамы жұмысқа орналастырылды (85,7%).
Әлеуметтік жұмыс орындарына 14 329 адам (жоспардан 144,3%) 53,8 мың теңге орташа айлық жалақысы көлеміндегі жұмыстарға орналастырылды.
Жастар практикасына 11 130 адам (жоспардан 133,3%) жолдандырылды.
2017 жылғы 1 қаңтарына, әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстарын аяқтағандар санынан 87,7%-ы (12 562 адам) және жастар практикасын аяқтағандар санынан 87,8%-ы (9 778 адам) нақты жұмыс берушілерде орныға алды және тұрақты жұмыс орындарына тұрды.
2016 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес алғаш рет Бағдарламаның жаңа дағдарысқа қарсы механизмдері мен құралдары енгізілді, оный басты шарты жұмысшыларды жұмыстан босату тәуекелдері бар жұмыс орындарын жұмыс берушілермен сақтап қалу болып табылады.
Көрсетілген дағдарысқа қарсы шаралар аясында қайта даярлау және біліктілікті арттырумен 18-ден 24 жасқа дейінгі ішінара жұмыспен қамтылған жастардан 2 455 адам немесе жоспарланған көрсеткіштен 106,4% қамтылды (2 308 адам).
Аумақтық мобильділікті ұлғайту аясында 2016 жылы 1 979 адам қоныс аударды, оның 1 078 адамы жұмысқа жарамды жаста, оның 436 адамы немесе 40,4%-ы жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру, қосымша бөлінген қаржыларды ескере отырып, жұмыспен қамтумен жәрдемдесу шараларымен жұмыссыздарды және нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарды қамтуды кеңейтуге мүмкіндік берді, ол жұмыс нарығының көрсеткіштерін тұрақтандыруға позитивті үлесін қосты.
Осылайша, 2016 жылғы 4 тоқсандағы қорытынды статистикалық ақпараттар бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады, ол жыл басымен салыстырғанда 0,1%-ды тармаққа төмен, 15-28 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 0,1%-ды тармаққа төмендеді (4,3%-дан 4,2%-ға дейін), ауылдағы жұмыссыздық деңгейі 0,1%-ды тармаққа төмендеді (4,9%-дан 4,8%-ге дейін).
Жыл басымен салыстырғанда нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны 29,7%-ға қысқарды (4 тоқснда 513 мың адамнан 360,4 мың адамға дейін).
Сонымен бірге, республикадағы еңбек нарығындағы жағдайға Бағдарлама шеңберінде қабылданып жатқан шаралардың оң ықпалына қарамастан, бір қатар күредлі мәселер бар:
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары толықтай шамада нәтижелі ұзақ мерзімді жұмыспен қамтамасыз етуді қамтамасыз ете алмауда. Осылайша, Бағдарлама шеңберінде 43,7%-ы уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандар, бұл ретте осы мақсаттарға жалпы қаржыландыру көлемінің 50%-ы жаратылған.
Микрокредиттер алушылармен іске асырылатын жобалардың және инрақұрылымдық жобалардың ықпалды іріктеу критерийлері мен мехнизмдері жоқ.
Әлеуметтік жұмыс орындарына (ӘЖО) және жастар практикасына жұмысқа орналастыру кезінде аз қаражат қажет. Алайда, аталған құралдар тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде жеткілікті нәтиже бермейді (ӘЖО қатысушыларының 84,3%-ы және жастар практикасыныңы 63,5% қатысушылары тұрақты жұмыс табады).
Жұмыспен қамту құны мен табиғаты тұрғысынан және тиімді құралдары ретінде микрокредиттеуді және оқытуды жатқызған жөн (оқытудан кейін жұмысқа орналастыру пайызы 85,7%-ды құрайды).
Осыған орай, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудегі тиімділікті арттыруға бағытталған шараларды қабылдау қажет:
1.Инфрақұрылымды жобаларды іске асырудан бас тарту ұсынылады, өйткені құрылып жатқан жұмыс орындары уақытша болып табылады және олардың құнындағы көп бөлігін (70%-дан астам) техникалық жабдықтар алуда.
2.Бос қалған қаржыларды кредиттеуге, сондай-ақ микрокредит көлемін және мерзімдерін көбейтуге бағыттау.
Микрокредиттеу шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндірумен байланысты жобалардың көлемін көбейту қажет. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуды қамтамасыз ету қажет. Ол тек жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын тигізіп қоймай, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жеке қосалқы шаруашылық базасында өндірісті продукцияларды іске асыру үшін технологиялық ретті құруға ықпалын тигізеді.
Бұнымен бірге, Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламаларын жетілдіру, жалғасуы 1 айдан кем емес тәжірибелерге бағытталған ету қажет.
Әлеуметтік келісімшарттарда және кредитті шарттарда микрокредит алушылардың міндеті ретінде жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруды қарастыру.
3. Бағдарламаның қатысушыларын кәсіби оқытуды (6 айдан артық емес) қысқа жасауға және жұмыс орнында нақты дағды алуға (қалыптасуға) екпінделген, өңірлік еңбек нарықтарындағы қатты сұранысы бар жаппай мамандықтар бойынша жүзеге асыру.
Ол еңбек ресурстарында жұмыс берушінің керекті сапасының сұранысына тез арада әсерін тигізуге жол береді.
Сонымен бірге, кәсіптік оқыту бойынша Бағдарлама іс-шараларын «Тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасымен үйлестіру қажет.
Бұнымен қатар, іргелес (қос) кәсіптер бойынша кадрларды қысқа мерзімді дайындау мүмкінділігін қарастыруды ұсынамыз (станокты-жөндеуші, токарь-слесарь, электр және газбен дәнекерлеуші, слесарь-үйлестіруші-жөндеуші, арматуралаушы-бетоншы, қазаншы-аспазшы, шаштаразшы-бет әрлеуші және т.б.). Бұл жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту және персоналды ұтқырлығын арттыруға мүмкіндік береді.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар практикасын ұйымдастыру тәжірибесін жетілдіру, және тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге көшу қамтамасыз ету мақсатында компанияларды таңдау үшін тіисті ынталандыру критерийлерін әзірлеу.
Сондай-ақ, Бағдарламаның неғұрлым тиімді жүзеге асырылуын және құқық бұзушылықтардың алдын алуы үшін, Бағдарламада қатысу шарттары туралы мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және жалғастыруды ұсынамыз, әсіресе ауылды жерлерде, жастар арасында, аталған жұмысты үйлер арасында тікелей әрібр жұмыссыз немесе нәтижесіз жұмыспен қамтылған халықпен жүзеге асыру. Қосымша, Бағдарламаның қатысушыларының қатысуымен Бағдарламаны түсіндіру мақсатында түсіндіру семинарларын, брифингтер мен дөңгелек үстелдер жүргізуді ұсынамыз, сондай-ақ Бағдарлама бойынша ақпараттарды графикалық түрде және тәжірибелік ұсыныстарды сайттарда орналастыруды ұсынамыз.
Елбасының Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасына сәйкес, хақтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында, 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «2017-2019 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді, осыған орай «Жұмыспен қамту жол карты 2020» үкіметтік бағдарламасы күшін жойды.
Қабылданған жаңа Бағдарлама оқыту арқылы тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және табысын арттыруға, жұмысқа орналастыру үшін және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасауға бағытталғандықтан, аталған жаңа Бағдарлама «Жұмыспен қамту жол карты 2020» үкіметтік бағдарламасының жалғасы болып табылады, осыған орай, жаңа Бағдарламаны іске асыру барысында жоғарыда аталған ұсыныстарды есепке алу қажет пайымдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |