Электр өрiсiнiң күш сызықтары деп, сол өрiске орналасқан оң зарядталған бөлшекке әсер ететiн күштiң бағытын көрсететiн сызықты айтамыз. Оң зарядталған дене өрiсiнiң күш сызықтары 16, а-суретте көрсетiлген. Ал, 16, б-суретте терiс зарядталған дене өрiсiнiң күш сызықтары кескiнделген. Осындай көрiнiстi электрлiк сұлтан деп аталатын қарапайым құрылғы көмегiмен байқауға болады. Оған заряд бергенде, оның қағаз жолақтары әр жаққа тебiлiп электр өрiсiнiң күш сызықтары бойымен орналасқанын көремiз. Зарядталған бөлшек электр өрiсiне енгенде, оның жылдамдығы көбеюi де азаюы да мүмкiн. Егер бөлшек заряды q > 0 болса, онда күш сызықтары бойында оның жылдамдығы артады, ал керi бағытта тежеледi. Егер бөлшек заряды q < 0 болса, онда бәрi керiсiнше болады: күш сызықтары бағытында тежелiп, керi бағытта үдетiледi.
Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі злектростатикалық деп аталады.
Электр өрісіне енгізілген зарядталған денеге өріс тарапынан күш әрекет етеді.Осы күштің әрекетінен электр заряды (зарядталған дене) орын ауыстыра алады, яғни зарядтың орын ауыстыруы кезінде электр өрісі жұмыс атқарады.Осы жүмыс электр өрісінің потенциалдық энергиясының өзгеру өлшемі болып табылады.
-шамасы электр өрісінің потенциалы деп аталады. Потенциалдар айырымы-электр өрісің энергетикалық силаттамасы. Конденсатор, конденсатордың құрылысы.Конденсатор деп калындығы өткізгіштердің өлшемдерімен салыстырғанда өте аз,диэлектрик қабатымен бөлінген өткізгіштен тұратын денелердің жүйесі. Электр сыйымдылық-конденсатордың басты сипатгамасы. C=q/U конденсатордың электр зарядтарын жинау жэне сақтау кабілетін сипаттайды. Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі-1Фарад, 1Ф=Кл/В, 1мкФ=10'6Ф.
Сапалық есептер шығару.
а) Бір-бірінен г қашықтықтағы q жэне q нүктелік электр зарядтары өзара Ғ күшпен әсерлеседі. Бір-бірінен 2м қашықтықтағы 2q және 2 q нүктелік электр зарядтары өзара қандаи күшпен әсерлеседі?
б) Заряды 2 нКл су тамшысы заряды -1 нКл су тамшысымен бірікті. Пайда болған су тамшысының заряды қандай?
Есептер шығару үлгісі.
1) Бірдей зарядталған, екі кішкентай өткізгіш шарлардың зарядтары +2q және -6q , олардың арақашықгығы г болса, оларды жанастырып, содан кейін бұрынғы арақашыктыкка ажыратып қойса,кулондық өзара әсер куші қалай өзгереді?
Шарларды жанастырған кезде олардың зарядтары тең екіге бөлінеді, яғни Бастапкы жағдайдағы зарядтардың өзара әсерлесу кұші
Шарларды жанастырғаннан кейін өзара әсерлесу күші
Кулондық өзара әсерлесу күшінің өзгерісі Ғ1/Ғ2=3 ,яғни Ғ2= Ғ1/3; Зесе кемиді.
2) Бір аттас q және З q зарядпен зарядталған бірдей металл екі шардың аракашықтығы г,
Шарлар бір-біріне тиістіріледі, өзара әсер күші бүрынғыдай болып қалуы үшін, оларды кандай арақашыктыққа ажыратып қою керек?
Шарлар бірдей болғандыктан, шарларды жанастырған кезде олардың зарядтары тең екіге бөлінеді, яғни
Бастапкы жағдайдағы зарядтардың өзара эсерлесу күші
Шарларды жанастырғаннан кейінгі өзара әсерлесу күші
Есептің шарты бойынша, өзара эсерлесу куші бұрьшғыдай болып калады, яғни Ғ, = Ғ2.
Достарыңызбен бөлісу: |