«Қан айналымы биохимиясы» модулі бойынша ақпараттық топтама



жүктеу 1,31 Mb.
бет13/59
Дата13.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#41731
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59
Қан айналымы биохимиясы- инф блок (копия)

ЛХАТ-ң жетіспеушілігі. ЛХАТ бос холестериннің этерификациясы үшін қажет. ЛХАТ жетіспеген жағдайда этерификацияланбаған бос холстериндер тіндерде жиналады, нәтижесінде мерзімінен бұрын атеросклероз, көздің мүйізгек қабығының бұлыңғырлануы, бүйректің зақымдануы, анемияның туындауына әкеледі. Бұның барлығы жасуша мембранасы қасиеттерінің бұзылуымен байланысты болуы мүмкін.
Осы липопротеиндердің барлығы өздерінің қызметтері бойынша ажыратылады.



  1. Хиломикрондар (ХМ) – ішек жасушаларында түзіледі, олардың қызметі: экзогенді майларды ішектен тіндерге өткізу (негізінен май тіндеріне), сонымен қатар, экзогенді холестеринді ішектен бауырға тасымалдау болып табылады.

  2. Тығыздығы өте төмен липопротеиндер (ТӨТЛП) – бауырда түзіледі, олардың рөлі: бауырда көмірсулардан синтезделген эндогенді майларды май тіндеріне тасымалдау.

  3. Тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛП) – ТОЛП-ң түзілу сатысынан кейін қантамырлар арнасында ТӨТЛП-ден және бауырда түзіледі. Олардың рөлі: тіндерге эндогенді холестериннің транспорты.

  4. Тығыздығы жоғары липопротеиндер (ТЖЛП) – бауырда және аш ішек жасушаларында түзіледі, негізгі рөлі - холестеринді тіндерден бауырға тасымалдау, яғни тіндерді холестериннен босатып, ары қарай холестерин өт арқылы шығарылады.



Липопротеиндердің (а) құрылымы мен қызметі. Липопротеиндер(а) ТТЛП және ТЖЛП арасында тығыздық диапазонында (1,050-1,085 г/мл) флотацияланатын сферикалық бөлшектер болып табылады. Олардың бөлшектерінің орташа диаметрі 21,0-26,5 нм аралығында болады. Оның құрамында 27% ақуыз, 65% липидтер ( холестерин эфирлері-59%, бос холестерин -14% және 14% фосфолипидтер) және 8% көмірсулар бар. ЛП-ң(а) бірнеше қосымша фракциялары бар.
Липопротеин (а) құрамында жоғары гликозилденген ақуыз – апопротеинмен (а) дисульфидті байланыспен байланысқан B100 апопротеин бар. Құрылымы бойынша апопротеин (а) плазминогенге гомологты.
Бұл ЛП-ң (а) физиологиялық рөлі туралы мәліметтер аз, оның синтезделетін орны нақты анықталмаған, бірақ көптеген зерттеушілер ЛП-ң (а) негізгі түзілетін орны бауыр деп санайды. Ол қарапайым ТТЛП рецепторларымен бәсекелесе әрекеттеседі, бірақ көбінесе бета-ЛП өз рецепторынан ЛП-ді ығыстырады, бұл ЛП(а) нашар метаболизденетінін түсіндіреді. ЛП-ң (а) жартылай ыдырау кезеңі шамамен 3,3 күнді құрайды,яғни ол ұзақ уақыт бойы қан жолымен жүреді, тотығуға ұшырайды және эндотелий жасушаларына жабысады, жабысу ошақтарында эндотелий жасушаларын зақымдайтын және артерия қабырғасына ТТЛП жолын ашатын қабыну процесін тудырады, содан кейін атеросклероздық түйіндер пайда болады.
ЛП-ң (a) атерогенділігін ішінара плазминогенмен фибриндегі байланыс орындары үшін бәсекелестікпен, яғни фибринолизді тежеумен түсіндіруге болады (бұл оның тромбогенділігін түсіндіреді).
ЛП-ң (a) басқа әсерлеріне артериялық қабырғадағы ХС-ң қарқынды жинақталуы, бұлтты жасушалардың пайда болуы, моноциттермен бос оттегі радикалдарының пайда болуы, бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларының көбеюі және эндотелий жасушаларына моноциттердің химотаксисі жатады.
Липопротеин (а) артериялардың және артериовеноздық шунттардың атеросклеротикалық түйіндерінде табылған.

б. Қандағы ЛП-ң (а) жоғары деңгейі қарапайым гиполипидемиялық препараттарды пайдалану кезінде төмендемейді.


ЛП(a) деңгейі көбінесе диеталық терапия, гиполипидемиялық препараттарды қабылдау немесе жоғары физикалық белсенділік болғанда өзгермейді. Барлық қолданыстағы гиполипидемиялық препараттардың ішінен тек эстрогендерді (постменопаузадан кейінгі әйелдерде) тиреоидты гормондар мен никотин қышқылын (күніне 3-тен 4 г-ға дейін) пайдалану ЛП (a) деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Биохимиялық анализаторда ЛП-ді (a) өлшеуге болады. Салыстырмалы түрде жақында плазминогеннің болуына сезімтал емес Elisa техникасына негізделген қан плазмасындағы ЛП-ді (a) анықтау әдісі жасалды (Fless G. Et al.,1989). Дені сау адам үшін 20-30 мг/мл ЛП-ң (а) шекті концентрациясы болып табылады, бұл деңгейден асып кету патология ретінде қарастырылады деген пікір бар.

Б. Апопротеиндер


Липопротеиндердің метаболизм жолы, біз көргендей, олар тасымалдайтын апопротеиндердің сипатымен анықталады.

жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау