81
айырмашылықтары бар. Әрі қарай айырмашылықтарды ӛңдеу кезінде беріл-
ген енгізу-шығару типі – синхронды немесе асинхронды бойынша белгілене-
ді. Мысалы екі үрдіс жалпы оперативті жадының кеңістігінде жұмысын
орындайды. Бұнда бӛлінетін қорлар әр түрлі режимдерде орындалуы мүмкін,
мысал екі үрдіс екі бӛлек машинада болса , бірақ олар жалпы оперативті жа-
дының ӛрісімен байланысуы мүмкін. Бұл жағдайда жадымен буферлеу
жұмысын атқарған кезде проблема түзелуі мүмкін, ӛйткені әр машинаның
ӛзінің оқу/жазу буферлеу механизмдері болады. Онда жағымсыз жағдай туа-
ды, физикалық жадының жағдайы оның реалды мәніне сәйкес келмейді. Со-
нымен қатар екі бӛлек машинада жұмыс жасап отырған операциялық жүйеде
проблема түзеледі.
Келесі проблема. Мысалы, екі үрдіс бір машинада орындалады. Бұл
жағдайда бӛлінетін жадыға қатынауды синхрондауға мүмкіндік беретін
құрылымдар белгіленуі керек. Оперативті жадымен жұмыс жасап жатқан
үрдістердің алмасуы дұрыс орындалу үшін жағдай жасалуы керек.
Шындығында есеп шешкен уақытта жалпы жады сияқты қордың
бӛлінуінің қажеті жоқ, бірақ бір уақытта орындалатын үрдістер бір біріне
әсер етсе дейміз. Әсер ету аппаратты үзуге тең. Кӛп операциялық жүйелер
оны жүзеге асыру үшін үрдістер арасында сигналдар қолданылады. Бір үрдіс
басқа үрдіске сигнал жібер деп нұсқау береді. Басқа үрдісте орындалып
жатқан үрдіс үзіледі және қабылданған сигналды ӛңдеу қажет.
Бұл операциялық жүйенің үшінші функциясы. Операциялық жүйенің
бұндай функциялары оның экплуатациялық қасиеттеріне әсер етеді. Реалды
әр операциялық жүйе кӛп функциялар жиынынан тұрады, олар жүйенің
жұмысын қамтамасыз етеді.
Әр операциялық жүйе енгізу-шығару буферлеуін қамтамасыз етеді. Негі-
зінде ол операциялық жүйенің негізгі функцияларының бірі. Операциялық
жүйе есептеу жүйесінің түрлі компоненттерінің әр түрлі қатынас жылдам-
дықтарымен құресу үшін программалық буферлеуді енгізеді, ол
қатынасуақытын дұрыстау және синхрондау проблемаларын шешеді.
Магниттік дискідегі жинақтауышты компьютердің орталық бӛлігінің
шапшаңдығымен салыстырғанда жылдамдығы ӛте тӛмен. Шапшаңдығының
айырмашылығы бірнеше рет. Операцияның орындалу уақыты 0,5н/с болуы
мүмкін, ал магниттік бастиектің бір жолшығынан басқа жолшыққа ӛтуі
бірнеше миллисекунд болады. Бастиектің астында оқу/жазу үшін қажет
деректер секторын күтуге бірнеше уақыттық интервалы ӛтеді. Қазіргі
жетектерді кездейсоқ таңдалған сектор деректерінің оқылуының орта
ұзақтылығы 20мс болады. Бұл команда және операнд оперативті жадыдан
және бүркемеден таңдалуынан әлдеқайда тӛмен. Бірақ, деректер үлкен
пакетпен оқылады (сектор размері 512 байт, ал дискімен операциялары
кезінде кӛбінесе оқу немесе жазу бірден бірнеше сектордан болады).
Сонымен
санашықтың оперативті жадымен жұмысының орта
жылдамдылығы деректерді сыртқы жадыдан магниттік дискіден оперативті