Алматы экономика жәНЕ



жүктеу 463,02 Kb.
Pdf просмотр
бет9/14
Дата21.12.2019
өлшемі463,02 Kb.
#24722
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 

 

 



19 

Есептеу мысалы: 

Алғашқы бағалар  Антиплагиат 

бағасы 


Антиплагиат 

есепке алынғандағы баға 

ОП 

ОР 


ОП 

ОР 


80 

80 


60 

70 


70 

60 


80 

60 


60 

70 


 

Қайта тексеру кезінде 20%-дан астам өзге жұмыстарды пайдаланған  жұмыс (жоба) 

қорғауға  жіберілмейді.  40  және  одан  да  көп  пайызы  болған  жұмыс  (жоба)  бұл  оқу 

жылында  қорғауға  жіберілмейді.  Қорғауға  жіберілген  студенттерге  декан  орынбасары 

олардың  дипломды  қорғауға  қатысты  антиплагиат  тексеру  рәсімін  табысты  өткендігі 

туралы рейтинг ведомосына белгі қояды. 

Студент  өз  дипломдық  жұмысын  (жобасын)  белгіленген  мерзімде  "Антиплагиат" 

жүйесі арқылы тексеруге беруге жауапты болып табылады.  

Тексеру қорытындылары бойынша "Антиплагиат" жүйесін алдау жолымен нәтиже  

алу  әрекетін  жасаған  студент  (әріптерді,  баяндау  тілін,  қаріптерді  ауыстыру,  көзге 

көрінбейтін символдарды пайдалану және т.б.) оның жасаған істері дәлелденген жағдайда 

қорғауға жіберілмейді. 

Факультет  деканы  плагиат  фактісін  анықтауға  қатысты  комиссияның  ұсынысы 

бойынша білім алушыға тәртіптік жаза қолдану туралы өтініш жасайды. Ғылыми жетекші 

дипломдық жұмысты (жобаны) орындау кестесінің сақталуы мен өзінің беретін пікірінің 

сапасы үшін жауап береді. 

Деканның  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  дипломдық  жұмыстың  (жобаның) 

қағаздағы  және  электрондық  түрдегі  нұсқаларының  сәйкестігін  тексеру  мен  "Антипла-

гиат" жүйесіне мәліметтерді уақтылы енгізуге жауапты болып табылады. 

Тіркеу  бөлімі  ұйымдастырушылық-әдістемелік  көмек  көрсетеді  және  дипломдық 

жұмыстарды плагиатқа тексеру процесін бақылайды. 

 

 



 

4. 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ 

 

4.1 

Дипломдық жұмысты қорғауға дайындық 

 

Жұмысты  қорғауға  дайындау  барысын  бақылауды  ғылыми  жетекші  жүзеге 

асырады,  ол  студент  жұмысының  күнтізбелік  жоспары  негізінде  дипломдық  жұмыстың 

дайындық  дәрежесін  белгілейді  және  дипломдық  жұмысты  қорғауға  жіберу  мәселесін 

шешеді. 

Дипломдық  жұмыс  алдын  ала  қорғау  процедурасынан  өту  үшін  түлектерді 

дайындап шығаратын кафедраға беріледі.   

Дипломдық  жұмысты  алдын  ала  қорғау  процедурасы  студенттердің  қатысуымен 

және  ғылыми  жетекшінің  міндетті  түрде  болуымен  кафедраның  ашық  отырысында 

жүргізіледі.  Алдын  ала  қорғау  кафедра  отырысының  хаттамасымен  рәсімделеді  (М 



қосымшасын қараңыз). 

Алдын ала қорғаудан табысты өткен және белгіленген талаптарға сай рәсімделген, 

аяқталған  дипломдық  жұмысқа  студент  қол  қояды  және  ғылыми  жетекшісіне  береді. 

Ғылыми  жетекші  дипломдық  жұмысқа  жазбаша  пікір  жазады  (  К  қосымшасын 



қараңыз).  

Студент  пен  ғылыми  жетекші  титул  бетіне  қол  қойған  дипломдық  жұмыс, 

соңғысының  жазбаша  пікірімен  бірге  дипломдық  жұмысты  қорғауға  жіберу  туралы 

мәселені шешетін кафедра меңгерушісіне беріледі.  




 

 

 



20 

Ғылыми жетекші, уәжделген пікір келтіре отырып, дипломдық жұмысты қорғауға 

жібермеуі мүмкін. 

Дипломдық жұмыстың қорғауға жіберілмеуі  жетекші мен студенттің қатысуымен 

кафедра  отырысында  қарастырылады.  Кафедра  шешімінің  негізінде  жұмыс  қорғауға 

жіберіледі немесе жіберілмейді.  



Бір  апта  бұрын  уақыттан  кеш  емес  дипломдық  жұмыс  ғылыми  жетекшінің 

пікірімен  және  кафедра  меңгерушісінің  қорғауға  жіберген  рұқсатымен  бірге  сыртқы 

рецензиялауға жіберіледі.  

Рецензиялаушылардың  тізімдері  түлектерді  дайындап  шығаратын  кафедраның 

ұсынуымен  өндіріс  және  ғылыми  ұйымдар  мамандарының  қатарынан,  ректордың 

бұйрығымен  бекітіледі.  Жоғары  оқу  мекемелерінде,  кәіпорындарда,  ғылыми-зерттеу 

институттарында  жұмыс  істейтін,  кафедра  бейіні  бойынша  жоғары  білімі  және/немесе 

қорғалатын  дипломдық  жұмыс  бейініне  сәйкес  келетін  ғылыми  немесе  академиялық 

дәрежесі,  ғылыми  атағы  бар  жоғары  білікті  мамандар  рецензиялаушы  бола  алады. 

Рецензиялаушылардың  құрамына,  ең  алдымен,  диплом  алды  практикасының  базалары 

болып  табылатын  ұйымдардың  қызметкерлері  енеді.  Рецензиялаушы  дипломдық 

жұмыспен  танысқаннан  кейін  дипломдық  жұмысқа  жазбаша  Сын  пікір  береді,  онда 

зерттелетін  тақырыптың  өзектілігі,  жаңалығы  және  практикалық  маңыздылығы, 

дипломдық  зерттеу  тақырыбының  маманды  даярлау  бейініне,  берілетін  академиялық 

дәреже  мен  біліктілікке  сәйкестігі,  жүргізілген  зерттеудің  дербестігі,  түйіндер  мен 

нұсқаулардың  болуы,  проблеманың  шешілуінің  және  зерттеудің  аяқталғандығының 

дәрежесі көрсетілуі тиіс. Сын пікірде, ұпайлық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасын 

және  тиісті  академиялық  дәреже  мен  біліктілікті  беру  мүмкіндігін  көрсете  отырып, 

дәлелді қорытынды беріледі (Л  қосымшасын қараңыз).   

Студент өз жұмысына жазылған рецензиямен МАК отырысына дейін, қорғауға бір 

күн қалғаннан кеш емес уақытта танысуы тиіс. Рецензиялаушының ескертуі бойынша, ол 

МАК  отырысында  сөз  сөйлеу  үшін  дәлелді  жауаптар  дайындайды.  Ғылыми  жетекші 

қорғауға  жіберген,  бірақ  рецензиялаушы  Ғ  –  «қанағаттанарлықсыз»  бағасын  қойған 

дипломдық жұмыс (жоба) жалпы шарттарда қорғалады.     

Дипломдық  жұмысқа  ол  соның  нақты  материалдары  бойынша  орындалған 

ұйымның  пікірі  беріле  алады.  Бұл  пікірде  осы  ұйымда  іс  жүзінде  қолданыла  алатын 

нәтижелер атап көрсетіледі.  

Студент мемлекеттік комиссияға мыналарды ұсынады: 

дипломдық жұмыстың қатты мұқабадағы түпнұсқасын; 



ғылыми жетекшінің пікірін, сыртқы рецензияны

ғылыми жетекшінің тапсырмасын және дипломдық жұмысты орындау графигін; 



дипломдық  жұмыстың  дискідегі  электрондық  нұсқасын  (Плагиатқа  қарсы 

мәліметтер базасын қалыптастыру үшін).  

Дипломдық  жұмысты  қорғау  алдында  студент  баяндаманы,  Power  Point  

форматындағы таныстырылымды, басқа да демонстрациялық материалдарды дайындауы 

тиіс. 


Ұзақтығы 10 минутқа дейін созылатын мәлімдемеде жұмыстың негізгі ережелерін 

көрсету, өз қорытындылары мен нұсқауларын мазмұндап, негіздеу қажет.  

Егер студент сөз сөйлеу регламентінен асып кетсе, оны тоқтатады да, дипломдық 

жұмыс мәселелеріне және ережелерін талқылауға көшеді.  

 

 

4.2 Дипломдық жұмысты қорғау 

 

 

Дипломдық  жұмысты  қорғау  тәртібі  білім  беру  саласындағы  орталық  атқарушы 

орган бекіткен Білім беру ұйымдарында оқитын оқушылардың үлгерімдерінің ағымдағы 

бақылауын,  аралық  және  қорытынды  мемлекеттік  аттестациясын  жүргізу  ережелерімен 

анықталады. 



жүктеу 463,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау