Дәріс№40 Азаматтық қорғаныс
Азаматтық қорғаныс дегеніміз – республиканың халқын, шаруашылық объектілері мен аумағын ядролық, химиялық, биологиялық қарудың әсерінен, сондай-ақ төтенше апат жағдайларынан қорғау мақсатында бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік шаралар.
АҚ негізгі міндеттері:
Басқару, хабарлау, байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және үнемі дайын қалыпта ұстау.
АҚ күштерін құру, оларды дайындау және ТЖ қимылдауға үнемі дайын қалыпта ұстау.
Орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдардың адам құрамын дайындау және халықты оқыту.
Радиациялық, химиялық, биологиялық жағдайды бақылау және лабораториялық бақылау.
АҚ әскери құрамдарының жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету.
Шаруашылық салалары мен объектілерінің міндет атқару орнықтылығын нығайту жөніндегі шаралар кешенін жүргізу.
Қорғаныш құрылыстарының, жеке қорғаныш құралдары қорларының және АҚ басқа да мүлкінің қажетті қорын жинау және дайын етіп ұстау.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына төңген қатер туралы және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдың реті туралы халықты, орталық және жергілікті атқару органдарын хабардар ету.
Іздеу-құтқару және басқа да шұғыл жүргізу. Зардап шеккен халықтың тіршілігін жабдықтауды ұйымдастыру және оны қауіпті аймақтан эвакуациялау.
Азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізатын, жемшөпті, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымданудан, эпизоотиялар мен эпифитотиялардан қорғау.
Оқу орындарында АҚ ұйымдардағы секілді ұйымдастырылады. Оқу орнының АҚ бастығы директор болып табылады, ол өзінің бұйрығымен АҚ штабын тағайындайды. АҚ штабының бастығы болып оқу бөлімінің меңгерушісі тағайындалады. Оқу орындары оқу мақсатында аға сыныптар оқушыларынан келесі АҚ құрылымдарын құруы мүмкін:
Құтқару командалары.
Өрт сөндіру командалары.
Қоғамдық тәртіпті сақтау командалары.
Санитарлар жасақтары.
Құрылымдардың бастықтары болып әдетте оқытушылар тағайындалады.
АҚ құрылымдары бейбіт және соғыс уақытында ТЖ қатері мен тап болуы кезінде апаттық-құтқарушылық және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізуге арналған. АҚ құрылымдарының негізгі түрлері:
Құтқару құрылымдары барлауға, зақымдалғандарды іздеуге және үйінділерден алып шығуға, алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған.
Инженерлік құрылымдар инженерлік барлау жүргізу үшін, өткелдер, өтпелер, үйінділер жасау үшін, жолдар мен көпірлерді, соның ішінде су кедергілерінен өтетін өткелдерді қалпына келтіріп, оларды жөндем күйде ұстау үшін, жару жұмыстарын жүргізу, құлаған ғимараттарды ашу үшін және қираған ауданда басқа да инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін арналған.
Бұдан басқа АҚ құрылымдары медицина, байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, өртке қарсы, апаттық-техникалық, көлік және басқалар болып сараланады.
АҚ құрылымдарына еңбекке қабілетті жастағы еркектер мен әйелдер жазылады. АҚ құрылымдарына жазылудан жұмылдыру өкімі бар әскери міндеттілер; 1, 2, 3 топтағы мүгедектер; екіқабат әйелдер және 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер босатылады.
Қорытынды бөлім. Жаңа тақырыпты сұрастыру арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру. Үй тапсырмасы:§7.1-295 бет оқып шығу. Взводтың сапталуы және әскери қоштасу.
Достарыңызбен бөлісу: |