Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Қолдану
|
1-тапсырма
|
Жұбыңыздың сүйікті кітабының қандай екенін, сүйікті кейіпкері, одан алған әсеріне бағытталған 5 сұрақ дайындаңыз. Сұрақтарыңызды жұбыңызға ретімен қойыңыз, оның жауаптарын қысқаша жазып алыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына жауап беріңіз.
Сұрақ қою немесе жауап беру барысында төменде ұсынылған диалогке қатысты сөз тіркестерін қолданыңыз: сіздің пікіріңізше, менің ойымша, оның мынадай себептері бар, себебін былай түсіндіремін, кітап оқуға қызығушылық, ерекше әсер қалдыру, рухани азық.
Дескриптор Білім алушы
жұбына сүйікті кітабы, оның авторы жайлы сұрақ дайындайды;
шығармадағы сүйікті кейіпкері, оны неліктен ұнататыны жайлы сұрақ дайындайды;
кейіпкердің бойында кездесетін жақсы қасиеттері туралы сұрақ дайындайды;
кейіпкердің ерекше әсер қалдырған әрекеті туралы сұрақ дайындайды;
кітаптан алған әсері туралы сұрақ дайындайды;
қойылған бес сұраққа сай жауап береді.
|
2-тапсырма
|
Мәтінде берілген ақпараттар туралы жұбыңызбен бөлісіңіз. Жұбыңыздың мәтін мазмұнын мұқият тыңдаңыз. Айтылған ақпаратқа қатысты жұбыңызға екі сұрақ қойыңыз. Сұрақтарға лайық жауап беріңіз.
1-оқушыға ұсынылатын мәтін
Қазақстанның ең ірі кітапханаларының бірі – Семейдегі Абай атындағы кітапхана және өлкетану мұражайы 1883 жылы Е.П. Михаэлис, Н.Я. Коншиндердің жәрдем беруімен ашылған болатын. Алғашқы жылы кітапхана қорында 274 дана кітап болып, 130 оқырманға қызмет көрсеткен.
Ең алғашқы мәдениет ошақтарының бірі қоғамдық кітапхананың ашылуы Семей қаласының тұрғындары үшін маңызды оқиға болды.
Абай қыстың бір күнінде Семейдің Гоголь атындағы кітапханасына барып, өзі оқып бітірген Толстойдың 1-том кітабын қайтарып, 2-томын сұрайды. Кітапхананың ішіндегі оқырмандар орыстар екен, басында тымағы бар, аяғында етігі, үстінде қара тоны бар қазақтың Толстойдың кітабын сұрап тұрғанын көргенде, отырған орыстар қайран қалады. Ақынның жанына Е.П.Михаэлис келіп танысып, ол таныстық баянды достықпен жалғасады.
Кітапхананың алғашқы оқырмандарының бірі болған Абай бұрын қолына түскен кітапты оқитын болса, енді Михаэлистің кеңесімен кітаптарды таңдап оқитын болды. Абай қалаға келген сайын кітапханаға соғып, өзіне қажет кітап, газет - журналдарды алып, қыста қалада жатып, ал жазда қоржынын толтырып, ауылына алып қайтып, үзбей оқыған. (146 сөз)
2-оқушыға ұсынылатын мәтін
Тарихта ең қымбат кітапты итальян суретшісі, сәулетші, ғалым Леонардо да Винчи жазған. Ол «Су, жер және аспан істері туралы трактат» деп атаған кітабын құрастыру үшін 4 жылын жұмсады. Ғалым өзінің байқағандарын, логикалық тұжырымдарын суреттермен, схемалармен, математикалық есептеулер және сызбалармен көрсеткен.
Жұмыстың нәтижесінде «айналық» әріппен жазылған 18 парақтан тұратын кітап жазылды. Оны тек жарыққа шағылыстыру арқылы ғана оқуға болатын. «Трактат» 1717 жылы ұзақ уақыт бойы оның қожайыны болған Англиядан шыққан ежелгі графтық рудың тегі «Лестер Кодексі» деген атауына ие болған.
1980 жылы кітапты Лестерлердің ұрпақтарынан атақты коллекционер Армад Хаммер сатып алған. Ол да аз уақыт кітаптың атауын «Хаммер Кодексі» деп те өзгерткен.
Хаммердің қазасынан кейін 1994 жылы кітап аукционға қойылып, оны Билл Гейтс («Microsoft-тың» негізін қалаушы) сатып алған. Алайда, Билл Гейтс «Су, жер және аспан істері туралы трактатты» тығып қойған жоқ, ол әлемнің түрлі мұражайларындағы көрмелер кезінде кітапты құрметпен таныстырып келеді. Көрмелерде бұл кітапты кез келген адам көре алады.
(148 сөз)
|
Достарыңызбен бөлісу: |