Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет12/56
Дата11.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#26197
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56

 
30 
Өңіраралық ынтымақтастық  
Өңіраралық  ынтымақтастық  облыстың  экономикалық  саясатының 
маңызды бағыты болып табылады.  
2017  жылдың  мамырында  тәжірибемен  алмасу  мақсатында  Алматы 
облысының  делегациясы  Шығыс  Қазақстан  облысына  барды,  онда 
ынтымақтастық туралы 8 меморандумға қол қойылды. 
2017  жылдың  маусымында  облыс  әкімі  бастаған  Жамбыл  облысының 
делегациясы  Алматы  облысының  бірқатар  объектілерінде  болды.  Делегация 
сапарының 
барысында 
сауда-экономикалық, 
ғылыми-техникалық, 
гуманитарлық  және  басқа  да  салаларда  Алматы  және  Жамбыл  облыстарының 
әкімдіктерінің  арасында  ынтымақтастық  туралы  меморандумдарға  қол 
қойылды.  
2017  жылдың  20  маусымында  Алматы  облысы  әкімдігімен  «Еуропалық 
Іскерлік  Кеңесі»  сауда-экономикалық  ынтымақтастықты  дамытуға  ықпао  ету 
жөніндегі коммерциялық емес кеңес арасында меморандум жасалды. 
Облыстың  «Қайнар  АКБ»,  «Dolce»,  «Тексан  Қазақстан  Инвест»,  «Данон 
Беркут»,    «PLAST  INVEST»  ЖШС  сияқты  кәсіпорындардың  республика 
өңірлерінде өкілдіктері бар.   
2016  жылы  Қазақстанның  басқа  өңірлеріне  503,6  млрд.  теңге  сомасына 
облыстың өнеркәсіптік өнімі жөнелтілді. 
Басқа өңірлерге негізінен көкөністер мен жемістер, сүт және сүт өнімдері, 
алкогольсіз  сусындар,  алкоголь  сусындары  және  сыра,  қағаз  және  картоннан 
жасалған бұйымдар, құрылыс индустриясының өнімдері, шылым, киім, электр 
акуммуляторлары және басқа да өнімдер жеткізіледі. 
Облысқа негізгі тауар жеткізушілер болып Алматы қаласының резидент-
кәсіпорындары табылады – 39,4 млрд. теңгеге, Палодар облысынан – 90,0 млрд. 
теңгеге  (6,1%),  Оңтүстік  Қазақстан  облысынан  –  36,8  млрд.теңгеге,  Батыс 
Қазақстан облыстан 35,0 млрд. теңгеге тауар жеткізелі. 
Негізінен  келесі  тауар  түрлері  әкелінеді:  көмір,  мұнай  өнімдері,  болат 
бұйымдары,  жуғыш  заттар,  өсімдік  майы,  кондитерлік  өнімдер,  тоқыма  және 
шұлық өнімдері және т.б..  
Қазіргі  экономикалық  жағдай  талаптарында  өнеркәсіптік  кәсіпорындар 
жеткізушілермен  және  өз  өнімдерін  тұтынушылармен  өзара  тиімді 
талаптардағы 
өңіраралық 
шарттарды 
ескерусіз, 
тікелей 
жұмыс 
жасайтындықтарын атап өту қажет. 
 
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау: 
Күшті жақтар 
1.  Құрылыс  индустриясын  дамыту  үшін  жалпы 
таралған  пайдалы  қазбалардың  айтарлықтай  әлеуеті 
бар.  
2.  Шикізаттық  және  өндірістік  ресурстар  тағам 
өнімдерінің көптеген түрлерін шығаруға мүмкіндік береді. 
      3.  Облыс  республикада  ашытқы,  темек  өнімдерін 
және  электр  акуммуляторларын  шығаратын  жалғыз 
өндіруші  болып  табылады;  крахмал,  жүзім  шарабын 
және қағаз өнімдерін шығаруда үстемдік етеді.  
  
Мүмкіндіктер   
      1.  Жоғары  технологиялық,  бәсекеге  қабілетті 
өндірістерді  құру  және  дамыту  (облысқа  озық 
технологиялар трансферті, БК құру)
2. Ішкі экономика  әлеуетінің интеграциясы  және 
өңірлік шаруашылық аралық байланыстқа қосылу.  
3.  Өңіраралық  байланыстарды  халықаралық 
деңгейге  дейін  трансформациялау  және  дамыту 
мүмкіндігі. 
      4.  Қазақстан  аумағында  жүзеге  асырылатын  ірі 
өндірістік 
жобаларда 
қазақстандық 
мазмұнды 
арттыру (о.і. қазақстандық өндірушілермен). 


 
31 
Әлсіз жақтар 
1. Өңіраралық кооперация негізінде құрылған өнім 
түрлері 
үшін 
мемлекеттік 
қолдау 
тетіктері 
пысықталмаған.  
2. 
Өңіраралық 
кооперация 
субъектілерінің 
барлығын  өз  қызметтерімен  қамту  үшін  өңіраралық 
ақпараттық инфрақұрылым дамымаған. 
3.  Өңіраралық  ынтымақтастық  мониторингін 
жүргізу қиындатылған. 
Қауіптер  
     1.Облыс  аумағында  іске  қосылтын  өндірістер  қосылған 
құны  жоғары  өнімдер  өндірісіне  бағдарланбайды  (яғни 
негізінен шикізаттық сипатқа ие болады)
      2.  Экономикалық  дағдарыс  отандық  өнімге 
сұраныстың төмендеуіне алып келеді.  
 
Негізгі мәселелер:  
- өңдеу секторы өнімінің төмен бәсеке қабілеттілігі
-  айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі және пайыздық мөлшерлемесі 
төмен «үлкен» несиелердің қол жетімсіздігі. 
 
Инновациялар және инвестициялар 
Соңғы  үш  жылда  негізгі  капиталға  инвестициялар  1,2  есе  артып,  528,9 
млрд. теңгені құрады.  
 
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы 
 
  
  
млн. теңге 
Қаржыландыру көздері 
 2014 ж. 
нақты 
2015 ж. 
нақты 
2016 ж. 
нақты 
2014 ж. 
қарағанда 
2016ж. % 
Негізгі капиталға салынған инвестициялар – 
барлығы 
453 210 
490619 
528 857 
116,7 
Меншікті қаражат  
170 623 
220 357 
280 167 
164,2 
Қарыз қаражат 
122 687 
117 977 
98 596 
80,1 
Шетелдік инвестициялар 
17 347 
19427 
21373 
123,7 
Банктер несиелері 
142 553 
132 858 
128721 
90,1 
Бюджеттік инвестициялар 
453 210 
490619 
528 857 
116,7 
 
Инвестициялардың қаржыландыру көздеріне жүргізілген талдау, олардың 
маңызды  көздері  болып  кәсіпорындардың  меншікті  қаражаты  –  65,5%  болып 
қалатынын  көрсетті,  қарыз  қаражат  есебінен  4,1%  игерілді,  бюджеттік 
инвестициялар 30,4-ті құрады. 
Экономикалық  қызмет  түрлері  бойынша  2014  жылы  инвестициялардың 
негізгі үлесі өнеркәсіпке бағытталды – 17,9%. 
 
Сыртқы инвестициялар серпіні 
  
  
  
млн. теңге 
Атауы  
 2014 ж. 
нақты 
2015 ж. 
нақты 
2016 ж. 
нақты 
2014 ж. 
қарағанда 
2016ж. % 
Сыртқы инвестициялар  
95 362 
70 372 
44 658 
46,8 
Инвестициялардың  жалпы  көлеміндегі 
сыртқы инвестициялардың үлесі, % 
21,0 
14,3 
8,4 

 
Облыста  сыртқы  инвестициялардың  серпіні  тұрақсыз  сипатқа  ие  және 
заманауи  құралдар  мен  технологиялар  негізінен  импортталатындықтан,  ірі 
инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тәуелді болады. 


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау