9
-
қорытынды (түйіндер);
-
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
-
қосымшалар.
Мұқабада мынадай мәліметтер келтіріледі:
-
дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйымның атауы,
-
студенттің тегі мен аты-жөні,
-
дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбының атауы,
-
жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба),
-
мамандықтың шифрі мен атауы,
-
қала, жыл.
Титул беті дипломдық жұмыстың бірінші беті және құжатты іздеу мен өңдеу үшін
қажетті ақпараттың көзі болып табылады.
Титул бетінде мынадай мәліметтер келтіріледі:
-
дипломдық жұмыс орындалған ұйымның атауы;
-
дипломдық жұмыс орындалған кафедраның атауы;
-
кафедра меңгерушісінің бекіту жөніндегі қолы;
-
жұмыс түрі – дипломдық жұмыс;
-
«тақырыбы» деп көрсетілген дипломдық жұмыс тақырыбының атауы,
-
мамандықтың шифрі мен атауы,
-
сол жағынан - «орындаған» сөзі, оң жағынан қарама-қарсы студенттің тегі мен
аты-жөні көрсетіледі,
-
бір жолға төмен «ғылыми жетекшісі» деп жазылады да, жетекшінің тегі мен аты-
жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, басқа да регалиялары көрсетіледі;
-
қала, жылы.
Мұқаба мен титул бетінің рәсімделу үлгілері тиісінше Ә, Б қосымшаларында
келтіріледі.
Дипломдық жұмысқа тапсырманы дипломдық жұмыстың жетекшісі студентке
стандартты бланкте береді (В қосымшаларын Онда жұмыстың мазмұны мен
құрылымына қатысты тараулар бойынша нұсқаулар беріледі, жұмысты орындаудың
күнтізбелік графигі болады. Дипломдық жұмысқа тапсырмада бастапқы материал мен
дереккөздердің сипаттамасы, студенттер зерттейтін мәселелердің тізімі, ұсынылатын
әдебиеттердің тізімі, графикалық материалдың (кестелердің, диаграммалардың,
сызбалардың және т.б.) тізімі, дипломдық жұмысты жазудың толық күнтізбелік графигі
(
Г қосымшаларын қараңыз) беріледі.
Дипломдық жұмысқа (жобаға) тапсырманы, тапсырманың берілу мерзімін көрсете
отырып, кафедра меңгерушісі бекітеді.
Тапсырмаға студент, ғылыми жетекші және кафедра меңгерушісі қол қояды.
Дипломдық жұмысты қорғау кезінде тапсырма, ғылыми жетекшінің пікірімен және сыни
пікірлермен (рецензиялармен) қатар, комиссияға ұсынылады.
Тапсырманы алып, дипломдық жұмыстың жоспарын әзірлегеннен кейін студент
таңдалған тақырып бойынша өздік жұмысқа кіріседі. Ғылыми жетекші тұрақты түрде
индивидуалды консультациялар өткізіп тұрады, жұмыстың күнтізбелік графикке сәйкес
орындалуын тексереді және бағалайды, дайын жұмысқа пікір жазады, оны Мемлекеттік
аттестациялау комиссиясында қорғауға жібереді (немесе жібермейді).
Дипломдық жұмыстың мазмұнына, дипломдық жұмыс элементтері басталатын
беттердің нөмірлері көрсетіле отырып, кіріспе, бүкіл бөлімдердің, қосалқы бөлімдердің
реттік нөмірлері мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және
қосымшалардың атаулары енеді (Ғ қосымшасы).
Кіріспеде тақырыптың таңдалуы мен оның өзектілігі, дипломдық жұмыстың
мақсаттары мен міндеттері тұжырымдалады, зерттеу тақырыбы мен нысанының, бастапқы
ақпараттық экономикалық-статистикалық және құқықтық базаның сипаттамасы беріледі.
•
Зерттеудің мақсаты – зерттеудің адекватты әдістерінің және оларды
10
қолданудың негізінде зерттеу тақырыбын ашуға септігін тигізетін нәтижені ойша
болжалдау. Мақсат анық және нақты тұжырымдалған, біреу болуы тиіс.
•
Зерттеу міндеттері мақсаттан келіп шығады және дипломдық жұмыстың
тақырыбын ашу және қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті нақты дәйекті
кезеңдер (4-6 тармақ) болып табылады.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі, қағида бойынша, бөлімдерге және
қосалқы бөлімдерге (тараулар мен параграфтарға) бөлінеді. Дипломдық жұмыстың негізгі
бөлімінде орындалған жұмыстың мән-маңызын, мазмұнын, әдістемесін және негізгі
нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер келтіріледі. Дипломдық жобаның негізгі бөлімі
теориялық, талдамалық және практикалық бөлімдерді қамтуы тиіс. Әрбір қосалқы
бөлімнің (параграфтың) және бөлімнің соңында қорытындыларды тұжырымдау (2-3
абзац), яғни, материалдың мазмұнын қысқаша мазмұндау қажет. Әдетте қорытындылар
«Осылайша...», «Сонымен...», «Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде ... тұжырымдауға
болады» деген сөз орамдарынан басталады.
2.2 Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімі
Бұл бөлімде таңдалған тақырыптың зерттелгендігінің дәрежесі бағаланады,
экономикалық теория тұрғысынан негізгі зерттелетін категориялардың, олардың
функцияларының анықтамалары мен сипаттамалары беріледі, теориялық және
практикалық тұрғыдан шешілген және пікірталастық, ғылыми әдебиетте әр түрлі
түсіндірілетін мәселелер қарастырылады. Бұл орайда өз көзқарасын білдіріп, негіздеу
қажет.
Тақырыптың теориялық аспектілері жарияланған дереккөздерден алынған
дәйексөздермен, оларға сілтеме жасай отырып, бейнеленеді.
Берілген аспектіні бірнеше абзацпен шектеп, мәселенің тарихын мазмұндауға әуес
болмау қажет. Зерттеліп отырған тақырып аясында шетелдік тәжірибені зерттеу
көтермеленеді.
2.3 Дипломдық жұмыстың талдамалық бөлімі
Жұмыстың осы бөлімінде зерттелетін нысан материалдарының негізінде
зерттелетін проблеманың нақты жай-күйінің талдауы беріледі.
Нақты мәселелердің талдауы зерттелетін мәселенің жағымды және жағымсыз
жақтарын анықтау, талданатын көрсеткіштердің негізінде қаржылық және экономикалық
қызметті жетілдіру жолдарын анықтау мақсатын көздеуі тиіс.
Талдау материалдары, талдаудың пайдаланылатын әдістерін көрсете отырып,
бастапқы мәліметтерді, талдамалық кестелерді, сызбаларды, графиктерді, диаграмма-
ларды және зерттелетін мәселені көрнекі етіп берудің басқа да нысандарын келтіре
отырып, түсіндірмелік мәтін түрінде мазмұндалады.
Талдауға арналған материалдар, оларға сүйене отырып, ағымдағы жағдайды
талдауға, зерттелетін саладағы кемшіліктерді анықтауға, резервтерді ашуға және оларды
жүзеге асыру жолдарын белгілеуге болатындай, жеткілікті дәрежеде толық және дұрыс
болулары тиіс. Қойылған міндеттердің шешілуіне қатысы жоқ мәліметтерден,
қайталаулардан, дәлелсіз қорытындылардан аулақ болу қажет.
Жиналған материалдың сипаты мен көлемі зерттеу нысаны мен тақырыбының
қабылданған әдістемесінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Ақпараттың талдауы мен өңдеуін, қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып, ақпараттық және технологиялық талдаудың қазіргі әдістерінің көмегімен
жүргізген мақсатқа сай болады.