Алматы экономика және статистика академиясы «Сібір бизнес, басқару және психология институты» мемлекеттік емес жоғары кәсіпкерлік білім беру мекемесі



жүктеу 2,87 Mb.
Pdf просмотр
бет16/119
Дата17.11.2018
өлшемі2,87 Mb.
#20440
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   119

35 
 
Ал  Қытайда  түрлі  инновациялық  орталықтармен  бірігіп,  ұлттық  ғылыми-
технологиялық парктердің негізі қаланды. Олардың қызметтерінің мақсаттары келесідей: 
- ғылыми  және  технологиялық  жетістіктерді  пайдаланып,  ӛнімдер  шығару  мен 
қызметтерді жүзеге асыру; 
- шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту
- ҒЗТКЖ-ларды жүргізуде шағын инновациялық кәсіпорындарға қолдау кӛрсету; 
- қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету
- несиелерге кепілдіктер беру; 
- технологияларды  бағалау,  халықаралық  қатынастарды  қалпына  келтіруде 
қызметтер кӛрсету; 
- зияткерлік меншікті қорғау. 
Қытайдағы инновациялық орталықтар жоғары және жаңа технологиялар сферасын 
қаржыландырудың  негізі  болып  табылады,  яғни  оларды  кәсіпкерлер  мен  жоғары  оқу 
орындарын байланыстыратын «кӛпір» ретінде қарастыруға болады. 
Жапонияға  келетін  болсақ,  бұл  ел  жоғары  технологияларды  дамытудан  алдыңғы 
орындарға  ие  болып  отыр.Жапонияның  ЖІӚ  құрамындағы  шағын  инновациялық 
кәсіпорындар  үлесі  52%-ды  (3  трлн.доллар  шамасында),  капитал  салымдарында-40% 
шамасында,  ал  барлық  жапон  ӛнімінің  экспортында    15%-ды  құрап  отыр.  Осы  жағдайда 
мемлекеттің  рӛлі  ӛте  маңызды.  Жапонияның  кәсіпкерлік  жүйесі  мемлекеттің  негізгі  екі 
жүйесін  қолданады.  Біріншіден,  бұл  мамандандырылған  мемлекеттік  мекемелер  -  бұл 
шағын  инновациялық  кәсіпорындардағы  жиналыс  комиссиялары,  оларды  қолдайтын 
басқарма,  аймақтық  қызметтер,  кіші  префектуралық  органдар,  дамытудың  мемлекеттік 
корпорациясы,  шағын  инновациялық  кәсіпорындар  Академиясы  және  т.б.  Екіншіден, 
қаржылық  кепілдіктер  мен  қаржылық  кӛмек.  Оны  мемлекеттік  қаржылық  корпорация 
жүзеге  асырады.  Оның  құрамында  59  филиал,  ұлттық  қаржылық  корпорациялар,  сауда 
және ӛндірістік корпорациялардың орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындардың 
несиелерін  сақтандыратын  корпорация,  инновациялық  кәсіпорындар  кіреді.  Сонымен 
қатар  Жапонияда  шағын  инновациялық  кәсіпорынды  несиелендірудің  арнайы  механизмі 
қолданылады  және  оны  «жұмсақ  займдар»  деп  атайды.  Яғни  егер  жай  несие  жылына  4-
8%-ға берілсе, «жұмсақ займ» инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындар үшін 
несиені  2-4%-ға  беріледі.  Осымен  қатар  инновациялық  кәсіпорындарды  корпоративке 
біріктіру саясаты да белсенді жүзеге асырылуда. Бұл шағын инновациялық кәсіпорындар 
үшін  тиімді,  ӛйткені  оларға  жаңа  технологияларды  жүзеге  асыру  үшін  жер,  жеңілдікті 
шарттармен  несиелер,  транспорттық  құрал-жабдықтарды  сатып  алу  үшін  қаражаттар 
беріледі[2]. 
Кӛршілес  елдер,  соның  ішінде  Ресейдің  мемлекеттік  инновациялық  қызметті 
қолдаудың  тәжірибесіне  де  баса  назар  аудару  ӛте  маңызды.  Ресейде  инновациялық 
қызметті дамытуға ӛнеркәсіп, ғылым және технология Министрлігі және РФ-сының білім 
Министрлігі жауапты. Сонымен қатар Ресейде мемлекеттік деңгейде ӛткен ғасырдың 90-
жылдардың  басынан  технологиялық  дамыту  қоры,  ғылыми-техникалық  салада  шағын 
кәсіпорындарды  дамыту  қоры,  Санкт-Петербургтегі  ғылыми-техникалық  дамытудың 
аймақтық  қоры  жұмыс  жасап  отыр.  1997  жылдан  бастап  «Ғылыми-техникалық  сферада 
инновациялық қызметті ынталандыру» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. 
Әлеуметтік  зерттеулер  бойынша  облыс  тұрғындарының  басым  кӛпшілігі 
Елбасының жүргізіп отырған саясатын, ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың 
іс-қимылдарын  ықыласпен  мақұлдайды,  сонымен  бірге  нақтылы,  тиімді  нәтижелерін  де 
сезінеді, атап айтқанда, жаңа ӛндірістік нысандар, мектептер, ауруханалар іске қосылып, 
жолдар  салынды,  еңбекақы,  зейнетақы,  әлеуметтік  кӛмек  кӛбейіп,  түрғындардың  ӛмір 
сүру деңгейі жақсара түсуде[3]. 
Инновациялық  қызметтің  шетелдік  тәжірибесін  жалпыласақ,  мемлекеттің 
инновациялық  саясат  шаралары  инновациялар  үшін  қолайлы  әлеуметтік-экономикалық 
ортаны қамтамасыз ететін және инновациялық процестерді тікелей реттейтін болып екіге 


36 
 
бӛлінеді.  Инновацияларды  таратудың  маңызды  жалпы  экономикалық  шарттары  бәсеке 
қабілеттілікті ынталандыру болып табылады. 
 
Қолданылған дереккөздер тізімі 
1  Баймуратов У. «Инвестиции и инновации: нелинейный синтез». - Алматы: БИС, 
2005. -320 с. 
2 Мухамедьяров А.М. Инновационный менеджмент. - М.: ИНФРА-М, 2004. - 127 с. 
3  Қазақстан  Республикасының  Үдемелі  индустриялық-инновациялық  дамуы 
жӛніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  
 
 
 
УДК 338.001.36  
 
Қазақстан экномикасының инновациялық дамуы 
 
Дүржанова Г.Г., магистрант 
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ. 
E-mail: 
Gulnure_2011@mail.ru
 
 
 
Әлемдік  экономиканың  жаһандануы  және  қазақстандық  экономиканың  ашық 
жағдайында  отандық  компаниялардың  ел  ішіндегі  және  шетелдегі  тауарлар  мен  капитал 
нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан 
Республикасының  әрі  қарай  дамуында  тек  ӛндірістің  тұрақтануы  мен  ӛсімі  ғана  емес, 
оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бӛлігі іс жүзінде жобалы 
инновациялық  жүйенің  әрекеттері  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  кез  келген  елдің 
экономикасының  дамуы,  халықтың  рухани  және  материалдық  игіліктерінің  артуы,  ең 
алдымен,  сол  елдің  ғылымы  мен  білімінің,  мәдениетінің  тұрақты  дамуына  байланысты 
екені шындық. 
 
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  күрделі  экономикалық  және  саяси   міндеттерді  табысты 
шешуде  басқа  елдерге  үлгі  болатын деңгейге кӛтерілді.  Қазақстанның  бәсекеге  қабілетті 
елдердің  кӛшбасшылығына  ұмтылуы  заңды  құбылыс.  Ӛйткені,  еліміздің  экономикалық 
әлеуеті  мен  қоғамдағы  саяси  тұрақтылық,  демократияның  дамуы  оған  мүмкіндік  беріп 
отыр.  ХХІ  ғасыр   білімнің,  ақпараттың  жаңа  технологияның  ӛрістеу  ғасыры.  Білімнің, 
ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде кӛптеген  мемлекеттер үшін кӛкейкесті мәселе 
болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары 
білімді  кадрларсыз,  жаһандану  талаптарына  сәйкес  даму  мүмкін  емес.  Осы  мақсатта 
отандық  ғылым  мен  білім  беру  жүйесінің  алдында  тұрған   басты  міндет  –  білім  мен 
ғылымды халықаралық деңгейге кӛтеру. 
 
Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне ӛту процесі халық шаруашылығының нақты 
секторын,  әсіресе,  ең  басты  саласы  болып  табылатын  индустрияны  қайта  құру  мен 
дамытуда  маңызды  да  сапалы  ӛзгерістер  енгізумен  басталды.  Аталмыш  кезеңде 
индустриялық  ӛнімдер  ӛндірісінің  артуы  осы  сала  құрылымындағы  жағымды 
ӛзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия 
мен  азық-түлік  және  текстиль  индустриясы  ӛнімдерін  ӛндіру  және  ӛңдеуге  қатысты 
салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мӛлшерде артты. Жалпы алғанда, қазіргі таңда ЖІӚ 
кӛлемінің  25,6%  мен  халықтың  22,2%-ын  жұмыспен  қамтып  отырған  индустрия 
ӛндірісінде  елдің  шаруашылық  белсенділігі  арта  отырып,  ӛндірістік-техникалық 
потенциалын күшейтерліктей деңгейде жұмыс жүргізіле бастады. 
 
Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан 
мейлінше  аз  шығынмен  алып  шығатын  жол.  Біз  жаңа  технологияларды  игеріп, 


жүктеу 2,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   119




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау