Алматинская академияэкономики и статистики



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата21.12.2019
өлшемі0,62 Mb.
#24707
1   2   3   4   5   6   7   8   9

-  зерттеліп  отырған  мәселе  бойынша  динамиканы,  құрылымдық  өзгерістерді 

сипаттайтын нақты, статистикалық және алғашқы материалдарды жинау, өңдеу, талдау, 

синтездеу; 

-  зерттеліп  отырған  объектінің  даму  болашағының  тиімділігін  бағалау  және 

болжау үшін экономико-математикалық, статистикалық әдістерді қолдану мүмкіндіктері 

мен тәсілдерін анықтау

-  магистерлік  жоба  тақырыбын  таңдауға  негізгі  себеп  болған  мәселені  ұтымды 

шешуге  мүмкіндік  беретін  ұсыныстар,  ұйғарымдар  мен  қорытындыларды  ғылыми 

дәлелдеу. 

 

 

3  Магистерлік жобаның тақырыбын таңдау 

 

Магистерлік  жобаның  тақырыбы  оқуға  түскеннен  кейін  бекітіледі.  Ол  көбінесе 

сәйкес  мамандық  кафедраларының  ұсынған  тақырыптары  тізімінен  таңдалады. 

Магистрантқа  алдағы  уақытта  сол  бағытта  зерттеу  жүргізудің  өзектілігін,  мақсатқа 

сәйкестігін негіздейтін болса, өз тақырыбын ұсыну құқығыберіледі және алдағы уақытта 

кафедра  мәжілісінде  бекітіледі.  Магистерлік  жоба  тақырыбын  таңдауда  ғылыми 

мамандықты,  мәселенің  өзектілігін,  ғылыми  зерттелу  дәрежесін  және  магистранттың 

алдыға  қойған  міндеттерді  орындау  мүмкіндігіне  байланысты  жеке  мүддесін  ескеру 

керек.  Сонымен  қатар,  магистранттың  әдебиет  көздерімен  алдын-ала  танысуы  және 

бітіртуші  кафедра  оқытушыларымен  тікелей  әңгімелесуі  де  тақырыпты  дұрыс  таңдауға 

ықпал ететінін ескеру керек.. 

Магистерлік 

жоба 

тақырыбын 



таңдағаннан 

кейін 


магистрант 

кафедра 


меңгерушісінің атына оны орындауға рұқсат беруін өтініп өтініш жазады (қосымша А). 

Өндірістік  тәжірибе  орнын  және  магистранттардың  өтінішін  ескере  отырып  кафедра 

магистранттардың  тақырыбын  және  ғылыми  жетекшілерін  тағайындау  туралы 

қорытынды шешім қабылдап, академия бойынша бұйрықпен бекітуге ұсынады. 

Негіздемесі мен құрылымы бар магистерлік жоба тақырыбы, жобаны аяқтау мерзімі 

көрсетілген  магистерлік  жобаны  орындау  жоспары,  ғылыми  жарияланымдар, 

стажировкалар  (қажет  болғанда)  жоспары  магистранттың  жеке  жұмыс  жоспарында 

көрсетіледі. Магистерлік жобаны жазу барысында оның жоспары магистранттың немесе 

ғылыми жетекшінің ынтасымен нақтылануы мүмкін. 

Магистерлік  жоба  ғылыми  жетекшінің  басшылығымен  орындалады,  ол 

магистрантқа ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді, дәлірек айтқанда: 

- магистрлік жобаның жұмыс жоспарын өңдеуде, зерттеу әдісінде, әдіснамасында, 

тақырып таңдауында атсалысады; 

- кітапнама,  әдебиеттер,статисткалық  және  басқа  да  көздер  және  магистрлік 

жобаның мазмұны бойынша кеңес беруді өткізеді;  

- жобаны  жазу  бойынша  келісілген  жоспар-кестенің  орындалуына  және  ғылыми 

әдебиеттерді,  статистикалық  және  есептік  мәліметтерді  орынды  пайдалануды 

бақылайды;  

- орындалған жобаны бөлімдермен және толық зерттейді және бағалайды;  

- магистрлік жоба аяқталғаннан кейін,оның ұсынылған талаптарға сай екенін және 

көпшілік алдындағы қорғауға дайындығы туралы соңғы шешімді шығарады.  

Қажет  жағдайда  магистрантқа  ұқсас  ғылым  бойынша  ғылыми  кеңесші 

тағайындалуы мүмкін.  Ғылыми консультанттың  ғылыми дәрежесі немесе PhD докторы 

академиялық  дәрежесі  болуы  қажет  және  белсенді  түрде  қаржы  саласында  зерттеумен 

айналысуға болады. 

 



 

4 Магистрлік жобаны орындау кезеңдері 

Магистрлік жұмысты орындау келесі негізгі этаптардан құралады: 

1. Магистрлік жұмыстың тақырыбын таңдау 

2. Ғылыми жетекшіні бекіту; 

3. Жобаның жоспарын құру

4. Әдебиет таңдау және танысу; 

5. Нақты материал жинау және өңдеу

6. Жобаны дайындау және орындау; 

7. Зерттеу нәтижелерін жариялау; 

8. Магистерлік жобаны қорғау. 



 

5 Магистерлік жобаның құрылымы  

 

Магистерлік  жобаның  көлемі 80  бетке  дейін болуы  қажет,  қосымшалар  магистрлік 

жобаның бет санына кірмейді. 

 

5.1 Жобаның құрылымы

Жобаның құрылымдық элементтері мыналар: 

– титулдық парақ; 

– мазмұны; 

– нормативтік сілтемелер;  

– анықтамалар; 

– белгілеулер мен қысқартулар

– кіріспе; 

– негізгі бөлім; 

– қорытынды; 

– қолданылған әдебиеттер тізімі; 

– қосымшалар. 

 

5.2 Титулдық парақ 

Магистерлік жобаның бірінші беті, құжатты өндеу және іздеуге қажет ақпарат көзі 

болып табылады.  

Титулдық парақта келесі мәліметтер беріледі: 

жоба орындалған ұйымның атауы



магистранттың аты-жөні, тегі; 

жұмыстың атауы;  



мамандықтың  коды  және  атауы  (жоғары  білім  беруден  кейінгі  мамандықтар 

Классификаторы бойынша); 

ізделетін академиялық дәреже; 



ғылыми  жетекшінің  тегі,  инициалдары,  ғылыми/академиялық  дәрежесі  және 

атағы (ғылыми кеңесші болғанда); 

жоба орындалған жер және аяқталған жыл. 



Титулдық  парақ  жобаның  жалпы  нөмірленуіне  қосылады,  бірақ  онда  парақтың 

нөмірі қойылмайды. 

Титулдық парақ бейіндік бағыттағы магистранттар арқылы Б қосымшасына сәйкес 

рәсімделеді.  

Титулдық  бетте  магистранттың  өз  қолы  қара  қаламмен  немесе  тушпен  қойылуы 

тиіс. 


5.3 Магистерлік жобаның мазмұны 


Магистерлік  жобаның  мазмұныкіріспе,  реттік  нөмір  және  барлық  бөлімдердің, 

бөлімшелердің,  пункттердің  (егер  олардың  атауы  болса)  атаулары,  қорытынды, 

қолданылған  әдебиеттер  тізімі  және  қосымшалардың  атаулары  мен  олар  келтірілген 

парақтар нөмірін қамтиды. 

 

5.4."Нормативтік  сілтемелер"  деп  аталатын  құрылымдық  элементке  магистерлік 

жоба  мәтінінде  сілтеме  жасалған  стандарттар  тізімі  жатады.  Сілтемелік  стандарттар 

тізімін  мынадай  сөздерден  бастайды:  "Бұл  жобада  келесі  стандарттарға  сілтемелер 

қолданылған".  Тізімге  стандарттардың  белгіленуін  және  олардың  атауларын 

белгілеулердің тіркелу нөмірінің жоғарылауы тәртібінде енгізеді. 

 

5.5"Анықтамалар"  құрылымдық  элементі  магистерлік  жобада  қолданылған 

анықтамалар,  қажет  нақтылаулар  немесе  экономикалық  терминдердің  бекітілімдерінен 

тұрады.  Анықтамалар  тізімін  мына  сөздерден  бастайды:  "Бұл  жобада  келесі  терминдер 

сәйкес анықтамаларымен қолданылған". 

 

5.6."Белгілеулер  мен  қысқартулар"  құрылымдық  элементі  магистерлік  жобада 

пайдаланылған  белгілеулер  мен  қысқартулардың  тізімінен  тұрады.  Белгілеулер  мен 

қысқартулар  магистерлік  жоба  мәтінінде  қолданылу  тәртібінде  немесе  алфавиттік 

тәртіпте  қажет  түсініктемелерімен  көрсетіледі.  Анықтамалар,  белгілеулер  және 

қысқартуларды  "Анықтамалар,  белгілеулер  және  қысқартулар"  деп  аталатын  бір 

құрылымдық элементте келтіруге жол беріледі. 

 

5.7.Кіріспе  ғылыми  сипаттағы  шешілетін  ғылыми  мәселелердің  қазіргі  жағдайын 

бағалауды  қамтиды.  Кіріспеде  тақырыптың  өзектілігі,  жаңашылдығы,  бұл  жұмыстың 

басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысы, сонымен қатар, мақсаттар, міндеттер, 

зерттеу  объектісі  және  пәні,  олардың  ғылыми-зерттеу  жұмысындағы  орны,  әдістемелік 

базасы, қорғауға шығарылатын негізгі ұйғарымдар көрсетіледі. 

Магистерлік  жобаның  мақсатын  негіздей  отырып,  автор  бір  сөйлем  шеңберінде 

таңдалған  тақырып  бойынша  бүкіл  зерттеу  жұмысы  бағытталатын  мақсаттық 

қойылымды ашуы керек. Оған сәттілікпен қол жеткізу үшін зерттеу сұрақтары шеңберін 

ескере  отырып  жұмысты  әзірлеу  және  орындау  барысында  автордың  алдында  тұрған 

бірнеше нақты міндеттер анықталуы қажет. Бұл жерде осы міндеттердің мазмұны, тізімі 

және  орындалуы  магистерлік  жобаның  құрылымына,  сәйкес  тараулардың  атауына 

тікелей әсер ететінін ескеру керек. 

Магистерлік  зерттеудің  пәні  таңдалып  алынған  тақырыппен  анықталуы  тиіс  және 

нақты  бір  шаруашылық  жүргізуші  субъектінің,  институционалдық,  корпоративтік  және 

бюджеттік-банктік құрылым немесе аймақтық-салалық басқару органдарының әлеуеттік-

өндірістік,  ұйымдық-басқару,  даму-инвестициялық  қызметін  көрсететін  автордың 

зерттеу объектісінің даму перспективасын сипаттайдыжәне шаруашылық-экономикалық 

қатынастарды оқып білуге деген көзқарасын білдіреді. 

Тақырып  бойынша  қолданылатын  зерттеу  әдістері  мен  әдістемелік  негіздерді 

барынша қысқаша баяндау талап етіледі. Бұл жерде таңдап алған көрсеткіштер шеңберін 

негіздеу  бойынша  және/немесе  жұмысты  логикалық  аяқтау,  қорытынды,  ұсыныстар, 

ұйғарымдар жасау үшін, қажет есептеулер жүргізу үшін автор қолданған әдістерді  ғана 

атау аса маңызды.   

Бұл  ұсыныстар  мен  ұйғарымдар  белгілі  бір  ғылыми  жаңалығымен  ерекшеленуі 

керек және  экономиканың тәжірибелік аспектілерінің мұқтаждықтарын көрсетуі қажет, 

ал  қорытындылар  экономиканың  алғашқы  буыны  деңгейінде  және  жалпы  мемлекеттік, 

салалық,  аймақтық,  әкімшілік-территориялық  сипаттағы  ұсынылған  шаралардың 




жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау