шараларды қабылдау туралы» бұйрық шығарады [16, 176 п]. Кездескен
қиыншылықтарға
қарамастан
Түркістан
республикасының
Халық
комиссарлар Кеңесі университет құрудың алғашқы шараларына 2 миллион
сом қаржы бөледі [70, с.6].
1918 жылы 12 мамырда ұлттық зиялы қауым және алдыңғы қатарлы
жадид-ағартушылар қозғалысының өкілдерінің күшімен университет
жанынан «ескі қалада» Мұсылман Халық университеті-Мұсылман секциясы
құрылады. Яғни, Халық университенің құрамындағы «ескі» Ташкенттегі
«мұсылман секциясының» ашылуының маңызы жергілікті халық үшін өте
зор болды. Оған 945 адам жазылды. «Мұсылмандық секцияны»
ұйымдастыруда ескі қаланың қоғамдық ұйымдары үлкен роль атқарды.
А.Авлянидың, Ш.Рахимияның, С.Д.Асфандияровтың және басқа да алдыңғы
қатарлы жергілікті интеллигенция өкілдерінің бастамасымен 1918 жылдың
18 сәуірінде Халық университетінің жанынан жергілікті ұлт өкілдері үшін
секция ұйымдастыру қажет деп есептейтін қоғамдық ұйымдардың
қатысуымен кеңес өткізіледі. Кеңесте тұрғылықты халық үшін университет
секциясын ұйымдастыруға «ескі қаланың» 15 демократиялық ұйымының
өкілдерінен комиссия құрылды, оның құрамына Г.Абдурашитханов,
Р.Юсупбеков және басқалары енді [17, с.357]. Секция басшысы белгілі
ағартушы Мунаввар Қары Абдурашитханов болса, оның орынбасарлығына
қазақтың көрнекті қайраткері Иса Тоқтыбаев сайланады. Ал 1918 жылы
мамырда Иса Тоқтыбаев Түркістан Халық Университетінің басқарма
мүшелігіне тағайындалады [18, 6 п]. Халық университетке ересектермен
қатар мектеп және мектепке дейінгі жастағы балаларды қабылдауды сұрады.
Олар үшін балалар алаңы, мектептер ұйымдастырылып, ойыншықтар мен
балалар кітаптары жиналды. Халық университетінің «мұсылман секциясы»
әйелдерге білім беру жүйесін енгізуге талаптанды. Оның жанынан төрт
әйелдер мектебі ашылды. Өзі құрылған уақыттан бастап университет орыс,
қазақ және өзбек тілдерінде көп тиражды «Халық университеті» газетін
шығара бастады.
Мұсылман Халық университетінің құрылатындығы туралы хабар халық
арасында тез арада таралып, университет комиссиясына оқуға қабылдау
туралы көптеген өтініштер түсе бастайды. Аз уақыттың ішінде оған 945 адам
жазылды. Ұйымдастырушылар үшін күтпеген жағдай, секцияға жазылу үшін
халық балаларын ертіп келеді. Бұл күтпеген жағдайдан кейін комиссия
университет жанынан «Мектепке дейінгі тәрбие бөлімін» құрып, 8 балалар
алаңына қызмет көрсетті. 3-тен 16 жасқа дейінгі 1000-нан аса бала
таңертеңгілік «университетке» баратын болды. Балалар алаңдарын,
мектептер, балалар алаңдары мен мектептердің нұсқаушылары мен
жетекшілерінің курстарын ұйымдастыруға, ойыншықтар мен балаларға
арналған кітаптарды жинаумен айналысуға тура келді [19, с.127-128].
Ересектердің ісімен танысқаннан кейін, комиссия оқуға түсушілердің
көпшілігінің орта білімі жоқ деген қорытынды жасайды. Оларға көмек
көрсету мақсатында «университеттің төменгі және орта сатысы» деп
аталатын
4
айлық
мұғалімдер
курсының
дайындық
топтары
ұйымдастырылып, оқуға ерікті тыңдаушы ретінде қабылдайды. Мұндай
оқушыларға өздері шұғылданғысы келген пәндер бойынша сабаққа келіп
жүруге рұқсат етіледі, ал қажетті білім ала келе олар Түркістан
университетіне толық құқықты түрде түсіп оқитын болды. Курсқа
қазақтарды көптеп тарту шаралары қолданылады. 26 наурызда
Ауылшаруашылық қоғамының ғимаратында университеттің «төменгі және
орта сатыларында» жұмыс істеуге тиіс оқытушылардың кеңесі шақырылып,
оқу процесінің жұмыс жоспарлары жасалады. Әлемдік ғылымға тіл арқылы
жетуге болатынын түсінген мұсылман университетінің қайраткерлері оқу
бағдарламаларына бірнеше шетел тілдерін енгізеді. Сабақты жаңаша
әдістермен үйрету арқылы оқу бағдарламалары оңай игеріле бастады.
Жоғары мектептердегі ескі әдістерге қарағанда, мұнда қазақ тілі, тарих, этика
сияқты пәндерге ерекше мән берілуі ұлтжандылыққа тәрбиеленуге және жеке
тұлғаның қалыптасуына мол әсер етті. Халық университетінің ұлттық
секциясында төрт әйелдер мектебінің ашылуы өте үлкен жаңалық еді.
Университетте сабақ беретін жергілікті ұлттан шыққан оқытушы әйелдердің
жетіспеушілігіне байланысты, университетте жұмыс істеу үшін оқытушы
әйелдерді тарту туралы қоғам құруға шешім қабылданды. Ташкентте 1918
жылғы мамырдың ортасында құрамына М.Исмаилова, А.Айдарова және
басқалары енген «Мұғалималардың уақытша қоғамы» атты ұйымы құрылды
[17, с.357-358].
«Мұсылмандық
секцияны»
ұйымдастыру
бойынша
жұмыстар
жүргізумен қатар, ауылшаруашылық факультеті жергілікті тұрғындарға
жаратылыстанудан, ауылшаруашылығынан дәріс оқуды бастады. Дәрістер
көпшілікке түсінікті, өмірлік мысалдарды пайдалана отырып оқылғандықтан,
тыңдаушылар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Алайда, жағдайдың күрт
өзгеріске ұшырауы болшевиктерді алаңдатып, қауіпті бола бастағанын
түсінген олар Мұсылман университетін қаржының тапшылығын алға тартып,
оны жауып тастайды [20, с. 327].
Өзінің аз ғана уақытында Мұсылман университеті ұлттық мамандарды
қалыптастыру және тәрбиелеуде көп үлес қосады. Еңбек биржасының
ғимаратында 28 наурызда өткізілген жұмысшылар мен кәсіподақ өкілдерінің
жиналысында жұмысшы жастар оқуға, ал оқытушылар университетте жұмыс
істеуге шақырылады және оның басқармасы құрылады да оған
В.И.Романовский, Р.Р.Шредер және басқалары кіреді. 5 сәуірде өткізілген
ұйымдастыру комиссиясы мүшелері мен оқытушылардың жалпы
жиналысында ректорлыққа А.В.Попов және факультет декандары сайланды.
Осы күннен бастап, жұмыс ұйымдасқан түрде жүргізіле бастады. Бұл кезде
аштық пен жоқшылық әлі күшінде болатын, ғимараттар мен маман кадрлар,
тиісті құралдар жетіспеді, бірақ жұмыс үлкен ынталылықпен жүріп жатты.
Өйткені, Түркістан халқы жоғары оқу орны құрылған кезде «оның одан әрі
өрлеуінің кепілдігі болады және болашақта таза ғылымның сәулесі
жарқырайтындығына сенім беретіндіндігіне» сенді [21, 4 п].
Осы кездің өзінде Түркістан Республикасының Халық комиссарлар
Кеңесі мен халыққа білім беру комиссариаты университетке халық