шаруашылығына қажет, партия және кеңес мекемелерінің кадрларын
даярлауға көмек көрсетуге өтініш жасады. Осы мәселені шешу әлеуметтік-
экономикалық факультеттің ұйымдастырушыларына жүктелді. Осыған
байланысты олар «революцияшыл Ресейдің өте өткір қажеттіліктеріне
сәйкес» ұйымдастырылған қысқа мерзімді курстардың бағдарламаларын
әзірледі. Осы курстағы сабақтарға тыңдаушылардың көпшілігі қатысты.
Г.И.Черданцев, А.В.Трапезников, И.Ф.Горский, А.В.Попов, П.Кобозев және
басқаларының дәрістері өте тартымды болды.
Техникалық факультеттің оқытушылары гидротехникалық құрылыстар
мен өнеркәсіп орындарының жобаларын жасауға белсенді түрде араласа
бастады. Олар су сұрыптау станциясының және басқа да бірнеше
гидротехникалық
құрылғылардың
құрылыстарына
жетекшілік
етті,
Сырдарияда иригациялық зерттеу жұмыстарын жүргізді, Қапланбек
ауданындағы «Ромадан» каналын кеңейту жұмыстарына басшылық жасады
және т.б. Геодезист ғалымдар жерге орналастыру, геодезия жөніндегі
жұмыстарды атқарып, жекелеген аудандарда болашақта оларда мақта
шаруашылығын дамыту мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен
бірге ғалымдардың осы тобы Халық университетін құру жұмыстарына
белсене араласты. «Наша газета» бетінде университеттің болашақ бірінші
ректоры А.Попов Халық университеті білімнің барлық салалары бойынша
ағартудың алғашқы үлгісі болуы керектігі туралы жазды. «Біз, педагогтар,
белгілі бір үлгі бойынша оқытамыз, соған қарамастан, біздің өзімізге де
көзқарасты кеңейту қажеттігі туындайды. Халық университеті барлық
шөлдегендердің сұраныстарын қанағаттандырумен қатар, біздің де
талаптарымызды қанағаттандыруы керек. Бізге бекітілген үлгі емес,
творчество қажет» [22, с,5].
Түркістан интеллигенциясы өкілдерінің ойынша Халық университеті
бұрынғы типтегі жоғарғы оқу орындарынан түбегейлі өзгеше болуы тиіс
болды. «Онда еңбектің түрлі саласы бойынша тиімді қызметтеріне
адамдарды дайындау үшін, сауаттылыққа үйретуден бастап, жоғары
ғылымдарға және әр түрлі мамандықтар бойынша арнайы техникалық
курстарға (мектептерге) дейін барлығы болуы тиіс» [23, с.136].
1918 жылы 20 сәуірде апталық Түркістанның «Халық университеті»
деген газеті жарық көріп, онда сол жылы 21 сәуірде Халық университетінің
ашылатындығы хабарланды [24, с.4]. Газетте ашылу салтанатының сағат 3-те
Бостандық үйінде болатындығы хабарланды. Онда сонымен қатар барлық
құрылатын факультеттердің қысқаша сипаттамасы берілді, тұрғындарды
кітапхана үшін кітаптар жинауға шақырды және университеттің ашылуымен
байланысты басқа да хабарламалар берілді. Алғашқы университет газетін
шығару үшін, қағаз бен қаражатты ТАКСР Халық комиссарлар Кеңесі бөлді.
Газеттің адресін алғашқы күннің өзінде-ақ көптеген корреспонденциялар,
университетке түсушілерден өтініштер, оның ұйымдастырылуына сәйкес
құттықтаулар келіп түсті.
Университеттің ашылуы Түркістан өлкесі жұмысшы, солдат, шаруа
депутаттары Кеңесінің V съезінің мәжілісімен тұспа-тұс келді, онда
Түркістан
халқының
Кеңестік
автономиясы
жарияланды.
Съезд
делегаттарының көпшілігі мен оның жетекші құрамы үлкен халықтық
мерекеге айналған Халық университетінің салтанатты ашылуына қатысты.
1918 жылдың 21 сәуірінде қала таңертеңнен жандана бастады. Күндізгі сағат
үшке қарай вокзал жақтан университеттің ашылуына оркестрмен және қызыл
жалаулармен келе жатқан шеру көрінді. Бостандық үйінде Университеттің
салтанатты ашылуына 2 мыңнан аса адам жиналды [25, с.3].
Университеттің ашылуында сөйлеген сөзінде Үкіметтің Орта Азия мен
Бакудегі Төтенше Комиссары П.А.Кобозев былай деді: «Сіздердің
үлестеріңізге ғасырлар қиылысында тұру, барлығы қайта бағалауға берілетін,
барлық ескілік қалдықтары жойылатын, өмірдің жаңа нысандары
айқындалатын ұлы жаңа өмір құрылысының куәсі болу бақыты тиіп отыр.
Осы үшін қаншама білім, қаншама тірі және творчестволық күш қажет
екендігін ойлаңыздаршы. Өйткені біз кедейміз, өзімізде артығымен жоқ
нәрселерді пайдалану мүмкіндігі жоқ. Біз өз өлкеміздің теңдессіз байлығын
есептей алмаймыз. Осы мүмкіндікті бізге тек білім береді, тек білім ғана бізді
сақтап қалады» [26, 1 п].
Еңбек халық комиссары П.Г.Полторацкий «еңбекшілердің бұрын қол
сұқпаған ғылым сарайына кіргенін және білімге басқалары сияқты мықты ие
болатындығына»
назар
аударды
[26,
3
п].
П.А.Кобозев
пен
П.Г.Полторацкийдің ойын одан әрі дамытқан университет ректоры
А.В.Попов ескі құрылысты жою оңай екендігін, бірақ адамды қайта
тәрбиелемей, еркін ете алмайтындығы сияқты, жаңа өмірді құрудың да қиын
екендігін айтты: «Жаңа мектеп аяғына дейін бостандықта болуы керек және
жаңа адамды тәрбиелеуі керек. Мұндай іргетассыз жаңа өмірдің
құрылысымен ешқандай үкімет айналыса алмайды... Алда ұлы өмір
құрылысы тұр және тек университет қажет» [26, 4 п].
Университет ашылуының ерекше салтанаттығын көрсете отырып,
Г.Н.Черданцев: «Бұл күннің ерекше белгісі Түркістанда билік өкілдері
интеллигенция арасындағы бірлік болды: ол сөйлеген барлық шешендердің
сөздерінде көрініс тапты, соның ішінде Халық университетінің ректоры
А.В.Поповтың сөзінде атап көрсетілді» [27, с. 90].
Алғашқы кезеңде және одан кейінгі бірнеше айларда Түркістан Халық
университеті шын мәніндегі университет бола қойған жоқ. Ол әр түрлі
сипаттағы білім беру және ағарту мекемелерін біріктірген өзінше бір оқу
комбинаты болды. Бұған жоғарғы оқу орындары типіндегі факультеттер-
жаратылыстану-математика, ауылшаруашылық, техникалық, әлеуметтік-
экономикалық және әдеби-философиялық (1918 жылдың күзінен бастап
тарих-филологиялық деп аталған) факультеттері кірді. Дәріс тыңдауға білім
деңгейлеріне қарамастан, барлық қатысқысы келетіндер жіберілуіне
байланысты алғашқы кезде мұнда студенттер саны 1200 адамды құрады. Бұл
факультеттерді ұйымдастыру Орта Азияда жоғарғы мектептің ашылуындағы
алғашқы қадам болды. Халық университетінің құрамына әр түрлі курстан
кірді: электромонтерлер, орман техниктері, жер-су комитеттерінің,
автомобиль ісінің нұсқаушылары, темір жол, сызу, кооперативтік,