1
Алшынбаева Жулдыз Елдосовнаның 6D012000-Кәсіптік оқыту
мамандығы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесін алуға ұсынылған
«
Дуальды оқытуды іске асыруға кәсіптік білім беру педагогтарын даярлау»
тақырыбындағы диссертациялық жұмысына
АННОТАЦИЯ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан
өзгерістерге байланысты кәсіптік білім беруде оқытудың заманауи түрлерін
жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын,
әр істе белсенді өз кәсібіне шебер тұлғаны қалыптастыру көкейкесті мәселе
болып отыр. Бұл мәселенің шешімін табу жастарды тәрбиелеу мен оқыту
мәселесіне жаңаша көзқарасты талап етеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Жолдауында таяудағы 2-3 жылда дуальды, техникалық және кәсіптік
білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру да қазіргі уақыт талабы екендігін
атап көрсеткен. Қысқасын айтқанда, елімізде кәсіптік білім беру жүйесінде қос
бағытты білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерттелуде –
деп,терең мағыналы ой айтқан болатын.
Елбасының зерделі ойын іс жүзіне асыру үшін Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №50 бұйрығымен
«
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары» Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда №13422 болып тіркеген ресми
құжаты бекітілді. Онда дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары,
міндеттері, жалпы ережелері, ұйымдастырылуы мен жүргізілу мүмкіндіктері
қарастырылған.
Сондай-ақ, шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім берудің жаңа буын
мемлекеттік стандарттарын жасауға жұмыс берушілер қатыстырылып, дуальды
оқыту жүйені кәсіптік білім беру үлгісіне енгізудің мүмкіндіктері мен
алғышарттары қарастырылуда. Кәсіптік білім берудің мемлекеттік
стандарттарының жаңа буыны құзыреттілік қатынасқа негізделген, соған сәйкес
қазіргі заманғы маман еңбек нарығында және кәсіби салада әлеуметтік
қорғалуды, икемділікті, бейімделгіштікті, табыстылықты қамтамасыз ететін
әлеуметтік және кәсіби сапалардың жиынтығына ие болуы қажет. Стандарт
талаптарына сәйкес кәсіби құзыретті маман даярлау мазмұны білім, білік,
дағдыларды қалыптастыруға ғана емес, өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес
дамыған кәсіби іс-әрекет дағдыларын меңгертуге бағытталған.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 –
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да дуальды оқытуды
енгізу мәселесі қарастырылған.
Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен
басымдықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және
тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту» ерекше атап
өтіледі
.
Олай болса, қандай болмасын мамандық иесінің кәсіби білімі өмірлік
2
тәжірибеде нақты бейнеленіп, іс-әрекетінің табыстылығын қамтамасыз етуі
үшін кәсіби педагогикалық даярлықтың болуы шарт.
Осыған орай еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан реформаның
басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға
жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Болашақ
ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру,
оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру
қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сондықтан да қазіргі жоғары
мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер ғылым,
білім, оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің игі істерімен сабақтаса анықталынуда.
Дегенмен, әлеуметтік экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, қоғамдағы
білім беру жүйесінің жаңару заманында ағарту саласының білім беру буынында
шешуін күткен келелі мәселелер де жоқ емес.
Сондықтан әлеуметтік, мәдени өркендеу заманында, әсіресе, кәсіптік білім
беру саласындағы мамандарға ерекше талаптар қойылады. Шын мәнінде,
педагогтардың адамгершілік, рухани бай, жан-жақты дамыған, рефлексияға
қабілетті, кәсіби білімі мен біліктілігі сияқты маңызды қасиеттері жоғары
деңгейде қалыптаспаса, олардың іс-әрекеті нәтижелі болады.
Кәсіптік білім берудің әлемдік тәжірибесінде Германиядан бастау алған
кәсіптік білім берудің дуальды жүйесі кеңінен танылып отыр (К.А.Гесслер,
В.Грейнерт, Г.Кутша және т.б.). Кәсіптік білім берудің дуальды жүйесі екі
тәуелсіз мекеменің ұйымдастырушылық және құқықтық қатынастағы өзара iс-
қимылдарына құрылады. Бұл жүйенің өз ісіне мақсаты болашақ мамандарды
кәсіптік даярлау болып табылатын кәсіпорын және мемлекеттік кәсіптік мектеп
сияқты екі түрлі оқу, өндірістік ортаны біріктіреді.
Неміс ғалымдарының (А. Шелтен, К.В. Штратман, H. Stegmann және т.б.)
ғылыми еңбектері дуальды оқыту кәсіптік білім беру мен өндірістік ортаның
өзара тығыз байланысы мен даму тенденцияларын есептеу мен сұраныс
өзгерісіне байланысты дер кезінде әрекет ету сияқты қарым-қатынасты
қамтамасыз ететінін көрсетеді. Отандық кәсіптік білім беру жүйесі үшін
өндірістік ортамен тығыз байланыс орнату ең өткір және өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. Сондықтан дуальды оқыту бойынша мақсатты
бағытталған, орынды бағдарлама қажеттігі көрінді.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің жекелеген аспектілері оқу
жоспарларының дайындамаларына арналған зерттеулерде, жұмысшы және орта
буын мамандары үшін біліктілік сипаттамаларында, базалық кәсіптік
мектептегі оқу материалының мазмұнын реттеу және құрастыруға арналған
әдістемеліктерде беріледі (П.Ф. Анисимов, П.Н. Новиков, И.Я. Курамшин, А.Н.
Лейбович, Ю.С. Тюнников, Л.Д. Федотова, И.А. Халиуллин және т.б.).
Шетелдік ғалымдардың кәсіптік білім беруде дуальды оқыту формасының
даму тарихы H. Abel, H. Blankertz, G. Bunk, P. Dehnbostel, W. Greinert, G.
Gruener, K. Koenig, K. Kuemmel, G. Kutscha, A. Lipsmeier, P. Muench, J.
Naumann, H. Nolte, H. Puetz, H. Schneider, A. Schelten, H. Schmidt, K. Stratmann,
S. Thyssen
т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.