Алгоритмдер жєне деректер структурасы


Конец формы Зертханалық сабақ 5



жүктеу 1,78 Mb.
бет8/8
Дата08.02.2018
өлшемі1,78 Mb.
#9040
1   2   3   4   5   6   7   8

Конец формы
Зертханалық сабақ 5 .

Тақырыбы «Оқу орталары және жаттықтырушылар.»

Дидактикалық мақсаты: зерттеу.

Ұйымдастыру әдісі: тәжірибелік.

Оқыту технологиясы мен әдістері: оқу-әдістемелік жоба.

Студенттерді алдын-ала дайындау: тапсырманы орындау.

Теориялық түсініктеме

Дифференциялдық ішікі пәндерді жұмысына сәйкес әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды ұсынуға болады.Предлагаемые разноуровневые задания соответствуют работе по внутрипредметной дифференциации, так как есть:



  • 3 деңгейдегі нұсқалары бар;

  • Материалдың көлеміне қарай ерекшеленеді.

Информататиканы терең үйренетін сыныптар үшін әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындауға қойылған.

Барлық тапсырмалар әртүрлі қиындық деңгейіне байланысты берілген және 3 топқа бөлінген.



I деңгейдегі тапсырмабазалық. Оқушылардың барлығы орындайтындай болуы тиіс.

II және III деңгейдегі тапсырмаларқиындықты көтеру.

Олардың жұмысы логикалық ойлауды дамыту стандартты емес шешімді қабылау, техникалық білімді көбірек талап етеді.

Тапсырманың мазмұнды жағына ғана емес, сонымен бірге қиындық деңгейі оқушыларды таңдауда құқылы.

Бастапқы қолдануда I , II және III деңгейдегі тапсырманың қайсысын таңдауы барысында оқытушы көмек беріп, әртүрлі деңгейдегі тапсырманы бағалау критерийімен таныстырады

Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды жүйелі қолдану оқушылардың таңдауына байланысты.

Үйрену дәрежесі

Түрлі деңгейлі тапсырмаларды құрастырғанда оқушы қандай білімді, іскерлікті және дағдыны игеру керектігін ескеру керек.



Оқытудың бірінші деңгейінде (білім беру жүйесінің репродуктивті типі) оқушы білу керек:

- оқу материалын мазмұндау керек;

- мұғалімнің айтқанын өз ойын қоспай мазмұндай алу керек;

- есепті бір формуланы қолдану арқылы шеше алу керек (негізгі формуланы және ақпараттың өлшем бірліктерін біле тұра);



Оқытудың екінші деңгейінде (білім беру жүйесінің реконструктивті типі) оқушы білу керек:

- сабақ барысында алған немесе оқулықтан оқыған білміне негізделіп мұғалімнің кез – келген сұрағына жауап бере алу керек;

- Анықтамалардың, формулалардың , мөлшерлердің мәнін ұғыну ;

- оқылып жатқан материалдар тақырыптарының арасында байланысты орната алу керек;

- 2 және 3 формуланы пайдаланып, алгоритмнен стандартты есептерді шеше алу керек;



Оқытудың үшінші деңгейінде (білім беру жүйесінің вариативті типі) оқытылу материалы негізінде оқушыға жаңа анықтамалар мен формулаларды түсіндірудің сәйкес келуі; білімді жаңа оқу үрдісінде қолдану. Осы деңгейге жатады:

  • алдын ала қаралмаған үлгідегі есептерді шешу;

  • - әр түрлі ақпараттық модельдердің оптимальды алгоритмдері және есептерді шешу әдістерін құру.

Оқытудың төртінші деңгейінде (шығармашылық). Бұл деңгейге әр түрлі ақпарат көздерін қолданатын хабарламалар және баяндамаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар өзіндік шешімдер және оқытылған әдебиеттерге тікелей қатысы жоқ жалпылауларға негізделеді.

Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, оқушылардың білімін бақылау жүйесінде оқу материалының меңгеруін түрлі деңгейде тексеру қолданылады.

Қортынды тексеруде пәнді әр түрлі дейгейде, реродуктивті типтен жетілдірілген деңгейге дейін меңгеруі тексеріледі.

Информатикада практикалық іскерлікті тексеру барысында мыналарға ерекше назар аудару керек:

- DOS жүйесінде немесе WINDOWS аумағында негізгі амалдарды орындауға;

- дербес компьютердің түрлі құрылғыларымен негізгі жұмыс дағдысын білуге;

- түрлі ақпараттық технологиялардың негізгі жұмыс дағдысын білуге;

Оқушылардың білімін тексерудің қортынды формасы - тест, есеп, теориялық өздік немесе бақылау жүмысы, практикалық жұмыс.


Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдануға әдістемелік нұсқау

Түрлі деңгейдегі тапсырмаларды мұғалім оқытудың түрлі сатысында және сабақтың түрлі сатысында пайдалана алады.

Бақылау тесттері, бұл жұмыста берілген тақырыптағы теориялық материалдарды өткізгеннен кейін оларды мақсатқа лайықты жүзеге асыру керек.

Тесттік бақылаудың мақсаты – оқушыны оқытудың нәтижесін тексеру және бағалау.

Тесттік тапсырмалар әр түрлі деңгейлі күрделілікте болады.

Келтірілген тізімнен таңдау - бұл

I күрделілік деңгейі. Қарапайым тесттік тапсырмалар. Мысалы:

А) Позициялық емес санау жүйесін таңда



  • ондық с/с;

  • екілік с/с;

  • үштік с/с;

  • римдік с/с.

ІІ күрделілік деңгейіне мектеп бағдарламасына қарастырылған ұғымдар,бірақ күрделі анықтамалары бар тесттік тапсырмалар келтірілген. Мысалы:

В) Қандай санау жүйесінде әр санның өлшемі оның позициясына тәуелді емес, тек оның жазылуымен анықталады?

ІІІ күрделілік деңгейіне жазылцында пәннің мазмұны қарастырылмайтын ұғым пайдаланылатын тапсырмалар жатады.

Бұл тесттік тапсырмалар типі:

С) Көпмүше түрінде жазылған екілік сан:

1*24+0*23+1*22+0*2+11*20 Оның ондық түрі қандай?



Мәтіндік тапсырмалар бақылау сатысында ғана қолданылмайды, сонымен қатар ағымдық салада тақырыпқа,сбаққа кіріспе сатысында, оқушылардың білімін тексеру кезінде, аттестациялық тесттілеуге дайындық кезінде қолданылады.Тесттік тапсырмамен жұмыс оқу материалымен тағы бір рет жұмыс істеуге ынталандырады.

Тесттің өткізу уақыты 20 – 30 мин (сыныптың дайындық деңгейіне байланысты).



Зертханалық сабақ 6.

Тақырыбы: «АКТ-ы негізінде білім жалпылау және жүйелеу»

Дидактикалық мақсаты: зерттеушілік.

Ұйымдастыру тәсілдері: тәжірибелік.

Оқыту әдістері мен технологиясы: кітаппен жұмыс (тақырыптық тезаурус құру, ой матрицалары), оқу дискуссиясы, іздеу жаттығулар, пікірлеу.

Оқу құралы:оқу-әдістемелік және арнайы әдебиеттер, программалық құрал.

Студенттерді алдын-ала дайындау: жүйелі методологиялық принциптерді оқып 6.2 кестесін толтыру; кесте 6.1; информатиканың базалық курсы оқу әдебиеттеріне логикалық-мазмұнды талдау жасау.
Теориялық түсініктеме

Негізгі ұғымдар:жүйе, сыртқы жүйе, ішкі жүйе ,құрылым, жұйелік анализ,формалау, модель, модельдеу, ақпараттық модель.

Маңызды - әдістемелік талдау

Жүйелердің иерархичности зерттеуінде ең алдымен системологияда кіріспе негіздейді . Оқушылардың сұрақтарға жауап іздеу барысында, жүйе ретінде қарастырылып отырған обьектінің мақсатынан жүйенің мүшеленуін объектіге көз қарасыгаг немесе зерттеу аспектісінен көруге болады.

Ары қарай ішкі және сыртқы жүйеге анықтама беру керек, сонымен қатар жүйенің сыртқы жүйеге бөлінуі өзара байланысқан элементтердің мүшеленуімен байланысты.

Осыдан кейін оқушыларды жүйенің құрамдарымен және жүйенің негізгі қастиеттерімен таныстыру мүмкіншілігі туады.

Әдістемелік жақындаулар қарастырылатын құбылыстар жүйелілік,, ақпараттық функционалды жақындауларды қолдану мүмкіндігіне бағытталған. Әдістемелік жақындаулар зерттелу жұмысының теориялық негізі болып табылады, сондықтан өзгігінен пайда болмайды, жүйелік анализ, формалану, модельдеу, «қара жәшік» әдісі арқылы жүзеге асады.

Модельдеу әдісі модельді объектімен нақты сәйкестігі мен айырмашылығы негізінде салыстырғанда қарапайымдайды. Зерттелетін объект таным үрдісінде оның құрамы мен құрлымына ұқсайтын модельмен алмастырылады. Модельді зерттеу шығатын объект туралы жаңа ақпарат алуға мүмкіндік береді..

Жоғарғы сынып оқушылары модельдеудің түрлері көп екендігін меңгерулері қажет, себебі ол қолданылатын модельдер мен қолдану аумағына тәуелді болады. Оқушыларды модельдеудің классификациясының түрлі белгілерімен мақсатқа лайықты таныстыру керек, мұнда теориялық жүйеде мазмұндалатын классификацияны қарастыруға болады.

Информатика ақпаратық молельдер құру және оларды басқарудың әдістемелік принципін зерттейді. Ақпараттық модель ұғымын зерттегенде оқушыларды концептуалды модель ұғымымен таныстыруды ұсынамыз, тапсырманы шешуге байланысты ақпараттық модель жаңа түрлі концептуалды модель туғызады, оның негізінде жаңа ақпараттық модельдер құрылады ( ақпаратық және концептуалдық модельдер арасындағы айырмашылық объект туралы ақпарат алатын кез –келген модельге шартты).



Дидактикалық материялдар

I. Тапсырма нұсқалары

: Тапсырма 1. Берілген тақырыпта сабаққа – дәріске конспект даярлау. Конспект мазмұны келесіден тұру керек:

1.1. Сабақтың тақырыбы мен сағатын белгілеу

1.2. Мақсаты (білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік).

1.3. Оқыту мазмұнының негізгі ұғымдары (ұғым сөздігін құру ұсынылады).

1.4. Оқушылардың алдын – ала дайындығы ( оқытылатын дәріс материалының мазмұнын меңгерген білімдер, іскерліктер және дағдылар сипатталады).

1.5. Мұғалімнің алдын – ала дайындығы ( дәріске дайындалу барысында мұғалім шешетін практикалық тапсырмалар анықталады).

1.6. Оқыту құралдары (бөлімдерге бөлініп көрсетілген әдебиеттер: оқулықтар мен оқушыларға арналған есеп кітапшалары және мұғалімге әдістемелік нұсқаулар; қосымша әдебиеттер; техникалық және бағдарламалық құралдар; дидактикалық материалдар, сонымен қатар суреттерді компьютер экранынан демонстрациялайтын экранға проекциялауға мүмкіндік беретін қазіргі заманауи техникалық құралдар көмегімен жасалған демонстрациялар).

1.7. Уақыт шығынын есептейтін сабақтың сатылы жоспары.

1.8. Оқытудың мазмұны (оқушылар жұмыс дәптеріне жазып алатын мәліметті міндетті түрде мәтіннен ерекшелеп қою керек, сонымен қатар қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау керек).

1.9. Білімді қортындылау.
Ескерту.Егер сабақта қарапайым сынып тақтасы қолданылатын болса, онда тақтаға суреттер жиыны іліну керек.

Дәріс тақырыбы

1. Системологияға кіріспе.

2. Моделдеудің теориялық негіздері.

3. Ақпараттық модельдеу.

4. Модели представления знаний в системах искусственного интеллекта.

5. Компьютерлік модельдеуге кіріспе.

6. Имитациялық модельдеу.

Тапсырма 2. С.п.п 1.1 тапсырма 1 сәйкес берілген тақырыпта қиыстырылған сабаққа конспект дайындау. Қиылыстырылған сабақтың арнайылығын есепке алу керек, өйткені конспектте сабақтың әдістемелік құрылымын құрайтын келесі негізгі элементтерін сипаттау керек:

2.1. Сабақта оқушыларды ұйымдастыру.

2.3. Оқушылардың білімін тексеру мен қайталау, оқытылған материалдың мықтылық деңгейін және түсіну тереңдігін көрсету және қажетті білімі мен ағымдық сабақта оқылған материалды қайталап оқыту тәсілінің актуалдануы.

2.4. Мұғалімнің жаңа материалды көрсетуі және оқушылар жұмысын ұйымдастыру.

2.5. Жаңа материалдың алғашқы бекітілуі және оқушылардың іскерлігі мен дағдысын практикалық білімде қолдану жұмысын ұйымдастыру.

2.7. Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беруге нұсқау.



Сабақ тақырыбы

1. Системалық классификация.

2. Программалау тілдері (сабақ барысын басқару) логика-лингвистикалық ақпараттық модель.

3. Білімді семантикалық желілерде көрсету.

4. Физикалық процестерді және құбылыстарды компьютерлік модельдеу.

5. Жалпы қызмет жүйелерін модельдеу.

6. Популяция динамикасын модельдеу.

II. Оқу ақпараттарын құрылымдау

Тапсырма 1. Терминдік сөздік (тезаурус) сабақ тақырыбына сай жасау.

Тапсырма 2. Сабақтың берілген тақырыбының ұғымын мен құрастыру жүйесінің ішкі байланысты және информатиканың базалық курс ұғымымен осы жүйе арасында сыртқы байланысты орнату (кесте 6.2;6.3)

Кесте 6.2



Оқу құралының шығыс мәліметтері

Бөлім аты

Оқыту мазмұны





Негізгі түсініктемелер

Анықтау

Модельдеу классификациясы

Мысалдар

Таблица 6.3



Жүйе

Жүйенің басты мақсаты

Наденете мы

Жүйе асты

Жүйе элементтері

_









Әдістемелік ұсыныстар
Студенттер орындаған логикалық – мазмұндық талдаудың нәтижесінде информатиканың базалық курсында тақырыптың негізгі ұғымдарын нақтылау және модель классификациясы нұсқалары, сонымен қатар оқу әдебиетін таңдау мақсатында танымдық әнгіме жүргізу. Оқу қызметінің шағын топтар ұйымы, мысалы, бірінші шағын топтағы оқушылар бірінші нұсқадағы тапсырмаларды орындайды, ал екінші топтағылар екінші тапсырманы орындауы мүмкін. Студенттердің жұмысын шағын топ ішінде рецензиалауды қабылдауы мүмкін. Пікірталас аясында студенттердің жүйелік ұғым жұмысына бағытталған оқу ақпаратының құрылымының нәтижесін талдау ұсынылады.
Зертханалық сабақ 7.

Тақырыбы «Білім берудегі басқару жүйелері»

Дидактикалық мақсаты: іздеушілік, зерттеушілік.

Ұйымдастыру тәсілдері: тәжірибелік.

Оқыту технологиясы мен әдістері: кітаппен жұмыс, іздеу жаттығулары, ақпаратты құрылымдау, оқу дискуссиясы.

Оқуыту құралы:оқу-әдістемелік әдебиет, программалық құрал.

Студенттерді алдын-ала дайындау: материалды оқу және жүйеленген және хабарланған сабақ тақырыбын таңдап алу.
Теориялық түсініктеме

Негізгі түсінік: ақпарат, тіл, жүйе, білім, дәреже, басқарма, жасанды интеллект.

Мазмұнды-әдістемелік талдау

Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске үшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.



Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

Дидактикалық материалдар

  1. Тапсырмалар нұсқасы

Тапсырма 1. 1 сабақтың 1 тапсырмасының 14.6 тақырыпшасында көрсетілген кестеге сәйкес хабарлама сабақтың конспектін жасап оны жүйелеу керек. Хабарлама сабақтың ерекшеліктерін ескере отырып оның қасиеттерін конспектіде көрсету керек: информатика пәні жайындағы оқушылардың теориялық білімді меңгергендігін және бағалануын көрсету, сұрақтарға деген жауаптарын бағалау керек.

Хабарлама сабақтар және жүйелеудін тематикасы.

а) Сабақ -семинар

№ 1. Информатика как синтез науки и технологий.

№ 2. Ақпараттық қоғам.

№ 3. «Ақпарат» түсінігі.

№ 4. Геоақпараттық жүйелер.

б) Сабақ – проблемалық дискуссия

№ 5. Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны мен әртүрлі әсері

№ 6. Информатиканың әлеуметтік аспектілері.

№ 7. Информатиканың тілдік аспектілері.

№ 8. Бизнесті қайта жоспарлау және ақпараттық технологиялар.

в) Сабақ шығармашылқ тапсырма

№ 9. Эксперттік жүйелер.

№ 10. Интернеттегі телеконференция.

№ 11. Әлеуметтік зерттеулердің математикалық нәтижелерін информатикалық технологиялар арқылы жүзеге асыру.

№ 12. Жоспарлау және басқару саласындағы математикалық өңдеу информатикалық технологиялары.


Тапсырма 2. Берілген тақырыпта алдындағы берілген білімді бақылау және қайталау сабағының конспектін 1 сабақтың, 1 тапсырмасының 14.6 тақырыпшасына сәйкес жасау керек. Білімді бақылау және қайталау сабағының ерекшеліктерін ескеру керек, сондықтан конспектіде төмендегідей негізгі этаптарын көрсету керек: тапсырманы мұғалімнің түсіндіруі және оқушылардың тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруі, оқушылардың тапсырмаларды орындауы және еспті тапсыруы.

Бақылау және коррекциялау сабақтарының тақырыптары

№ 1. Ақпаратты структуралау және жүйелеу.

№ 2. Паскаль программалау тілінің мето анықтамасы.

№ 3. Реляцилық мәліметтер базасын құру.

№ 4. Мәліметтер базасын өңдеуге макростар құру.

№ 5. «Генератора отчетов» режимінде СУБД-мен жұмыс.

№ 6. Интернетте өшірілген мәліметтер базасымен жұмыс.

№ 7. Электрондық почта.

№ 8. Интернет желісінен мәліметтерді қарастыру.

№ 9. Өлшемдердің арасындағы коррелияциялық тәуелділіктерді кестелік процессордың көмегімен зерттеу.

№ 10. Экспраполяция тәсілімен болжау есептерін шешу.

№ 11. АСУ-ВУЗ жүйесі және оның элементтерімен жұмыс істеу.

№ 12. Геоақпараттық жүйемен жұмыс істеу.

II. Оқу ақпараттарын стуктуралау

Тапсырма 1. Оқушылардың білімдеріне талап қоя отырып, жалпылау және жүйелеу сабағының негізгі элементтерінің терминдерінің талқылама сөздігін жасау.

Тапсырма 2. Берілген тақырыптың құрылымының байланыстылығын орнатып, тақырыптың басқа тақырыптармен байланыстылығын айқындау.

Тапсырма 3. Бақылау және қайталау сабағының тақырыбы бойынша:

• оқытылу қалпының криитерилерін айқындау;

• Оқудың жағдайының диагностикасын жасау;

• оқушылардың қарапайым қателерін жоюдың жоспарын құру.

Әдістемелік ұсыныстар

Хабарлау және жүйелеу сабақтарына сәйкес бірінші зертханалық сабақта оөушыларды 2 немесе 3 топқа бөлген дұрыс: семинар сабақ, проблемалық сабақ пікірталас және шығармашылық сабақ тапсырмалары. Екінші сабақты бақылау және кайталау сабақтарының конспектілерін жасауға арнауға болады, сонда жүйелеу және жоспарлау сабағынан алған әрбір студент тапсырмасының тақырыбы бақылау және қайталау сабағының тақырыбына сай болмауы керек. Үшінші зертханалық сабақтың ақпаратты жүйелеудің және жалпылаудың амалдарыын үйрету болып табылады. Соған байланысты студенттерге 2,3 (п. II Структуризация учебной информации) тапсырмалар беріледі. Орындаған тапсырмалардың нәтижесін студенттер есеп түрінде өткізеді.



Программалық құралдар

1. Программалау жүйесі: Turbo Pascal.

2. Кестелік процессор: MS Excel, Quattro Pro 4.0 және т.б.

3. Мәліметтер қорын басқару жүйелері: MS Access және т.б.

4. Microsoft Office жүйелері
Зертханалық сабақ 8.

Тақырыбы «Информатиканың базалық курсының оқу бөлімінің тақырыбы бойынша тапсырмаларды электрондық нұсқада жасау».

Дидактикалық мақсаты: ізденушілік.

Ұйымдастыру тәсілдері: тәжірибелік.

Оқыту технологиясы мен әдістері:оқыту-методикалық жоба

Студенттерді алдын-ала дайындау: материалды оқу және жүйеленген және хабарланған сабақ тақырыбын таңдап алу.
Теориялық негіздемелер

Студенттерді сабақ айтуға тартудың түрлері мен тәсілдері көп. Олардың кейбіреуін абыройлы деп атауға болады («мен айтқандай істе әйтпесе жаман баға аласын»), басқалары — либеральды («істегін келсе — істе, ұнамаса —істеме, бірақ, саған сол материал керек болған кезде, сен оны білмесен, онда ешкімді айыптама»), үшіншілері— серіктестік («сенде бәрі орындалу үшін бірге істейік»)және т.б..

Оқыту тәсілдерін қолдану материалдық және техникалық базасымен бекітілген әртүрлі білім беру тәсілдеріне сүйенеді. Оқытудың сапасын арттыру үшін ортанғы буын мектептерінін ұстаздары көңіл аудары элементтерін қолданады, жаңа сабақты ойын, кроссворд арқылы түсіндіреді.

Мектеп оқушыларының жасы өскен сайын көңіл аудару ойын элементтерін қолдану азаяды. Оның бірден бір себебі ол оқушылардың болашақ мамандығына акцент түсіру болып табылады. Бірақ көіәл аудару және ойын элементтерін сабақ түсіндіру барысында жоғары сынып оқушыларына қолдану керек. Ойын элементтерін қолдану мамандық таңдаумен ұштастыруға болады: егер де төменгі сыныптарда ойын элементтері обьект болса, қазір олар ойынның обьектілері ретінде өздері немесе қоршаған ортаның кез келген обьектісін ала алады. Ондай тәжірибе болашақта ұстаз болам деген оқушыларға, және сонымен қатар болашақта журналист, тіл маманы және тағы басқа сала қызметкерлері болам дегендерге өте керек. Бұл тәжірибені оқушылар мектепті бітірер кездегі «Компьютерде ойын обьектілерін құру» курсында таңдай алады..

Материалдарды құру үшін және безендіру үшін Word текстік редакторы, Paint, Corel Draw графикалық редакторлары, Adobe Illust rator, электронные оқулықтары және CROSSWORDS & WORD GAMES сынды арнайы бағдарламалық жабдықтар қолданылады.

Оқыту мақсаты және курс тапсырмалары

• ойын сабақтарының материалдарын құру және безендіру мүмкіндіктерін компьютердің қолданбалы бағдарламалары арқылы жасау;


• ойын сабақты қоршаған адамдарға дұрыс жеткізу білу машықтығын дамыту;
• ойын сабақтың элементтерін жасауға арналған компьютерләк бағдарламалардың мүмкіндіктерін көрсету;

• болашақ мамандықты таңдауға көмектесу;

• қолданбалы бағдарламаларды көбейту.

Оқыту сабақтарын ұйымдастырудың формалары

Сабақ дәріс және компьютерлік практикум түрінде өтеді. Дәрістік бөлімде мұғалім қызықтыру элементтері және олардың қасиеттері жайында айтады, және айтқаның мысалдар арқылы бекітіп отырады. Негізінен назар қызықтыру материалдарын компьютерде жасауға бөлінеді. Тапсырмалар практикум кезінде орындалады. Практикум кезінде информатиканың базалық курсында өтпеген қолданбалы программалармен де жұмыс жасайды.

Сабақтың басы сабақтың мүмкіншіліктерін айтумен басталады. Курстың негізгі матифтері мамандық таңдауда жеңілдік болатындығы жайында және қоршаған ортаған қызықты адам болу.

Курс блоктарға бөлінеді, әр блок бір қызықтыру компонентін қарастырады. Блок дәрістен басталады. Оған бөлінетін уақыт түсіндірілетін материал көмелімне, программалық жабдықтарына және т.б. қарап бөлінеді.егер мұғалім айтқан бағдарлама оған таныс болмаса, онда мұғалім ол туралы методикалық материал беруі тиіс. Бағдарламаны меңгеру негізінен практикумға сүйенеді. әрбір блок шығармашылық тапсырмамен аяқталады, онда әрбір оқушы өзіндік қызықтыру материалын жасап шығарады.

Оқушы:
• әртүрлі ақпаратты өңдеу мүмкіндітерін біледі;
• Word мәтіндік редак торында жұмыс жасай аладыж жәнеграфикалық редакторлардың бірінде жұмыс жасай алады;

• компьютердің жұмысындағы бағдарламалардың атқаратын қызметін біледі.



Оқыту мазмұны

Қызығушылық: шартқа байлнысты оқу.

Қызығушылық дегеніміз не? Қызықтырушы элементтер. Олардың классификациясы.



Крассвордтарды құрастыру және әшекейлеу.

Крассворд түрлері. Құрастыру және орындау ережелері. Электронды энцеклапедиялар арқылы оларды шешу. Кирилла және Мефодия энциклопедиясы.

Және оларды автоматтандырылғани арнайы бағдарламалар арқылы құру. («Кроссворд генераторы», CROSSWORDS & WORD GAMES, «Классикалық кроссворд», «Кроссшебері»).

Word мәтіндік редакторымен крассвордттарды форматтау



Ребустарды құрастыру және әшекейлеу.

Ребустарды құрастыру және әшекейлеу.

Ребус суретпен шифрлау тәсілі. Ребусты құру және шешу тәсілдері.

Ребустарды жасау шығармашылық жұмыс.

Ребустарды Word мәтіндік процессорында өңдеу және графикалық редакторлармен өңдеу.



Қызықты тапсырмаларды жасау және өңдеу.

Қызықты тапсырмалардың түрлері. Олардың артықшылықтары. Жасаудың шарттары. Тапсырма-суреттерді Word мәтіндік редакторында өңдеу және графикалық редакторлардың көмегімен.



Сөздік шарадаларды жасау және өңдеу.

Анаграммалар, метаграммалар, логогрифмдер.

Сөздік шараларды құрастыруда программалау тілдерін қолдану.

Сканвордтарды жасау және өңдеу.

Сканворд кестелі-сөздік кодтау. Сканвордтарды құру және шешу тәсілдері.

Сканвордтарды құруды автоматтандырудың негізгі бағдарламалары. (CROSSWORDS & WORD GAMES).

Word мәтіндік процессорының көмегімен сканвордтарды безендіру.



Криптограммаларды құру және өңдеу.

Криптограмма кестелік-цифрлік кодтау. Криптограммаларды құру және шешу технологиясы.

Word мәтіндік редакторының көмегімен криптограммаларды құру және өңдеу.

Қызықты тематикалық материалдарды профиль бойынша құру.

Оқытудан күтілетін нәтижелер.

Курсты бітірген соң оқушылар төмендегідей білімдерді меңгереді.:

• қызығушылық дегенін астарында не жатқанын түсінеді;
• арнайы және жалпылама бағдарламаларды меңгереді;

• қызықты материалды қоршаған адамдарға түсіндіре алады;

• Пәнаралық байланысты түсінеді, информатика мен басқа сабақтар;

• Өнімді және нәтижелі жұмыс істей алады.



4.Студенттердің өздік жұмыстар жоспары

СОӨЖ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



Тақырып

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсыныла-тын әдебиет-тер Негізгі/

қосымша

Жұмыс-тардың көрсетілу мерзімі

Бақылау формасы



Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандырудың дамуына әсері.

Жұмыстың мақсаты: қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандыру орны мен рөлін анықтау

[1,2]/[2,4,7]

2 апта

Ауызша қорғау



Ақпараттандыру және коммуникациялау құралдарын білім беруге еңгізудің мақсаттары мен бағыттары.

Жұмыстың мақсаты: ақпараттандыру және коммуникациялау құралдарын білім беруге еңгізудің мақсаттары мен бағыттарын қарастыру

[1,2,3]/

[1,2,3]


4 апта

Ауызша қорғау



Оқу мақсатындағы бағдарламалық құралдарды, оның ішінде Мультимедиа технологиясы негізінде жүзеге асырылғандарды жасау мен пайдалануға қойылатын педагогикалық-эргономикалық талаптар.

Жұмыстың мақсаты: оқу мақсатындағы бағдарламалық құралдарды жасау мен пайдалануға қойылатын педагогикалық-эргономикалық талаптарды қарастыру

[2,3]/[2,6,8]

5 апта

Баяндама



Ішінде оқыту технологияларының элементтері бар ақпараттық-пәндік орта теориясының негізгі ережелері.

Жұмыстың мақсаты: оқыту технологияларының элементтері бар ақпараттық-пәндік орта теориясының негізгі ережелерін қарастыру

[1,2]/

[1,3,5,7]



6 апта

конспект



Жалпы білім беретін мектептегі информатика кабинетінде есептеуіш техника, ақпараттық және коммуникациялық технологиялары құралдарын тиімді және қауіпсіз пайдаланудың педагогикалық-эргономикалық шарттары.

Жұмыстың мақсаты: есептеуіш техника, ақпараттық және коммуникациялық технологиялары құралдарын тиімді және қауіпсіз пайдаланудың педагогикалық-эргономикалық шарттарын анықтау

[2,3]/[2,6,8]

7 апта

Баяндама



Ақпараттық технологиялары құралдары негізіндегі оқу-әдістемелік кешен.

Жұмыстың мақсаты: ақпараттық технологиялары құралдары негізіндегі оқу-әдістемелік кешенінің компоненттерін қарастыру

[1,2,3,4]/

[2,4,5,7]



9 апта

ДК-де тапсырмалар орындау



Мультимедиа технологиялары негізінде жүзеге асырылған оқу мақсатындағы жүйелерді пайдаланудың перспективасы.

Жұмыстың мақсаты: жүзеге асырылған оқу мақсатындағы жүйелерді пайдаланудың перспективаларын қарастыру

[2,3]/[7,8]

11 апта

конспект



Оқу бағдарламалық құралдар мен жүйелерді жасау барысында жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктерін іске асыру.

Жұмыстың мақсаты: жасанды интеллект жүйелерінің негізгі жұмыс принциптерін және мүмкіндіктерін қарастыру

[2,4]/[2,5,8]

12 апта

Ауызша қорғау



Оқу мақсатында сараптық жүйелердің мүмкіндіктерін іске асыру.

Жұмыстың мақсаты: оқу мақсатында сараптық жүйелердің мүмкіндіктерін іске асыру жолдарын қарастыру

[3,4,5]/

[2,5,8]


13 апта

ДК-де модель тұрғызу



Білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың шетел тәжірибесі.

Жұмыстың мақсаты: Білім беруде ақпараттық және коммуникация-лық технологияларды қолданудың шетел тәжірибесінің мысалдарын қарастыру

[3,4,]/[5,8]

14 апта

Ауызша қорғау

СӨЖ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



Тақырып

Жұмыс-тардың көрсетілу мерзімі

Бақылау формасы



Интернеттің білім беру ресурстарын талдау негізінде биылғы оқу жылында жүзеге асырылатын берілген бағыт(мектеп пәні) бойынша оқу телекоммуникациялық жобалардың тізімін құрастыру.

2 апта

А4 формат



Интернетте келтірілген оқу-әдістемелік материалдарды талдау негізінде шетел білім беру мекемелері оқу жоспарларының сипаттамасын құрастыру.

4 апта

А4 формат



Интернетте келтірілген ақпарат нәтижелері бойынша әртүрлі аумақтар, елдер оқушыларының қабілеттіктерін диагностикалау үшін пайдаланылатын тесттік тапсырмалар жүйесінің салыстырмалы сипаттамасын беру.


6 апта

Есеп



Интернетте келтірілген ақпарат негізінде белгілі бір аумақта (елде) информатика мен ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланылатын бағдарламалық құралдар жүйесінің тізімін жасап, оған сипаттама беру.

7 апта

Ауызша қорғау



Мультимедиа технологиясының құралы негізінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыратын оқу жобасын жасау.

8 апта

Электрондық нұсқада жоба дайындау



АКТ құралдарын пайдалану арқылы жеке тұлғаға бағдарланған оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік материалдарға қойылатын талаптарды құрастыру.

9 апта

конспект



Оқу орынын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету құрамын (мектеп директорының, белгілі бір оқу пәнін оқыту саласында әдістемелік жұмысты ұйымдастырушысының, жергілікті білім беру ұйымы жетекшісінің ақпараттандырылған жұмыс орнын) аннотациялау.

10 апта

конспект



Жалпы орта білім беру жүйесінің оқу мекемесінде дербес электрондық есептеу машинасының берілген саны бар информатика кабинетінің жарақтандыру мен құрал-жабдықтарына қойылатын талаптарды жасау.

12 апта

конспект



Жас, категориясы толық емес орта мектеп үшін жалпы орта білім беру жүйесіндегі оқу мекемесінің информатика кабинетін жабдықтау мен пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар құрастыру.

14 апта

конспект



Материалды меңгергендігін бағалауға арналған сұрақтары
1. Ақпараттандыру – бұл ...

2. Ақпараттық процесс – бұл ...

3. Ақпараттық технологиялар – бұл...

4. Ақпараттық қоғам –

5. Білім беруді ақпараттандыру – бұл...

6. Оқытуды ақпараттандыру – бұл...

7. Білім маманының ақпараттық, коммуникациялық құзырлығы – бұл...

11. Білім берудегі ақпараттық технологиялар – бұл...

12. Ақпараттық қоғамның негізгі белгілері:

13. Қазақстан Республикаыс Президентінің Орта білім беру жүйесін автоматтандыру бағдарламасының бірінші кезеңінде....

14. Білім беруді ақпараттандырудың ұлттық тұжырымдамасын қабылдаған жылдар...

15. Ақпараттандырудың үшінші кезеңінде ... жүруі тиіс.

16. Қазіргі ақпараттық қоғамның ақпараттық ортасының қайта құрылуы төмендегідей мәселемен сипатталмайды:

17. Білім беруді автоматтандыру қай жылдарға сәйкес келеді?

18. Қазақстан Республикасының Президентінің Орта білім беру жүйесін автоматтандыру бағдарламасы қай жылдарға есептелінген?

19. Қазақстан Республикасы Президентінің Орта білім беру жүйесін автоматтандыру бағдарламасының төртінші кезеңінде....

20. Қазақстан Республикасы Президентінің Орта білім беру жүйесін автоматтандыру бағдарламасының бесінші кезеңінде....

21. Автоматтандырылған оқыту жүйелері – бұл...

22. Білімдік компетенция – бұл....

23. Қашықтан оқыту (ҚО) – бұл...

24. Білім беру процессінің қашықтан оқыту технологиясы – бұл...

25. Кейс – технологиясы – бұл...




жүктеу 1,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау