30
Редактор терезесінде сіз программаны басқару логикасын құрасыз.
Delphi-
дің программистері уақыттарының көбісін Форма Дизайнері (алғашқы форма)
мен программа кодын Редактірлеу терезесі (қысқа түрде Редактор деп атайды) арасында,
олардың бірінен біріне ауысып отырып, өткізеді. Жұмысты бастамас бұрын, осы ең негізгі
екі элементті танып білуге болатынын анықтап алайық. Форма Дизайнері 1.6.1-ші суретте,
Редактор терезесі - 1.6.2-ші суретте көрсетілген.
Форма терезесін жылжытып қойып, көруге болатын Кодты Редактірлеу терезесінде
(1.6.2 сурет), программа текстін теру керек. Жаңа жоба құру жұмысының басында бұл кодты
редактірлеу терезесінде Delphi-дің өзі құрған программаның шаблоны тұрды.
Delphi-
дегі форма дизайнерінің пайдалану кезіндегі түсініктілігі мен қарапайымдылығы
сонша, программаның визуалды интерфейсін құру бала ойынына ұқсап кетеді. Форма
Дизайнері ең басында сіз компоненттер палитрасынан таңдап алған әртүлі объекттермен
толтырылатын, бір бос терезеден тұрады.
Форма Дизайнерінің сонша маңыздылығына қарамай, программистердің ең көп уақыт
өткізетін жері болып Редактор терезесі табылады. Логика программаның қуатты күші болып,
ал Редактор терезесі Сіз оны "кодтайтын" (сиқырлайтын) жер болып саналады.
Компоненттер Палитрасы (1.7 суретті қараңыз) бізге Форма Дизайнеріне алмастыру
үшін, керекті объекттерді таңдауға мүмкіндік береді. Компоненттер Палитрасын пайдалану
үшін тышқанды объектердің бірінде шертіп, одан кейін оны екінші рет - Форма
Дизайнерінде шертсеңіз болғаны. Одан кейін біз таңдаған объект жобалап жатқан трезеде
пайда болады да, онымен тышқанның көмегімен әр-түрлі жұмыстар жасауға болады.
Компоненттер Палитрасы бетке бөлінген объектер жиынын пайдаланады. Палитраның
астында ішкі беттер жиыны - Standard, Additional, Dialogs және т.б. тұрады. Егер сіз ішкі
беттердің бірінде тышқанды шертсеңіз, онда сіз Компоненттер Палитрасының келесі бетіне
көше аласыз. Беттерге бөлу принципі Delphi программалау ортасында кеңінен
пайдаланылады және оны өз программаңызда оңай пайдалана аласыз. (Additional бетінде
жоғарыдан және төменнен ашылатын, беттерді ұйымдастыруға арналған компоненттер бар).
Объекттің аты
Объекттің қасиеті
Қасиеттерінің мә
1.5
сурет
Объекттер қасиеттерін
редактірлеу терезесі (Object Inspector
(
Объекттер Инспекторы))
31
1.7
сурет Компоненттер Палитрасы - сіз формаға қойылатын компонент таңдайтын жер.
Мысалы, TEdit компонентін сіз формаға отналастырдыңыз дейік; Сіз оны бір орыннан
екінші орынға жылжыта аласыз. Сіз, сонымен қатар, объекттің сыртқы сызығын, оның
өлшемін өзгерту үшін пайдалана аласыз. Сондай жолмен компоненттердің көбісімен керек
амалдарды орындай аласыз. Бірақта, программа орындалар кезде көзге көрінбейтін
компоненттер, мысалы: (TMenu типтес немесе TdataBase типтес) өз формаларын өзгертпейді.
Форма Дизайнерінің сол жағында Объекттер Инспекторын көре аласыз (1.5 сурет).
Байқасаңыз, Объекттер Инспекторындағы ақпарат формада таңдалған объектке қарай
ауысып отырады. Әрбір компоненттің міндетті түрде объект болып саналатынын түсінген
жөн, және Сіз оның түрі мен іс-әрекетін Объекттер Инспекторы арқылы өзгерте аласыз.
Объекттер Инспекторы, әрқайысысын сол берілген комоненттің іс-әрекетін анықтау
үшін пайдалануға болатын, екі беттен тұрады. Бірінші бет - ол қасиеттер тізімі, екіншісі -
жағдайлар тізімі. Берілген компонентке байланысты, бір нәрсе өзгерту керек болса, онда сіз
ол өзгерісті Объекттер Инспекторында орындай аласыз. Мысалы, TLabel компонентінің аты
мен өлшемін сіз Caption, Left, Top, Height, және Width қасиеттерін өзгерту арқылы орындай
аласыз. Қасиеттер мен жағдайлардың беттерін ауыстырып отыру үшін сіз Объекттер
Инспекторының астыңғы жағындағы ішкі беттерді пайдалана аласы.
Жағдайлар беті (Events) Редактормен байланысты; егер сіз кез келген пункттің оң
жағында орналасқан енгізу қатарында тышқанды екі рет шертсеңіз, онда таңдалған жағдайға
сәйкес код Редакторде автоматты түрде жазылады да, Редактордың өзкурсорды меншіктеп
алады, ал сіз кодқа таңдалған жағдайдың өңдеуші кодын қосып жаза алатын мүмкіндік
аласыз.
Delphi ортасының ең маңызды соңғы бөлігі, ол- Анықтама (on-line help). Бұл құрал-
сайманды алу үшін, жүйелік менюдегі Help бөлімін таңдап алып, одан кейін Contents-ті
таңдаса болғаны. Экранда бірден анықтама пайда боады.
Құрал-саймандық батырмалар
Құрал-саймандық батырмалар бас менюдің өте маңызды деген командаларын тез алуға
мүмкіндік береді. Функционалдық белгілері бойыша олар 7 топқа бөлінген. Әр-бір топ бөлек
1.6.1
сурет Объекттер тізімін көруге
арналған терезе
32
тақтаны алып тұр. В табл. 1.1. Кестесінде стандартты батырмалар арқылы орындалатын
командалар сипатталған.
1.1 Кесте. Delphi сймандар тақтасының стандартты батырмалар жиыны
Батырмалар
Сипаттамасы
Standard
тобы
Объекттер қоймасынан алуға мүмкіндік алып береді. FiLe ► New
►Other командасының эквиваленті
Бар файлды ашады. File► Ореn File Командасының эквиваленті
Файлды дискте сақтайды. File ► Save File командасының эквиваленті
(тез орындау батырмалары — Ctrl+S)
Жобаның барлық файлдарын сақтайды. File ►Save All командасының
эквиваленті.
Программаның бұрын құрылған жобасын ашады. File ► Open Project
командасының эквиваленті (тез орындау батырмалары — Ctrl+F11)
Жобаға жаңа файл қосады. Project ► Add to Project командасының
эквиваленті (тез орындау батырмалары — Shift+F11)
Жобадан файлды жояды. Project ► Remove from Project
командасының эквиваленті
View
тобы
Ағымдағы жобамен байланысты модульдер тізімінен керекті модульді
таңдайды. View ► Units командасының эквиваленті (тез орындау
батырмалары — Ctrl +F12)
Ағымдағы жобамен байланысты формалар тізімінен керекті форманы
таңдайды. View ► Forms командасының эквиваленті (тез орындау
батырмалары — Shift +F12)
)
Форма терезесі мен программа терезесінің активтігін ауыстырады.
View
►Toggle Form/Unit командасының эквиваленті (тез орындау
батырмалары — F12)
Жаңа форма құрып, оны жобаға қосады. File ► New ► Form
командасының эквиваленті
Батырма
Сипаттамасы
Debug
тобы
Программаны компиляциялап, орындайды. Run ►Run командасының
эквиваленті (тез орындау батырмалары — F9)
Өңделіп жатқан программаның орындалуын тоқтатады. Run
►Program Pause командасының эквиваленті
Программалардың ішкі программаларымен бірге қадамдық
трассировкасын орындайды. Run ► Trace Into командасының
эквиваленті (тез орындау батырмалары — F7)
Программалардың қадамдық трассировкасын ішкі программалардың
трассировкасынсыз орындайды. Run ►Step Over командасының
эквиваленті (тез орындау батырмалары — F8)
Custom
тобы
Достарыңызбен бөлісу: |