күштерін жас Түркістанда жоғары мектеп құруға жұмылдырды, сәулетші
академик Шехтелдің жетекшілігімен университет ғимаратының жобасы
әзірленді. Онда бас ғимараттың құрылысы, қазіргі заманғы зертханалар,
кітапхананың арнайы ғимараты, клуб, профессорлар мен оқытушылар үшін
тұрғын үйлер, студенттер үйлері, спорт сарайлары көрініс тапты.
1919-20 жаңа оқу жылдарын Түркістанның халық университеті алдағы
кездегідей өте ауыр жағдайда қарсы алды. Түркістан азамат соғысының
барысында бұрынғыдай оқшауланған күйде қалды. Оқу орнының
ұйымдастырушылары
бұрынғысынша
тек
өздерінің
шектеулі
мүмкіндіктеріне сүйенетін болды. Осыған қарамастан бірінші және екінші
курстарда сабақтар басталды. Барлық факультеттердің құрамында
бөлімшелер құру түгелдей дерлік аяқталды: Техникалық факультетте,
құрылыс және механикалық, жаратылыстану-математика факультетінде,
жаратылыстану және математика, тарих-филология факультетінде тарих
және сөз, әлеуметтік-экономикалық факультетінде заң және экономикалық
бөлімдер құрылды.
1918 жылдың 29 желтоқсанында Москвада Түркістан университеті
оқытушыларының алғашқы жиналысы өткізілді. Кейіннен мұндай
жиналыстар тұрақты түрде өткізіле бастады және бірнеше айлар аралығында
оқу кеңесінің қызметін атқарды.
Москва мен Петроградтағы барлық ұйымдастыру жұмыстары
Түркістанның Орталық Ресейден оқшауланып қалған жағдайында жүргізілді.
Университетті құру жұмыстарының жағдайы туралы жалпы мәліметтерді
білу үшін Москва мен Ташкент арасында қатынас орнату өте маңызды
болды. Бұл міндет Ресей орталық өкімет орындарының көмегімен шешімін
тапты. 1918 жылы тамызда Орталық комитет Кеңес үкіметінің Орталық
Азиядағы төтенше комиссары П.А.Кобозевке Түркістан мен Ресей арасында
байланыс орнату үшін іс-шараларды әзірлеуді тапсырды. П.А.Кобозев
Түркістан университеті үшін көп жұмыстар атқарды. Ол бірнеше рет
ұйымдастыру комитетінің отырыстарына қатысты, Ташкентпен тікелей
радиотелеграфтық байланыс орнатуға көмектесті, ол жаққа университеттің
жұмыстары туралы мәліметтер жіберіп отыруды міндеттеді. Оның Орта
Азиядағы бірінші оқу орнын құру жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
туралы ұсынысы ерекше маңызға ие болды. Оның өкімімен университеттің
қажеттіліктеріне 250 мың рубль қаржы бөлінді [38, с.305].
Түркістан мемлекеттік университетінің ұйымдастыру комитетіне Ресей
Халық ағарту комиссариаты да тұрақты көмек пен қолдау көрсетіп отырды.
Москвада болған Түркістан университетінің қызметкерлерінің арасында өз
саласының көрнекті мамандары мен ірі ғалымдар болды. Бірақ олардың
басым көпшілігі демократиялық көзқарасты ұстанды. Мұндай көзқарасты
қолдаушылар москвалық топта да кездесті. Олардың мұндай көзқарастары
Түркістан мемлекеттік университеті туралы заңнамалық актінің жобасын
дайындау кезінде көрінді. 1918 жылдың желтоқсанына қарай әзірленген
алғашқы жобаға құрастырушылар Ташкенттегі факультеттер орталық
жоғарғы оқу орындарының филиалдары болады, ал олардың оқытушылар
мен профессорлары Түркістанға уақытша іс-сапарға жіберіледі және олардың
Москва мен Петроградтағы жұмыс орындары сақталады деген тармақты
қосады. Жобаның бұл ережелерін П.А.Кобозев қатаң сынға алады.
Ұйымдастыру комитеті өзінің күнделікті жұмысында орталық Ресейдің
көптеген ғылыми мекемелерінің тұрақты қолдауына сүйенді. Петроград
ботаникалық бауы оған өз коллекциясының бір бөлігін берді. Басты
физикалық обсерватория университет обсерваториясын ұйымдастыруға
өзінің көмегін ұсынды, Халық комиссариатының жер алқасы ауыл
шаруашылық машинатану бойынша практикалық сабақтар үшін құралдарын
берді. Университет ғылыми кітапханасының қоры да тез толыға бастады.
Оларды толықтырудың негізгі көзі ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу
орындарының кітаптарды тегін беруі болды. Кітаптар Москва табиғат сынау
қоғамынан, Румянцев мұражайынан, Петроград темір жол инженерлері
институтынан, Орыс техникалық қоғамынан, Петроград азаматтық
инженерлер институтынан, Халық ағарту комиссариатының ғылыми
бөлімінен келіп түсе бастады.Осындай жұмыстармен қатар ұйымдастыру
комитеті әр түрлі факультеттерде сабақ беру мәселесін, оқу-көмекші
мекемелерін құруды талқылауды жалғастырды, оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын
әзірледі,
Түркістан
мемлекеттік
университетіне
профессорлар мен оқытушыларды тартумен айналысты. 1919 жылдың
тамызына дейін 70-ке жуық ғылыми қызметкер жаңа оқу орнында сабақ
беруға келісімдерін берді [39, с. 97].
1919 жылғы 30 тамызда өткен профессор-оқытушылар құрамының
жалпы
жиналысында
пофессор
П.А.Димо-университет
ректоры,
шығыстанушы, профессор А.Э.Шмидт – оның орынбасары болып, сонымен
бірге басқарма және университет кеңесі сайланды. 1920 жылдың ақпанында
Москва мен Түркістанды жалғайтын жол қалпына келтірілгеннен кейін
оқытушылар мен құрал-жабдықтарды Түркістанға жөнелту мүмкін болды.
Университет үшін Шығыс майдандағы арнайы әскери-санитарлық №159
поезд бөлінді. Оқытушылардың өздері 20-дан аса вагонға университет
мүліктерін тиеді. 15 ақпанда түнгі сағат 3-те Қазан вокзалынан бірінші
университет эшелоны аттандырылды. Ташкентке жоғары білікті маман-
оқытушылар, Москва және Ленинград жоғарғы оқу орындарының
профессорлары жіберілді. Арнайы поезбен Ташкентке құрал-жабдықтар мен
оқу құралдары келіп жетті [38, с.220]. Эшелон жолға шығар алдында
университеттің өкілдерін Халық Комиссарлар Кеңесінде В.И.Лениннің
атынан Іс басқарушысы В.Д. Бонч-Бруевич қабылдап, осы қиын және игілікті
істе табыстар тіледі. Шынында да алғашқы эшелонның жолаушыларына
жекелеген анархистер мен темір жол жұмысшыларының арасындағы бас
көтерушілердің қарсылықтарын басуға тура келді. Университет поезы
Базарная және Батраки стансаларында 3 тәулік және Ақтөбеде 15 тәулік
жолда тоқтап тұрды. Ақ-бұлақ станциясында паровозды анархистер басып
алды. Осы кезде РСФСР Халық комиссарлар кеңесіне өтініш айтуға
мәжбүр болды, олардан 159 санитарлық поезды тез арада жөнелту қажеттігі
айтылған телеграмма алынғаннан кейін ғана поезд өзінің жолын жалғастыра