73
Бізді мәдени инфрақұрылымды пайдаланатын
респонденттер мәселесі қызықтырды. 11-17 жас аралығындағы
балалардың және сол жастағы балалардың ата-аналарынан
алынған деректерді салыстыру шамамен бірдей нәтижелерді
көрсетеді. Осылайша, соңғы айда ата-аналар мен
жасөспірімдердің үштен бір бөлігі белгілі бір мәдениет
мекемесінде болған (32 және 30%).
«Соңғы үш айда» деген нұсқаны ата-аналардың 37%-ы
және 11- 17 жас аралығындағы респонденттер 40% көрсетті.
Балалардың 11%-ы
мәдени мекемеге ешқашан
бармағанын айтты, ересек респондеттердің 22%-ы, бұндай
мекемеге балаларын алмағандығын айтты.
60 диаграмма
61 диаграмма
74
3. ҚАЛА ӨМІРІНЕ АРАЛАСУ (ҚАТЫСУ)
Қазіргі қоғамның(заманның) ең өзекті міндеттерінің
бірі саналы азаматтың тәрбиесі, әлеуметтік белсенді тұлғаны
қалыптастыруды қолдау болып табылады. 2020 жылға дейінгі
Алматы қаласының даму стратегиясы жергілікті саясаттың
басымдықтарына азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне
қатысуы («белсенді азаматтар қаласы») кіреді. Басқару процесі,
қабылданған шешімдерге мүдделері
әсер ететін адамдармен
қоғамдық кеңестерді талап етеді. Диалог мемлекеттік саясатта
тұрақты және тиімді тәсілдерді дамытуға көмектеседі.
Балалармен байланысты мәселелерді талқылаудың
да маңызы зор. Мүдделі тараптар ретінде ата-аналарға және
балалардың өздеріне уақытында жүгіну арқылы шағымдану
жағдайларына жол бермеу, осы топтардың азаматтарын
айналаны өзгерту процесіне қатыстырып, жауапкершілікті
бөлісу мүмкін.
Сондай-ақ, қалалық үдерістерге қатысу арқылы
балалар да, ата-аналар да бұл олардың қаласы екенін (меншік
құқығына байланысты) және балалардың мүдделерін қорғайтын
барлық шешімдер олардың пікірлері мен бірлесіп әзірлеген
шешімдеріне байланысты екенін түсенеді.
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясының 12
бабында өз пікірін қалыптастыруға қабілетті бала, өзіне әсер
ететін барлық мәселелер бойынша еркін сөйлеуге құқығы болуы
керек деп айтылған.
Қоғамның хабардарлығы мен азаматтық қатысу
мәселелері респонденттердің барлық топтарына жеткізілді.
Зерттеу
көрсеткендей, 11-17 жас аралығындағы ата-
аналардың жартысы (42%) және 11-17 жастағы жасөспірімдер
(56%) соңғы 6 айда балаларға қатысты шешімдер туралы
ақпарат алмаған. 11-17 жас аралығындағы ата-аналардың
төрттен бір бөлігі және 11-17 жас аралығындағы балалардың
үштен бір бөлігінен астамы жауап беруге қиналды.
0-10 жас аралығындағы балалардың ата-аналары
респонденттердің ең хабардар тобы болып шықты - олар
көбіне бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және басқа
да дереккөздер арқылы соңғы алты айда қалада балаларға
қатысты қабылданған шешімдер туралы ақпарат алып отырған.
Сондай-ақ, пікірталастар
балалардың шешім
қабылдау кезеңі ретінде қалалық билік органдарымен сирек
қолданылады. 11-17 жас аралығындағы балалардың 63%-ы, 11-17
жас аралығындағы балалардың ата-анасының 50%-ы және 0-10
жас аралығындағы балалардың ата-анасынң 79%-ы соңғы алты
айда балалармен байланысты қандай болса да мәселелерді
талқылауға қатыспағандарын айтты.
Бұны ақпараттық жұмыстардың нашар жүргізуімен
түсіндіруге болады, себебі хабардарлықтың төмен болуы
ешқандай маңызды қатысуды ынталандыра алмайды. Бірақ,
пікірталастар мен пікірталастарға қатысудың салыстырмалы
талдауы 0-10 жас аралығындағы балалардың ата-аналары, ең
ақпараттандырылған болса да, «балалар мәселесі»
бойынша
маңызды шешімдер қабылдауға қатысулары төмен.
Сонымен бірге, респонденттерге тек қана қалалық
емес, сонымен бірге жергілікті масштабтағы - аулада, шағын
ауданда, ауданда, балабақшада немесе мектепте талқылаудың
мысалдарын еске түсіру ұсынылды. Зерттеу нәтижелері ата-
аналар мен балаларға азаматтарды тартудың әлеуетін
пайдалануға мемлекеттік органдардың дайын еместігі немесе
мұндай жұмыс тәжірибесі жоқ екенін көрсетеді. Дегенмен, бұл
деректер респонденттердің өздерінің азаматтық пассивтерін де
көрсеткіші болуы мүмкін.
76
Социологиялық зерттеулердің сандық кезеңінің нәтижелері 11-17 жас аралығындағы жасөспірімдердер мен
олардың ата-аналары баламен байланысты мәселелерге қатысты қоғамдық
пікірталастарда өте белсенді
емес екенін көрсетті. Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың айтуынша, балалар мен ата-аналар үдерістерге
белсене қатыса бастады, бірақ бұл жағдайда біз мемлекеттік және жеке меншік оқу орындарының арасындағы
айырмашылықты анықтадық.
Мысалы, мемлекеттік мектептің өкілдері балаларды тартудың маңыздылығын түсініп, мектептегі өзін-өзі басқару
кеңестерін құруды қолдайды. Дегенмен, олардың негізгі міндеті - мектеп әкімшілігіне мәдени және ойын-сауық
іс-шараларын ұйымдастыруда көмектесу ғана.
Жеке мектепте оқытудың әдістері 5-6 сыныптардан бастап балалармен тікелей диалогты қамтиды.
«Біз білім беру қызметінің және мектептен тыс қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін үнемі
сауалнама жүргізіп, сұрақ-жауап алып отырамыз. Мысалы, жақында мектеп мәзірін жақсарттық.
Әрине, балалар өздерінің «зиянды» талғамдарын(тағымдарын) көрсетті, бірақ біз олардың тілектерін
талдап, диетологпен кеңесіп, мәзірді жақсарттық,» — дейді «Дана» жеке мектебінің өкілі Рената Төлегенова.
Сонымен қатар, мектеп процесіне ата-аналардың қатысу белесенділігі де өзгереді. «Ақсай»
шағын ауданында
орналақсан №126 орта мектептің өкілі Әлия Омарованың айтуынша,
«Мектеп ата-аналарды жалпы
ата-аналық кездесулерге қатысуға талпындырады(тартады), бірақ оларды өте белсенді деп айта
алмаймыз. Өйткені, барлығы жұмыс жасайтын адамдар».
Жекеменшік мектептер мен балабақшалардың өкілдерінің айтуы бойынша, ата-аналар қатысушылар ретінде
ғана емес, әр түрлі іс-шаралардың бастамашылары ретінде де әрекет етеді.