5
айқындалды. Зерттеу проблемасы бойынша ұсынылып отырған әдістеменің
тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында қалыптастыру эксперименті жүргiзiлдi.
3-
кезеңде (2016-2017 ж.ж.) эксперименттік жұмыс нәтижелері
қорытындыланып, жүйеге келтiрiлдi, зерттеудің негізгі қорытындылары мен
ұсыныстары тұжырымдалды, диссертациялық жұмыс талапқа сәйкес
рәсімделді.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі.
-
әлемдік тәжірибеде дуальды оқытудың ұйымдастырылу жағдайына талдау
жасалынып, Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне тән
дуальды оқытудың ерекшеліктері анықталды;
-
дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау
моделі жасалды;
-
техникалық және кәсіптік білім беру саласында дуальды оқытуды іске
асыруға педагогтарды даярлаудың мазмұны, әдіс-тәсілдері мен технологиясы
ұсынылды;
-
ұсынылған модель мен әдістемелік жүйенің тиімділігі зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде дәлелденді және ұсыныстар берілді.
Зерттеудiң
практикалық
мәндiлiгi.
зерттеу
нәтижелерi
мен
қорытындылары, бiрiншiден, осы проблема бойынша келешекте жүргiзiлетiн
ғылыми iзденiстерге негiз болады; екiншiден, ұсынылып отырған ғылыми-
әдiстемелiк еңбектер мен элективті курс бағдарламаларын жоғары және орта
педагогикалық оқу орындарының оқыту процесінде, техникалық және кәсіптік
білім беру мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру iсiнде пайдалануға болады.
Жоғары оқу орнында дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру
педагогтарды даярлауға практикалық көмек ретінде жасалынып, оқу процесіне
енгізілді:
-
оқу және оқу-әдістемелік құралдар:
1. «
Кәсіптік оқыту әдістемесі».
2. «
Методика профессионального обучения»
3. «Современные технологии обучения в системе профессиональной
подготовки учащихся»
4. «
Дуальды оқытудың теориясы мен тәжірибесі»;
-
элективті курс және іс-тәжірибе бағдарламалары:
1. «Дуальды оқытудың теориясы мен тәжірибесі».
2. «Кәсіптік психология», «Оқытудың инновациялық технологиялары және
техникалық құралдары» пәндерінің бағдарламасына толықтырулар.
3. «Өндірістік (педагогикалық) практикасының жұмыс бағдарламасы».
4. «Диплом алды практикасының жұмыс бағдарламасы».
5. «Рабочая программа учебной (педагогической) практики»:
-
электронды оқулықтар:
1. «Кәсіптік психология» (куәлік № 0213, 01.02. 2016).
2. «Үздіксіз кәсіптік білім берудің теориясы» (куәлік № 0214, 01.02. 2016).
3. «Қашықтықтан оқыту технологиясы» (куәлік № 0236, 03.02. 2016).
6
4. «Кәсіптік білім берудегі дуальды оқыту жүйесі» (куәлік № 1791, 21.07.
2017);
-
ашық онлайн курс: «Дуальды оқытудың теориясы мен тәжірибесі»,
вебсайт:
http://tanym.com/
:
-
әдістемелік нұсқаулық:
1. Кәсіби психология.
-
оқыту семинары және дөңгелек үстел:
1. Оқытушыларға арналған «ТжәнеКББ ұйымдарында дуальды оқыту
жүйесі» атты оқыту семинар-тренинг ұйымдастырылды.
2.
Студенттерге арналған «Дуальды оқыту – сапалы маман даярлаудың
кепілі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді және ұйымдастырылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар.
-
дуальды оқытудың ғылыми алғышарттары;
-
дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау
моделі;
-
дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау
мазмұны мен әдістемесі;
-
дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау
бойынша эксперимент нәтижелері.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Автордың
педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізімен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара
байланыстағы
әдіс-тәсілдердің
нақты
қолданылуымен,
эксперимент
бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және
соңғы нәтижелердің қорытылуымен, олардың тиімділігінің кәсіптік білім беру
педагогтарын даярлайтын факультеттерде тексерілуімен қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің негізгі базасы. Эксперименттiк жұмыс Қарағанды мемлекеттiк
техникалық
университетiнде
және
С.Сейфуллин
атындағы
Қазақ
агротехникалық университетiнде өткiзiлдi. Сонымен бірге зерттеу нәтижелері
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқу-тәрбие
процесіне енгізілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. Зерттеудің негізгі
қағидалары кәсіптік педагогика проблемалары тақырыптары бойынша
өткізілетін университеттің ғылыми семинарларында талқыланды және
халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда 20 мақала
жарияланды, оның ішінде 4-еуі ҚР БжҒМ Білім және Ғылым саласындағы
бақылау Комитеті ұсынған ғылыми басылымда, 3 мақала ELSEVIER Scopus
базасына енген шет елдік нөлдік емес импакт - факторы бар ғылыми журналдар
базасында, 3 мақала - шетелдік, 8 мақала Қазақстанда өткен халықаралық
ғылыми-практикалық конференциялар материалдары жинақтарында, 1 мақала
РИНЦ импакт факторы бар Ресей ЖАК тізіміне енген журналында, 1 мақала
республикалық
ғылыми-практикалық
конференция
материалдарында
жарияланды және 6 электронды оқулық жасалып, авторлық куәліктер алынды,
4
оқу құралы, 3 іс-тәжірибе бағдарламалары, 1 әдістемелік нұсқаулық жарық
көрді.