15
мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру қажет.
Барлық суретті бейнелерге дипломдық жұмыста сілтемелер берілуі тиіс.
Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) сызбалар, графиктер, диаграммалар, суретті
бейнелер Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) мемлекеттік
стандарттарының талаптарына сай болулары тиіс.
Қосымшалардың суретті бейнелерінен басқа суретті бейнелер араб сандарымен
бүкіл мәтін бойынша өтетін нөмірлену арқылы нөмірленуі тиіс.
Егер сурет біреу болса, ол «1-сурет» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі мен оның атауы
жолдың ортасына орналастырылады.
Суреттік бейнелерді бір бөлім шегінде нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда
суретті бейненің нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірі мен суреттік бейненің реттік
нөмірінен тұрады. Мысалы: 1.1-сурет.
Қажет болған жағдайда, суретті бейнелердің атаулары және түсіндірмелік
мәліметтері (сурет асты мәтіні) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның атауы түсіндірмелік
мәліметтерден кейін және былайша орналастырылады: 3-сурет. Ішкі аудит
құрылымы.
Суреттік бейнелердің рәсімделу үлгісін З қосымшадан қараңыз.
Суреттік бейнелерге сілтемелер жасағанда, тұтас мәтін арқылы өтетін нөмірлену
кезінде «2-суретке сәйкес» деп және бөлім шегінде нөмірленетін кезде «1.2-суретке
сәйкес» деп жазу қажет.
Диаграммалар көрнекі және анық болулары тиіс. Бет жиектеріне түсіндірмелік
жазбалар жазуға тыйым салынады, оларды мәтінде немесе диаграмманың астына
орналастыру қажет.
Дипломдық жұмысты жазу кезінде диаграммалар мен графиктерді көрнекілік
мақсатында түрлі-түсті етіп жасауға рұқсат беріледі.
3.3
Формулаларды жазу
Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен жеке жолға бөліп көрсету қажет. Әрбір
формуладан немесе теңдеуден жоғары және төмен бір бос жолдан кем емес орын
қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймайтын болса, ол теңдік белгісінен (=) немесе
қосу (+), алу (–), көбейту (х), бөлу (:) белгілерінен немесе басқа да математикалық
белгілерден кейін келесі жолға көшірілуі тиіс, әрі сол таңба келесі жолдың басында
қайталанады. Формулалар үшін белгілердің өлшемдері: бас әріптер мен сандар – 7-8 мм,
кіші әріптер – 4 мм, дәреже көрсеткіштері мен индекстер – 2 мм-ден кем емес.
Таңбалар мен сандық коэффициенттердің мәндерін түсіндіру тікелей формуланың
астында, формулада берілген бірізділігінде келтірілуі тиіс.
Әрбір таңбаның мәні жаңа жолдан, тікелей формулада келтірілген бірізділігінде
беріледі. Таңбаларды түсіндірудің алғашқы жолы, соңынан қос нүкте белгісі
қойылмастан, «мұндағы» деген сөзден басталады. «Мұндағы» сөзі жол басында бос жер
қалдырылмастан жазылады. Таңбаларды түсіндіру кезінде әрбір таңбаның мәні үтір
арқылы, ал оның өлшем бірлігі қысқартылған түрде беріледі.
Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) формулалар бүкіл жұмыс шегінде формуламен
бір жол бойында оң жақ шетінде дөңгелек жақшаларға алынған араб сандарымен реттік
нөмірленеді.
Формулаларды бөлім шегінде нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда формуланың
нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірінен және формуланың реттік нөмірінен тұрады,
мысалы: (5).
(1жол)
N
t
N
t
n
2
2
2
2
2
∆
+
=
σ
σ
(5)
(1
жол)
16
мұнда t – ықтималдыққа (р) тәуелді сенім коэффициенті, ол қатенің ең үлкен шегі t-
еселіктегі орташа қатеден аспайтынына кепілдік береді;
σ
2
–
көрсетілетін белгінің дисперсиясы;
∆ – таңдалған нұсқаның ең үлкен шекті (берілген) қатесі;
N –
қарастырылып отырған (жалпы) жиындағы бірліктер саны.
(1
жол)
3.4 Сілтемелер, ескертпелер
Жұмыстағы кейбір ережелердің дұрыстығын, негізделгендігін растау немесе
толықтыру үшін дәйексөздер – түпдеректің бір бөлігін сөзбе-сөз қайталау қолданылуы
мүмкін. Дәйексөздер келтіру үшін түпдеректен анық, логикалық тұрғыдан аяқталған ойды
білдіретін үзіндіні алу қажет. Дәйексөздерді рәсімдеудің мынадай ережелерін орындау
қажет:
-
барлық дәйексөздер тырнақшаларға алынады;
-
сөйлем соңында келтірілген дәйексөз, тіпті егер дәйексөздегі бірінші сөз
дереккөзде кіші әріптен басталып тұрса да, бас әріптен бастап жазылады;
-
дәйексөздерде дәйексөз алынған дереккөзде берілген тыныс белгілері
сақталады;
-
егер сөйлем толығымен алынбаса, алынып тасталған мәтіннің орнына дәйексөз
ретінде келтірілетін сөйлемнің алдында, оның ішінде немесе соңында көп нүкте (...)
қойылады.
Мәтінде келтірілген барлық дәйексөздер, сондай-ақ көрсетілген сандар, фактілер
және мысалдар бойынша пайдаланылған дереккөздерге сілтемелер жасалуы тиіс. Әрбір
дәйексөздің соңында нүкте қойылмай, араб санымен сілтеменің реттік нөмірі көрсетіледі,
ал дәйексөз орналасқан беттің төменгі жағында дереккөздің сипаттамасы беріледі. [1,5б].
Егер бір бетте сол бір дереккөзге бірнеше сілтеме келтірілетін болса, оның
сипаттамасы бірінші сілтемеде ғана беріледі, ал қалғандарында «Сонда» сөзі жазылады
және дереккөз бетінің нөмірі көрсетіледі.
Егер ескертпе жеке сөзге қатысты болса, сілтеме белгісі – тікелей сол сөздің
жанында; егер ол сөйлемге қатысты болса, сөйлем соңында тұруы тиіс. Тыныс белгілеріне
қатысты сілтеме белгісі оның алдына қойылады (сұрақ белгісі мен леп белгісін және көп
нүктені санамағанда).
Сілтемелер мен ескертпелер өздері қатысты бетте бір интервал арқылы, 10-шы
шрифтпен рәсімделеді.
Бүкіл жұмыс бойынша белгілі бір дереккөздерден (оқулықтардан, оқу құралдарынан,
мерзімдік әдебиеттен және т.б.) материалдар алынған жағдайда сілтемелер келтіру қажет.
Сілтемелер болмаған жағдайда дипломдық жұмыс қорғауға жіберілмейді. Жұмыста
дәйексөз келтірілместен пайдаланылған дереккөздерге де сілтеме беріледі. Пайдаланылған
дереккөздерге сілтемелер шаршы жақшаларда [
]
келтіріледі.
Суреттік бейнелерге (кестелерге, суреттерге) сілтемелер суреттік бейненің реттік
нөмірімен көрсетіледі.
Мәтіндегі формулалардың реттік нөмірлеріне сілтемелер жақшаға алынып беріледі.
Мысалы – (1) формулада.
Барлық кестелер мен суреттерге мәтінде сілтемелер болуы тиіс, ал келтірілген
мәліметтерге міндетті түрде түсініктеме берілуі тиіс. Кестелер мен суреттерді бірінен соң
бірін тиісті түсініктемелерсіз орналастырмау қажет, сондай-ақ бөлімнің (параграфтың)
соңында орналастыруға болмайды.
Ескертпелер дипломдық жұмыста (жобада), мәтіннің, кестелердің немесе
графикалық материалдың мазмұнына түсініктемелер немесе анықтамалық мәліметтер
қажет болған жағдайда, келтіріледі.