педагогикалық, шет тілдері, мектепке дейінгі дайындық бойынша, пішу және
тігу, етік тігу курстары кірді. Өздерінің сипаты жағынан олар орта кәсіптік
оқу орындарына ұқсады.
Түркістан халық университетінің орыс тілінде білім беретін 11
бастауыш мектебі, сонша жалпы білім беретін мектептері, қазақ тілінде
оқытатын екі кәсіптік мектебі және сегіз балалар алаңы болды. Алғашқы
кезде Түркістан халық университетінің құрылымдық бөлімдерінің мәртебесін
Түркістан халық консерваториялары, мұражай және көпшілік кітапханасы
алды. Бірақ, кейіннен оларды тікелей Түркістан Республикасының халық
ағарту комиссариатының қарауына береді. Университеттің күрделі және
өзіндік құрылымы сол кездегі уақыт талабына байланысты болды. Бұл
құрылым өте аз уақыт сақталды. Халыққа білім беру саласында тәжірибе
жинақталғаннан кейін, жоғарғы оқу орнының деңгейіне сәйкес келмейтін
мекемелер дербестік ала бастады.Оқу-ағарту комбинатынан жоғарғы оқу
орнын алып шығу процесі 1918 жылы маусымда халық ағарту
қызметкерлерінің бүкіл түркістандық съезінде мақұлданған болатын.
Ташкентте
университет
ұйымдастыру
азамат
соғысының
ауыр
жағдайларында жүзеге асырылды. Орынбор және Закаспий майдандары
арқылы Орта Азия Орталық Ресейден толық кесіліп тасталды. Сондықтан да
бастапқы
кезде
барлық
ұйымдастыру
жұмыстары
жергілікті
интеллигенцияның
күшімен
жүргізілді.
Барлық
қиыншылықтарға
қарамастан, 1918 жылы қазанның соңында барлық факультеттерде сабақ
басталды. Түркістан Республикасының халық ағарту комиссариатымен
университеттің бірінші жарғысы бекітілді. Сол жылы желтоқсанда оның
басшы органдарықұрылды. Университеттің ректоры болып Г.Н.Черданцев,
проректоры болып Г.М.Сваричевский сайланды. Сол кезден бастап
университеттің Ғылыми кеңесі қызмет атқара бастады, факультет декандары
тағайындалды. Оқу процесін жолға қою үшін белсенді жұмыстар басталды.
Студенттер контингенті 1918 жылы қазанда 560 адамға жетті. Университетте
тұрақты профессор-оқытушылар ұжымы қалыптасты, ол 78 адамды құрады.
Университеттің алғашқы оқытушыларының қатарында кеңес конституциясы
мен техникалық факультетте электротехника курстары бойынша дәріс
жүргізген көрнекті кеңес мемлекетінің қайраткері П.А.Кобозев те болды.
Жоғарғы оқу орнының 1918/1919 оқу жылындағы үлкен жетістігі-оқу-
көмекші
мекемелерін
ұйымдастыру
болды.Олардың
алғашқылары
органикалық және неорганикалық химия зертханалары мен зоология
кабинеті болды. Университеттің ресми ашылуынан кейін, оның
ұйымдастырушылары тұрақты жұмысты қалыптастыру үшін ерекше күш
салды. Оқытушылар жетіспеді, құрал-жабдықтар жоққа тән, материалдық
база болмады, Орталықтың көмегімен жойылуға тиіс басқа да көптеген
қиындықтар болды. Осыны түсінген ТАКСР Халық комиссарлар Кеңесі
университет басқармасына А.А.Семенов (кейіннен белгілі шығыстанушы)
пен инженер И.Г.Беловты (кейіннен Түркістан университетінің профессоры)
Ташкентке қажетті ғылыми күштерді тартуға және оқу орнын қажетті оқу
және ғылыми құралдармен, кітаптармен қамтамасыз ету үшін, Москва мен
Петроградқа іссапарға жіберуді ұсынды. Бірақ, А.А.Семенов пен И.Г.Белов
Ресейде екі жылға жуық болды, өйткені олар кеткеннен кейін Түркістан ел
Орталығынан бөлініп тасталды.
Сол кездегі Түркістан өлкесінің әскери-саяси және экономикалық
жағдайы өте қиын еді. Орта Азияда социалистік революцияның болу-
болмауын анықтайтын оқиға жақындап келе жатты. Осыларға қосымша
Түркістан халық университетінің 1918 жылғы сәуір-қазан аралығындағы
жұмысына Ағарту комиссариатының ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс
жүргізбеуі
де
қиындық
келтірді.
«Халық
университеті
өмірлік
қажеттіліктерге байланысты мектептің білім беру сатыларының барлығын,
сонымен қатар мектептен тыс және мектепке дейінгі білімді қамтитын
университеттік мектепке айналды. Бұдан басқа Халық университеті халық
ағарту комиссариатының тапсырмасына сәйкес және өз бастамасы бойынша
тарау жағдайындағы және революция кезінде пайда болған жалпы мәдениет
мекемелерін өз қамқорлығына алуға және тікелей әкімшілік жасауға тиіс
болды» [27, с. 93]. Осы кезеңдегі Университет өмірінің сипатын Халық
университетінен құрылған және оның филиалдары болған немесе онымен
тығыз байланыста жұмыс істеген мекемелердің тізімімен бағаланады.
Халық университетіне мыналар кірді:
1. Әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану-математикалық, әдеби-
философиялық (күзден бастап тарихи-филологиялық), ауыл шаруашылық
және техникалық бөлімдер бойынша жоғарғы курстар;
2. Электр моторлары, автомобиль істері, темір жол, сызу, орман
техниктері, жер және су комитеттерінің нұсқаушылары, кооперативтік,
педагогикалық (мұсылман мұғалімдер институты жанында), мектепке дейінгі
тәрбие нұсқаушылары (балалар алаңдары үшін), шетел тілдері, пішу және
тігін тігу (бес төменгі саты мектептері жанында), етікшілік істері (үш төменгі
саты мектептері жанында), суда жүзу курстары бойынша орта практикалық
курстар;
3. Төменгі саты мектептері – 4 бастауыш, 11 мұсылман, 2 кәсіптік
(мұсылман), 8 балалар алаңы;
4. Түркістан көпшілік кітапханасы, Түркістан халық мұражайы, кейіннен
өзінше оқу орнына айналған консерватория мекемелері [28, 54-80 пп].
Түрлі сипаттағы және өте көп мекемелермен айналысу Университеттің
жұмысын қиындата түсті. Ішкі және сыртқы көптеген қиыншылықтарға
қарамастан, 1918 жылғы сәуірдің соңғы күндерінде университеттің әдеби-
философиялық,
әлеуметтік-экономикалық
және
ауыл
шаруашылық
факультеттерінде дәріс оқу басталды. Аз уақыттан соң жаратылыстану-
математикалық және техникалық факультеттерде де сабақ басталды.
Халық университетінде жүргізілген жазғы дайындық кезеңдері үлкен
маңызға ие болды. Бұл кезең ғылыми білімді көпшілікке таныстыруға,
дайындықсыз аудиторияға арналған көптеген мәдени-ағарту және арнайы
курстарды ұйымдастыру үшін пайдаланылды. Осы салада жұмыс істеу үшін,
қоғамдық және ғылыми күштер жұмылдырылды. 1918 жылы қыркүйек-қазан
айларында
бағдарламалар
жасалынды,
факультеттердің
бағыттары