Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет297/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   420

601 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



бизнестің негізгі түрі болып табылмайтын банктерде факторингтік операциялармен әдетте 

несие бөлімдерінің мамандары айналысады. Әдетте, олардың сәйкес білімі мен біліктілігі 

жоқ, олар несиені дұрыс көреді, факторингке қаражат салуды оның күрделілігіне, соның 

ішінде  бухгалтерлік  есеп  тұрғысынан  күрделілігіне,  сондай-ақ,  олардың  пікірінше, 

операциялардың тәуекелділігінің жоғарылығына байланысты тиімсіз деп есептейді [3, 41-

49 


б.]. 

Қазақстандағы  факторингтік  қызмет  көрсету  рыногын  дамытудың  келесі  маңызды 

бағыты  факторинг  компанияларының  қызметін  диверсификациялау  болып  табылады. 

Факторингтік операциялардың басқа дәстүрлі емес қызмет көрсетулермен үйлесімі соңғы 

кездерде коммерциялық банктердің инвестициялық қаржы институттарына тән қызметтері 

ұсынуының  күрт  жоғарылауымен  байланысты.  Бұларға  мыналар  жатады:  бірігуге 

тартымдырақ  нысаналарды  анықтау;  басқа  компаниялардың  сатып  алуларын 

қаржыландыру;  клиенттің  бағалы  қағаздарымен  операциялар  жүргізу  (мысалы,  бағалы 

қағаздарды  сақтандыру);  маркетинг  стратегиясын  әзірлеуде  кеңес  беру;  пайыздық 

қойылымдар мен дүниежүзілік валюталар бағамының тербелісімен байланысты тәуекелді 

хеджирлеу  жөніндегі  қызметтерді  ұсыну.  Осыған  байланысты,  біздің  пікірімізше, 

факторинг  компанияларының    мынадай  бағыттары  перспективалы  болып  табылады: 

кепілдемелер  мен  кепілдіктер  ұсыну;  тәуекелді  (венчурлық)  несиелеу  (жеткізушінің 

акциясына  инвестициялау  және  жедел  несиелер  ұсыну);  сақтандыру  қызметтерін  сату; 

факторинг  компаниялары  агенттік  (көтерме)  факторинг  туралы  мәміле  немесе  шот-

фактураларды есепке алу туралы мәміле жасасқан жеткізушілерге де, өздерімен келісім-

шарттық  қатынастармен  байланысты  емес  кәсіпорындарға  да  (соның  ішіндеірі 

компаниялар мен ТНК) кеңес беру қызметтерін көрсету; жеткізушілердің өткізулері мен 

несиелерін  жоспарлауларына  көмектесу;  рынокқа  қатысушылардың  төлем  қабілеттілігін 

бағалау,  оларды  дәстүрлері,  салттары,  рыноктағы  өкілеттілігіне  қатысты,  құқықтық 

аспектілері  мен  рынокқа  бақылау  жүргізетін  органдары  туралы  ақпараттар  беру; 

аутсорсинг;  сот  және  салық  органдарындағы  ұсынылуы;  РR-акциялар  мен  жарнамалық 

кампаниялар  өткізу,  соның  ішінде  бірлескен  семинарлар  мен  конференциялар  өткізуді, 

мақалалар жариялауды және басқаларды қоса алғанда. 

Осылайша,  қазақстандық  факторинг  рыногы  факторлар  арасындағы  қатаң 

бәсекелестік  күрес,  олардың  ұсынылатын  қызмет  жиынтықтарын  диверсификациялауға 

және қызмет көрсету сапасын арттыруға тырысуларының ықпалымен недәуір өзгерістерге 

ұшырауда.  Бұл  факторингтің  (ұлттық  және  халықаралық)  құқықтық  базасын  одан  әрі 

жетілдірусіз,  сондай-ақ  факторингтік  операциялар  жүргізу  мен  оларды  бухгалтерлік 

есепке алу тәжірибесін біріздендірусіз мүмкін емес. 

Осылайша,  қазақстандық  факторинг  рыногының  негізгі  бағыттары  мыналар  болып 

табылады: 

–  2015-2016 

жылдары  факторингтік  қызмет  көрсету  үшін  экономиканың  басым 

бағыттарын дамыту; 

– 

факторингті  кең  масштабта  қолдану,  оның  барлық  потенциалын  басқарушылық 



потенциалын және банктер мен фактор-фирмалар тарапынан клиентурамен аналитикалық 

жұмыстар жүргізуді сапалық тұрғыдан жақсартуды ескере отырып іске қосу; 

–  

халықаралық  факторингпен  қатар  факторингтік  қызмет  көрсету  (ең  әуелі, 



консалтинг)  аясында  қамтамасыз  етілетін  қызмет  көрсетулер  спектрін  недәуір  дамыта 

отырып, ішкі факторингті де дамыту; 

–  

күнделікті  әрекетке  банктердің  факторингке  мамандандырылған,  өзін-өзі 



қаржыландыру негізінде жұмыс істейтін, сондай-ақ ұйымдарда факторингтік операциялар 

жүргізуге мамандандырылған бөлімшелерін кеңінен енгізу; 

–  

факторинг тәжірибесіне бизнесті программалық жарақтандыруды біртіндеп енгізу, 



оны үнемі жетілдіріп отыру да өте маңызды, ол, жекелеп алғанда, шығындарды азайтып, 

жинақтарды өсіруге ықпал етеді; 




602 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



– 

факторинг  тәжірибесінің  құқықтық  негізін  де,  оны  біртіндеп  жетілдіруге  кедергі 

келтіретіннің бәрін жоя отырып, үнемі жақсартып отыру қажет; 

– 

факторингтік  операцияларды  жүзеге  асыру  барысында  бағалаудың  скорингтік 



жүйесін пайдалану және несие тарихы бюроларының жұмыс істеуі; 

– 

факторинг  компанияларының  қызметін  диверсификациялау.  Оның  мәні 



факторингтік  операциялардың  басқа  дәстүрлі  емес  қызмет  көрсетулермен  үйлесімінде 

болып табылады;  

–  

факторингтің  (ұлттық  және  халықаралық)  құқықтық  базасын  одан  әрі  жетілдіру, 



сондай-ақ  факторингтік  операциялар  жүргізу  тәжірибесін  және  олардың  бухгалтерлік 

есебін біріздендіру; 

–  

Қазақстандық  экспортшылардың  сәйкес  елдерге  экспорттық  факторинг  қызметін 



көрсетулерін  белсендіре  түсу  үшін  жұмыс  істейтін  фактораралық  келісім-шарттарға  қол 

қою қажеттігі; 

–  

Қазақстандық қаржы рыногында факторингті сақтандыру қажеттігі [4]. 



Қолданылған дереккөздер тізімі 

1. 


Таипов Т. Факторинг на товарном рынке Казахстана // Экономика и статистика. – 

Алматы, 2015. – №5. – С. 70-72 

2. 

Савельев В.М. Финансы. 2015. – №2. – С. 48-50. 



3. 

Пятанова В.И. Современные аспекты международного факторинга //  Финансы и 

кредит. 2015. – №5, май. – С. 41-49. 

4. 


www.afn.kz

  

 



 

 

Қазақстан Республикасындағы банктердің бәсекеге қабілеттілі 

 

Серикболова М.М., Манап А.С. 



Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ. 

 

Қазіргі  банк  жүйесі  –  бұл  кез  келген  дамыған  мемлекеттің  ұлттық 



шаруашылығының  аса  маңызды  саласы.  Оның  тәжірибелік  рөлі,  оның  мемлекеттегі 

төлемдер  мен  есептерді  басқаруымен;  өзінің  коммерциялық  келісімдерінің  көп  бөлігін 

салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен; басқа да 

қаржылық  делдалдармен  қатар,  банктер  халықтың  сақталымдарын  фирмалар  мен 

өндірістік  құрылымдарға  бағытталуымен  анықталады.   Коммерциялық  банктер 

мемлекеттің  қаржылық-несиелік  саясаты  бойынша  әрекет  ете  отырып,  айналымдағы 

эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып жалпы массаның айналым жылдамдығына 

әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы – бұл 

инфляция  қарқынының  төмендеуінің  кепілі,  баға  деңгейі  тұрақтылығының  қамтамасыз 

етілуі және   оған  қол  жеткізілген  жағдайда  нарықтық  қатынастар  халық 

шаруашылығының 

экономикасына 

ең 

тиімді 


түрде 

әсер 


етеді. 

[1]    


Қазақстанның жеке банк жүйесі 1990 жылдың желтоқсанында егемендік алғаннан кейін 

пайда болды. 1991 жылдың қаңтарында еліміздің банктік реформасының бастауы болып 

табылған банктер мен банк қызметтері туралы алғашқы заң қабылданды. Республикалық 

Мемлекеттік банк облыстық басқармалар мен бөлімдерімен Қазақстан Республикасының 

Ұлттық  банкі  болып  құрылды.  1993  жылы  акционерлік-коммерциялық  банктер 

акционерлік  банктер  болып  қайта  құрылды,  ал  Сбербанк  Қазақстан  Республикасының 

Халық 

банкі 


болып 

атауы 


өзгертілді.   

1995  жылғы  31  тамыздағы  №2444  «Банктер  мен  банк  қызметтері  туралы»  Қазақстан 

Республикасының  Заңының  3-бабына  сәйкес,  Қазақстан  Республикасының  екі  деңгейлі 

банк жүйесі бар/5/. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және банк 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау