21
Дипломдық жұмысты қорғау Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының ашық
отырысында жүргізіледі. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау студенттің тілегі
бойынша қазақ немесе орыс тілінде жүреді. Отырысқа, МАК мүшелерінен басқа,
дипломдық жұмыс жетекшілері, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдері,
студенттер және барлық ықылас білдірушілер қатыса алады.
Дипломдық жұмысты қорғаудың мына тәртібі бекітілген:
-
МАК хатшысы, студенттің тақырыбы мен тегін көрсете отырып, дипломдық
жұмысты қорғау туралы хабарлайды;
-
дипломдық жұмыс туралы мәлімдеме жасау үшін студентке сөз беріледі;
-
МАК мүшелері студентке оның жұмысының тақырыбы бойынша сұрақтар
қояды;
-
студент МАК мүшелерінің сұрақтарына жауап береді;
-
талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікір (қатысқан жағдайда, ғылыми
жетекші өзі сөйлеуі мүмкін) мен рецензияны оқиды.
-
қорытындылау үшін студенттің өзіне сөз беріледі. Пікірде және/немесе
рецензияда ескертулер болған жағдайда, студент олардың мән-маңызы бойынша дәлелді
түсіндірме беруі тиіс;
-
талқылауға қатысқысы келетін қатысушыларға сөз беріледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны) талқылауға сұрақтар немесе сөз сөйлеулер түрінде
барлық қатысушылар қатыса алады.
Дипломдық жұмысты қорғау кезінде студент зерттеу тақырыбының мән-маңызын
және дипломдық жұмыстың негізгі ережелерін ашуы тиіс. Автордың жүргізілген
жұмыстың нәтижелері бойынша түйіндеріне, нұсқаулары мен ұсыныстарына ерекше көңіл
бөлу қажет. МАК мүшелерінің алдында сөз сөйлегенде дипломдық жұмыстың авторы
жазбаша мәтінді оқымай, өз жұмысының негізгі мазмұнын еркін баяндағаны абзал. Сөз
сөйлеудің мазмұны егжей-тегжейліктермен, тым көп сандармен шамадан тыс жүктелмеуі
тиіс. Алайда ғылыми ізденістің қорытындыларын, нәтижелерін және соны практикалық
ұсыныстарды жеткілікті дәрежеде толық мазмұндау қажет.
МАК мүшелері және қорғауға қатысушылар студентке дипломдық жұмыстың
тақырыбына тікелей қатысы бар сұрақтарды қояды. Сұрақтарға берілген жауаптар мен
МАК отырысына қатысушылардың сыни пікірлері анық, тұжырымды және тек қойылған
сұраққа қатысты болулары тиіс. Дәлелдемелерде фактілерге сүйену қажет. Студенттің
сөйлеген сөзі, сұрақтарға берген жауаптары мен ескертулері іскерлігімен және ғылыми
негізделгендігімен ерекшеленулері тиіс.
Дипломдық жұмысты бағалау кезінде МАК оның сапасын, мазмұнын және
зерттелу тереңдігін есепке алады. Диплом қорғайтын студенттің ғылыми және
практикалық дайындығының деңгейіне, қойылған сұрақтарға берген жауаптарының
дұрыстығына, баяндаманың мазмұнына, жұмыстың және қорғауға ұсынылған кестелердің,
графиктердің, диаграммалардың рәсімделуіне көңіл аударылады.
Көпшілік алдындағы қорғау аяқталғаннан кейін МАК жабық отырысы өткізіледі.
Ашық дауыс берумен, қарапайым дауыс көпшілігімен баға анықталады. Комиссия
мүшелерінің пікірлерінде алшақтықтар болған жағдайда, МАК төрағасының дауысы
шешуші болып табылады.
Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері бойынша ұпайлық-рейтингтік әріптік
жүйе бойынша баға қойылады.
-
таңдалған тақырып практикамен тығыз байланыста жан-жақты және терең
мазмұндалған, ал оның авторы әдебиетпен және нормативтік құжаттармен жұмыс істеу,
зерттеулер жүргізу, теориялық және практикалық қорытындылар шығару шеберлігін
көрсеткен жұмысқа «өте жақсы» деген баға қойылады;
-
өзіне қойылатын негізгі талаптарға сай орындалған жұмысқа «жақсы» деген
баға қойылады. Студент материалды тыңғылықты меңгерген, алайда барлық сұрақтарға
терең, толық және дәлелді жауаптар бере алмайды;
22
-
негізінен жалпы талаптар сақталған, бірақ қойылған міндеттер толық
шешілмеген жұмысқа «қанағаттанарлық» деген баға қойылады. Жұмыстың авторы
материалды меңгерген, алайда сұрақтарға үстіртін жауап береді, жекелеген кемшіліктер
жібереді;
-
пікір мен рецензияда мазмұны мен рәсімделуі бойынша маңызды ескертулер
бар жұмысқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Сұрақтарға берілетін жауаптар
дұрыс емес және дәлелділігімен ерекшеленбейді.
МАК тақырыптың жаңалығы мен өзектілігін, ғылыми пысықталу, қазіргі
ақпараттық технологияларды қолдану дәрежесін, жұмыс нәтижелерінің практикалық
маңыздылығын атап көрсетеді.
Хатшы МАК отырысының хаттамасын жүргізеді, оған барлық қойылған сұрақтар,
ерекше пікірлер және дипломды беру туралы комиссияның шешімдері енгізіледі.
Хаттамаға отырысқа қатысқан МАК төрағасы мен мүшелері қол қояды. Дипломдық
жұмысты қорғаудың нәтижелері хаттамамен әрбір студент бойынша индивидуалды түрде
рәсімделеді және оның өткізілген күнінде жарияланады.
Қорғау нәтижелері бойынша МАК жекелеген жұмыстарды басып шығаруға, ал
зерттеулердің нәтижелерін енгізуге ұсына алады.
Жұмысқа қанағаттанарлықсыз баға қойылған жағдайда, студент оны түзетіп,
өзгертулер енгізгеннен кейін, келесі оқу жылы басталғанға дейін және бір реттен
(қайталама) артық емес қайтадан қорғауға құқылы.
23
Пайдаланылған дереккөздер тізімі
1.
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі № 319-III ЗРК «Білім беру
туралы» Заңы. // Егемен Қазақстан. – 2007. – 23 тамыз (№22-25).
2.
ҚР үкіметінің 5.03.2009 жылғы № 292 Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты.
Қазақстан республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында дипломдық
жұмысты (жобаны) орындау ережелері.
3.
Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан
ГОСО РК 5.03.016 -2009. Система образования Республики Казахстан. Правила
выполнения дипломной работы (проекта) в высших учебных заведениях.
4.
«Правила организации деятельности высших учебных заведений», утвержденные
приказом №151 Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 марта
2001 года.
5.
Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан.
Высшее образование. Бакалавриат (по специальности «Информатика»), утвержденный
приказом Министра образования и науки РК от 23 января 2008 г.
6.
Уваров А.А. Дипломные и курсовые работы по экономическим специальностям:
Практические советы по подготовке и защите. – М.: Издательство «Дело и Сервис»,
2005. –
80 с.
7.
Штиллер М.В., Назарова В.Л., Даузова А.М. Методические указания по выполнению
дипломной работы для студентов по специальности «5В050800-Учет и аудит». –
Алматы: ААЭС, 2013. -36 с.
8.
Методические указания по разработке и оформлению курсовых, дипломных работ и
магистерских диссертаций для всех форм обучения специальности «Информатика» //
Длимбетов Б.К., Бурибаев Б.Б., Королёва С.В.. -Алматы: АЭСА, 2005. -48 с.
.