Қалыптасуы тарихы (1918-1930 жж)



жүктеу 366,19 Kb.
Pdf просмотр
бет10/13
Дата23.11.2018
өлшемі366,19 Kb.
#23948
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

күштерін  жас  Түркістанда  жоғары  мектеп  құруға  жұмылдырды,  сәулетші 

академик  Шехтелдің  жетекшілігімен  университет  ғимаратының  жобасы 

әзірленді.  Онда  бас  ғимараттың  құрылысы,  қазіргі  заманғы  зертханалар, 

кітапхананың  арнайы  ғимараты,  клуб,  профессорлар  мен  оқытушылар  үшін 

тұрғын үйлер, студенттер үйлері, спорт сарайлары көрініс тапты. 

1919-20 жаңа оқу жылдарын Түркістанның халық университеті алдағы 

кездегідей  өте  ауыр  жағдайда  қарсы  алды.  Түркістан  азамат  соғысының 

барысында  бұрынғыдай  оқшауланған  күйде  қалды.  Оқу  орнының 

ұйымдастырушылары 

бұрынғысынша 

тек 

өздерінің 



шектеулі 

мүмкіндіктеріне  сүйенетін  болды.  Осыған  қарамастан  бірінші  және  екінші 

курстарда  сабақтар  басталды.  Барлық  факультеттердің  құрамында 

бөлімшелер  құру  түгелдей  дерлік  аяқталды:  Техникалық  факультетте, 

құрылыс  және  механикалық,  жаратылыстану-математика  факультетінде, 

жаратылыстану  және  математика,  тарих-филология  факультетінде  тарих 

және  сөз,  әлеуметтік-экономикалық  факультетінде  заң  және  экономикалық 

бөлімдер құрылды. 

1918  жылдың  29  желтоқсанында  Москвада  Түркістан  университеті 

оқытушыларының  алғашқы  жиналысы  өткізілді.  Кейіннен  мұндай 

жиналыстар тұрақты түрде өткізіле бастады және бірнеше айлар аралығында 

оқу кеңесінің қызметін атқарды. 

Москва  мен  Петроградтағы  барлық  ұйымдастыру  жұмыстары 

Түркістанның Орталық Ресейден оқшауланып қалған жағдайында жүргізілді. 

Университетті  құру  жұмыстарының  жағдайы  туралы  жалпы  мәліметтерді 

білу  үшін  Москва  мен  Ташкент  арасында  қатынас  орнату  өте  маңызды 

болды.  Бұл  міндет  Ресей  орталық  өкімет  орындарының  көмегімен  шешімін 

тапты.  1918  жылы  тамызда  Орталық  комитет  Кеңес  үкіметінің  Орталық 

Азиядағы төтенше комиссары П.А.Кобозевке Түркістан мен Ресей арасында 

байланыс  орнату  үшін  іс-шараларды  әзірлеуді  тапсырды.  П.А.Кобозев 

Түркістан  университеті  үшін  көп  жұмыстар  атқарды.  Ол  бірнеше  рет 

ұйымдастыру  комитетінің  отырыстарына  қатысты,  Ташкентпен  тікелей 

радиотелеграфтық  байланыс  орнатуға  көмектесті,  ол  жаққа  университеттің 

жұмыстары  туралы  мәліметтер  жіберіп  отыруды  міндеттеді.  Оның  Орта 

Азиядағы  бірінші  оқу  орнын  құру  жөніндегі  жұмыстарды  қаржыландыру 

туралы  ұсынысы  ерекше  маңызға  ие  болды.  Оның  өкімімен  университеттің 

қажеттіліктеріне 250 мың рубль қаржы бөлінді [38, с.305]. 

Түркістан мемлекеттік университетінің ұйымдастыру комитетіне Ресей 

Халық ағарту комиссариаты да тұрақты көмек пен қолдау көрсетіп отырды. 

Москвада  болған  Түркістан  университетінің  қызметкерлерінің  арасында  өз 

саласының  көрнекті  мамандары  мен  ірі  ғалымдар  болды.  Бірақ  олардың 

басым  көпшілігі  демократиялық  көзқарасты  ұстанды.  Мұндай  көзқарасты 

қолдаушылар  москвалық  топта  да  кездесті.  Олардың  мұндай  көзқарастары 

Түркістан  мемлекеттік  университеті  туралы  заңнамалық  актінің  жобасын 

дайындау  кезінде  көрінді.  1918  жылдың  желтоқсанына  қарай  әзірленген 

алғашқы  жобаға  құрастырушылар  Ташкенттегі  факультеттер  орталық 

жоғарғы оқу орындарының филиалдары болады, ал олардың оқытушылар 



мен профессорлары Түркістанға уақытша іс-сапарға жіберіледі және олардың 

Москва  мен  Петроградтағы  жұмыс  орындары  сақталады  деген  тармақты 

қосады.  Жобаның  бұл  ережелерін  П.А.Кобозев  қатаң  сынға  алады. 

Ұйымдастыру  комитеті  өзінің  күнделікті  жұмысында  орталық  Ресейдің 

көптеген  ғылыми  мекемелерінің  тұрақты  қолдауына  сүйенді.  Петроград 

ботаникалық  бауы  оған  өз  коллекциясының  бір  бөлігін  берді.  Басты 

физикалық  обсерватория  университет  обсерваториясын  ұйымдастыруға 

өзінің  көмегін  ұсынды,  Халық  комиссариатының  жер  алқасы  ауыл 

шаруашылық машинатану бойынша практикалық сабақтар үшін құралдарын 

берді.  Университет  ғылыми  кітапханасының  қоры  да  тез  толыға  бастады. 

Оларды  толықтырудың  негізгі  көзі  ғылыми  мекемелер  мен  жоғарғы  оқу 

орындарының кітаптарды тегін беруі болды. Кітаптар Москва табиғат сынау 

қоғамынан,  Румянцев  мұражайынан,  Петроград  темір  жол  инженерлері 

институтынан,  Орыс  техникалық  қоғамынан,  Петроград  азаматтық 

инженерлер  институтынан,  Халық  ағарту  комиссариатының  ғылыми 

бөлімінен  келіп  түсе  бастады.Осындай  жұмыстармен  қатар  ұйымдастыру 

комитеті  әр  түрлі  факультеттерде  сабақ  беру  мәселесін,  оқу-көмекші 

мекемелерін  құруды  талқылауды  жалғастырды,  оқу  жоспарлары  мен 

бағдарламаларын 

әзірледі, 

Түркістан 

мемлекеттік 

университетіне 

профессорлар  мен  оқытушыларды  тартумен  айналысты.  1919  жылдың 

тамызына  дейін  70-ке  жуық  ғылыми  қызметкер  жаңа  оқу  орнында  сабақ 

беруға келісімдерін берді [39, с. 97]. 

1919  жылғы  30  тамызда  өткен  профессор-оқытушылар  құрамының 

жалпы 


жиналысында 

пофессор 

П.А.Димо-университет 

ректоры, 

шығыстанушы,  профессор  А.Э.Шмидт  –  оның  орынбасары  болып,  сонымен 

бірге басқарма және университет кеңесі сайланды. 1920 жылдың ақпанында 

Москва  мен  Түркістанды  жалғайтын  жол  қалпына  келтірілгеннен  кейін 

оқытушылар  мен  құрал-жабдықтарды  Түркістанға  жөнелту  мүмкін  болды. 

Университет  үшін  Шығыс  майдандағы  арнайы  әскери-санитарлық  №159 

поезд  бөлінді.  Оқытушылардың  өздері  20-дан  аса  вагонға  университет 

мүліктерін  тиеді.  15  ақпанда  түнгі  сағат  3-те  Қазан  вокзалынан  бірінші 

университет  эшелоны  аттандырылды.  Ташкентке  жоғары  білікті  маман- 

оқытушылар,  Москва  және  Ленинград  жоғарғы  оқу  орындарының 

профессорлары жіберілді. Арнайы поезбен Ташкентке құрал-жабдықтар мен 

оқу  құралдары  келіп  жетті  [38,  с.220].  Эшелон  жолға  шығар  алдында 

университеттің  өкілдерін  Халық  Комиссарлар  Кеңесінде  В.И.Лениннің 

атынан Іс басқарушысы В.Д. Бонч-Бруевич қабылдап, осы қиын және игілікті 

істе  табыстар  тіледі.  Шынында  да  алғашқы  эшелонның  жолаушыларына 

жекелеген  анархистер  мен  темір  жол  жұмысшыларының  арасындағы  бас 

көтерушілердің  қарсылықтарын  басуға  тура  келді.  Университет  поезы 

Базарная  және  Батраки  стансаларында  3  тәулік  және  Ақтөбеде  15  тәулік 

жолда  тоқтап  тұрды.  Ақ-бұлақ  станциясында  паровозды  анархистер  басып 

алды.  Осы  кезде  РСФСР  Халық    комиссарлар    кеңесіне    өтініш    айтуға 

мәжбүр болды, олардан 159 санитарлық поезды тез арада жөнелту қажеттігі 

айтылған телеграмма алынғаннан кейін ғана поезд өзінің жолын жалғастыра 



жүктеу 366,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау