кадрларды, оның ішінде ұлттық кадрларды дайындау жұмыстарын бастады
[39, с. 23]..
1920 жылы қаңтардың соңында Бас санитарлық басқарма төтенше шара
тәртібінде Түркістан мемлекеттік университетіне №159 санитарлық поезды
берді.
1920 жылы 19 ақпан күні түнде Москваның Брянск (қазіргі Киев)
вокзалынан оқытушылар мен олардың отбасылары мінген, құралдар мен
ғылыми кітапхананың бір бөлігі тиелген бірінші университет эшелоны
Ташкентке жүріп кетті. Сол кездегі газеттер Ташкентке жұмыс істеуге кеткен
профессорлардың, оқытушылар мен ассистенттердің аттарын жариялады.
Олар: И.П.Рождественский, П.П.Ситковский, М.А.Захарченко, Е.М.Шляхтин,
В.В.Васильевский, И.И.Маркелов, Г.А.Ильин, В.А.Смирнов, В.К.Вальцов,
С.Э.Циммерман, Д.Н.Кашкаров, А.Л.Бродский, М.А.Орлов, Д.В.Жарков,
Н.Н.Златовратский,
С.С.Медведев,
С.П.Аржанов,
Р.Р.Циммерман,
Н.А.Бобринский, В.М.Комаревский, Э.К.Эпик, М.Г.Попов, И.А.Райкова,
А.И.Носалевич, Х.Ф.Кетов, Д.А.Морозов, А.Э.Шмидт еді [37, 22 п].
Көліктегі дағдарысқа байланысты бірінші университет эшелоны жолда
екі айға жуық уақыт жүріп, Ташкентке 1920 жылы 10 сәуірде келді. Мамыр
айында №159 санитарлық поезы Москваға қайта оралды. Онымен бірге
Москваға Ташкент тобы Москва басқармасына Түркістандағы жағдай туралы
мәлімет беруге өкілдік берген профессор А.А.Семенов та астанаға келді.
Оның жеткізген мәліметтері бойынша Ташкенттегі жағдай университет
қызметі үшін қолайлы екендігін және москва мен жергілікті ғылыми-
педагогикалық күндер арасында жемісті ынтымақтастық үшін барлық
жағдайлардың бар екендігін көрсетті.
Осы жылы 10 тамызда Москвадан екінші эшелон шығып, 28 тамызда
Ташкентке
медициналық,
тарих-филологиялық
және
техникалық
факультеттері оқытушыларының бір тобын және құралдардың жаңа
партиясын жеткізді. Үшінші университет эшелоны Ташкентке 12 қыркүйекте
келсе, төртіншісі қазанның ортасында Ташкентке профессор Н.А.Димо
бастаған москва басқармасын жеткізді. Соңғы құрамында №3 дәрігерлік
поезд бен университет мүлкі тиелген №4 поезд-қойма бар бесінші эшелон
Ташкентке 1920 жылы қазанның соңында келді. Осы эшелондарды
дайындаумен байланысты барлық ұйымдастыру-техникалық жұмыстар
профессор Н.И.Лебединскийдің басшылығымен жүргізілді.
Соңғы
эшелондарды
жіберумен
Түркістан
университетінің
тарихындағы Москва кезеңі аяқталды. Астанада тек университеттің өкілдігі
ғана қалды, ол 1922 жылға дейін қызмет атқарды. Оның құрамына
профессорлар Л.С.Берг, Г.К.Ризенкампф, В.В.Стратонов, А.Е.Снесарев кірді.
Жалпы алғанда, Москва тобы үлкен жұмыстар атқарды. Ол физика-
математика,
медициналық,
техникалық
және
тарих-филология
факультеттерінің алдағы бірнеше жылғы қызмет атқаруын қамтамасыз етті.
Москвада осы факультеттер үшін дайындалған оқу жоспарлары мен
бағдарламалары сол кездегі ғылымның үлкен жетістіктерінің қатарында
болды. 1920 жылдары орталықтан Түркістанға жоғарғы ғылыми және
педагогикалық білікті 43 профессор мен 43 оқытушы келді. Олардың
көпшілігі сол кезде-ақ Ресей мен шетелдердің ғылыми ортасына танымал
болса, көпшілігі Орта Азиядағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде
көпшілікке танылды.
Москва тобының күшімен Ташкентке 70-ке жуық вагонда университет
мүлкі жиналып, жөнелтілді. Олардың қатарында бағалы зертханалық
құралдар, гербарийлер, карталар коллекциясы, 50 мың томнан аса ғылыми
және оқу әдебиеттері бар. Осылардың арқасында Ташкенттегі университеттің
көп қырлы қызметі одан әрі жалғастырылды. Нәтижесінде 1919 жылдың
соңында университеттің құқықтық жағдайы өзгерді. РСФСР-дағы жалпыға
бірдей номенклатураға сәйкес 1919 жылы желтоқсанда «Түркістан халық
университеті» « Түркістан мемлекеттік университеті» болып атауы
өзгертілді.
1920 жылы күзде Түркістан Мемлекеттік университеті жаңа оқу
жылына толыққанды жоғарғы оқу орны ретінде кірісті.
Жаңадан құрылған университет Ресей үкіметі тарапынан тұрақты
қолдауды қажет етті. Түркістан республикасы жас оқу орнын қажетті
деңгейде қаржыландыруға керекті ақша қаражаттарын бөлуге шамасы
жетпеді. Оны ұстап тұру үшін қаражат тұрақсыз және қажетті деңгейде
болмады. 1920 жылдың ортасына қарай университет тек оның
қызметкерлерінің жанкештілігімен өмір сүрді. Осындай қиын жағдайдан
шығатын бір ғана жол, Ресей үкіметінен көмек сұрай болды. Ташкент
педагогикалық ұжымы мен Түркістанға келген бірінші Москва тобының
тапсырмасымен бұл мәселені Москва басқармасының алдына 1920 жылы
маусымда А.А.Семенов қойды. Басқарма, содан кейін Оқу кеңесі тиісті заң
актісін қабылдауға өтініш беруге шешім қабылдады. Бұл жобаның негізгі
идеясы университетті Халық ағарту комиссариатының қарамағына беріп,
оны ұстауды елдің жалпы мемлекеттік бюджетінің есебінен жүргізу болды.
Москва тобының ректоры осы жобаны 1920 жылы шілдеде тиісті
мекемелердің алдына қойды. Жоба мақұлданып, республика үкіметінің
қарауына ұсынылды.
1920 жылы 7 қыркүйекте Халық комиссарлар кеңесі Түркістан
жоғарғы оқу орны туралы баяндаманы тыңдап, Ташкентте Мемлекеттік
университетті құру туралы декрет қабылдады. Декретте: «1. Ташкент
қаласында мемлекеттік университет құрылсын. 2. Түркістан мемлекеттік
университеті тікелей Ресей Халық ағарту комиссариатының қарауына
берілсін. 3. Университетті ұстау үшін қаражат осы комиссариаттың сметасы
бойынша бөлінсін.» - делінген.
Университеттің ұйымдастырылуының аяқталғанын рәсімдеген осы
тарихи декреттен Ташкент мемлекеттік университетінің даңқты тарихы
басталады. Қалпына келтіру кезеңінде елдің оқу орындарының алдында
күрделі міндеттер тұрды. Оларға жоғары білікті мамандар даярлау жөнінде
үлкен жауапкершілік жүктелді. Ауыл шаруашылық және педагогикалық
жоғарғы оқу орындарының жұмысын жақсартуға қатты көңіл бөлінді.