231
3. Мобильді банкинг және Интернет-банкинг. Банктік маркетингке оң серпін
беретін тағы бір мүмкіндік – ол банктік қызметтерді мобильді телефондар, мобильді
құралдар және Интернет арқылы немесе кӛмегімен кӛрсету. Интернет-банкингтің жаңа
түрлерін, біріктірілген ақпараттық мобильді жүйелерді енгізу, желіде банктік
қызметтердің жаңа түрлерін ұсынуда банк сайтының мүмкіндіктерін тиімді қолдану
арқылы жаңа сегмент – «желілік клиенттер» сегментін қалыптастыруға болады.
«Интернет-ұрпақ» («Y ұрпақ») деп аталып кеткендер – 25-34 жас аралығындағы
адамдар кӛбінесе онлайн-банкинг немесе мобильді қосымшалар арқылы қаржылық
операцияларды жүзеге асыруды қалайды [9]. Осы уақытқа дейін банкирлердің арманы
болып келген, шетелдерде жақсы танымал интернет-кеңселер құру Қазақстанда да жүзеге
аса бастады. Бұл бағытта бірінші болып жұмыс істеп жатқандар – Казком және kaspi bank.
Сонымен қатар нарықтағы шағын ойыншылар да алдыңғы қатарлы инновациялық
технологияларды енгізуде артта қалып отырған жоқ. Мысалы, Kassa Nova банкі 2015
жылдың қаңтарынан бастап My Kassa интернет-банкингінің қолданушылар үшін ыңғайлы
және қол жетімді интерфейспен жаңартылған нұсқасын іске қосқан [4].
Банктік маркетологтар қызмет неғұрлым қол жетімді болса, соғұрлым оған
клиенттің назарын тарту мүмкіндігі жоғары болады. Әлемдік банкингтегі жаңа беталыс –
клиенттің ӛз-ӛзіне қызмет кӛрсетуі. Оған мысал келтіретін болсақ, әлемде жылдан-жылға
контактісіз тӛлемдердің танымалдылығы артып келеді. Visa Europe компаниясының
мәліметтері бойынша 2013 ж. Контактісіз трансакциялардың саны 2012 жылмен
салыстырғанда екі есеге жоғарылаған [10]. Celent (АҚШ) компаниясының жинаған
мәліметтері бойынша 2013 жылы банкке алшақтан мобильді қол жеткізуді 20 млн
тұтынушы пайдаланған екен.
Яғни жақын болашақта жеке тұлғалардың тӛлем операцияларының басым бӛлігі
мобильді құралдар мен Интернеттің кӛмегімен жүзеге асатын болады.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1.
Кокин А. С., Галин Т. Ф. Банковский финансовый маркетинг // Вестн.
Нижегород. ун-та им. Н.И. Лобачевского. – 2011. – № 1. – С. 270–273.
2.
Спрыжков И. Основы организации банковского маркетинга. – URL :
http://www.marketolog
. info/index.php/market/9-banks/52-2010- 12-21-16-40-42
3.
Концепция развития финансового сектора Республики Казахстан до 2030 г.
http://online.zakon.kz/
4.
kba.kz
5.
Дедегкаев В. Е. Банковский маркетинг как механизм развития
предпринимательской деятельности банков.
6.
Новаторов Э.В. Международные модели маркетинговых услуг. Банковские
услуги. № 6.– 2010.
7.
Коэн М. Почему покупатели делают это. – М. : Эксмо, 2008. – 192 c.
8.
Попкова Е. Г, Суворина А. П. Концепции 5Е на рынке банковских
продуктов // Маркетинг в России и за рубежом. – 2009. – № 4
9.
Паклин Н. Б., Уланов С. В. Последовательные шаблоны в банковском
директ-маркетинге // Terra Economicus. – 2009. – Т. 7. – № 2– 3. – С. 99–103.
10.
Часовских В. П., Воронов М. П. Становление концепции «маркетинг 3.0» в
контексте глобализации и развития социальных коммуникаций // Дискуссия. – 2013. –
Вып. 8 (38). – URL : http://www.journal-discussion.ru/ publication.
232
УДК 339
Қазақстан Республикасындағы валюталық нарықтың
ерекшеліктері
Нысанбай Н.К., магистр
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
E-mail
:
nurziyat.01.01.@mail.ru
Валюталық нарықты екi мағынада түсiнуге болады. Бiрiншiден, валюталық нарық -
шетел валюталары мен валюталық құндылықтарды сату және сатып алу барысында
туындайтын экономикалық қатынастарды бiлдiрсе, екiншiден, сұраныс пен ұсыныс
бойынша шетел валюталарының сауда-саттығы жасалатын арнайы жүйенi бiлдiредi.
Валюталық нарық халықаралық есеп айырысудың уақтылы жүргiзiлуiн және валюталық
қаражаттардың тиiмдi жұмсалуын қамтамасыз ете отырып, валюталық курсты анықтауға
сондай-ақ валюталық нарықтағы жағдайға қарай валюталық саясаттың басты бағыттары
мен формаларын айқындауға жағдай жасайды, Кәсiпорындар валюталық нарыққа импорт
бойынша есеп айырысуға қажеттi валюталар сатып алу үшiн және экспорт бойынша шетел
валюталарымен түскен түсiмдерiн сату немесе айырбастау үшiн қатысады.
Валюта нарығындағы сауда-саттық жергiлiктi уақытпен таңертеңгi сағат 9-да
басталады. Оған дайiн валюталық дилер электрондық информациялық жүйе арқылы ӛзге
нарықтардағы курстардың ӛзгерiсi жӛнiнде анықтап тiркейдi. Уақыт айырмашылығымен
байланысты Европа нарығында ендi жұмыс басталса, америка валюта нарығы жабық
болып, азия нарығы ендi жұмысын аяқтап жатады. Валюталық информациялық таблода
/экран агентства Рейтер/ АҚШ долларының ӛзге валюталарға қатысты спот-курсы, алтын
мен күмiстiң бағасы кӛрсетiледi және олар үнемi ӛзгерiп отырады.
Нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қатынастардың дамуы
Қазақстанда валюта нарығының қалыптасуына ықпал еттi. 1992 жылы маусым айында
Қазақстанда банкаралық валюталық биржа (AFІNEX) ашылды. Ол Қазақстанда валюталық
қатынастарды ұйымдастыруға және дамытуға жағдай жасады. Онда валюталарды сату
және сатып алу сұраныс пен ұсыныстың негiзiнде атқарылады.
1995 жылы Қазақстан Алматы қаласында ашылған дилинг-орталық компаниясы
арқылы халықаралық валюталық нарыққа (FOREX) шығу мүмкiндiгiне ие болды. 1996
жылы желтоқсанда ―Валюталық реттеу туралы― Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды. Онда Қазақстан Республикасы аумағында валюталық операцияларды
жүргiзудiң принциптерi мен тәртiбi, валюталық операцияларды жүргiзетiн субьектiлердiң
құқықтары мен мiндеттерi, валюталық заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiктерi
белгiлендi. Валюталық қатынастарды терең түсiну үшiн оған қатысты жекелеген
элементтердiң мәнiн, мағынасын бiлу қажет.
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық
қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталы операцияларға қатысушылардың
валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді
сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді
қамтамасыз ете отрып, ішкі және халықаралық тӛлем айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың ӛзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға
бірдей қабылданған тӛлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда,
кӛрсетілген қызметтер, несиелер, инвистициялар, мемлекетарлық тӛлемдер бойыншы есеп
айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне
айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен
сатылған тауарлар және кӛрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған
экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен кӛлік және кеме компанияларынан алынған
Достарыңызбен бөлісу: |