112
4. РЕСПОНДЕНТТЕРДІҢ ОРНАЛАСУ ОРЫНДАРЫН
КАРТАЛАУ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Балаларға аудан карталары таратылды, әр жауап берушіге 1
картадан, картадан келесі деректерді белгілеу ұсынылды:
- серуенге арналған жақсы көретін жерлер
- жақсы көретін бағыттары
- қауіпті/жақсы көрмейтін жерлер
- шекаралар
Бұл тапсырманы орындауға балалар шығармашыл
түрде келді, алайда олардың көпшілігі картаны алғаш рет
қолдарына ұстады, картада бағыттауды үйренді. Осы немесе
басқа белгілерді таңбалауға арналған тсүтерді және толтыру
форматын
өз бетінше таңдады, сондықтан, өз белгілеріне әр
ауданда тәжірибе жасай отырып. Біз деректерді электрондық
түрге ауыстыра отырып, балалардың картамен жұмыс тәсілін
барынша сақтауға тырыстық.
Жиналған деректердің барлығы біркелкі бола бермейді.
Бірнеше тармақтар бойынша балалар бір емес, бірнеше
объектіні белгіледі, немесе жауап беруге қиналып, немесе
картадағы
жерді таба алмай, мүлдем белгілемеді (бұл картамен
жұмыс істеу кезіндегі қиындықтардың салдарынан, масштабты
түсіну және т.б. бойынша әсіресе 7 - 9 жастағы балаларға
қатысты).
Біздің жоба өз алдына оқыту мақсаттарын қойған жоқ,
сондықтан біз деректерді балалардың тапсырманы жердің
картасын түсінуге сүйене отырып берген түрінде қабылдадық.
Зерттеудің осы бөлігіндегі әдістемелік шектеу жауап берушілердің
картамен жұмыс істеу бойынша дағдыларының жеткіліксіздігі
болды, бұл алынған деректердің тазалығына әсер етті. Дегенмен,
бұл жұмыста мысалы «менталды картаның» құндылығы бар –
балалардың шекараларды қалай көретіндігі және түсінетіндігі,
олардың олар үшін маңызы бар - жоқтығын, «жақсы көретін»
және «қауіпті» жерлерді бөлетін - бөлмейтіндерін, бағыттарды
қандай жолмен құратындығы туралы түсінік.
1 - карта. Қаланың солтүстік
бөлігіндегі шағын аудан
Мұнда белгілердің ең жоғары рейтингісімен жақсы
көретін орындардың көбі шоғырланған саябақтар/гүлбақтар
болды (футбол алаңы – А, турниктер – Б, ойын алаңдары - Г).
Бір қатысушы саябақ аумағында ашық бассейннің (Д) болуын
армандайтынын атап өтті. Сонымен бірге, бірқатар қауіпті
орындар да белгіленді – бұлар саябақтар аумағындағы
«қараусыз қалған жерлер» және саябақтар арасындағы
жаяужолдар.
Тұтас алғанда, жауап берушілер жаяу жүретін бөлікпен
байланысты әртүрлі жерлерді қауіпті деп есептейді – бұл
реттелмейтін қиылыстар, кең төрт жолақты көшелер және
жанармай құю орны (Д).
Серуендеу шекараларын тек ересек жас санатындағы
үш
жауап беруші ғана белгіледі, қалғандары жауап беруге
немесе карта бойынша бағдарлаудан қиналды.
2 - карта. Жаңа тұрғын үй массиві
Бұл локацияда картаны толтыру сапасы жоғары болды,
себебі балаларға жасы үлкен ағалары, әпкелері немесе
жолдастары картадағы объектілердің жағдайын түсіндіре
отырып, көмектесті.
Серуендеу үшін жақсы көретін жерлері ретінде
жауап берушілер, негізінен ауланың ішіндегі немесе аула
айналасындағы жерлерді белгіледі. “Шағын электр станциясы”
балалар көп уақытын өткізетін, яғни ойнаумен, онымен емес,
оның айналасындағы кеңістікпен
өзара әрекеттесетін аулада
тұр.
Жолдағы нүктелер – бұлар дүкендер, балалар ол
дүкендерге компаниялармен тәттілер алуға барады, осылай бос
уақытын өткізеді. Сондай-ақ жауап берушілер бір-біріне қонаққа
114
барады, оны тұрғын үйлердегі көк түсті нүктелер көрсетеді.
Қауіпті жерлер – бұл көптеген қызыл түсті кірес
таңбалары, соның ішінде дүкендерге апаратын серуендеу
бағыттары шоғырланған жол айырықтары мен жиектері.
Жауап берушілердің пікірінше, ең қауіпті жерлер - «жолдағы
шұңқырлар» мен олар тұратын жерге жақын құрылыс («Бір
күні бір кішкентай қыз шұңқырға құлап кеткен», «Жаман ұлдар
құрылыста жүреді»).
Жауап берушілердің серуендеудің таралу аймағы
мен бағыттары әртүрлі, бірақ олардың барлығы көптеген
реттелмейтін қиылыстары және айырықтары бар жолдардан
өтеді. Балаларда баламалы таңдау жоқ, себебі бұл жас аудан,
саябақтар, бос уақытты өткізетін қоғамдық кеңістіктер жоқ. Осы
локациядағы жол бойымен баланың серуендеуі – қауіпті, бірақ
бұл кең таралған уақыт өткізу.
3 - карта. Қаланың батыс бөлігіндегі “Жатын” аудан
Бұл локациядағы жауап берушілер өздерін өз ауласында
қауіпсіз сезінетіндерін және
көбіне сол жерде достармен
қыдырғанды жақсы көретіндерін атап өтті. Олар ауладағы нақты
түктелерді көрсетпеді, оны тұтастай белгіледі.
Бұл топ аудандағы қауіпті жерлерді осыған ұқсас жолмен
белгіледі, олар – таныс емес аулалар, базар мен жанармай құю
орны орналасқан Төле би көшесінің оңтүстік жағы.
Бірнеше адамның дәл бір жерді «жақсы көретін» және
«қауіпті» деп белгілегендері қызық болды, - мысалы, ата-
аналары ол жердің алыс орналасқандығын және оларды
қадағалаудың мүмкін еместігін дәйектей отырып, баоуға рұқсат
етпейтін аулалардың бірі. “Тыйым салынған” аула серуендеу
үшін жақсы көретін жерлерінің арасында, себебі онда достары
тұрады, деп түсіндірді жауап берушілер.
Серуеннің таралу аймағы
жақсы көретін жерлермен
қалыптасты, яғни жауап берушілер уақытын өткізуді жақсы
көретін аулалармен. Өз ауласынан тыс серуендеудің негізгі
бағыттары сол ауламен шектесіп тұрған жол бойында.
4 - карта. Жеке меншік сектор аймағы
Осы локациядағы қалалық кеңістіктің сипаттары
себебінен, жақсы көретін жерлері туралы сұраққа берілген
жауаптардың ішінен, жауап берушілер өз үйлері мен өздері
қонаққа баратын достарының үйлерін жиі белгіледі. Яғни,
балалар серуендеудің бір бөлігін қоғамдық кеңістіктерде емес,
жер үйдің аулаларында (бақтарында), дуал сыртында өткізеді.
Серуеннің едәуір таралған жері – бұл мектеп ауласы.
Осы шағын ауданда орналасқан көл де балаларды тартатын
жер болып табылады. Жауап берушілер оны өздерінің жақсы
көретін жерлерінің бірі ретінде белгіледі, бірақ оны әлеуетті
қауіптілік орны деп санады.
Қауіпті жерлер деп, жауап берушілер,
негізінен, жанында
олардың үйлері орналасқан немесе мектепке апаратын
бағытпен шекстесетін жолдың әртүрлі бөліктерін атады.
Серуеннің таралу жері мен бағыттары, негізінен,
үшбұрыш шегінде құрылады – «үй – мектеп - көл».
5 - карта. Орта топтың жаңа ірі тұрғын үй кешендері
Бұл локацияда көптеген мәні бар нүктелер зерттеудің
қатысушылары тұратын тұрғын үй аумағының ішіне шоғырланған.
«Жақсы көретін және жиі баратын жерлер» санатындағы танымал
жер – ол тұрғын үй кешені блоктарының біріндегі бірінші қабат
– онда, холлда балалар жылдың суық мерзімінде жиналып,
әңгімелескенді жақсы көреді. Үш жауап беруші «жақсы көретін
жер» деп тұрғын үй корпустарының бірінің 15 - қабатындағы
баспалдақты алаңның ашық балконын атады. Балалар ол
жерден қаланы бақылағанды, сондай-ақ «уақытты үлкендердің
қарауынсыз өткізгенді» жақсы көреді.
Серуендеу мен бос уақытты
өткізуге арналған танымал
жерлер қатарында жауап берушілер олар тұрып жатқан
жерден біршама алыс орналасқан “ADK” ойын-сауық – сауда
орталығын белгіледі, бірақ оған барар жолдағы «қауіпті жерлер»
де белгіленген. Мұндайлар тұрғын үй кешенінің ішінде көп болып
шықты – олар салынып бітпеген қараусыз қалған корпус пен
трансформатор будкасы.
Жауап берушілердің көшілігі үшін серуеннің таралу