Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет20/56
Дата11.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#26197
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56

 
47 
қоғамдық  жұмыстарға  жіберу,  әлеуметтік  жұмыс 
орындарын  құру,  сондай-ақ  мекен-жайлық  сипатын 
күшейту  арқылы  әлеуметтік  көмекті  оңтайландыру 
жөніндегі  бағдарламаларды  жүзеге  асыруға  бағытталған 
жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану; 
2.  Жұмыс  берушілердің  қажеттіліктеріне  сәйкес, 
жұмыссыз халықты кәсіби дайындау және қайта дайындау 
бағдарламаларын жүзеге асыру; 
3.  Өңірде  дайындау  жүргізілмейтін  мамандықтар 
бойынша шетелдік жұмыс күшін тарту; 
4.  Халықты 
жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің 
мемлекеттік  бағдарламалардың  белсенді  спекторларын 
кеңейту; 
5.  Ауыл 
халқына  басымдық  таныта  отырып, 
жұмыссыз және пайдасыз өз ісімен шұғылданушылардың 
кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға ықпалдасу; 
6.  Жобалау  және  құрылыс  кезінде  ғимараттар  мен 
құрылыстардың  мүгедектер  үшін  қол  жетімділігін 
қамтамасыз ету нормаларын сақтау; 
7.  Жұмыс орындарында еңбек жағдайын жақсарту; 
8.  Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша әзірленген 
ережелер мен нұсқаулықтарды сақтау. 
2.  Коммуналдық  қызметтерге  тарифтердің  артуы 
тұрғын  үй  көмегін  алушылардың  көбеюіне  алып 
келеді. 
 
Негізгі мәселелер:  

 
табыстың төмен деңгейі, о.і. ауыл халқының

 
барлық мұқтаж жандарды арнайы әлеуметтік қызметтермен толық қамтымау;  

 
жүйе-неврологиялық медико-әлеуметтік мекемелерде орын тапшылығы; 

 
мүмкіндігі  шектеулі  жандарға  қол  жетімді  өмір  сүру  ортасының 
жеткіліксіздігі. 
Білім беру  
2011  жылдан  2015  жылдар  аралығында  білім  саласында  білім  беруді 
дамытудың  2010-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге 
асыру  жұмыстары  жүргізілді,  оның  аясында  обылста  білім  берудің  қол 
жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету шараларын жүргізілді.  
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру  
Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  жүйесін  сақтау  және  кеңейту,  5-6  жас 
аралығындағы  балаларды  мектеп  алды  дайындаудың  қол  жетімділігін 
қамтамасыз  ету  бойынша  шаралар  қабылданды.  2016  жылы  2014  жылмен 
салыстырғанда  балалардың  мектепке  дейінгі  ұйымдарының  жүйесі  55  ұйымға 
көбейіп,  орын  саны  12%-ке  артты.  Алайда,  мектепке  дейінгі  мекемелердің 
қажеттілігі орташадан жоғары: 1,3 – 1,7%.  
3-тен    6  жас  аралығындағы  балаларды  мектепке  дейінгі  білім  берумен 
қамту облыс бойынша 83,6%-ті құрайды (63030 бала), оның ішінде жекеменшік 
мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамыту есебінен – 61,2%.  
Балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтудың 73,8%-тен 83,8%-ке 
дейінгі    айтарлықтай  үлесі  Алакөл,  Ақсу,  Балқаш,  Еңбекшіқазақ,  Іле,    Көксу, 
Жамбыл,  Кербұлақ,  Қаратал,  Райымбек,  Ұйғыр,  Талғар  аудандарына  және 
Талдықорған,  Текелі,  Қапшағай  қалаларында  байқалады.  Мектепке  дейінгі 
мекемелерге кезекте тұрған балалардың саны –  39539 адам, оның ішінде 14070 
адам  немесе  5235,5%  -  1-ден  3  жасқа  дейінгі  балалар  (1-кесте).  Орынға  деген 
қажеттілік Еңбекшіқазақ (13,1%), Қарасай (16,9%), Талғар (13,0%), Іле (12,7%) 
аудандарында  және  Қапшағай  (4,7%),  Талдықорған  (24,5%)  қалаларында 
байқалады.  
 
1-кесте – Мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін дамыту серпіні 


 
48 
Балабақшалар 
саны/қамтылған 
балалар 
Шағын 
орталықтардың 
саны/қатылған 
балалар 
3-тен 6 жас 
аралығындағы 
балаларды жалпы 
қамту 
 % 
01.01.2015 
жылға 
кезекте 
тұрған 
адамдардың 
болуы 
2014ж  2015ж 
2016ж 
2014ж 
2015ж 
2016ж 
2014ж 
2015ж 
2016ж 
266/ 
33600 
337/ 
38002 
462/46
524 
421/ 
15141 
432/ 
15980 
432/ 
16506 
62,9 
72,0 
83,6 
39539 
 
 
Орта білім  
Орта  білімде  12  жылдық  жалпы  орта  білімге  ауысуға  дайындық,  білім 
берудің  қол  жетімділігі  мен  сапасын  қамтамасыз  ету  жұмыстары  жүргізілуде, 
әрбір жанды қаржыландыруға ауысу пилоттық тәртіпте пысықталуда. 
Қазіргі  уақытта  759  күндізгі  жалпы  білім  беретін  мектептер  әрекет  етеді, 
оның  ішінде  752  мемлекеттік  мектептер:  742  –  жалпы  білім  беретін,  2  – 
ведомстволық,  7  –  қосалқы,  «Назарбаев  зияткерлік  мектебі»  және  7  жекеменшік 
мектептер  бар.  Мектеп  оқушыларының  саны  353,7  мың  адамды  құрайды.  Жалпы 
білім беру мекемелеріне деген қажеттілік жоғары болып отыр – 1,8%, жалпыорта 
білім  беру  ұйымдарының  мемлекеттік  жүйе  нормативіне  сәйкес  жұмыс  жасауын 
қамтамасыз ету көрсеткіші 98,2%-ті құрайды. 
2014  жылдан  2016  жылдар  аралығында  11890  оқушы  орнына  40  жаңа 
мектеп іске қосылды, 128 білім объектілері күрделі жөндеуден өткізілді.  
Сонымен  қатар  160  мектеп  немесе  жалпы  мектептер  санынан  –  21,7%  - 
бейімделген, 1 мектеп – апаттық жағдайда, оның ішінде 2015 жылы 5 апаттық 
мектептің  орнынан  5  мектеп  енгізіледі,  2016  жылы  9  мектеп  қолданысқа 
берілді, оның ішінде 8 мектеп – үш ауысымды мектептердің орнына қосымша, 
49  мектепте  үш  ауысымда  білім  беріледі,  оқушылар  орынының  тапшылығы 
мәселесі  әлі  алынған  жоқ.  Мектептердің  үштен  бір  бөлігі  күрделі  жөндеуді 
қажет етеді, 432 мектеп (58,3%) 1930-1980 жылдары аралығында салынған.  
Бейімделген  ғимараттарда  орналасқан  мектептердің  айтарлықтай  үлесі 
Кербұлақ, Алакөл, Ақсу, Райымбек аудандарына тиесілі.  
15814  бала  контингенті  бар  қосымша  білім  беретін  мектептен  тыс  38 
мекеме бар, олардың қатарында 8 – оқушылар сарайлары, 1 – жас натуралистер 
станциялары, 2 -  жас техниктер станциялары, 2 – жас туристер станциялары, 12 
–  балалар  өнер  мектептері,  12  -    музыка  мектептері,  1  –  көркемөнер  мектебі. 
Қосымша білім берумен қамту балалардың жалпы санынан 2014 жылғы 4,1%-
ке қарағанда 4,5 %-ті құрайды.  
2016-2017  оқу  жылы  облыстың  277  мектебінде  194  педагог-
дефектологтар және 142 логопедтер жұмыс жасайды, 1555 бала қамтылды.  
Жаратылыстану-математикалық 
пәндер 
бойынша 
білім 
беру 
бағдарламаларын  сәтті  игерген  оқушылардың  үлесі  2016  жылы  53,1%-ті  құрайды 
(2014  жылы  –  50,0%)  құрайды.    Түрлі  зияткерлік  жарыстардың  жеңімпаздары 
болып табылатын оқушылар саны 2017 жылы 99 марапат игерлерін құрады. 
Ыстық  тамақпен  қамту  2014  жылғы  431  мектепке  қарағанда  542  мектепте 
ұйымдастырылды.  Онда  311888  бала  немесе  мектепте  оқитындардың  жалпы 
санынан 87,9% оқушылар қамтылған. Әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған 
отбасыларынан 26104 бала ыстық тамақпен 100% қамтылған. Облыс бойынша 92 
мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған.  


жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау