алды. Қар қалың жауып, жолды басып қалған, паровоздың суы таусылып,
жағатын отын таусылып қалды, бірақ эшелондағы ғалымдар жолды қолдап
қардан тазалады, ағаштарды отынға кесті, паровозға су тасыды. Ташкентке
келе жатқан ғалымдар осы жолда-ақ өздерінің азаматтық борыштарын
орындайтынын, нағыз күрескер екендігін көрсетті. Бұдан басқа, олар жол
бойында кейбір стансаларда жергілікті тұрғындарды жинап, оларға медицина
мен астрономиядан дәрістер оқыды, концерттер қойып, сұрақтарға жауап
берді, сондай-ақ үйлерді аралап, ауыр науқастарға көмек көрсетті.
Университет поезы өзінің жолының 52- күні 10 сәуірде Ташкентке келді.
Түркістан үкіметінің өкілдері, Халық университетінің жетекшілері,
студенттер мен қала тұрғындары поезды үлкен қуанышпен қарсы алды.
Москвада кеңес өкіметінің орталық органдарының жан-жақты қолдауымен
жүргізілген мақсатты және жемісті еңбек Ташкентке барлық жиналған құрал-
жабдықтар мен әдебиеттерді жөнелткен жағдайда, ұйымдастыру шараларына
қатысқан барлық ғылыми қызметкерлер Ташкентке көшкен жағдайда ғана
толық аяқталатын еді. Бірақ, оны азамат соғысы мен соған байланысты көлік
байланысының нашарлауы жағдайында жүзеге асыру өте қиын болды. Тек
1919 жылдың соңында ғана
ақ гвардияшылар Шығыс майданында
талқандалғаннан кейін, «орынбор тығыны» жойылған соң ғана Түркістан мен
Орталық Ресей арасында тікелей темір жол байланысын орнату мүмкін
болды. Түркістан мемлекеттік университетінің Москва басқармасы өзінің
басты және негізгі міндеті – Ташкентке профессор-оқытушы құрамы мен оқу
құралдарын жіберу жұмыстарына кірісті. Бұл міндет М.И.Калининнің,
М.А.Семашконың, В.Д.Бонч-Бруевичтің тікелей көмегімен жүзеге асырылды.
Ташкентке көшуге дайындық 1919 жылы қарашада басталды.
Алғашында университет үшін Түркістанға 1919 жылы 20 желтоқсанда
жүретін арнайы эшелон берілмекші еді. Осы уақытқа дейін Москва
басқармасы университеттің Ташкент бөлігінің жағдайымен танысатын және
қалғандарына Орта Азиядағы жұмыс жағдайы жөнінде ақпарат беретін
арнайы делегация дайындады. Делегацияның басшысы болып профессор
А.Э.Шмидт тағайындалды. Солармен бірге Ташкентке педагогикалық
персоналдың бір бөлігі мен университет мүлкін жіберу туралы шешім
қабылданды. Орта Азияға бірінші эшелонмен кетуді басқарма оқу кеңесінің
санкциясы ерікті іс деп жариялады. Кетуге келісім бергендер көп болды.
Басқарма Ташкентке шұғыл кетуге келісім берген 28 профессор мен 25
оқытушыны тіркеді. Осымен тіркеуді тоқтату қажет болды.
20 тамызда түркістандықтар екінші университет эшелонын, ал 12
қыркүйекте үшіншісін қарсы алды. 1920 жылы Ташкентке орталықтан
барлығы 6 эшелон келді. Осылайша, Ташкент университетінде жұмыс істеуге
Москва мен Ленинградтан 86 профессор мен оқытушылар келді, олар 60 мың
том кітап пен зертхана құрал-жабдықтарын алып келді. Орталық пен
Ташкенттің
таңдаулы
ғылыми-педагогикалық
кадрларын
біріктіру
нәтижесінде Түркістан мемлекеттік университетін құру аяқталды. Осы
игілікті істе Түркістанға алғашқы болып ғалымдар тобын жіберген және
практикалық сабақтарға арналған құрал-жабдықтарды бөлген Москва
университеті белсенді рөл атқарды [38, с.250].
Түркістан мемлекеттік университетінің ұйымдастыру комитеті
құралдарды, ғылыми әдебиеттер мен оқу құралдарын жинау жөнінде
белсенді жұмыс жасады. Алдын ала штаттар, оқу жоспарлары мен
бағдарламалар әзірленді. 1918 жылы желтоқсанда Түркістан Мемлекеттік
университетіне алғашқы профессорлар мен оқытушыларды жұмысқа
қабылдау жүргізілді. Сол кездегі тәртіп бойынша олар орталық жоғарғы оқу
орындарының оқу кеңестерімен сайланып және ұйымдастыру комитетіне
жіберілді. Алғашқы 11 профессор Москва университетінің физика-
математика факультетінің оқу кеңесімен сайланды. Олардың қатарында
Орта Азияның бірінші жоғарғы оқу орнын құруда көрнекті роль атқарған
Н.А.Димо, С.Н.Наумов болды.
Осылайша Түркістан университетінің москвалық тобы зерттеу және
ғылыми-көпшілік жұмыстарын жүргізе алатын ұйымға айналды. Осылардың
бәрін ескере отырып, топ ұжымы жарғысы 1919 жылы тамызда бекітілген
Түркістан ғылыми қоғамын құруға шешім қабылдады. Топ мүшелерінің
жалпы жиналысы Москвада Түркістан жөніндегі ғылыми-көпшілік дәрістерін
оқуды бастау, Орта Азия туралы материалдар жиынтығының көрмесін
ұйымдастыру, жалпыға бірдей пайдаланылатын университет кітапханасын
ашу туралы қаулы қабылдады.
1919 жылы тамызда Түркістан университетінің Москва тобының
әкімшілік органдары қайтадан өзгерістерге ұшырады. Ұйымдастыру
комитеті таратылды, оның орнына өзін ресми түрде Оқу кеңесі деп
жариялаған оқытушылардың жалпы жиналысы Түркістан мемлекеттік
университетінің басқармасын сайлады. Оны ректор болып сайланған
профессор Н.А.Димо мен оның орынбасары болып тағайындалған профессор
А.Э.Шмидт басқарды. Осының нәтижесінде өзіндік ерекше жағдай
қалыптасты, екіге бөлінген ұжымды екі басқарма – москвалық және
ташкенттік, екі ректор – Москвада Н.А.Димо, Ташкентте Г.Н.Черданцев
тұрды.
Жалпы алғанда, университетті құруда Москва мен Пеотроградтан келген
орыс профессорлары мен оқытушылары көп еңбек сіңірді. 1920 жылы
Р.И.Аболин, В.В.Бартольд, Н.А.Баранов, А.Л.Булгаков, А.В.Благовещенский,
Л.В.Василевский, Ю.Н.Голубкова, Н.А.Димо, Г.А.Ильин, Д.Н.Кашкаров,
К.Ф.Кетов,
С.М.Комаровский,
Е.Я.Культмасов,
Н.Е.Лебединский,
Н.А.Маркелов,
В.Р.Мухин,
С.Р.Наумов,
М.А.Орлов,
К.И.Пангалов,
Н.Н:Златовратский,
М.А.Захарченко,
С.А.Молчанов,
И.А.Райкова,
А.Я.Рождественский,
Н.И.Ситковский,
А.С.Уклонский,
К.Г.Хрущев,
С.Э.Циммерман, Р.Р.Циммерман, М.М.Якуб және т.б. келді. Университетті
ұйымдастыру мен оны дамытуда жергілікті ғалымдар Н.Ф.Боровский,
Е.И.Зелесский, М.Г.Запрометов, М.И.Слоним, Л.А.Молчанов, Л.В.Ошанин,
Н.Л.Корженевский,
А.А.Семенов,
В.И.Романовский,
Г.С.Зайцев,
Б.С.Малыгин, Г.Н.Черданцев, Р.Шредер және басқаларының еңбектері зор.
Өте қиын жағдайда олар Орта Азия республикаларының барлық саласы үшін