Алматы ќаласы јкімдігініѕ



жүктеу 102,04 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі102,04 Kb.
#13671

Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «__»________

№___ қаулысымен бекітілді



«Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже



  1. Жалпы ережелер




  1. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің қызметін ақпараттық - талдау, ұйымдастырушылық - құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  4. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  5. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

  6. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімінің басқа да актілермен ресімделетін шешімдер және өкімдер қабылдайды.

  7. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

  8. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 050011, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шолохов көшесі, 9.

  9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Турксибского района города Алматы».



  1. Осы Ереже «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

  2. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

  3. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.



  1. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері




  1. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің қызметiн қамтамасыз ету.

  2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35, 38 баптарына сәйкес «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып табылады:

1) Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкiмінiң қызметiн ақпараттық талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасасу;

15. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фукциялары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 38 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 12, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 6 бабына,

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заңының 8 бабының 2 тармағына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Преидентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» №56 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 04 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Преидентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» №954 Жарлығына сәйкес айқындалған:

1) әкімшілік-ұйымдық:

азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;

мемлекеттік тіл мен барлық басқа тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдайлар жасау;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру;

салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;

өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;


жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет

көрсетудi ұйымдастыру;

қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;

Алматы қаласы Түрксіб ауданының абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру;

2) ақпараттық-талдау:

стратегиялық және көрсеткіштік жоспарлардың, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі аумақтық бағдарламаларды дайындауды және бақылауды ұйымастыру;

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат

құралдарында жариялау;

3) құқықтық;

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің шешімдерін, өкімдерін уақтылы рәсімдеу;

сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

құқықтық тәртіппен заңдылықты қамтамасыз етуде қылмысқа қарсы күрес саласында құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

4) кадрлық:

кадрлық құрам бойынша ұсыныстарды зерделеу, дайындау және енгізу;

мемлекеттік қызметшілердің және «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдері қызметтерінің тиімділігін бағалау;

қызмет бағыттары бойынша жұмыс сапасы мен оның нәтижелілігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

5) гендерлік аспектілерді қарау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцяларды жүзеге асыру;

16. Жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзіреті шегінде «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құқылы:

өз құзіретіндегі мәселелер бойынша бақылау және үйлестіруді жүзеге асыру;

заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттік органдардан, мекемелер мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдарды алуға;

«Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізетін мәселелері бойынша, оның ішінде арнайы байланысты пайдалану және мәліметтерді жолдау арқылы мемлекеттік және заңды тұлғалармен қызметтік хат-хабарлар жазысуға;

жоғары тұрған органдарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

стратегиялық жоспарды және (немесе) «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкiмгері болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды енгізуге;

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабында белгіленген тәртіпте, сотқа талап арызбен жүгіну;

өзіне берілген мүлікті басқаруға;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға.



  1. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

17. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.

18. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

19. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты басшысының құзыреттері:

1) «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына басшылық жасайды және ұйымдастырады;

2) Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әкімдігіне «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуге ұсынады;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілікте болады;

4) ұсыныстар енгізеді:

аудан әкімі орынбасарларының міндеттерін бөлу бойынша;

«Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы жөнінде;

бөлінген еңбекақы төлеу қорының шегінде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемақылар және қосымшаақылар бойынша;

мадақтау мен тәртіптік жаза беру мәселесі бойынша, ;

5) жалпы басшылық жасайды және «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің қызметін үйлестіреді;

6) Түрксіб ауданының әкімі қабылдаған шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жұмыстарын үйлестіреді;

7) «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

8) «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

9) әкімнің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың Түрксіб ауданының әкімі қабылдаған актілерінің орындалуы мәселелері жөніндегі келіспеушіліктерді қарау жөніндегі мәжілістерді шақырады;

10) Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі жүктеген басқа да функцияларды орындайды;

11) заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының басшысы құқылы:

аудандық қызметтердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларынан Алматы Түрксіб ауданы аудан әкімі үшін қажетті материалдарды, аудан әкімінің шешімдерінің орындалуы туралы есептерді талап етуге;

қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда аудан әкімінің қарауына енгізу тәртібі мен материалдарды, Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі актілерінің жобаларын қайтаруға;

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.



  1. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

21. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.



23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.



  1. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату


24. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
жүктеу 102,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау