Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Қолдану
|
1-тапсырма
|
Тұмар патшайымның ерлігі туралы алты хабарлы сөйлем жазыңыз. Көршіңізбен жұмысыңызды алмастырыңыз. Жұбыңыздың әр сөйлемінің құрамындағы бір зат есімді жіктеу немесе сілтеу есімдіктерімен алмастырып, сөйлемдерді қайта жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- Тұмар патшайым туралы 6 хабарлы сөйлем жазады;
- жұбының әр сөйлемін мұқият оқиды;
- сөйлемнің құрамындағы бір зат есімді жіктеу немесе сілтеу есімдігімен алмастырады;
- сөйлемді қайта жазады.
|
Оқу мақсаты
|
5.1.1.1 Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды
Тақырыпты болжайды
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма
|
Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, 5 тірек сөз бен сөз тіркестерін анықтап, бағдарсызық бойына жазыңыз. Олардың көмегімен мәтіннің тақырыбын болжап, кластердің ортасына жазыңыз.
Су - тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Әсіресе, Африка елдері ауыз суға зәру.
Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - деп жазады. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны ретке келтіреді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді. Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді.
Сонымен қатар су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, теріні ылғалдандырып, емдейтін қасиеттерге де ие екен.
Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.
(180 сөз)
Су Ауыз су
Судың адамға пайдасы
Денсаулық Масару Эмото
Энергия
Ағза
Дескриптор Білім алушы
- мәтін құрауға негіз болған 5 тірек сөзді анықтайды;
- тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып ұсынады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |