Дәріс№48 Жұмысшыларды,қызметшілерді шоғырландыру
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жеткізу. Өрт шарпыған ғимараттарда өзін құтқару және басқа адамдарды құтқару кезінде шапшаң қимылдау керек, өйткені негізгі қауіптер жоғары температурадағы ауа, түтін, жанудың әр түрлі өнімдерінің қауіпті концентрацияларының болуы, құрылыс конструкцияларының құлау мүмкіндігі болып табылады. Жанып жатқан үйде басқа ылғал мата немесе киім бүркеніп, ал түтінде еңбектеп немесе еңкейіп жүріп өту керек. Сақтандырғыш белдік болуы қажет. Жалынның лап беруіне ұрынбау үшін өртенген бөлмелердің есігін абайлап ашу керек. Өрт ошағында адамдарды іздегенде дауыстап шақыру қажет. Балаларды немесе зақымданғандарды көтеріп шығарғанда оларды жұқа көрпемен, киіммен (мүмкіндігінше суға былғап) бүркеп алу керек.
Өрт төменгі қабаттарда өршіп сізді сатымен көшеге шығу мүмкіндігінен айырған жағдайда, қолдың астында түскен құралдарды пайдаланып шатырға қарай көтерілу керек. Жабық ішкі бөлмелерге қарағанда шатырда тұрып көмек күткен оңайырақ.
Өртенген ғимараттан эвакуациялану кезінде лифтіні пайдалануға болмайды. Ол кез келген секундта өлімші қауіп болуы мүмкін. Тіпті онша күшті емес өрттін өзі көбіне электр желілерінің тұйықталуына әкеліп соғады, осыдан кейін лифт қабаттардың арасында қозғалмай тұрып қалады. Лифт шахтасы тартқыш құбыр ретінде жұмыс істеп, тез түтінге толатынын ескеру керек, сондықтан да лифтіде бірнеше секундтың ішінде улануға болады.
Күю кезінде зардап шеккендерді от аймағынан алып шығу керек. Адамның жанған киімін басқа бір тығыз материалмен бүркеп қысып сөндіруге болады. Зардап шеккенге көмек көрсету кезінде оның киімін тіліп алады, денеге жабысып қалған тұстарын сыдырып алмай, айнала қиып орнында қалдырады, қолдыраған тұстарына тиіспейді. Күйген беттерді одеколон, спирт, марганцовка сіңірілген таза матамен жабады. Жану өнімдерінен уланған кезде зардап шегушіні таза ауаға шығарып, еркін тыныстауын қамтамасыз етеді. Жүректің тоқтауына байланысты ерекше ауыр жағдайларда жүрекке жабық массаж жасап, өкпені қолдан желдетеді.
Су басқан аумақтағы адамдарды іздестіру дереу ұйымдастырылады. Құтқару жұмыстары кезінде халық ұстамдылық көрсетіп, құтқарушылардың талаптарын бұлжытпай орындауы керек. Құтқару құралдарын асыра толтыруға болмайды, өйткені мұның өзі құтқарушылардың да, құтқарылушылардың да қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Құтқарушылар келіп жеткенде қайыққа немесе катерге үрей туғызбай, керісінше барлық амалдармен оны жеңе отырып бір-бірден өту керек. Қайық жүзіп келе жатқанда онда орын ауыстыруға, қозғалуға, ернеуіне отыруға болмайды. Көмек ең алдымен балаларға, қарт және ауру адамдарға көрсетілу керек.
Күшті қар көшкіні кезінде, әсіресе ауылдық жерлерде жүріп-тұруды шектеу қажет. Үйде тамақ, су және отын қорын жасап алу керек. Егер қар көшкіні жолда автомобильде ұшырасса, машинаның есігі мен әйнектерін қымтап жауып, двигательді қымтап, мезгіл-мезгіл қыздырып отыру керек. Автомобильден шығып елді мекенге жаяу жетемін деп әрекеттенуге болмайды. Іздеу тобы машинаны оңайырақ табуы үшін оны қардан мезгіл-мезгіл тазалап отыру керек.
Қорытынды бөлім. Жаңа тақырыпты сұрастыру арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру. Үй тапсырмасы: §7.16.-372 бет, §7.17.-374 бет оқып шығу және көшіру. Взводтың сапталуы және әскери қоштасу.
Достарыңызбен бөлісу: |