Қалыптасуы тарихы (1918-1930 жж) Аннотация: мақалада



жүктеу 387,86 Kb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата26.05.2018
өлшемі387,86 Kb.
#17848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

демократиялық    интеллигенциясымен  біріге  отырып,  Түркістан  өлкесінде 

жоғары  оқу  орнын  құру  мақсатында,  нақты  алғашқы  қадамдар  жасайды. 

Нәтижесінде,  1917  жылы  1  наурызда  өлкенің  алдыңғы  қатарлы  өкілдері 

Ташкенттің  Қалалық  Думасында  жиналыс  өтіп,  өлкеде  жоғары  оқу  орнын 

ашуға шешім шығарып, оған 1 миллион сом ақша және қаланың Никифиров 

деген бөлігінен 10 дес. жер бөледі [7, 1 п].  

Сонымен  қатар,  1917  жылы  15  қыркүйекте  Петроград  қаласындағы 

Ағарту  министрлігінде  орыстың  атақты  ғалымдары  В.И.Вернадский, 

Е.Е.Жуковский,  С.А.Чаплыгин,  В.В.Бартольд,  Н.Я.Марр  және  басқалары 

қатысқан  жиналыс  өткізіледі.  Бұл    жиналыста  Уақытша  үкіметтің  алдында 

қазақ және Орта Азияның басқа да халықтары үшін Ташкентте университет 

ашуға  қолдау  көрсетуін  сұрайды  және  «ерекше  міндеттер  жүктеледі,  ол  тек 

ғылыми  мақсаттарды  іске  асырып  қоймай,  ұлттық-саяси  маңызды 

міндеттерді,  атап  айтқанда,  өлкені  тарихи,  филологиялық,  этнографиялық, 

археологиялық  және  құқықтық  қатынастар  жағынан  жан-жақты  зерттеуді, 

Шығыс тарихын, мәдениетін және тілін зерттеуге ерекше назар аударуға тиіс 

еді»  [8,  172  п].  Осы  жиналыста  жаңадан  құрылған  университетте 

шығыстанушылық  бағыттағы  тарих-филология,  физика-математикалық 

факультеттерді  құру  қажет  деп  танылып,  оны  іске  асыру  Петроград  және 

Москва университеттеріне жүктеледі. Осы игілікті бастаманы талқылап, оны 

жүзеге  асыру  кезінде  қаржы  мәселесі  туындап,  аяғы  тығырыққа  тіреледі. 

Өйткені,  Уақытша    үкімет  осы  маңызды  іске  назар  аудармай,  іс  жүзінде 

бастаманы қаржыландырудан бас тартады.  Қалалық Думаның өкілі «қазіргі 

уақытта  алғашқы  жарнаның  өзіне  салынатын  бос  нақты  ақшаның    жоқ 

екендігін» мәлімдейді [8, 38 п]. 

Уақытша  үкіметтің  қаржы  бөлмегеніне  қарамастан,  Түркістанның 

алдыңғы  қатарлы  зиялы  қауымының  ықпалымен  Ташкенттің  қалалық 

басшылығы өлкеде университ ашуға кірісіп, дайындық комиссиясын құрады 

да,  оған  миллион  сом  ақша  аударады  және  Ташкенттің  Никифоров  деген 

ауданынан  10  десятина  жер  бөледі  [9,  1-3  п].  Сонымен  қатар,  олар  қаржы 

мәселесі  қиындық  туғызғандықтан,  оны  әр  түрлі  жолдармен  шешуге 

тырысады.  Мысалы,  1917  жылы  16  қазанда  Комиссия  өндіріс  және  сауда 

орындарының  иелерінен  көмек  ретінде  ашылғалы  жатқан  университет 

қорына  ақшалай  жарна  жинау  мақсатында  келіссөз  жүргізуге  М.Шоқайды 

арнайы мандатпен аттандырады [9, 17 п]. 

Қазан төңкерісі қазақ зиялыларының университет ашудағы жоспарларын 

кейінгі 

қатарға 


ығыстырып 

шығарады. 

Өйткені, 

большевиктер 

ұйымдастырған  төңкерістен  кейін  елде  мүлдем  түсініксіз  аласапыран  саяси 

ахуал қалыптасады. 

Осыған  байланысты  А.Байтұрсынов  сол  кезге  мынадай  сипаттама  береді: 

«Қазақтарға  ақпан революциясы  қандай  түсінікті  болса,  қазан  революциясы 

оларға соншалықты түсініксіз көрінді. Олар революцияны қандай қуанышпен 

қарсы алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбүр болды. Қазақ 

халқымен  таныс  адамдар  үшін  қазақтардың  бұл  революцияларға  деген 

мұндай  қатынасы  әбден  табиғи  және  түсінікті  болатын.  Алғашқы 




революцияны  қазақтар  тура  түсініп,  қуанышпен  қарсы  алуындағы  себебі, 

біріншіден,    бұл  революцияның  оларды  патша  үкіметінің  қанауы  мен 

зорлығынан құтқаруына, екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген 

ескі үмітін нығайта түсуінде еді» [10, 5 б].    

Большевиктердің  шынайы  тәуелсіздік пен демократия жолы  деп  келген 

Қазақстандағы кеңес өкіметінің жеңісі, іс жүзінде патшалық Ресейдегіден де 

күшті  диктатураға,  бюрократиялық  жүйенің  орнауына  апарды.  Мемлекеттік 

түрге  оранған  революциялық  зорлық-зомбылық  жаңа  қоғамдық  қарым-

қатынасты  енгізіп,  қолдап  отырды.  Ал,  олар  үшін  Қазақстанда  обьективті 

жағдайлар  орныққан  жоқ  болатын.  Қазақстандағы  оқиғалар  жергілікті 

халықтың революциялық белсенділігі емес, сырттан әкелінген факторлардың 

жемісіне  айналды.    Қоғам  өмірін  қайта  құрудың  большевиктік 

бағдарламасында  халыққа  білім  беру  ісіне,  мәдениет  пен  ғылымның 

мәселелеріне  айтарлықтай  орын  берілген.  Коммунистік  құрылыстың 

бағдарламасын алға тарта отырып, В.И.Ленин бұл бағдарлама іске асырылуы 

үшін  алдыңғы  қатарлы  ғылым  мен  техника,  бүкіл  жоғарғы  білім  жүйесі 

жұмылдырылуы  керек  екендігін  атап  көрсеткен.  Ол  «...  бізге  банк  ісі  мен 

кәсіпорын  бірлестіктерінің  жақсы  ұйымдастырушылары  қажет.  Бізге 

инженерлер,  агрономдар,  техниктер,  барлық  саланың  ғылыми  білімді 

мамандары қажет» деп жазды [11. с. 311-312]. Билік басына келместен бұрын 

В.И.Ленин  мен  оның  пікірлестері  әрбір  ұлттық  мәдениеттің-бұқара  халық 

мәдениеті  мен  қанаушылардың,  буржуазияның  мәдениеті  бар  екенін, 

әдебиеттің партиялық болуға тиістігін, ал оқу-ағарту ісінде ұлтына қарай жол 

берілмейтінін ашық түрде мәлімдеді.  

Тіпті,  1893  жылдың  өзінде-ақ  Ф.Энгельс  «өткен  буржуазиялық 

революциялар  университеттерден  өздерінің  саяси  қайраткерлері  шығатын 

адвокаттарды  талап  етсе,  жұмысшылар  табына  бүкіл  қоғамдық  өндірісті 

қолға  алу  үшін  бұдан  басқа  дәрігерлер,  инженерлер,  химиктер,  агрономдар 

және басқа мамандар қажет» деп жазған болатын [12, с.432]. 

Ресейде  мемлекеттік  билікті  басып  алғаннан  кейін,  большевиктер 

өздерінің мәдени жобаларын жүзеге асыру үшін нақты мүмкіндік алды. Олар 

жаңа  мәдениет  құрылысының  мазмұны  мен  бағытын  ұлт  аймақтарында  да 

уысынан  шығармады.  Алғашқы  кезде  өлкедегі  халық  ағарту  жұмыстары 

депутаттар  Кеңесінің,  революциялық  комитеттердің  және  басқа  да 

мемлекеттік  құрылымдардың  шешімдерімен  және  зиялы  қауымның 

бастамаларымен  жүзеге  асырылып,  жергілікті  халықтың  рухани  және 

творчестволық дамуына жол ашыла бастайды.  

Түркістан  Автономиялық  Республикасында  халықтың  сауатсыздығын 

жоюға  бағытталған  жұмыстар  жүргізіліп,  жалпы  білім  беретін  мектептер, 

курстар,  клубтар,  кітапханалар  және  басқа  да  оқу  және  мәдени-ағарту 

мекемелерінің  жүйелері  құрылады.  Дегенмен,  Түркістанда  жоғарғы  оқу 

орындарының  қажеттіліктері  байқалып,  қоғамды  жоғарғы  білікті 

мамандармен  қамтамасыз  ету  уақыт  сұранысына  сай  туындады.  Осыған 

байланысты 1917 жылдың 15-22 қарашасында өткен Кеңестердің Өлкелік ІІІ 

съезінде,  (оған  Сырдария  және  Жетісу  облыстарының  өкілдері  де  қатысқан 



жүктеу 387,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау