Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 3,56 Mb.
бет12/16
Дата23.11.2018
өлшемі3,56 Mb.
#24332
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
    Навигация по данной странице:
  • Салық

Жасалу күні алдыңғы салық кезеңдеріне келетін операциялар бойынша теріс бағамдық айырманы есептеген кезде салық салу мақсатында операцияның жасалған күні 01.01.2012 ж. болып табылады.

Шегерімге жатқызылатын, 100.20.001-жолға қосымша нысанның I бағаны бойынша белгіленген теріс бағамдық айырманың 4 422 750 теңге мөлшеріндегі жалпы сомасы 100.20.001 F-жолына толықтай көлемінде көшіріледі, өйткені бұл сома Салық кодексінің

102-бабының 3-тармағында белгіленген шекті сомадан аспайды.

100.00.034-жол бойынша Салық кодексінің 103-бабына сәйкес есептелгенде шегінде бюджетке төленген салықтардың сомасы көрсетіледі. Бухгалтерлік есептің деректері бойынша 23 876 623 теңге мөлшеріндегі есептелген салықтар шоттар корреспонденциясымен көрсетілген.

Есептелгендер шегінде төленген, шегерімге жатқызылуға тиіс салықтардың жалпы сомасы 23 706 623 теңге құрайды, оның ішінде:

теңге

Салық

Есептелгені

Төленгені


Шегерімге жататыны

көлікке

200 000

180 000

180 000

мүлікке

900 000

800 000

800 000

әлеуметтік салық

22 557 723

23 576 623

22 557 723

жер салығы

218 900

168 900

168 900

100.00.035-жол бойынша жылдық жиынтық табысты алуға байланысты тағайындалған немесе танылған, 200 000 теңге мөлшерінде бюджетке енгізілетіндерді қоспағанда, шегерімге жатқызылатын айыппұлдардың, өсімақылардың, тұрақсыздық айыптарының жалпы сомасы көрсетіледі. Бұл сома 100.21.001-қосымша нысанның негізінде 100.21-нысанда көрсетіледі. Қосымша нысанның E бағанында келісім-шарт бойынша шарттық міндеттемелерін орындамағаны үшін "Лидер" ЖШС тағайындаған, бухгалтерлік есепте 687-шотпен корреспонденцияланған 821-шоттың дебеті бойынша көрсетілген айыппұлдың 200 000 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі.

100.00.036-жол бойынша 100.00.036А -100.00.036G-жолдардың сомасын қосу арқылы анықталатын амортизациялық аударымдардың, жөндеу шығыстарының және тіркелген активтер бойынша басқа шегерімдердің 25 866 046 теңге мөлшеріндегі жалпы сомасы көрсетіледі.

Құны топтың (ішкі топтың) G бағаны бойынша салық кезеңінің басындағы құндық балансынан асатын, I бағанында көрсетілген тіркелген активтерді өткізген кезде J бағанында топтың (ішкі топтың) салық кезеңі аяғындағы құндық балансы "минус" таңбасымен көрсетіледі. Бұл ретте аталған сома, үйлерді, ғимараттарды және құрылыстарды қоспағанда, J бағанының 001-жолы бойынша жиынтық соманы есептеген кезде ескерілмейді.

100.00.036 А-жолы бойынша 100.22-қосымшаның 100.22.001 E, 100.22.002 E және 100.22.003 Е-жолдарына қосымша нысандардың негізінде белгіленген, негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдардың 14 172 807теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі. Қосымша нысандардың K бағанында Салық кодексінің 110-бабында негізгі құралдардың тиісті ішкі топтарының салық кезеңінің аяғындағы құндық балансына белгілеген амортизациялық аударымдардың нормаларына сәйкес есептелген амортизациялық аударым сомалары көрсетіледі.

100.00.036 D-жолы бойынша 4-топтың 7-ішкі to бының (өтеусіз беру) барлық тіркелген активтері шыққан кезде ішкі топтың құндық балансының 213122 теңге мөлшері көрсетіледі.

100.00.036 G-жолы бойынша жөндеуге жұмсалғ-аң 100.22-қосымшаның 100.22.001 F (723 717 теңге), 100.22.002F (616 555 теңге) және 100.22.003F-жолдарына (10139845теңге) қосымша нысандардың негізінде анықталған шығыстардың 11 480 117 теңге мөлшеріндегі жалпы сомасы көрсетіледі. 100.22.001,100.22.002 және 100.22.003-жолдарына қосымша нысандардың L бағанында салық кезеңінде жүргізілген және Салық кодексінің 113-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын тиісті ішкі топтардың негізгі құралдарын жөндеуге жұмсалған шығыстардың сомасы көрсетіледі.

100.00.037-жол бойынша 100.00.024 -100.00.036-жолдар сомасын қосу арқылы белгіленген шегерімдердің 361385752 теңге мөлшеріндегі жалпы сомасы көрсетіледі.

100.00.038-жол бойынша 100.00.023 және 100.00.037-жолдар сомасының айырмасы ретінде белгіленген салық салынатын табыстың 28378891 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі.

Біздің мысалда 100.00.039-жол толтырылмайды.

100.00.040-жол бойынша 100.00.038 және 100.00.039-жолдар сомасының айырмасы ретінде белгіленген салық салынатын табыстың 28 378 891 теңге мөлшеріндегі жиынтық сомасы керсетіледі, яғни бұл сома 100.00.038-жолдан кешіріледі.

Біздің мысалда 100.00.041 және100.00.042-жолдар толтырылмайды.

100.00.043-жол бойынша Салық кодексінің 122-бабына сәйкес салық салынатын табыстан алып тасталатын шығыстардың (100.00.043А -100.00.043С-жолдар сомасы) 100.00.040 х 2% + (100.00.043 D - 100.00.043 G-жолдар сомасы) -100.00.043Н сомалары шегіндегі 567578 теңге мөлшердегі жалпы сомасы көрсетіледі:

1) 100.00.043А-жолы бойынша Салық кодексінің 122-бабында белгіленген шекте әлеуметтік саладағы объектілерді ұстауға жұмсалған шығыстардың 4354926 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі;


  1. 100.00.043В-жолы бойынша өтеусіз негізде балалар бақшасына бағытталған, 221-шотпен корреспонденцияланған 821-шоттың дебеті бойынша көрсетілген дайын өнімдердің 150000 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі;

  2. 100.00.043С-жолы бойынша жан басына шаққанда орташа айлық табысы кедейлік деңгейінен төмен жеке тұлғаларға берілетің 451-шотпен корреспонденцияланған 821-шоттыңдебеті бойынша көрсетілген атаулы әлеуметтік көмектің 250 000 теңге мөлшеріндегі сомасы көрсетіледі.

Біздің мысалда 100.00.044-жол толтырылмайды.
Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Салық есеп беруін жасау тәртібі

2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация
15-тақырып. Табыс салығы бойынша есеп.

Дәріс мақсаты:Табыс салығы ,алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығымен танысу
Сұрақтары:

1. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есебі

2. Кейінге қалдырылған табыс салығының есебі.

3. Салық төлемдері бойынша үнемдеу.
1. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есебі
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2011 жылғы 12 маусымда №209-ІІ Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды түлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеп шығару (125-бап)

Корпорациялық табыс салығы салық кезеңі үшін Салық Кодексінің 135-бабының 1 -тармағында белгіленген ставканы Салық Кодексінің 124-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа Салық Кодексінің 122-бабына сәйкес жүргізілген түзетулерді ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады.

Аванстық төлемдер сомасын есептеп шығару (126-бап)



  1. Салық төлеушілер Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен аванстық төлемдерді енгізу жолымен салық кезеңі ішінде корпорациялық табыс салығын төлейді.

  2. Салық кезеңі ішінде төленетін корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеуші өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілген нақты салық міндеттемесі сомасын негізге алып, ағымдағы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын ескере отырып есептеп шығарады.

  3. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңдегі аванстық төлемдер сомалары өткен салық кезеңі үшін төленген (есептелген шекте және одан кем емес) орташа айлық аванстық төлемдер мөлшерінде есептеп шығарылады.

  4. Салық төлеуші төлеуге тиіс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңі ішінде тең үлестермен төленеді.

  5. Салық төлеуші корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін жасап, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін салық төлеушінің тіркелген орны бойынша салық органына табыс етеді.

  6. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейін төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін салық төлеуші декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.

  7. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушілер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық кезеңі ішінде төленуге тиіс аванстық төлемдердің болжамды сомасының есебін салық органына табыс етуге міндетті.

  8. Салық төлеуші салық органдарына негізделген жазбаша өтініш берген кезде салық органымен келісе отырып, салық кезеңі ішінде аванстық төлемдер сомасының салық кезеңінің алдағы айлары үшін түзетілген есебін табыс етуге құқылы.

Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады;

Салық базасы деп құқықтық, физикалык базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.

Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.

Қазақстан Республикасындағы салық заңы — мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орай есептеу әдісі бойынша құрылады.

Есепті кезеңдегі салық төлемі салық тиімділігін есепке алу негізінде кейінге қалдырылған міндеттеме әдісімен айқындалады.

Кейінге қалдырылған міндеттеме әдісі бойынша, табыс салығы заңды тұлғалардың табыс алу барысында шеккен шығыны ретінде қарастырылады және ол тиісті табыс туындаған кезеңге есептеледі. Есепті кезеңде туындаған уақытша айырмалардың салық тиімділігі салық төлемдеріне енгізіледі және бухгалтерлік баланста кейінге қалдырылған салық көздері бойынша көрсетіледі. Кейінге қалдырылған салық шоты дебеттік те, кредиттік те болуы мүмкін, бұл ретте дебеттік сальдо - болашақ салықтарды мерзімінен бұрын төлеуді, ал кредиттік сальдо болашақта төленуге тиісті салықтар бойынша міндеттемені білдіреді.

Кейінге қалдырылған міндеттеме әдісіне сәйкес есепті кезеңдегі салық төлемдеріне:

1) төленуге тиіс табыс салығы,

2) есепті кезеңде туындайтын немесе жойылатын уақытша айырмалардың салық тиімділігі,

3) есепті жылдың басындағы кейінге қалдырылған салық түзетуі енгізіледі.

Болашақта салық ставкаларының өзгеруі туралы ақпарат болмаған жағдайда уақытша айырмалардың салық тиімділігі есепті кезеңде қолданылып жүрген салық ставкасы бойынша анықталады.

Салық ставкаларының өзгеруіне байланысты кейінге қалдырылған салықтар сальдосы тиісті түзетуге жатады.

«Кейінге қалдырылған салықтар» шотында дебет сальдосының пайда болуына әкеліп уақытша айырмалар жөніндегі «Кейінге қалдырылған салықтар» шотында көрсетілген дебеттік айналымдар табыс салығы бойынша шығын ретінде танылады, ал уақытша айырмалардың өзі тұрақты айырма болып қайта сыныпталады.

Есепті кезеңдегі салық төлемі салық нәтижесін міндеттемелер әдісімен есепке алу негізінде анықталады.

Міндеттемелер әдісі бойынша табыс салығы заңды тұлғаның табыс алу барысында шыққан шығысы ретінде қарастырылады және тиісті табыс болған кезеңге есептеледі. Есепті кезеңде пайда болған, уақытша айырманың салық нәтижесі салық төлеміне енгізіледі және «Кейінге қалдырылған табыс салығы» тобы бойынша көрсетіледі.

Міндеттемелер әдісіне сәйкес кезең ішіндегі салық төлемдеріне мыналар кіреді:

а) төленуге тиіс табыс салығы;

б) ағымдагы кезеңде туындайтын немесе жойылатын уақытша айырмалардың салық нәтижесі;

в) есепті кезеңнің басында кейінге қалдырылған салықты түзету.

Төленуге тиіс табыс салығы салық заңдарына сәйкес есептеледі. Уақытша айырмалардың салық нәтижесі ағымдағы кезеңде қолданылып жүрген салық ставкалары бойынша уақытша айырмалардың жалпы сомасынан анықталады. Алдағы кезеңге салық ставкалары өзгерген кезде салық нәтижелерін есептеу үшін келесі есепті кезеңге белгіленген салық ставкасын пайдаланады. Кейінге қалдырылған салықты түзету дегеніміз - «Кейінге қалдырылған салық» шотының қалдығын жаңадан белгіленген салық ставкасына түзету нәтижесінде алынған сомалық айырманы білдіреді.

Мысал: A заңды тұлғасы 1991 жылы шаруашылық қызметтің нәтижесінде 4 млн. теңге мөлшерінде табыс алды. Салық салынатын табысты анықтау кезінде амортизациялық қаржы бөлуді анықтау тәсіліндегі айырмашылықтар нәтижесінде туындаған 200 мың теңге уақытша айырма мен бағалы қағаздарды өткізуден болған жабылмаған залал бойынша 600 мың теңге мөлшеріндегі уақытша айырма ескерілді. 1991 жылы салық ставкасы 30 % болды, алайда дәл сол жылы алдағы есепті кезеңге салық ставкасы 35 % мөлшерінде белгіленді. Есепті кезеңнің басында басқа кезеңдерден ауысқан уақытша айырмалардың салық нөтижесі 60 мың теңге (200 х 30) болды. Бухгалтерлік есепте міндеттемелер әдісін пайдаланған кезде табыс салығы бойынша шығыс 1 млн. 190 мың теңге болды.

Төмендегілерді анықтау жөніндегі есептеулер:

а) төленуге тиіс табыс салығы - (4000+600-200) х 30 = 1320 мың теңге;

б) уақытша айырмалардың салық нәтижесі - (600 -200) х 35% =+140 мың

в) кейінге қалдырылған салыққа түзету - (20Ox 35%) -60 = -10 мың теңге.

Бухгалтерлік есептегі жазбалар:

а) салық төлемдерін есептеу бойынша

Д-т «Табыс салығы бойынша шығыстар» 1180 мың теңгв

Д-т «Кейінге қалдырылған табыс салығы» 140 мың теңге

К-т «Төлеуге muicmi ағымдағы табыс салығы» 1320 мық теңге;

б) «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотына түзету енгізу

Д-т «Табыс салығы бойынша шығыстар» 10 мың теңге

К-т «Кейінге қалдырылған табыс салығы» 10 мың теңге

«Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотына уақытша айырмалардың түрлері бойынша талдау есебі мынадай нысандағы ведомоста жүргізіледі:

2011 жылғы уақытша айырмалардың сомасы мен салық нәтижелері есебінің ведомосы

Мың теңге



Уақытша айырмалардың атауы

Жыл бас. сальдо

Түзету

Мыналарға

Айырма

Став-ка

Са-лық

нәти- жесі



Жыл соңындағы сальдо

Сома-

сы


Салық нәти-жесі

Салық табы-сы

Бухг. табыс

Сома-

сы


Салық нәти-жесі

1. Амортиз. қаржы бөлу

2. Жабылмаған

залал

Барлығы



-200
-

-200

-60
-

-60

-10
-

-10

-3600
-

-3600

-3400
-600

-4000

-200
+600

+400

35
35

35

-70
+210

+ 140

-400
+600

+200

-140
+210

+70

Заңды тұлғалар қажет болғанда уақытша айырмалардың салық нәтижесін әр түрі бойынша жеке есептеуіне болады, бұл үшін «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотына субшоттар ашылады. Бұл жағдайда салық төлемдерін есептеу бойынша жазбалар мынадай болады:

Д-т «Табыс салығы бойынша шығыстар» 1180 мың теңге

Д-т «Құнды қағаздарды өткізуден болған жабылмаған

залал бойынша кейінге қалдырылған табыс салығы» 210 мың теңге



К-t «Төленуге тиіс ағымдағы табыс салығы» 1320 мың теңге

k-t «Амортизациялық қаржы бойынша

кейінге қалдырылған табыс салығы» 70 мың теңге

11. «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотының сальдосы әдетте кредиттік болады және болашақта төленуге тиісті салықтар жөніндегі міндеттемені білдіреді. Мұндай міндеттеме салық заңдарының ережелеріне сәйкес шығыстар немесе табыстар бойынша заңды тұлғаға салық төлеуді кейінге қалдыруға мерзім берілген жағдайда туындайды. Технологиялық құрал-жабдық сатып алуға кеткен шығындар мысал бола алады, олар салық салу мақсатында пайдаланылған алғашқы үш жылда азая беретін қалдықтың топтық әдісі бойынша анықталатын амортизациялық қаржы бөлу арқылы шегерімге жатады, ал үш жыл өткен соң шығынның қалған бөлігі кейінгі амортизациялық кезеңнің кез-келген сәтінде шегерімге жатады. Осылайша, бухгалтерлік есепте амортизацияны есептеудің салық есебінде қолданылатын әдісінен өзгеше әдісті пайдалану кезінде заңды тұлға салық төлемдерін кейін төлеуге мүмкіндік алады, ол «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Алайда, «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотында дебеттік сальдо да пайда болуы мүмкін, ол болашақтағы салықтарды мерзімінен бұрын төлеуді білдіреді. Taуарлы-материалдық қорларды таза өткізу құнына дейін ішінара есептен шығару сомасы бұған мысал бола алады. ол бухгалтерлік есепте өздері туындаған есепті кезеңнің шығысы ретінде, ал салық есебінде олар нақты өткізу жүргізілген есепті кезеңнің шығысы ретіңде танылады.

Бұл жағдайда салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыстың арасында жағымды айырма пайда болады, ол бойынша салық нәтижесі «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотының дебеті бойынша көрініс табады.

12. Есепті кезеңнің соңында «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотында дебеттік сальдо пайда болған кезде, қырағылық принципіне сәйкес, мыналарды: дебиторлық қарыздың пайда болу себептерін, оны өтеу мерзімдерін және уақытша айырмаларды жою кезеңінде кейінге қалдырылған салықтың болашақтағы салық төлемдерімен есептемесін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін табыс алу мүмкіндігін талдау қажет. Болашақта қажетті табыс мөлшерін алуға сенімділік болмаса, кейінге қалдырылған салықтың дебеттік сальдосын келесі кезеңге ауыстырмау керек. Бұл жағдайда дебеттік сальдоның пайда болуына әкеліп соғатын уақытша айырмалардың салық нәтижесі есепті кезеңнің табыс салығы бойынша шығыс ретінде танылады.

Мысалы: 1991 жылдың соңына арналған бухгалтерлік баланс бойынша «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шоты бойынша 70 мың теңге мөлшерінде дебиторлық қарыз пайда болған A заңды тұлғасына оралайық. Жүргізілген талдау барысында A заңды тұлғасы дебиторлық қарыздың пайда болу себебі - бағалы қағаздарды өткізуден болған жабылмаған залал бойынша уақытша айырманың тууы болып табылатынын анықтады. Пайда болған залалды өтеуге мүмкіндік беретін, олар өткізу табыс алуға мүмкіндік беретін есепті кезеңде басқа құнды қағаздар болмағандықтан A занды тұлғасы пайда болған дебеттік сальдоны келесі жылдың бухгалтерлік балансына ауыстырмауға шешім қабылдайды. Осы мақсатта бухгалтерлік баланста мынадай жазбалар жасалады:

Д-т «Табыс салығы бойынша шығыстар» 210 мың теңге



К-t «Кейінге қалдырылған табыс салығы» 210 мың теңге

Бұл орайда «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шоты бойынша талдау мәліметтеріне өзгеріс енгізіледі.

13. 2 БЕС-да талаптарына сәйкес кейінге қалдырылған салық ағымдағы ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Кейінге қалдырылған салықтың жіктелуі актив немесе уақытша айырмаға қатысты міндеттеме негізінде жүзеге асырылады.

1991 жылғы уақытша айырмалардың сомасы мен салық нәтижелері есебінің ведомосы




Уақытша айырмалардың атауы

Жыл бас. сальдо

Түзету

Мыналарға

Айырма

Став-ка

Салық

нәти- жесі



Жыл соңындағы сальдо

Сома-

сы


Салық нәти-жесі

Салық табысы

Бухг. табыс

Сома-

сы


Салық нәти-жесі

1. Амортиз. қаржы бөлу

2. Жабылмаған

залал

Жиыны



-200
-

-200

-60
-

-60

-10
-

-10

-3600
-

-3600

-3400
-

-4000

-200
-

-200

35
-

35

-70
-

-70

-400
-

-400

-140
-

-140

Егер уақытша айырма тауарлы-материалдық қорларға жатса, онда кейінге қалдырылған салық ағымдағы міндеттемелер ретінде танылады. Егер уақытша айырмалар негізгі қорларға жатса, онда кейінге қалдырылған салық ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде танылады. Уақытша айырмаларды активпен немесе міндеттемемен байланыстыру мүмкін болмаса, осы уақытша айырма жойылатын уақыт негізге алынады.

Мысал: Заңды тұлғаның есепті кезеңнің аяғында «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шоты бойынша талдау есебінің мынадай мәліметтері болады:




Уақытша айырмалардың атауы

Жыл бас. сальдо

Кейінге қалдырылған салықтың жіктелуі

Сомасы

Салық нәтижесі

Амортизациялық қаржы (негізгі құралдар)

-600

-180

Ұзақ мерзімді

Күмәнді борыштар (дебиторлық қаржы)

-300

-90

Ағымдағы

Құнды қағаздарды өткізуден болған жабылмаған залал (жою мерзімі 5 жыл)

+400

+120

Ұзақ мерзімді

Нарықтың байланысты тараптары арасындағы есептесуде қолданылатыннан төмен баға бойынша тауарлар алудан түскен табыс (ТМШ)

+600

+60

Ағымдағы

Бухгалтерлік баланстағы көрінісі:

Ұзақ мерзімді міндеттемелер:

Кейінге қалдырылған салық (-180+120) 60 мың теңге

Ағымдағы міндеттемелер:

Кейінге қалдырылған салық (-90+60) 30 мың теңге

14. Есепті кезеңде туындайтын уақытша айырмалардың әр түрі бойынша заңды тұлға оларды жоюдың болжамды мерзімін анықтауы қажет, ол кейінгі уақыт кезеңінде нақтыланады. Жоюдың болжамды мерзімін анықтау үшін бухгалтерлік және салық салынатын табыс арасындағы ауытқу сомаларын есептеу қажет, олар кейінгі есепті кезеңдерде уақытша айырмалардың осы түрлері бойынша пайда болады. Бұл мәліметтерді заңды тұлғалар уақытша айырмаларды жою процесінің барысын бақылау мен талдау үшін, сондай-ақ күмәнді болып отырған (құнды қағаздарды өткізуден болған жабылмаған залалдар және т.б.) жою айырмаларын уақытында анықтау үшін пайдаланады.
Корпоративтік табыс салығы. Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 631 "Төлеуге жататын ағымдағы корпоративтік табыс салығы" деген пассивтік шотында жүреді.


Корпоративтіх: табыс салығын төлеушілер

Салық салынатын объектілері

Салық мөлшерлемесі

Салықтық кезең

Заңды тұлға, ҚР резиденттері (бұларға Үлттық банкі мен мемлекеттік ұйымдар кірмейді)

Салық салынатын табыс

20%

Кален-дарлық

жыл



Төлем көзінде алынатын табысқа салынатын салықтар

15%

Заңды түлға, ҚР резиденттері, олар үшін жер өндірістің негізгі құралы болып табылады

Салық салынатын табыс

10%

Кален-дарлық жыл

ҚР тұрақты ұйымдар арқылы, қызметін жүзеге асыратын резиденттер емес, заңды тұлғалар



Салық салынатын табыс

30%

Кален-дарлық жыл

Таза табыс

15%

ҚР-да төлем көзінде табыс алатын резиденттер емес,

заңды тұлғалар



Төлем көзінде алы- натын табысқа салынатын салықтар

15%-марапаттау мен қатысу үлесінен алынған табыстар, дивиденттер;

10%- тәуекелділіктен сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін, сақтандыру пайдасы;

5% - тәуекелділіктен қайта сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін, сақтандыру пайдасы;

5% - Халықаралық тасымалдауда транспорттық қызмет көрсетуден түскен табыс;

20%- басқа да табыстар





Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің (тұрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:

Салық салынатын табыс = Жылдық жиынтық табыс - Шегерімдер



Жылдық жиынтық табысқа: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге: өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да сатудан тыс түскен кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден.алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б. жатады.

Салық төлеушілер жылдық жиынтық табысынан мыналарды шығарып тастау керек:



  • дивиденттер, ҚР заңды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем көзінен ұсталғандары;

  • кәсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;

  • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатқаннан түскен табыстары;

  • әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда, гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы бойынша пайдаланылса;

  • мемлекеттік кәсіпорындардан тегін негізде алынған негізгі құралдардың құны;

  • зейнетақымен қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сәйкес алынған инвестициялық табыстары.

Заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан оны алуға байланысты барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы қорларға салынған шығындар.

Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни жылдық жиынтық табысын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім жасалады. Бұл шығыстары сол өзінің жасалған салықтық кезеңінде шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары косылмайды.



Жылдық жиынтық табысынан келесі шегерімдер жасалады.

Қызмет бабымен іс-сапарға кеткен шығындары және өкілеттік шығыстары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде шегеріледі:



  • іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты шығындары (билеттің құны), сондай-ақ броньға жасалған шығындары жатады;

  • шетелдік іс-сапарда жүрген кезіндегі тәулік шығындары Қазақстан Республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.

Алынған сыйақы (мүдде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады: Сыйақы қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен депозиттер жатады.

-несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса (немесе орналастырылса), онда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен қайта каржыландырудың 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесі бойынша шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ал ол шетел валютасында берілген (немесе орналастырылған) болса, онда ол Лондонның банкаралық рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың шегінде шегерілуге тиіс.

Жоғарыдағы шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы да шегерімге жатады:


Заңды тұлға-

резиденттеріне

төлейтін, марапаттау

және шегерімге

жатқызуға болатын

сомасы


=

Төлеу көзінен

ұсталынған

марапаттау

сомасы


*


Төлем көзінен ұсталатын

табыс салығының



мөлшерлемесі( 15%)

Корпоративтік салығының

мөлшерлемесі (20%)

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондонның банкаралык, рыногының депозиттерді, бағалы қағаз қарыздарды, мүліктерді, сондай-ак, несиені (қарызды) рәсімдеу кезіндегі мөлшерлемесі пайдаланады.

Келісім-шартқа сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын есептеу кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның) нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.

Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім. Егер де бұрындары күмәнді деп танылған табысты салық төлеуші кредиторға төлесе, онда оның сол төленген деңгейінде шегерім жасауға рұқсат етіледі.

Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы -негізінен Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және жеке кәсіпкерлері көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға-резидент еместердің де және үш жылға дейін талабын канағаттандырмаған кезде, немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот деп таныған жағдайда шығады.

Резервтік (провизиялык,) қорларға аударымдар бойынша шегеріс жасау. Өз қызметін заңдарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтік немесе провизиялық қорына) аударылған аударымдар сомасын шегеріп тастауға құқығы бар. Тап осындай құқықтар банктерге де, ұйымдарға да берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері, несиелері, (қаржылық лизингіні қоспағанда), дебиторлық қарыздары, аккредетивтері үшін жасалуы мүмкін. Бұл операцияларды күмәнді категориясына жатқызу тәртібін және жағдайын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі осы жағдайға өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың келісімі бойынша анықтайды.

Ғылыми-зерттеу, жобалық және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына жасалған шығындар бойынша шегерім жасау. Негізгі құрал-жабдықтарды алу, оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан басқа, табыс алумен байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибеде-конструкторлық жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша ұстап қалуына болады. Аталған шығынды шегеруге жатқызу үшін жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар бойынша негізделуі керек.

Сақтандыру жарналары (пайдасы) бойынша шығыстарға шегеріс жасау. Жинақтау және қайтарым сипатындағы шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін коспағанда, сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушылар төлеген сактандыру жарнасын шегере алады. Бірақ сақтандыру қызметі Қаржы Министрлігінің қадағалауында болады. Банкі жүйесі де осы процесске катысты болғандықтан, оларды календарлық, қосымша және төтенше жарнасын шегеріске жатқызуына кұқысы бар.

Әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар бойынша шегерімдер. Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуына және бала тууына байланысты демалысқа ақы төлеу жөніндегі шығыстарын есепті кезеңде шегере алады. Қызметкерлердің денсаулығының зақымдауына байланысты (мертігу т.б.с.с.) келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да заңдарда белгіленген мелшерде шегерілуге тиіс.

Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеулерге және өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсалған шығыстар. Жер байлығын зерттеу, барлау және пайдалы қазбаларды алуға даярлық жұмыстарына шыққан шығындар, бағалау, жасақтау, жалпы әкімшілік шығындар және қол қойылған бонустарды, коммерциялық табу бонусын төлеуге байланысты шығандарды қоса алғанда, жылдық табыс жиынтығынан амортизациялық аударым түрінде ұстап қалуға жатады және ол жеке топты құрайды, бірақ амортизациялық нормасының шегі 25 пайыз деңгейінен аспауы керек.

Геологиялық зерттеу жұмыстары жасалған контракт аясында жүзеге асады, ол кезде олардың:


  • пайдалы қазбаларды сату кезінде алынған табыстары;

  • жылдық табыс жиынтығынан түзету ретінде алынып тасталатын табыстар жеке көрсетіледі, тасталған табыстары қосылмайды.

Теріс бағамының айырмасы бойынша шегерім жасау салық төлеушінің оң бағамының айырмасынан алатын табыс сомасымен шектеледі және осыған салық салынатын табыстың 50% деңгейін қосады, ал салық салынатын табыс өз кезегінде жылдық жиынтық табыспен салық төлеушінің бағамдық айырмасы бойынша шығыстар мен табыстарын коспай алынған шегерім сомасының айырмасынан шығады.

Ескерілмей қалған теріс бағамының сомасы келесі салық кезеңінің шегеріміне жатқызылуы мүмкін. Құрылысқа алынған кредиттер (заемдар) бойынша теріс бағамдық айырмасы құрылысты жүргізу кезеңінде төлем жасау барысында пайда болады, онда ол объектінің құнына қоса алынады.

Айыппұлдар да, өсімдер де, олардың танылуына қарап шегерімге жатқызылуы мүмкін, тек мемлекеттік бюджетке жататындардан басқасы.

Салықтарды шегеріс жасау. Бұл жерде мемлекеттік бюджетке есептелген шегіндегі төленген салық шегеруге жатады, яғни жылдық жиынтық табыс анықталғанға дейінгі салықтар; Қазақстан Республикасының аумағында және басқа мемлекеттерде төленген табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ .үстеме пайданың салықтары (яғни кәсіпорын рентабельді болған сайын, одан ұсталатын салықтың да деңгейі темендейді). Сонымен қоса, өткен кезеңдер үшін ағымдағы салық кезеңінде төленген салықтар да шегерілуі тиіс.

Ағымдағы салықтық кезеңде өткен кезеңдер үшін төленген салық қай кезеңде төленсе, сол кезеңнің шегеріміне жатқызылады.

Тіркелген активтер бойынша шегеріс жасау. Тіркелген активтерге-салық телеушінің бухгалтерлік балансында ескерілген және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер жатады.

Негізгі құрал-жабдықтардың мынадай түрлеріне амортизациялық аударылымдар есептелінбейді: жер; өнім беретін ересек малдар; мұражай құндылықтары; сәулет және өнер ескерткіштері; жалпы жұрт пайдаланатын автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, скверлер; аяқталмаған курделі құрылыс; фильм қорына жататын объектілер; бұрындары толығымен шегеріске жатқызылған негізгі құрал-жабдықтардың құны; инвестициялық жобалардың шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар.

Амортизациялауға жататын негізгі құралдар өздеріне тиесілі шектеулер мөлшерлемесімен есептелінеді. Амортизацияның мүлік түрі бойынша шектелген мөлшерлемесі "Негізгі құралдардың есебі" тарауында келтірілді.

Салық төлеуші өз еркі бойынша басқа да шектеу мөлшерлемесін қолдануына құқылы, бірақ ол қойылған (белгіленген) шектен жоғары болмауы керек. Өндірістік мақсат үшін өз күшімен салынған құрылыстардың шығыстары және өндірістік мақсатта үш жылдан кем емес пайдаланатын технологиялық құрал-жабдықтардың құны; салық телеушінің еркі бойынша амортизациялау мерзімінің кез-келген сәтінде қалған амортизацияның шегінде шегеріс жасай алады.

Ғимараттар, кондырғылар, кұрылыстар объектілері бойынша амортизациялық аударымдар жеке анықталады. Салықтық кезеңнің соңына топ ішіндегілері бойынша баланстың кұны анықталады:



Салықтық кезеңнің

басына топ ішіндегілердің баланстық құны (өткен

салық кезеңінің

соңындағы топ ішіндегілерінің баланстық құны, амортизациялық аударым сомасының азайғаны, жөндеу

жұмыстары

жүргізілгендері және

есептен шыққандары

ескеріліп, жасалған

түзетулері)

+


Салықтық кезеңде келіп

түскен тіркелген активтер мынадай құны бойынша:

алынған құны - бастапқы

құнынан алуға байланысты шығыстар, өндіру, салу, монтаждау және орнату шығындары кіреді;

жарғылық капиталына салым ретінде алынған - құны бойынша, азаматтық заңға сәйкес анықталады;

тегін алынған - бастапқы

құны бойынша, алыс-беріс

актісі бойынша анықталады,

бірақ нарықтық құнынан

жоғары болмауы тиіс


_


Салықтық кезеңде есептен

шыққан тіркелген активтер мынадай құны бойынша:

сату және қаржылық

лизингке берген кезінде - сату құны бойынша;

жарғылык, капиталына салым ретінде берген кезде-

бастапқы құны бойынша,

азаматтық эаңға сәйкес

анықталады;

есептен шығарған,

жоғалтқан, бүлінген кезінде

(егерде сақтандыру қоры бар

болса) - құны төленген

сақтандыру сомасынан

алынады, яғни сақтандыру

келісімшартына, сақтандыру

ұйымдарының төлеген сомасы

бойынша анықталады;

есептен шығарылған,

жоғалтқан, бүлінген кезінде

егерде сақтандыру қоры жоқ

болса) - баланстық құны

бойынша;

тегін берген кезде -

баланстық құны бойынша



Жарғылық капиталға салым ретінде алынған, тегін алынған, сатып алынған кезде, олар келіп түскен негізгі кұралдардыңбаланстық құнын өсіреді. Ал есептен шыққан кезде, олар сол баланстық кұнын төмендетеді.

Қаржылық лизингіге берілген (қаржылық лизингі бойынша) тіркелген активтердің лизингі алушының ішкі тобы бойынша баланстық құны есептелінеді.

Қаржылық лизингіге берместен бұрын тіркелген актив баланстық кұнында көрсетілген болса, онда оны берген кезде лизингі беруші өз балансынан азайта алады.

Жөндетуге жұмсалатын шығыстар бойынша шегерімдер. Шегерім әрбір ішкі топқа кіретін негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша әрбір ішкі топқа қатысты рұқсат етіледі. Әрбір ішкі топ бойынша негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар сомасы ішкі топтың салық жылының аяғындағы құндық балансының кесте бойынша пайызының шегінде шегеріледі. Аталған шектен асатын сома ішкі топтың баланстық құнын арттырады. Егер ол Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден алынған субсидиялардың есебінен жүргізілген жөндеу болса, онда олардың баланстық құны арттырылмайды және шығыстар шегерімге де жатпайды.

Салық салынатын табысты анықтаған кезде жылдық жиынтық табыстан келесі шығыстар шегеруге жатпайды:


  • жылдық жиынтық табысты алумен байланысты емес шығыстар;

  • күрделі сипаттағы шығыстар, яғни тіркелген активтерді салуға және сатып алуға кеткен шығыстар;

  • мемлекеттік бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімдер;

  • жылдық жиынтық табысты алумен байланысты болса да, бірақ Салық Кодексінің белгіленген нормасынан артық болса, онда ол шегерімге жатқызылмайды;

Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген, нормадан жоғары, төлеуге (төленуге) жататын міндетті бюджет төлемдерінің басқа да сомасы;

- кәсіпкерлік кызметте пайдаланбайтын, құрылыс объектілерін салу, пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары;



  • тегін берілген мүліктердің, жұмыстардың, қызметтердің құны.

Кәсіпкерлік қызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық жиынтық табыстан асып кетсе), сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланған ғимараттардан, қондырғылардан тартқан зияны салық төлеушінің келешектегі табысының есебінен өтеу үшін үш жылға дейін төлеу мерзімі кейінге қалдырылады.


2. Кейінге қалдырылған табыс салығының есебі.
Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 632 "Кейінге қалдырылған табыс салығы" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.

Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп стандарттармен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық кызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.

Бұл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жылдық жиынтық табыстан (негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезіндегі құнның, сондай-ақ ақша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік қызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.

Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің теңдігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады.

Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық эффектісі (тиімділік) туындайды.

Уақытша айырма (немесе уақыт бойынша сәйкессіздіктер) - бұл есепті кезеңдегі салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыстың арасындағы айырмалар, бұл айырма табыс пен шығынның кейбір көздері салық салынатын табысқа енгізілетін кезең олар бухгалтерлік есепке енгізілетін кезеңмен сәйкес келмеуі себепті туындайды.

Тұрақты айырма – бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі кезеңдерде жойылмайтын салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табыстың арасындағы айырмалар.

Уақытша айырмалардың салық тиімділігі - бұл туындаған уақытша айырмалардың нәтижесінде алдағы кезеңде төленуге тиісті немесе ағымдағы кезеңде алдын ала төленген салық төлемдерінің сомасы.


Тұрақты айырмашылықтар — бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылықтар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылықтар.

Тұрақты айырма ретінде келесі мысалды келтіруге болады:



  • жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейнге абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;

  • бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;

  • нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді;

  • қоршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтық табыстан шегеруге жатпайды;

  • марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі;

- несие бойынша, соның ішінде қаржылық лизингі бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландыру коэффициентінің 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық банк аралық нарықтың 2 есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.

Жоғарыда келтірілген шектеулерге қосымша, шегеруге жататын несие (қарыз) бойынша марапаттаудың жоғарғы сомасы, келесі сомада шектеледі:




Шегеруге

жатқызылатын және

заңды тұлға-резиденті

төлейтін марапаттау

сомасы


=

Төлеу көзінен

алынатын,

марапаттау

сомасы


*


Төлем көзінен ұсталатын

табыс салығының



мөлшерлемесі( 15%)

Корпоративтік салығының

мөлшерлемесі (30%)





  • сақтандыру пайдасы бухгалтерлік есепте ешқандай шектеусіз шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — ол шегеруге жатпайды, егер ол шегеруге жатқызылған жағдайда класы бойынша өкілетті органдардың белгілеген шегінде ғана жүзеге асуы мүмкін;

  • кәсіпкерлік қызметінде пайдаланбайтын объектілердің пайдалануы мен күтіп- ұстау шығыстары бухгалтерлік есепте толық көлемінде шығыс ретінде есептелінеді, ал ол салық есебінде шегерімге жатпайды.

  • және басқа да шығыстары.

Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде басқа есептік кезеңде есептелінеді. Сондықтан бірінде болған айырма, екіншіде жойылады. Мысалыға:

- материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша жасалатын амортизациялық аударымдар.

Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебінде тек қалдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ақ екі есептің пайдаланатын нормасы да әрқилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін;

- бухгалтерлік есепте негізгі құралды жөндеу шығындарын толық келемде алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады;



  • 15% асқан сомасы негізгі құралдың құндық балансына қосылып, одан амортизация сомасы есептелінеді, яғни салық салынады. Бухгалтерлік есепте тап бұндай операциялар көрініс таппайды.

- бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есепте есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Салық есебінде аталған зиянды құнның өсімінің есебінен жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабылмаса, онда оның жабу мерзімін үш жылға дейін созады;

- салық бойынша шығыстар (корпоративтік салығын, табыс салығын қоспағанда) бухгалтерлік есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде — шегерімге тек төленген салық қана алынады;

- теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады, салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер қойылады, ал шектеулердің сомасын мынадай жолмен анықталады:


жүктеу 3,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау