нақтыланды. Сонымен бір уақытта оқытушылардың бір тобымен «Өлкедегі
жоғарғы мектеп ретіндегі Түркістан Халық университеті туралы Ереже»
әзірленді. 25 қарашада «Ережені» және оқытушылар құрамын Халыққа білім
беру Комиссариаты бекітті [28, 1-2 пп]. Педагогтарды, университет ректорын
және факультет декандарын сайлау жүйесі анықталды. Жекелеген
мектептерді, факультеттерді, балалар алаңдарын құрамында оқушылар,
тыңдаушылар, оқытушылар бар кеңестер басқарды. Кеңестерге лауазымды
тұлғалар басшылық жасады. Халық университетінің жоғарғы органы - оның
барлық қызметкерлерінің жалпы жиналысы болды. Ректорат жанында
басқарма қызмет атқарды, оған университеттің төменгі сатысының,
мектептен тыс бала тәрбиесінің мұсылман секциясының өкілдері және
секретарь кірді. Бұлардан басқа Түркістан халық консерваториясының
директоры, Түркістан көпшілік кітапханасының, Түркістан халық
мұражайының және Өнер мұражайының меңгерушілері сайланды.
Университеттің құрылуында тамаша энтуазистер-ғалымдар – тұрғылықты
Ташкенттіктер және Түркістанға азамат соғысы кезінде келген –
В.И.Романовский, П.А.Зарудный, Б.П.Добров, Н.Л.Лаппо-Данилевский,
А.А.Диваев, А.В.Трапезников, С.А.Коган, Р.Р.Шредер, М.М.Протодьяконов
және көптеген басқа да профессорлар мен оқытушылар үлкен роль атқарды.
Халық университетінің оқытушылары жұмысшыларды мектепке тарта
бастады, «олар жұмысшы аудандарының әрбір үйіне кіріп, үгіт-насихат
жұмыстарын жүргізді және халық университетінде оқығысы келетіндердің
тізімдерін жасады» [29, 1 п].
Түркістан халық университетінің тікелей ықпалымен республиканың
басқа қалаларында да – Скобелевте, Қоқандта, Самарқандта және т.б. оның
филиалдарын ашуға ұмтылыс жасалды. Дегенмен, олар Университет деп
аталғанымен, шын мәнінде университет бола алған жоқ. Нәтижесінде ТАКСР
Кеңесінің VІІІ съезінің шешімімен Түркістан университетінен басқа барлық
халық университеттері кешкі мектептер болып өзгертілді [30, с. 250].
Халық университетінің құрылуы мен мектептердің ашылуы Түркістан
қоғамында кеңінен қолдау тапты. Халықтың білімге деген құштарлығының
зор болғандығы сондай, «Халық университетінің жеке мектебінің және
төменгі саты мектебінің ашылған сәтінен-ақ он жастан 55-жасқа дейінгі
білім алуға құштар адамдар ағылып келе бастады. Әкесі баласымен, атасы
немересімен бірге келді... Бұл көріністің құдыреттілігімен күштілігі сондай,
әрбір қызметкер, әрбір педагог өзіне деген халық сенімін, оның жұмысын
асыға күтетінін түсінді. Сонымен қатар, мұғалімдерге ұлы емтиханды
тапсыру сәті туды. Ол өзінің парызына толық берілуі тиіс болды» - деп
жазылды 1918 жылдың құжаттарының бірінде [31, 48 п].
Халық
университетінің
ұйымдастырылумен
Орта
Азиядағы
экономикалық және мәдени құрылыстың барлық салалары үшін ұлттық
кадрларды дайындаудың негізі қаланды. ТАКСР-да Халық университетімен
қатар Шығыс институты және батыс еуропа тілдерін оқып үйренудің
жоғарғы курстары құрылады. Өлкеде Шығысты жалпылама және оның
ішінде Түркістан өлкесін зерттеуге арналған өз алдына жеке жоғарғы оқу
орнын құру идеясын ең алғаш рет С.Ф.Ольденбург ұсынған болатын [4, с.
304]. Шетел тілдерін оқып үйренуді ұйымдастыруға В.Д.Фигельский көп
еңбек сіңірді. Үлкен мәдениет иесі, математик, атақты Сорбонна
университетінде білім алған Фигельский, өлкеде жаңа мәдени-ағарту
мекемелерінің желісін құру және шетел тілдерін оқып үйрену үшін еңбек етті
[32,
с.10]. В.Д.Фигельскийдің идеясын өлкенің алдыңғы қатарлы
интеллигенция өкілдері қолдады. Қазақ және басқа да түрік тілдес
халықтардың Түркістанның болашағына әлемдік қатынастар орталығы
ретінде қарағынын біз мұрағат құжаттарынан оқып білеміз. «Олар өздерінің
армандарын таусылмас табиғи байлықтарға, күн сәулесіне, емдік
бұлақтардың көптігіне және қоршаған ортаның керемет әдемілігіне негіздеді,
өйткені бұлардың барлығы жыл сайын дүние жүзінен мыңдаған туристерді
тартатын еді, ал бұл тіл мен мінез-құлықты өзара түсініскен жағдайда елдің
гүлденуін жылдамдататын еді, сонымен бірге еңбекшілерді біріктіретін еді»
[33, 31 п].
1918 жылы мамырда шетел тілдерін оқытушылардың бірінші
ұйымдастыру жиналысы болды. Мұнда жаңа тілдерді оқыту курстарын ашуға
шешім қабылданды. Бұл курстар университет құрамына енгізілмеді, бірақ
тарихи-философиялық факультеттің қадағалауында болды. Жиналыста
«шетел тілдеріне деген сұраныстың жоғары болуына» байланысты
оқытушылардың «құқықтылығы» жөніндегі сұрақ күн тәртібіне бірінші
болып қойылды [86, 37 п]. Осы жиналыста бес адамнан тұратын «қадағалау
комитеті» құрылды, оның құрамына француз тілінің оқытушысы А.Кастанье,
неміс тілінен – Э.Фингер, ағылшыннан – А.Машковцев кірді, комитеттің
секретары болып В.Д.Белов сайланды [31, 26 п].
Шетел тілдері жөніндегі комитетті А.Кастанье басқарды. «Қадағалау
комитетінің» функциясына мұғалімдер күшін бөлу, төменгі мектептерде
тілдерді оқытуға бақылау, оқу құралдарын жеткізу және т.б. [31, 35 п]. Оқу
топтарын жиырма тыңдаушыдан құруға ұсыныс берілді, ал олардың саны
көбейген жағдайда қосымша топтар құру жоспарланды. Шетел тілдерін
үйренуге деген сұраныстың көп болғаны соншалықты, кейбір мектептерде
14-ке дейін топтар ашылып, Халық университетінің барлық төменгі сатыдағы
ашық мектептерінде – 60-қа дейін топтар құрылып, оларда 100 адамға дейін
адам оқыды [34, 139 п]. Арнайы жиналыста «Шетел тілдерінің автономды
топтарының басқармасы» құрылып, оған Халық университетінің төменгі
сатылы барлық мектептерінде шетел тілдерін оқытудың дұрыс жолға
қойылуын қадағалау тапсырылды. Шетел тілдерінің курстары оқу
құралдарының жоқтығына байланысты үлкен қиындықтарды бастан өткерді.
Көп жағдайда оқытушылар дәрістерін алдын ала парақтарға жазып, оларды
тыңдаушыларға оқулық орнына таратуға мәжбүр болды. Оқытушы
кадрлардың жоқтығына, оқу құралдарының, тұрақты жайдың болмауына
және басқа да қиындықтарға байланысты шетел тілдерінің Жоғарғы
курстары Халық университетіне шетел тілдері кафедрасы ретінде қайта
қосылды, оған А.Ф.Машковцев жетекшілік етті. Күзде Түркістан Халық
университетіне кірген көптеген оқу орындары мен мәдени мекемелері жеке