70
Кәсіпорындағы ӛндірілетін ӛнім мӛлшері мен оның бағасы туралы шешім
қабылдау оған деген
сұранысқа байланысты. Сұранысқа талдау жасау үшін рынокта тауар бағасын бірде-біреуі
бақылай алмайтын кӛптеген сатып алушылар бар деп ұйғарайық.
Жеке сұраныс дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімі ішінде тұтынушының қалайтын
және әр түрлі бағамен сатып ала алатын тауар саны.
Сұранысты ӛнімнің нақты бағасына қатысты сұраныс кӛлемімен шатастырмау керек.
Жеке сұраныс мөлшері бұл белгілі бір уақыт мерзімі ішінде тұтынушының қалайтын
және нақты бағамен сатып ала алатын тауар саны.
Әр тұтынушының жеке сұранысы бір-бірінен ерекшеленеді. Олардың әр қайсысы рынокқа
ӛз үлесін қосып, рыноктық сұраныстың бір бӛлігін құрайды.
Рыноктық сұраныс деп барлық тұтынушылардың белгілі бір уақыт мерзімі ішінде
қалайтын және әр түрлі бағамен сатып ала алатын тауар саны.
Сұраныс мӛлшері мен тауар бағасы арасындағы байланыс
сҧраныс заңы деп аталады.
Сұраныс заңы бойынша басқа да қалыпты жағдайда тауар бағасы жоғары болған сайын
тұтынушылар ол тауарды аз сатып алады. Егер сұраныс кӛлеміне әсер ететін басқа факторларды
ӛзгермейді деп есептесек, онда бағаға байланысты сұраныс функциясы келесі түрде болады:
Q = Q
D
(P),
P-тауар бағасы,
Q-сұраныс шамасы,
Q
D
(P)-сұраныс функциясы
Бұл функция сұраныс функциясы, ал оның графигі
сҧраныс қисығы (1-сурет)
деп
аталады.
Бағаға байланысты сұраныс функциясын үш түрлі тәсілмен беруге болады:
а) кестелік
P, баға
Q,
сұраныс
кӛлемі
1
100
2
70
3
50
4
40
71
5
20
б) графиктік
D
Q
1-сурет. Сұраныс қисығы
в) аналитикалық
P
b
a
Q
d
(мысалы,
P
Q
d
2
5
)
Сұраныс қисығы бойымен қозғалыс басқа қалыпты жағдайда сұраныс кӛлемінің ӛзгеруін
кӛрсетеді. Сұраныс мӛлшері мен тауар бағасы арасында кері байланыс бар. Бұл кері байланыстың
себебінің бірі – шектік пайдалылықтың біртіндеп кему заңы. Тауардың әрбір қосымша бӛлігі
алдыңғысына қарағанда тұтынушыға азырақ пайдалылық алып келеді. Осыған байланысты
тұтынушы қосымша бірлік үшін аз тӛлеуге ғана келіседі. Тұтынушының бұл әрекеті сұраныс
заңына келіп саяды: «тауар кӛп болған сайын сұраныс бағасы да тӛмен». Сондай-ақ, бағаның ӛсуі
тауарды азырақ сатып алуға итермелейді. Ол келесі себептермен түсіндіріледі:
а) бірін-бірі алмастыратын тауарлардың болуы (кофе-шай, сары май-маргарин сияқты
субститут-тауарлар), қымбаттаған тауарды басқасымен ауыстыру мүмкіндігі;
б) тауар бағасы ӛскен кезде нақты табыс тӛмендеп, аз мӛлшерде сатып ала алады.
Тауарға деген сұраныс тұрақты емес. Тұтынушының тауарға қатысты әрекетіне әсер ететін,
бағалық емес факторлар да бар. Олар:
1.
Тҧтынушылар табысы (I, income). Тұтынушылар табысы артқан кезде қалыпты
тауарларға деген сұраныс артады (сұраныс қисығы оңға және жоғары жылжиды), ал табыс
тӛмендегенде сапасы тӛмен тауарларға сұраныс азаяды (сұраныс қисығы солға және тӛмен
жылжиды).
2.
Тҧтынушы талғамы (T, tastes). Тұтынушы белгілі бір себептерге байланысты (күшті
жарнама, сәнді киім, музыка т.б.) тауарларды қалаған жағдайда кез-келген бағада оны кӛп