13
1. Жағымды стресс – бірқалыпты және қысқа уақытқа созылатын стресс, оның нәтижесінде қысқа
уақытқа жүректің жиырылу жиілігі артады немесе стресс гормондарының деңгейлерінде болмашы
өзгерістер пайда болады. Жағымды стресс көздеріне бейтаныс адамдармен кездесуге жүрексіну,
фрустрацияны (қажетіліктердің мүмкіндіктерге сай келмеуі) жеңу немесе екпе алу сияқты
жайттарды жатқызуға болады. Жағымды стресс орнықты және қолайлы қарым-қатынастар
аясында жүзеге асырылатын дұрыс дамудың маңызды және қажетті тұсы ретінде қарастырылады.
2. Төзерлік стресс – егер тоқтпаса, ми құрылымын бұза алатындай айтарлықтай ауыр стресс,
бірақ, қолдау көрсетуші қарым-қатынастар есебінен бәсеңдейді, мұндай қарым-қатынастар
стресске бейімделе отырып, оны жеңуге және оның жойқын салдарын әлсіретуге септеседі.
Төзрелік стресс көздеріне жақын адамның қазасы немесе ауыр сырқаты, шошытатын жарақаттар,
ата-ананың ажырасуы немесе табиғат апатын жатқызуға болады. Төзерлік стресс әдетте шектеулі
уақыт аралығында орын алады, бұл миға ықтимал жойқын салдардан оңалуға мүмкіндік береді.
3. Улы стресс – қолдаушы қарым-қатынастар жұмсартушы буфер рөлін атқаратын қорғаныш жоқ
болуынан ауыр және ұзаққа созылатын стресс. Осы стресс түрінің туындау көздеріне физикалық
немесе эмоциялық зорлық-зомбылықты, үздіксіз қамқорлық жоқтығын, ананың ауыр депрессияға
шалдығуын, ата-ананың нашақорлығын немесе отбасындағы зорлық-зомбылықты жатқызуға
болады. Улы стресс ми құрылымын бұзады және өмір бойы оқуда, мінез-құлықта, физикалық және
психикалық денсаулықта қиындықтар туындауына алып келеді.
IV ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ - ЕҢ ТИІМДІ
Ертеректе айтылғандай, уақыт өте келе пайдаланылмайтын ми тізбектері ғайып болады. Ал
пайдаланылатын тізбектер нығая түседі, кейін оларды өзгерту қиындай түседі. Икемділіктің
осылайша азаюы ересек адамның миындағы тізбектер сызбасының бір бөлігін түрлендіруден гөрі,
кішкентай баланың жетіліп келе жатқан ми сәулетіне ықпал ету оңайырақ және тиімдірек екенін
білдіреді. Басқаша айтқанда, егер балаларға өмірінің басынан бастап дұрыс физикалық және
14
психоәлеуметтік дамуына септігін тигізетін қолайлы жағдай жасалса, олар жоғарырақ ықтималдықпен
оңтайлы дамып, әлеуетін толығымен іске асыра алады; егер олар тауқымет көрсе, қамқорлықтың не
екенін білмесе немесе зорлық-зомбылыққа душар болса, әлеуетін іске асыра алуы екіталай.
Барлық балалар миының дамуына септігін тигізетін жағдайда өмір сүру мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
Кейбір балалар қосымша қолдауға мұқтаж – оларға тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар,
дамуында бөгелістер бар балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі балалар, ауылдық және шалғай
аудандарда тұратын балалалар, маргинал топтарға, этникалық азшылық және т.с.с. топтарға жататын
балалар кіреді. Ресурстарды балаларға және отбасыларға бағытталған денсаулық сақтау, білім беру,
әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау қызметтеріне жұмсаған жөн, сонда ғана барлық отбасылар
кіші жастағы балаларының кейінгі бүкіл өміріне берік іргетас қалауды қамтамасыз ете алады. Мұндай
қызметтер орынды, тиімділігін дәлелдеген стратегиялармен сүйемелденуі тиіс. Ерте балалық шаққа
инвестиция салу болашақ өмірде кемшіліктерді түзетуге бағытталған қымбат қызметтер көрсету
қажеттілігінен құтқарады.
Ямайкада жүргізілген зерттеулер ерте балалық шақта тамақтанумен байланысы бар ынталандыру
және араласу шараларының дамуында бөгелістері бар 9-24 айлық балалардың даму қабілетіне оң
әсер еткенін көрсетті. Психоәлеуметтік араласу шарасы ойын арқылы «ана-бала» әрекеттестігін
жақсарту мақсатында екі жыл бойы қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлерінің апта сайын үйге
келіп қарауын көздеген. Тамақтанумен байланысты араласу шарасы тағамдық қоспалар беруді
қарастырған. Тағамдық қоспалар қабылдау және психоәлеуметтік ынталандыру шараларымен
қамтылған бойы өспей алған балалар кәдімгі балалар сияқты жетілген. Айта кету керек, тек
15
психоәлеуметтік ынталандырумен ғана қамтылған балалар тек тағамдық қоспалар қабылдаған
балаларға қарағанда жақсырақ қарқынмен өскен.
Ямайкада жүргізілген араласу шараларының үзақмерзімді экономикалық нәтижелерге тигізген әсерін
эксперименталды бағалау ынталандыру шараларына қатысқан топтың кірістері бақылау
тобындағыдан 25 пайызға жоғарырақ болып, салыстырылған сау топтың табыс деңгейімен теңескенін
көрсетті. Осы зерттеулер кіші жастағы балаларға арналған медициналық қызметтерге кіріктірілген
ерте балалық шақтағы үйге барып қарау кезінде жүргізілетін араласу шараларының тұрақты
артықшылықтарының бұлтартпайтын дәлелін ұсынады, аталмыш шаралар мұқтаж балалар арасында
ұзақмерзімді нәтижелері жақсарту үшін тиімді стратегия болуы мүмкін. Мұқтаж балалармен үйде
жұмыс жасау кезінде ананың психологиялық функциясын және қоршаған ортадағы ықтимал стресс
факторларын ескеру қажет. Ең маңызды талап болып араласу шараларын ерте сатыда, жиі, әрі тиімді
жүзеге асыру қажет екені табылады.
V ҚАУІП-ҚАТЕРДІ АЗАЙТАТЫН ФАКТОРЛАР – ҚОРҒАУШЫ ФАКТОРЛАРДЫ КҮШЕЙТУ
Өмірін басынан-ақ әлсіз мүмкіндіктермен бастайтын балалар кейінгі өмірінде де артта қалады. Ерте
балалық шақтағы жетістіктердегі кемшіліктер әдетте одан кейінгі жылдары тереңдей түседі. Осындай
кемшіліктерді өмірдің бастапқы сатысында, қауіп-қатер факторларын қысқарта және қорғаныс
факторларын күшейте отырып, азайту өте маңызды. Бүкіл әлемнен жиналған дәлелдер негізінде
дүние жүзіне танымал "Ланцет" атты медициналық журналдағы мақалалардың бірінде (2011) кейбір
ең маңызды қорғаныс факторлары, әрі биологиялық және психоәлеуметтік қауіп-қатерлер
факторлары анықталды (Суретті қараңыз). Қауіп-қатер факторларының жағымсыз салдары
отбасының қолдауының және қорғаныс факторларын күшейтудің арқасында жұмсартылуы немесе
азайтылуы мүмкін. Егер қажетті қолдау көрсетілмесе, баланың даму үдерісі бұзылады (жоғарыдағы
суреттегі қызыл сызық); алайда, ерте балалық шақта тиісінше қолдау көрсетілсе, баланың бүкіл өмірі
бойы даму траекториясы қызыл сызықтан көк сызыққа ауысуы мүмкін, бұл жақсы дамитын (жасыл
сызық) балалардың деңгейіне жақындауды қамтамасыз етеді.
(Lancet, 2011)
Достарыңызбен бөлісу: |