Бекіту сұрақтары:
Алгоритмнің құрылымына қарай нешеге бөлінеді? Атап бер.
Сызықтық алгоритм деген не?
Тармақтық алгоритм деген не?
Циклдық алгоритм деген не?
Циклдық құрылым неше түрге бөлінеді?
Шарт алдынан берілген алгоритмге мысал келтір.
Шарт соңынан берілген алгоритмге мысал келтір.
Параметрлі циклге мысал келтір.
Алгоритм деген не?
Алгоритм термині қайдан шыққан?
Алгоритмнің қасиеттерін ата?
Компьютерде есеп шығару қадамдарын көрсет?
Сөздік алгоритмге мысал келтір.
Графиктік алгоритм деген не? Мысал келтір.
Графиктік алгоритмнің шарт белгілерін көрсет.
Тьюринг машинасы дегеніміз не?
Тьюринг машинасының формальді емес анықтамасы;
Тьюринг машинасының формальді анықтамасы.
Дәріс 5. Бағдарламалау тілдерімен танысу (2 сағат)
Мақсаты: Программалау тілі және оны топтастыру, программалау тәсілдері, құрылымдық программалау, модульдік программалау ұғымдарын енгізу.
Бағдарламалау тілдеріне шолу: бағдарламалау тілдерінің тарихы.
Бағдарламалаудың негізгі құрылғылары: жоғары деңгейлі бағдарламалу тілінің семантикасы мен синтаксисінің негіздері; айнымалылар, өрнектер және меншіктеу; қарапайым енгізу-шығару; тармақталу және интерактивті операторлар
Бағдарламалаудың парадигмдері.
Процедуралық бағдарламалау.
Модульдік және құрылымыдық бағдарламалау концепциялары. Объектіге –бағытталған бағдарламалау
Программаны машиналық код түрінде жазу. Компьютердің негізгі орындаушысы – процессор. Ол оперативті жадымен бірге жұмыс істейді: оперативті жадыдан командалар мен берілгендерді алып, командаларға сәйкес берілгендерді өңдеп, оларды жадыға сақтауға немесе басқа құрылғыларға: видеокартаға, дыбыстық картаға, принтерге, модемге және т.б. жібереді.
Pentium типті процессорлардың орындайтын қарапайым әрекеттерінің саны мыңнан асады. Процессордың әрбір әрекеті үшін арнайы команда бар, олар 0-ден 255-ке дейінгі сандармен немесе сандар тобымен жазылады.
Процессордың командалар жүйесі. Егер процессордың барлық командалары мен әр команда үшін сандық кодтар жазылған таблицаны көз алдымызға елестетсек, мұндай таблица процессордың командалар жүйесі деп аталады. Әртүрлі процессорлардың командалар жүйесі әртүрлі. Сондықтан әртүрлі компьютерлік жүйелерде жазылған программалар бір-бірінде орындалмайды, оны команда жүйесі бойынша программалық сәйкестенбеу деп атайды.
Pentium модельді процессорлардың әртүрлі буындарға жататын процессорлардың команда жүйесі бойынша сәйкестенбеуінен пайдаланушыларға қолайсыздық тумауы үшін «жоғарыдан төменге» сәйкестену принципі енгізілген. Мысалы, қазіргі заманғы Pentium ІІІ процессорлы компьютерлерде Pentium І процессорлы компьютерлерде жасалған программалар орындалуы керек. Ал керісінше ертеректегі буын компьютерлерінде қазіргі компьютерлерде жасалған программа әрдайым орындала бермейді.
Компьютерлік программа. Компьютерлік программа – ол орындалатын инструкциялардың реттелген тізбегі.
Программаны машиналық кодта жазу. Процессордың барлық командалары 0-ден 255-ке дейінгі мәні бар сандармен немесе осындай сандар тобымен (байттармен) көрсетіледі. Тура осы сияқты оперативті жадыдағы сандық берілгендер мен ұяшық адрестері көрсетіледі. Егер біз процессордың программамен жұмыс істеуіне қарайтын болсақ, онда тек сандардың ұзын қатарын ғана көреміз. Олардың кейбірі - командалар, кейбірі - жады ұяшығының адресі, кейбірі – берілгендер: сандар, әріптер, дыбыстар, бейне т.с.с. Мысалы:
33, 0, 1, 34, 210, 15, 238 ...
Программаны жазудың мұндай формасы машиналық код деп аталады. Бұл жалғыз ғана процессорға түсінікті программаның жазылу түрі. Өкінішке орай ол адамдардың көпшілігіне түсініксіз.
Программалау тілдері. Қазір программаны машиналық код түрінде жазу қабылданбаған. Себебі, ол өте қолайсыз. Оның орнына программалау тілдері қолданылады. Программалау тілін оқу үшін оның командалары мен қолданылу ережелерін меңгеру керек. Программалау тілдерінің командалары – операторлары деп аталады.
Программаның бастапқы коды. Программаны программалау тілінде жазуды бастапқы код немесе программа мәтіні деп атайды.
Транслятор – программа. Программа мәтіні – ол жұмыс істеу мүмкіншілігі бар программа емес, тек қана текст. Оны оқуға болады, бірақ компьютерде орындауға болмайды. Процессор тек қана машиналық кодты түсінеді, сондықтан адам жазған программа мәтінін машиналық кодқа аудару керек. Осы жұмысты арнайы транслятор-программалар орындайды. Транслятор – программаларды компьютерге орнатып алу қажет.
Трансляторлардың түрлері. Трансляторлар – аудармашы бағдарламалар. Олар аударманы әртүрлі тәсілмен орындайды, сондықтан олар әртүрлі болады. Трансляторлардың негізгі екі түрі: компиляторлар және интерпретаторлар.
Компилятор-программалар. Олар программист жасаған бағдарлама мәтінін толығымен қарап шығады. Синтаксикалық қателерді тексеріп, белгілі бір мазмұнды анализ жасағаннан кейін барып, машиналық кодқа автоматты түрде аударады (трансляциялайды). Нәтижесінде программа жинақы әрі тез жұмыс істейтін болады. Компилятор программалардың негізгі кемшілігі – берілгендердің күрделі құрылымын өңдеуге бағытталған жұмысының көптігі.
Интерпретатор-бағдарламалар. Интерпретатор программа мәтінінен кезектегі операторды алып, оның құрылымын талдап, сонан кейін бірден орындайды (трансляциялайды). Ағымдағы оператор толық орындалып болған соң ғана келесі операторға көшеді. Егер программада бір оператор бірнеше рет кездесетін болса, оны бірінші рет кездескендей орындайды. Осы қайталанатын есептеулерді қайта-қайта орындау керектігінің салдарынан программа баяу жұмыс істейді.
Программалау тілдерінің деңгейлері. Процессордың әртүрлі типтерінің командалар жиынтығы әртүрлі. Егер программалау тілі нақты бір процессордың типіне бағытталған болса, онда ол төменгі деңгейдегі программалау тілі деп аталады. Бұл программалау тілі машиналық кодқа өте жақын және процессордың нақты командасына бағытталған. Ең төменгі деңгейдегі программалау тіліне ассемблер тілі жатады. Ассемблер тілі процессордың машиналық кодының әрбір командасын мнемоника деп аталатын арнайы шартты белгілермен көрсетеді. Бір машиналық инструкцияны бір ассемблер командасына бірмәнді аудару транслитерация деп аталады. Әр модельді процессорлардың инструкциялар жиынтықтарының айырмашылықтары болған соң нақты бір компьютерлік архитектураның өзіне ассемблер тілі сәйкес келеді және онда жазылған программа осы ортада ғана қолданылады. Программа жасаушының процессордың барлық мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы болғандықтан төменгі деңгейдегі программалау тілінде жасалған программа өте тиімді және шағын болады. Екінші жағынан компьютер құрылғыларын жақсы білу қажет болады, үлкен қосымшалар жасау қиындық тудырады және ол тілде жазылған программа осы ортада ғана қолданылады. Мұндай тілдер кішігірім жүйелік қосымша жасауда, құрылғылар драйверлерін жасауда, яғни негізгі қажеттілік программаның шағын болуы, әрекет тездігі және аппараттық ресурстарға тікелей қатынас болған жағдайларда қолданылады.
Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері компьютерден қарағанда адамға жақын әрі түсінікті. Нақты бір компьютерлік архитектураның ерекшеліктері ескерілмейді, сондықтан мұндай программалар осы тілдің трансляторлары құрылған басқа платформаларға оңай ауыстырылады. Түсінікті әрі күшті командалардың көмегімен жоғарғы деңгейдегі тілде программалар жасау оңай және программа жасау барысында қателер аз жіберіледі.
Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдеріне: Fortran, Cobol, Algol, Pascal, Basic, C(Си), C++, Java тілдері жатады.
Алгоритмдік (модульдік) программалау. Алгоритм – есепті уақыт бойынша шектеулі қарапайым әрекеттер тізбегіне бөлу тәсілімен шешуді формалды жазу. Алгоритмдік программалаудың негізгі идеясы – программаны әрбіреуі бір немесе бірнеше әрекет орындайтын модульдердің тізбегіне бөлу болып табылады. Модульге негізгі талап – оның орындалуы әрқашан бірінші командадан басталып, соңғы командадан аяқталуы керек. Таңдалынып алынған программалау тілінде алгоритм берілгендерді көрсету, мәндерді есептеу, программаның орындалу тізбегін басқару командаларының көмегімен жазылады.
Құрылымдық программалау. Модульдік программалауда программа мәтіні меншіктеу операторларының сызықтық тізбегі, циклі, шартты операторлар екені белгілі. Мұндай тәсілмен бірнеше жүз код жолдарынан тұратын өте күрделі емес программаларды жазуға болады. Одан әрі программа мәтінінің түсініктілігі төмендейді, себебі көптеген бірінің ішіне бірі салынған шартты операторлар, циклдер пайда болады да, программа логикасы шатасады. Сондықтан операторлардың ұзақ сызықтық тізбегін теру және тексеру мүмкін емес. Мөлшері бойынша орташа қосымшаларды жасау үшін құрылымдық программалау қолданылады. Құрылымдық программалаудың негізі идеясы - программа құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсетіп отыруы керек. Осы мақсатта ішкі программа ұғымы енгізілген. Ішкі программалар – программа мәтінінің басқа бөліктеріне тәуелсіз, қажетті әрекетті орындайтын операторлар жиынтығы. Программа әрбіреуі программаның бір әрекетін орындайтын бірнеше ұсақ ішкі программаларға бөлінеді. Осы ішкі программаларды біріктіре отырып, соңғы алгоритмді қарапайым операторлардан емес, белгілі мағынасы бар, аяқталған код жиынтықтарынан тұратын қорытынды алгоритм құрылады. Ішкі программалардың жеке атаулары болады. Ішкі программаларды қолдану мүмкіндігі программалау тілін процедуралы тілдер класына жатқызады.
Delphi ортасы мәлеметтер қорымен жұмыс істейтің программаларды құруда BDE (Borland DataBase Engine), механизмі қолданылады. Бұл механизм деректерде өңдеу үшін Паскаль тілінде жазылған программаны мәлеметтер қорының архетектурасынан тәуелсіз орындай алады. Мәлеметтер қоры файл-серверлік, клиент-серверлік архетектураның қайсысында құрылсада өңдеуге бірдей дәрежеде қатыса алады. Бұл механизм клиент программа мәлеметтер қоры арасында байланыс орнатады.
Жоғары деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және обьектілі- бағдарлы болып 3 түрге бөлінеді. «Логика» термині logos (логос) деген грек сөзінен шыққан, ол «ойлау», «түсіну», «сана» деген ұғымды береді. Ойдың мазмұны және құрылымы: ой мазмұнына қарай құбылыстардың бекелі санасындағы дәлме –дәл бейнелеуін ақиқат дейді. Ал қарама-қарсы түрін жалған дейді. Логика ғылымы ретінде негізін қалаушы ежелгі грек философы Аристотель (384-322 ж.б.з.д). Ол ең алғаш дедукция теоремасын өңдеген. Математикалық дәлелделермен математикалық сұрақтарды зертейтін ғылым. Математикалық логика пәні- предикаттарды есептеу. Негізінде бірнеше көп тілді программалау логикалық предикаттар жатыр және алгоритм теоремасы: мысалы тілдің атауы Prolog қысқаша «логикалық программмалау » деп атайды.
ОБП тілінде прграммалалардың жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олар, әсіресе Delphi программалау тілі кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Delphi -дің негізгі ерекшелігі- онда қосымша құруды компонентік және обьектілік тәсілдер пайдаланылады. Компонентік тәсілдің мәнісі жеңіл: қосымша арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компонентерден жинақталады.
Ол жеткіліксіз болса, обьектіні өңдеуге арналған үстеме программа құралады. Компонентер визуалды кітапханасында (VCL- Visual Component library) жинақталған.
Компонентер панелінде түрлі класстарға тиісті стандартты компонентер өте көп пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панелге қосуына да болады.
Delphi -де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимидия, процесстерін ұйымдастыру, OLE техналогияны пайдаланады, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және т.б іс-әрекететрді орындауға болады. Көптеген оператордың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ, мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, әдіс, класс, қасиеті ұғымдарымен еркін танысып, компонентерді пайдаланып және түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.
Бекіту сұрақтары:
Программаны машиналық код түрінде жазуды қалай түсінесің және ол қандай негізгі құрылғымен байланысты?
Процессордың командалар жүйесі деген не?
Pentium модельді процессорлардың командалар жүйесінің сәйкестенуі деген не?
«Жоғарыдан төменге» сәйкестену принципі туралы айтып бер.
Компьютерлік программа деген не?
Транслятор – программа деген не?
Трансляторлардың түрлері туралы айтып бер.
Компилятор-программалар деген не?
Интерпретатор-бағдарламалар деген не?
Программалау тілдерінің деңгейлері ұғымын түсіндіріп бер.
Төменгі деңгейдегі программалау тіліне қандай тіл жатады?
Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдеріне қандай тілдер жатады?
Алгоритмдік (модульдік) программалау ұғымын түсіндіріп бер.
Құрылымдық программалау ұғымын түсіндіріп бер.
Ішкі программа деген не?
Дәріс 6. Операциялық жүйелер мен желілердің негіздері (2 сағат)
Мақсаты: Операциялық жүйелер, операциялық жүйе ұғымы, қызметі, топтамасы. Windows операциялық жүйесі, концепциясы, объектілері, қасиеттері туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Қазіргі қолданбалы программамен қамтамасыз етуге шолу.
Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары.
Операциялық жүйелердің даму тарихы.
Типтік операциялық жүйелердің жұмыс істеуі.
Операциялық жүйелердің декомпозициялау әдістері: монолитті, көп деңгейлі, модульді микроядролық модельдер.
Процесстерді басқару.
Жоспарлау және диспетчеризациялау.
Файлдық жүйелер.
Утилиттер.
Драйверлер.
Желілер мен телекоммуникациялар.
Желілік қауіпсіздік.
Web –клиент –сервер архитектурасының мысалы
Операциялық жүйе
Қазіргі компьютерлерде қолданбалы программаларды бірден орнатпайды, себебі әрбір пайдаланушы өзіне қажет қолданбалы программаларды өзі орнатады.
Ең төменгі деңгейдегі программаны орнатудың қажеті жоқ – олар компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғысына (ПЗУ) бірден жазылып, компьютермен бірге келеді. Олар жүйелік және қызметтік программаларды орнату үшін жеткілікті. Ал жүйелік және қызметтік программалар көп болғандықтан оларды бір пакетке жинап, операциялық жүйе деп атаған. Сонымен, операциялық жүйе – жүйелік және қызметтік құралдар комплексі. Операциялық жүйе бір жағынан BIOS жүйесіне енетін компьютердің базалық қамсыздануына сүйенеді, екінші жағынан өзінен жоғары деңгейдегі қолданбалы программаларға тірек болады. Операциялық жүйе қосымшалары осы жүйенің басқаруымен жұмыс істеуге арналған программалар. ОЖ-нің негізгі функциялары:
Пайдаланушы мен компьютердің программалық-аппараттық құралдарының арасында интерфейс орнату;
Аппараттық қамсыздандыру мен программалық қамсыздандыру арасындағы интерфейс орнату;
Программалық қамсыздандырудың әр түрінің арасында интерфейс орнату.
Пайдаланушы интерфейсі
Барлық операциялық жүйелер пайдаланушылармен жұмыс істеудің пакеттік және диалогтық режимдерін қамсыздандырады.
Пакеттік режимде – операциялық жүйенің берілген командалар тізбегін автоматты түрде орындайды.
Диалогтық режимде – операциялық жүйе пайдаланушының командасын күтеді де, арнайы команда алған соң орындап, жауап қайтарады да, келесі команданы күтеді. Операциялық жүйе процессор үзілісі мен BIOS үзілісіне негізделген. ОЖ-нің жұмысты үзіп, әрекеттерге жауап бере алуын диалогтық режим деп атайды.
Пайдаланушы интерфейсі 2 түрге бөлінеді: графикалық және графикалық емес ОЖ.
Графикалық емес ОЖ-де командалық жол интерфейсі қолданылады. Мұнда негізгі басқару құрылғысы – пернетақта. Басқару командалары командалық жолдарға енгізіледі, мұнда командаларды редакторлеуге де болады. Команданың орындалуы Enter пернесін басқаннан кейін жүзеге асады. IBM PC компьютерінің командалық жол интерфейсін MS-DOS операциялық жүйесі атқарады.
Графикалық ОЖ-де интерфейстің күрделірек түрі жұмыс істейді. Мұнда басқару органы ретінде пернетақтадан басқа – тышқан манипуляторы бар. Графикалық ОЖ-нің жұмысы экранның басқару элементтерінің активті және пассивті түрлерінің өзара әрекеттесуіне негізделген.
Активті басқару элементі ретінде тышқанның меңзері болады.
Пассивті басқару элементі ретінде – қосымшаларды басқару элементтері (батырмалар, шарт белгілер, ауыстырғыштар, жалаушалар, ашылатын тізімдер, меню жолдары және т.б.) болады.
Барлық операциялық жүйелер автоматты түрде жүктеледі.
Файл түсінігі
Дискіге жазылған мәліметтермен жұмыс істеуге қолайлы болу үшін оларды файлдарға орналастырады. Файл – дискіде ат қойылып, берілгендер сақталған облыс. Әдетте бір файлда бір типке жататын мәліметтер сақталады. Берілгендер типі – файл типін анықтайды. Файлдың толық аты – файл аты мен кеңейтілуінен тұрады. Аты мен кеңейтілуінің арасына нүкте қойылады. Файл атының кеңейтілуі оның қандай типке жататынын білдіреді. MS-DOS операциялық жүйесінде файл атына 8 символ, ал кеңейтілуіне 3 символ беріледі:символдар / \ : * « < > -нан басқа/, сандар және латын әріптері бола алады. Ал WINDOWS операциялық жүйесінде файл аты 256 символдан тұра алады. Файлмен барлық жүйеде жұмыс істей алу үшін қысқа атты пайдаланған дұрыс.
Файлды сипаттайтын параметрлер:
Файлдың толық аты;
Файлдың көлемі (байтпен);
Жасалу күні;
Жасалу уақыты;
Файлға қатынастың дәрежесін анықтайтын файл атрибуттар: R(Read only) – только для чтения, H(Hidden) – скрытый, S(System) – системный, A(Archive) – архивированный;
Операциялық жүйенің файлдық құрылымы
Файлдық жүйе – ОЖ берілгендерді дискіге сақтап, оларға қатынасты қамтамасыз ететін ОЖ-нің функционалды бөлімі. Файлдық жүйені ұйымдастыру принципі – таблицалық. Диск беті өлшемдері беттің, цилиндрдің, сектордың нөмірлері болатын үшөлшемдік матрица сияқты пайдаланылады. Берілгендердің дисктің қай жерінде жазылғандығы туралы мәлімет дисктің жүйелік облысында, арнайы файлдар сақталатын таблицаларда (FAT-таблицалар) орналасады. Файлдық жүйе файлдар құрылымын ұйымдастырып, оларға қызмет етеді. Яғни FAT-таблицаларды иерархиялық құрылымға айналдырып, пайдаланушыға қолдануға, файлдарға қатынас жасауға қолайлы мүмкіндік туғызады. ОЖ-дің файлдар құрылымына қызмет етуге орындайтын операциялары:
Каталог жасап, ат қою;
Файлдар жасап, ат қою;
Каталог пен файл аттарын өзгерту;
Каталогтарды көшіру, орын ауыстыру;
Каталог пен файлдарды өшіру;
Файл атрибуттарын басқару;
Файлдарға тез қатынас жасау үшін файлдық жүйе оларды каталогтарға біріктіреді. Каталог аттары файл аттарымен бірдей, тек қана кеңейтілуі болмайды. Каталогтар бірінің ішіне бірі салынады. Ең жоғары деңгейдегі каталог түпкі каталог болып есептелінеді.
Операциялық жүйе - компьютер мен адам арасындағы байланысты жүзеге асыратын басты программа аталады. Операциялық жүйе төмендегідей бөліктерден тұрады:
Еңгізу-шығарудың негізгі жүйесі (BIOS) - компьютердің тұрақты жадында (тұрақты есте сақтау құрылғысы ПЗУ) орналасады. Оның міндеті - еңгізу-шығаруды қамтамасыз етумен байланысты ОЖ-нің неғұрлым қарапайым, әрі әмбебап қызметтерін орындауда. Еңгізу-шығарудың негізгі жүйесі құрамында сондай-ақ компьютерді электр желісіне қосқанда оның құрылғыларының және жадтың жұмысын тексеретін тест бар. Сонымен қоса, еңгізу-шығарудың негізгі жүйесіне операциялық жүйені жүктейтін программа енген.
Операциялық жүйені жүктеуші - DOS операциялық жүйесі бар әрбір дискетаның бірінші секторында орналасатын өте қысқа программа. DOS жүктемесін аяқтайтын операциялық жүйенің тағы екі модульды жадыға енгізу - осы программаның міндеті болып табылады.
IO.SYS және MSDOS.SYS дискілік файлдар - жүйелік дискінің түбірлі (корневой католог) каталогында орналасқан екі жасырын файл. Олар файлдық жүйенің, түрлі аппараттық құрылғылардың: пернетақтаның, жинақтауыштардың және т.б. жұмысын қамтамасыз етеді.
COMMAND.COM командалық процессор- қолданушы еңгізген командаларды өңдейді.
DOS-тың сыртқы командалары - бұл жеке файлдар түрінде ОЖ-мен бірге жеткізілетін программалар. Бұл программалар қызмет көрсету мазмұнды жұмыстарды орындайды. Мысалы, дисктерді форматтау, дискті тексеру және т.б.
Құрылғылар драйверлері - бұл DOS-ты еңгізу-шығару жүйесін толықтыратын және жаңа құралдарға қызмет көрсетуді немесе бар құралдарды қалыпты емес қолдануды қамтамасыз ететін арнайы программалар.
Операциялық жүйе басқа программалар жіберетін команда - сигналдарды өзіне қабылдап, оларды машинаға түсінікті тілге аударады. ОЖ компьютерге қосылған барлық құралдарды басқарып, оларға және басқа программаларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ОЖ-нің үшінші міндеті - қолданушы адамның компьютермен жұмысын жеңілдету.
Осылайша, ОЖ-нің әрқайсысы кем дегенде үш міндетті бөлімнен тұруы қажет.
Біріншісі - ядро, командалық интерпритатор, программалық тілден машиналық кодтар тіліне «аударушы».
Екіншісі - компьютер құрамына енетін түрлі құрылғыларды басқаруға негізделген программалар. Мұндай программалар драйверлер деп аталады, яғни «жүргізушілер», бағыттаушылар.
Үшіншісі - интерфейс-қолданушы тұтынатын ыңғайлы қабықша. Бұл қолданушыға қызықты емес ядро оралған әдемі қабықша тәріздес.
ОЖ-лер біресепті (однозадачные) және көп есепті (многозадачные) болып бөлінеді. Яғни бір есепті ОЖ-лер (DOS) бір уақытта тек бір есепті орындай алса, көп есепті ОЖ-лер (Windows 98) Александр Македонский сияқты компьютер қуатын үрдістер арасында бөліп, бір мезетте бірнеше үрдістерді басқара алады.
Тағы бір критерий - ОЖ-нің қолданушылар саны. ОЖ бір қолданушыға арналған және көп қолданушыға арналған болып бөлінеді.
IBM PC компьютерлері үшін 1981 жылдан бастап 1995 жылға дейін негізгі ОЖ ретінде MS-DOS жүйесі болды. Бұл жылдар аралығында осы ОЖ MS-DOS 1.0 версиясынан MS-DOS 6.22 версиясына дейін дамыды.
Бір кезде MS-DOS адам мен компьютер арасында байланысшы болып, дискілерді қолданудың қиын командаларын жеңіл және қарапайымдатты, бірақ уақыт өте келе, даму барысында бұл жүйенің өзі командаларға толы болып, компьютермен жұмыс істеуді тежеді. Осылайша қабықша - программалардың қажеттігі туды.
Қабақша - бұл ОЖ-нің басқаруымен жүктелетін және осы ОЖ-мен жұмыс істеуді жеңілдететін программа. Бүкіл әлемге танымал және кең тараған қабықша - программалардың бірі - Norton Commander. Оны ең әйгілі американ программисті Питер Нортон құрастырған.
Қабықша-программа компьютердің файлдық құрылымын: дискілерді, каталогтарды және файлдарды түгелдей экран бетінде көрнекі түрде көрсетеді. Тек бірен-саран пернелерді қолдана отырып файлдарды іздестіруге, көшіруге, тасымалдауға, жоюға, іріктеуге, өзгертуге (редакциялауға, түзетуге) және жүктеуге болады.
Компьютерлердің немесе басқа құрылымдардың біріктірілген тобын желі деп атайды. Компьютерлерлік желілердің негізгі қызметі ресурстарды ортақ пайдалану, бір және немесе бірнеше өнеркәсіп ішінде және сырттай өзара интерактивті байланыс орнату. Ресурстар дегеніміз - берілгендер, қосымшалар, дискіжетек, принтер, манипулятор тетігі, модем сияқты сыртқы құрылғылар. Интерактивті байланыс түсінігі нақты уақыт аралығында хабарламалар алмасу процесін білдіреді.
Компьютерлік желілер түрлері
Локальды және территорияға бөлшектенген желілер.
Локальды желі (LAN) бір ғимараттың ішінде орналасқан дербес компьютерлер мен принтерлерді байланыстырады (ғимараттардың комплексінің). Территорияға бөлшектенген желілер (WAN) алыста орналасқан бірнеше локальды желіні біріктіреді.
Локальды желілер
Локальды желілер (ЛЖ) желілердің ішіндегі ең қарапайымы дербес компьютерлердің тобын қуаты жоғары желілік сервер деп аталатын компьютермен қосады (1-сурет). Локальды желідегі барлық дербес компьютерлер желілік серверде сақталған арнайы қосымшаларды қолдамуы және ортақ кұрылғыларды принтерлерді, факстерді пайдалануы мүмкін. Локальды желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желілік түйін деп аталады.
1-сурет. Клиент-серверлік үлгі
Локальды желілер жеке қолданушыларға өзара жеңіл және жылдам карым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Локальды желінің кейбір қызметтері:
кұжаттармен ортақ жұмыс жасау;
құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында отырып құжаттарды көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
сервердегі өз жұмысын сақтау және архвтеу;
сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;
принтерлер, СD-ROM дискіжетектері, қатты дискілер және косымшалар (мысалы, мәтіндік редакторларды, мәліметтер корының программалық жабдықталуын) сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану жеңілденеді.
Аймақтық бөлшектенген желілер
Аймақтық бөлшектенген желілер локальды желілер сияқты артықшылықтар бере отырып үлкен территорияны қамтиды. Көбінесе ол үшін жалпылай қызмет көрсететін, модем істемесе жоғары жылдамдығы цифрлық желі арқылы коммутацияланған телефон желісі қолданылады (PSTN,Publik Switched Telephon Network) және комплексті түрде қызмет көрсетеді (ISDN, Intergated Services Digigtal Network). ISDN көбінесе бейне немесе дыбыс түріндегі үлкен файлдарды тасымалдау қызметін атқарады (2-сурет).
2 сурет
Негізгі локальды желілерге модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлік желі арқылы коммутацияланған телефон желісі арқылы жасалған аймактық бөлшектенген желілердің фукционалдылығын қосу арқылы сыртқы коммутациялардың артықшылығын пайдалануға болады, оның ішінде:
хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу (е-
mаil);
Іnternet көпшілікке кіру мүмкіндігін жасайтын бүкіл әлем қолданушыларын деректер, дыбыс және бейне қоймаларымен қосатын ауқымды желі. Іnternet-тің негізгі функциялары электрондық пошта және зерттеулер мен қызығушылық орталары ортақ топтар арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезде Іnternet қашықтан окыту жүйелері және алыстан емдеу, диагностика сияқты дамушы дыбыстық және бейне қосымшаларын қолдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |