ҰРЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
Ұрыс алаңындағы қозғалыс
|
Бастапқы жағдай – атыс позициясы (ату үшін орын).
Үйренуші тактикалық жағдайға енгізіледі, оған жаңа шепке шығуға тапсырма беріледі. Басшының пәрмені бойынша үйренуші атыс жүргізе отырып, 20-30м жерді шапшаңдатылған адыммен, 50 м кем емес жерді жүгіре отырып және 10 метрден кем емес жерді пластунша еңбектей өтуі тиіс.
|
Баға:
«өте жақсы» – барлық әрекет дұрыс, дәл орындалса;
«жақсы» – қозғалыс кезінде 2-ден көп емес қателік жіберілсе;
«қанағаттанарлық» – қозғалыс кезінде 3-тен көп емес қателік жіберілсе;
«қанағаттанарлықсыз» – қозғалыс кезінде 3-тен көп қате жіберілсе.
Қателіктер:
Жергілікті жер бедерінің ерекшеліктерін ескермей жылжу.
Атыс орны дұрыс таңдалмаған. Жергілікті жер мен қарсыласты бақылау жүргізілмейді. Таса ретінде жергілікті заттарды қолданбайды. Қозғалыс кезінде аялдамаларда, жүгіре өтуде, еңбектей өтуде денесін, қаруды дұрыс ұстамау.
|
Атыс позициясын таңдау (атыс орны), оқпана қазу
|
Бастапқы – жатып немесе тұрып. Үйренуші тактикалық жағдайға келтіріледі, оған атыс позициясын және оның жабдықтарын таңдау міндеті қойылады.
|
Баға:
«өте жақсы» – барлық әрекет дұрыс және дәл орындалса;
«жақсы» – екіден көп қате жіберілмесе;
«қанағаттанарлық» – үштен көп қате жіберілмесе;
«қанағаттанарлықсыз» – 3-тен көп қате жіберілсе.
Қателіктер:
Атыс позициясы дұрыс таңдалмаған; қарудың орналасуы дұрыс емес; күрек дұрыс пайдаланылмайды; оқпананың өлшемі сақталынбаған; қарсылас артынан бақылау жүргізілмейді; баяу, сенімсіз іс әрекет
|
Тіреуден жатып атуға дайындалу және қаруды оқтау
|
Үйренуші қарумен атыс орнынан 10 м қашықтықта бастапқы тұрады, оқжатар 5 оқ патронымен оқталған және сөмкеде белдікке салынған. Жетекші атыс орнын көрсетіп «Ұрысқа!» пәрменін береді. Үйренуші тіреуден атысқа дайындалады (қаруды бастапқы ұрыстық көшіреді, қаруды оқтайды),
«Ұрысқа!» пәрменін орындайды (қару оқталған). Басшы «Оқты ал!» пәрменін береді. Үйренуші ұрыстық жорықтық көшеді, қарудың оғын алады. Оқжатардан патрондарды алып, оқжатарды сөмкеге салады да, бастапқы жағдайға атыс позициясынан 10 м қашықтықтағы қаруды «белдікке» жағдайында ұстап тұрады. Уақыт – 1 мин 50 с-ке дейін, «Ұрысқа» пәрменінен бастап үйренушінің бастапқы жағдайға шығуына дейін есептеледі.
|
Қателіктер:
әдісті орындау тәртібінің бұзылуы. Жекеленген тәсілдердің жарғы бойынша орындалмауы (қаруды «белдікке» жағдайынан қолға ауыстыру және т.б.). Тәсілді орындаған соң, денесі мен қаруды дұрыс ұстамайды. Автоматтың оқталуы тексерілмеген. Норматив анық емес, баяу орындалады.
|
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру жаттығуын орындау
|
1 және 2 жаттығу шарттарына сәйкес
|
|