27
Exit
end;
Label1.Caption:=FoatToStr(c)
end;
Exit
операторы бүкіл процедурадан күні бұрын шығу жолын шақырады. Егер ол болмаған
жағдайда Label1.Caption:=FloatToStr(c) операторы бәрібір орындалар еді, өйткені оның try
операторымен ешқандай байланысы жоқ.
№4 Дәріс. DELPHI-ге кіріспе.
2.1 DELPHI ортасы. Компоненттер палитрасы. Форма терезесі. Объекттер
инспекторы. Кодты редактірлеу терезесі.
Дәріс конспектісі:
Delphi -
ол, қолданбалы программалар мен қосымшалар құрастырылатын өңдеудің
интеграцияланған ортасы - ӨИО (IDE – Integrated Development Environment). Шынымен де
ол, өзінің құрамына пайдаланушының программаларын-жобаларын құрастыруға арналған
көптеген пайдалы құрал-жабдықтар мен дайын компоненттерді біріктерген.
Delphi –
программаларды құрастыруға арналған визуалды орта. Бұл, әрбір
программаның сыртқы пішіні (оның «беті», немесе интерфейсі) белгілі бір жиынның ішінен
алынған құрама элементтерді жылжытып орналастырып отыру арқылы құрастырылады, -
дегенді білдіреді. Бұндай жобалу балаларға арналған конструктрдан кәдімгідей көзге
жағымды құрылғылар орната алатын адамның да қолынан келетін іс. Әрине, бұндай
құрылғылар «тіріліп» іске қосылу үшін тағы бір нәрсе ойлап табу керек – іс-қимылын
ұйымдастыратын пограмма жазу керек.
Delphi-
дің кешендік программалау тілі болып, объектілі-бағытталған Паскаль - Object Pascal
табылады.
DELPHI РОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ҚҰРАМА БӨЛІКТЕРІ
Төменде Delphi-дің негізгі құрама бөліктері келтірілген:
•
Формалар дизайнері (Form Designer)
•
Программаның алғашғы мәтінін өңдеу терезесі (Editor Windows)
•
Компоненттер палитрасы (Component Palette)
•
Объекттер Инспекторы (Object Inspector)
•
Объекттер тізімін көріп шығу (Object Tree View)
•
Анықтама (On-line help)
Әрине, Delphi-дің Сізге, программа мен программалау ортасын дәлірек баптауға керек
болатын, құрал-саймандар сызғышы сияқты, жүйелік меню сияқты, және де басқа көптеген
бөліктері сияқты, өзге де маңызды құрама бөліктері бар.
Мысалды қарастыра отырып, программалауды үйренеміз
Жүгіру жылдамдығын есептеу программасы негізінде визуалды жобалау және
жағдайлы программалау технологиясын көрсете отырып, негізгі түсініктер мен терминдер
ендіріледі.
Жұмыстың басы
Кәдімгі жолмен, яғни Программы Главного меню бөліміндегі Borland Delphi 7 пунктін
таңдап, одан Delphi 7-ні шерту арқылы Delphi-ді іске қосамыз. (1.1 сурет).
28
Delphi-
ді ісе қосқаннан кейінгі экранның түрі ерекше болады (1.2 сурет). Бір терезенің
орнына, экранда бірден бес трезе пайда болады:
Бас терезе (Delphi 7);
Алғашқы форма терезесі (Form 1);
Объекттер қасиеттерін редактірлеу терезесі (Object Inspector (Объекттер инспекторы));
Объекттер тізімін қарап шығу терезесі (Object Tree View (Объекттер бұтағын көру));
Кодты редактірлеу терезесі (Unit1.pas).
Кодты редактірлеу терезесі, толығымен дерлік, Алғашқы форма терезесімен жабылып
тұр. Бас терезеде (1.3 сурет ): командалар менюі, құрал-саймандар тақтасы және
компоненттер палитрасы - орналасқан.
1.1
сурет Delphi-ді іске қосу
1.2
сурет
Delphi-
ді іске қосқаннан кейінгі экранның түрі
29
Object Inspector
терезесі (1.5 сурет) – объекттер терезесінің мәндерін редактірлеуге
арналған
объекттер қасиеттерін редактірлеу терезесі. Визуалды жобалау
терминалогиясында объекттер дегеніміз, – ол сұхбаттық терзелер және басқару элементтері
(енгізу және шығару алаңдары, басқару батырмалары, қосқыштар және т.б.). Объекттер
қасиеттері дегеніміз, - ол объекттің түрін, орналасуын және іс әрекетін анықтайтын
мінездемелері.
Мысалы, Width және Height қасиеттері - форманың өлшемдерін білдіреді (ұзындығы мен
биіктігін), Top және Left қасиеттері – форманың экрандағы орналасуын, Caption қасиеті –
тақырып қатарының мәтінін.
1.3
сурет Delphi-дің бас терезесі
Командалар менюі
Құрал-саймандар панелі
Компоненттер палитрасы
Программалық қамсыздандыруды: жүйелік (ЖПҚ) және
қолданбалы (ҚПҚ)-деп екіге бөлу қарастырылған. ЖПҚ – ОЖ-ні
қамтитын барлық программалар. Қалған программаларды
қолданбалы, - деп атау келісілген. Қысқартып айтқанда барлық
қолданбалы программаларды - Қосышалар - деп атайды.
Ескерту
:
1.4
сурет Алғашқы форма терезесі – бұл өңделетін
қосымшаның
Достарыңызбен бөлісу: |